Менталды арифметика туралы

Байқасаңыздар, қазір менталды арифметика өте бір сәнді нәрсе болып тұр. Ата-аналар жабылып балаларын беріп, балалар «халықаралық» менталды арифметика олимпиадаларынан орын алып, теледидардан күнде бір сандарды тез-тез қосып, азайтып жатқан «гений-бүлдіршіндерді» көріп халықтың мүлде есі шығып кетті. Ірі қалалар тұрмақ, поселектарда да оны оқытатын мектептер ашылып жатыр. Бағасы арзан емес. Айына 16 000 теңге орташа баға.

Ал шынында ол кәдімгі ариметика: қосу, азайту, көбейту, бөлу. Соны дәстүрлі емес түрде шығаруға үйрету. Жылдамдыққа ден беріледі және төрт-бес таңбалы сандарға дейін жылдамдықты сақтап қалуға үйретеді. Балдырғандар өздері тез қабылдағыш, үйренгіш болғандықтан, нәтиже де көп күттірмейді.

Соробан немесе абакус деген кәдімгі өзіміздің шотымызға ұқсайтын құрал, (ну енд сәл өзгеше) сол арқылы арифметиканың төрт амалын үйренеді бала 2-2,5 жыл бойы. МЕН ОҒАН ҚАРСЫ ЕМЕСПІН. Баланың жалпы дамуына, ойлау қабілетіне кішкене болса да пайдасын тигізері анық. Дисциплинаға үйретеді, мектеп жасына жетпеген бүлдіргіндер санды тез үйреніп, қатарластарынан бәлкім есепті жылдамырақ шығарар.

АЛАЙДА МЕНТАЛДЫ АРИФМЕТИКАНЫҢ АЙНАЛАСЫНДАҒЫ ЖАСАНДЫ ШУ МЕН ЖАРНАМАҒА жыным келеді. Сол балаларды гений деп теледидарға шығару да ұят. Бірақ ақпараттық кеңістікте ондай-ондайлар күнде болып жатқан жоқ емес па?!

Айтайын дегенім, менталды арифметиканы бала үйде де үйрене алады. Бір рет заңдарын үйреніп, шотын қолдануды үйреніп алғаннан соң, бала ештеңе жаңадан үйренбейді. Ата-ана арнайы мектептерге тек күнделікті жаттығуға жағдай, баланың қызығушылығын ұстауға жұмсалатын еңбек үшін ғана ақы төлейсіз шындығында. Алайда, ол да ресурс талап ететін жұмыс қой: мұғалімдер, әртүрлі ойындар, олимпиадалар ұйымдастыру, әдемі форма сынды бала қызығатын түрлі-түсті атрибутикалар және т.б.

Мен менталды арифметикаға қарсы емеспін. Заңды бизнес, шын берерінен маркетингі көп демесең. Әрі біздің елдің ата-аналарының психологиясын өте ұтымды пайдаланып жатыр. Қалай сәнге тез айналды, дәл солай ұмыт болады.

П.С. Төрт ай менталды арифметикадан инструктор болған тәжірибеме негізделіп жазылды.
Бөлісу:

1 пікір

asaubota
маған да сол «жылтырақтығы» және балаларды ақша табу құралы ретінде қолданулары ұнамады. Ютубтан қарап үйреніп көрдім. ондық шотқа қарағанда бестік шотпен есептеу кейін баланың есептей жүйесіне кері әсер етпей ме деп ойлап қоя салдым