Жазғы лагерь қызыққа толы

Оқу жылы бойы балалар жазғы демалысты күтеді. бірақ жаз келе сала мектептер бос қалмайды, қайта керісінше. Енді балалардың сыңғырлаған күлкісі мен қуанышты дауыстары одан да қаттырақ естіледі. Себебі 8 шілдеге дейін 73 мектептің жанынан төменгі сыныптың 45 мыңнан астам оқушысын қамтыған лагерьлер ашылды.

Кішкентай астаналықтар қаладан тыс және мектептердің жанынан ашылған лагерьлерде демалады. Елордалық Оқушылар сарайы да балаларға түрлі ойын-сауықтар ұсынады.

Астана жаңалықтары: Жазғы лагерь қызыққа толы

М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының жазғы шығармашылық мектебі 6-12 жастағы балаларды қабылдайды. Биылғы бағдарламаға брейк-данс, мүсіндеу, бейнелеу өнері, хореография, вокал, шахмат сияқты үйірмелер енді.

– Биыл балалар сабақтарға үлкен қызығушылық танытуда. Үш жыл бойы барлық маусымдарда келіп жүретін балалар да бар. Біз ойын квесттерін, шоу-бағдарламалар, театрландырылған және цирк қойылымдарын ұйымдастырамыз. Балалар «Спортландияны» ұнатады – эстафеталарды, мультфильмдердің кейіпкерлерімен өткізілетін бағдарламаларды, өздері костюм киіп, қатысады. Осылайша, балалар өздерін көрсетіп, таланттарын паш етеді, – дейді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Алмагүл Жапарова.

Астана жаңалықтары: Жазғы лагерь қызыққа толы

Биыл жазғы мектепке Ақтөбе, Қарағанды, Алматы қалаларынан келген және Астананың өзінде тұратын балалар келеді. Қазіргі кезде лагерьге 100 адам қабылданды.

– Бізге бұл жер өте ұнайды, күнде түрлі үйірмелерге барамыз, бассейнде жүземіз, эстафеталарға қатысамыз. Күніміз жақсы өтеді, далада серуендейміз, — дейді Дарина мен Жасмин.

Б. Момышұлы даңғылында орналасқан Оқушылар сарайында да жазғы демалыс академиясы ашылды. Жоба бірнеше бағытты қамтиды. «Балалар қаласы» лагеріне 150 балғын жазылған. Мұнда мұз айдыны, бассейн, жеңіл атлетикалық манеж, сурет салу, вокал, хореография, театр өнері, көңілді старт және т.б. үйірмелер жұмыс істейді. Ең белсенді балалар «Дидарлы жаз» спорттық, ойын-сауық алаңдарына барады. 8–10 сынып оқушылары үшін мектептердің жанынан «Айбынды маусым» әскери-спорттық алаңдар жұмыс істейді, бағдарламаға әскери далалық жиындар, ойындар, экскурсиялар, мұражайларға бару, саяхатқа шығу кіреді.

Астана жаңалықтары: Жазғы лагерь қызыққа толы

– Академия аясында мектеп жанындағы лагерьлерге баратын балаларға арналған «Көңілді калейдоскоп» ашылды. Күн сайын барлық мектептерден 600–700 баланы қабылдаймыз. Олар планетарийді тамашалап, хореография үйірмесіне қатысады, театрландырылған қойылымдар көреді, флешмоб билеуді үйретеміз. Жазда оқығысы келетін баалларға арналған профильді бағыт та бар. Олар сабақ оқып, демалады. Жас спортшылар үшін «Чемпиондар лигасы» ашылды. Хоккейшілер, мәнерлеп сырғанаушылар, гимнасттар спортпен айналысып, біруақытта демалады — планетарийді, интерактивті паркті, «Менің мамандығым» виртуалды зертханасын көреді, – дейді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Қымбат Іргебаева.

Астана жаңалықтары: Жазғы лагерь қызыққа толы

Балалар тек Оқушылар сарайына ғана емес, басқа да орталықтарға бара алады, мысалы қаладан тыс орналасқан «Арман» спорттық-сауықтыру лагері мен «Батыр» палаталы лагері де балаларды демалуға шақырады.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері – 160 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала «Боровичок» демалыс аймағында демалады.

Астана жаңалықтары: Жазғы лагерь қызыққа толы

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.

Дос Көшімнің Жер комиссиясының көшпелі отырысында айтқан сөзі

Жер реформасы жөніндегі комиссияның Көкшетауда өткен алғашқы көшпелі отырысында "Ұлт тағдыры" қоғамдық ұйымының жетекшісі, комиссия мүшесі Дос Көшімнің айтқаны

Әрі қарай

Тақтар ойынындағы Торғайлар

Блог - asaubota: Тақтар ойынындағы Торғайлар

Танымал «Тақтар ойыны» сериалының 5-маусымынан бастап Торғайлар деп аталатын радикал діни жамағат туралы айтыла бастады. Торғайлар деген кім?

Торғайлар — Бес Патша Соғысының аяқ жағында Өзенді жерлерде қарапайым халықтың арасында пайда бола бастаған діни ағым. Фанатик Торғайлардың пайымдауынша Жеті Патшалықтағы барлық қасіреттің басты себебі — қасиетті сенімнің қағидаларының сақталмауы деп санайды және бұның бәрін қатаң орындалуын талап етеді. Бастапқыда қарапайым талаптары болған бұл жамағат уақыт өте келе үлкен күшке айнала бастады да Жоғарғы Септон сайлауына өз көсемдерін тыға бастады. Одан кейін әскер қатарына да кіре бастады.

Кіші Кеңестің жиналысында патшайым Серсея Ланнистерге астанада Торғайлардың саны 2000-нан асқаны туралы, оларға қарсы бір әрекет жасау керектігі айтылады. Серсея Торғайларды қауіп ретінде қабылдамай, олармен Тақуалар айналыссын, біздің олармен ешқандай ісіміз жоқ дейді. Торғайлар халық арасында өздерінің үгіт-насихаттарын жүргізе береді, қатарлары одан сайын көбейе түседі. Ал, Серсеяға көпестерден және басқалардан арыздар түсе бастайды Торғайлар туралы. Серсея бұл қаңғыбастарды қуып шығу туралы ойланғанымен, бұл ойын жүзеге асыруға асықпайды. Торғайлар болса бұрынғыдан да күшейе түседі, киімдері де, қарулары да түзеле бастайды. Басты діни басшылықтан үміткер Оллидорды бордельде ұстап алып, масқарасын шығарады. Кейін өздерінің көсемдерін көтеріп, Тақуаларды сайлауда оны таңдауға мәжбүр қылады.

Торғайлардың негізгі ұстанымдары дін тазалығы болғанымен, осы арқылы алдымен әскерге, сосын билікке жетеді. Бастапқы кезеңде базарларды қолға алады, арақ-шарап және басқа діни артибуттар сатушыларды жояды, биліктегі адамдардың күнәлі істерін әшекерелеп, оларды өздері басқара бастайды.

Осылайша Торғайлар билікке келеді. Қасиетті Әскерлер деген атпен әскери бір бөлім ретінде де қалыптасады. Торғайлардың құрамында патша тұқымынан Лансель Ланнистер көзге түседі.
Әрі қарай

Достық көшесі уақытша жабылады

7-10 маусым аралығында Достық көшесінің Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейінгі бөлігінде асфальтбетон жабынын профилактикалық қорғау шараларын жүргізу мақсатында көлік қозғалысы тоқтатылады.

Астана жаңалықтары: Достық көшесі уақытша жабылады

Материал Астана қаласы әкімдігінің сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астанада AULA CLUB-тар жұмыс жасайды

Астанадағы ең үлкен «Жас қанат» аула клубы жаңаша жұмыс істейтін болады. Енді клубтың өзіндік стилі бар, келушілерді есепке алатын онлайн-бағдарлама әзірленіп, жаңа секциялар мен бағыттар ашылды. Жыл соңына дейін елордалық 11 аула клубының барлығы жаңартылып, бірыңғай AULA CLUB брендімен жұмыс істейтін болады.

– Аула клубтары дегенде Кеңес заманы көз алдыңа елестейді. Ал біз болсақ, жаңа заманауи AULA CLUB брендін жасап шығардық, ол барлық аула клубтарын қамтиды. Олардың әрқайсысының өзіндік стилі, қызықты дизайны болады. Бірінші кезеңте, ең үлкен клубтар өзгертіледі, жыл соңына дейін барлық жұмыстар аяқталмақ, – деді «Астана жастары» КММ ақпаратты талдау және мониторингі мен әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Аида Санат.

Астана жаңалықтары: Астанада AULA CLUB-тар жұмыс жасайды

Оның айтуынша, қазіргі кезде аула клубтарына негізінен балалар ғана барады, ал алдағы уақытта жастар жиналатын, түрлі үйірмелер ұйымдастырылатын орталықтар құру жоспарланған.

Жаңартылған «Жас қанат» аула клубында қазіргі заманғы скауттар қозғалысының жастар орталығы ашылды.

– Балалар лагерьге барады, тауға, ашық далаларға шығады, от жағып үйренеді –жастар үшін мұның бәрі қызық нәрсе. Сондай-ақ, жас астаналықтар театр өнерімен, йогамен, техникалық шығармашылықпен танысады, – дейді Аида Санат.

Астана жаңалықтары: Астанада AULA CLUB-тар жұмыс жасайды

Бүгінгі таңда клубтарда түрлі секциялар өткізіледі, соның ішінде каратэ, бокс, еркін күрес, қоян-қолтық күрес, дзюдо, үстел теннисі, шахмат, дойбы бар. Сонымен қатар, би, музыка, бейнелеу өнері және қолданбалы өнер сияқты шығармашылық үйірмелер де жұмыс істейді. Әр клубта жастарға өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік беретін дербес бағдарламалар әзірленген. Атап айтқанда, спортты, ұлттық өнерді, хореография мен музыканы, қолданбалы өнерді дамыту, денсі сау жастарды тәрбиелеу бойынша бағдарламалар.

Астана жаңалықтары: Астанада AULA CLUB-тар жұмыс жасайды

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Елорда тұрғындарының назарына

Астана жаңалықтары: Елорда тұрғындарының назарына

2016 жылғы 6 маусымда елорда әкімі Ә.Р. Жақсыбеков Астана қаласының Терроризмге қарсы комиссиясының кезектен тыс отырысын өткізді. Отырыс барысында қауіпсіздік шараларын, әсіресе террористік тұрғыдан осал нысандарда күшейту мәселелері қаралды.

5-6 маусымда Ақтөбе облысының аумағында орын алған оқиғаларға байланысты террористік сипаттағы қауіп-қатердің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағында 40 тәулікке террористік қауіптіліктің бірқалыпты «сары» деңгейі белгіленді.

Террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі жарияланған жағдайда ұсталатын тәртіп бойынша ұсыныстар.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Қараусыз қалған сөмкелерге, қораптарға, түйіншектерге, қаптарға, чемодандарға, әсіресе сымдар мен техникалық құралдар шығып тұрса, сондай-ақ, қоғамдық жерлерде және көлікте күмәнді, күдікті адамдарға назар аударыңыздар.

Сақтау немесе тасымалдау үшін күмәнді заттарды алмаңыздар.

Айналадағыларға қараусыз қалған заттарға қол тигізудің қауіпті екендігін түсіндіріңіздер. Құқық қорғау органдарының құжат тексеру жұмыстарына түсіністікпен қарап, оларға көмектесіңіздер.

Ағымдағы жағдайды бақылап, жаңалықтарды тыңдаңыздар.

Дүрлігуге жол бермеңіздер.

Күмәнді заттарды тапқан жағдайда, дереу 112, 102, 71-60-10, 71-61-10 номерлеріне хабарласыңыздар.
Әрі қарай

Менталды арифметика туралы

Байқасаңыздар, қазір менталды арифметика өте бір сәнді нәрсе болып тұр. Ата-аналар жабылып балаларын беріп, балалар «халықаралық» менталды арифметика олимпиадаларынан орын алып, теледидардан күнде бір сандарды тез-тез қосып, азайтып жатқан «гений-бүлдіршіндерді» көріп халықтың мүлде есі шығып кетті. Ірі қалалар тұрмақ, поселектарда да оны оқытатын мектептер ашылып жатыр. Бағасы арзан емес. Айына 16 000 теңге орташа баға.

Ал шынында ол кәдімгі ариметика: қосу, азайту, көбейту, бөлу. Соны дәстүрлі емес түрде шығаруға үйрету. Жылдамдыққа ден беріледі және төрт-бес таңбалы сандарға дейін жылдамдықты сақтап қалуға үйретеді. Балдырғандар өздері тез қабылдағыш, үйренгіш болғандықтан, нәтиже де көп күттірмейді.

Соробан немесе абакус деген кәдімгі өзіміздің шотымызға ұқсайтын құрал, (ну енд сәл өзгеше) сол арқылы арифметиканың төрт амалын үйренеді бала 2-2,5 жыл бойы. МЕН ОҒАН ҚАРСЫ ЕМЕСПІН. Баланың жалпы дамуына, ойлау қабілетіне кішкене болса да пайдасын тигізері анық. Дисциплинаға үйретеді, мектеп жасына жетпеген бүлдіргіндер санды тез үйреніп, қатарластарынан бәлкім есепті жылдамырақ шығарар.

АЛАЙДА МЕНТАЛДЫ АРИФМЕТИКАНЫҢ АЙНАЛАСЫНДАҒЫ ЖАСАНДЫ ШУ МЕН ЖАРНАМАҒА жыным келеді. Сол балаларды гений деп теледидарға шығару да ұят. Бірақ ақпараттық кеңістікте ондай-ондайлар күнде болып жатқан жоқ емес па?!

Айтайын дегенім, менталды арифметиканы бала үйде де үйрене алады. Бір рет заңдарын үйреніп, шотын қолдануды үйреніп алғаннан соң, бала ештеңе жаңадан үйренбейді. Ата-ана арнайы мектептерге тек күнделікті жаттығуға жағдай, баланың қызығушылығын ұстауға жұмсалатын еңбек үшін ғана ақы төлейсіз шындығында. Алайда, ол да ресурс талап ететін жұмыс қой: мұғалімдер, әртүрлі ойындар, олимпиадалар ұйымдастыру, әдемі форма сынды бала қызығатын түрлі-түсті атрибутикалар және т.б.

Мен менталды арифметикаға қарсы емеспін. Заңды бизнес, шын берерінен маркетингі көп демесең. Әрі біздің елдің ата-аналарының психологиясын өте ұтымды пайдаланып жатыр. Қалай сәнге тез айналды, дәл солай ұмыт болады.

П.С. Төрт ай менталды арифметикадан инструктор болған тәжірибеме негізделіп жазылды.
Әрі қарай