Жазғы лагерь қызыққа толы

Оқу жылы бойы балалар жазғы демалысты күтеді. бірақ жаз келе сала мектептер бос қалмайды, қайта керісінше. Енді балалардың сыңғырлаған күлкісі мен қуанышты дауыстары одан да қаттырақ естіледі. Себебі 8 шілдеге дейін 73 мектептің жанынан төменгі сыныптың 45 мыңнан астам оқушысын қамтыған лагерьлер ашылды.

Кішкентай астаналықтар қаладан тыс және мектептердің жанынан ашылған лагерьлерде демалады. Елордалық Оқушылар сарайы да балаларға түрлі ойын-сауықтар ұсынады.

Астана жаңалықтары: Жазғы лагерь қызыққа толы

М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының жазғы шығармашылық мектебі 6-12 жастағы балаларды қабылдайды. Биылғы бағдарламаға брейк-данс, мүсіндеу, бейнелеу өнері, хореография, вокал, шахмат сияқты үйірмелер енді.

– Биыл балалар сабақтарға үлкен қызығушылық танытуда. Үш жыл бойы барлық маусымдарда келіп жүретін балалар да бар. Біз ойын квесттерін, шоу-бағдарламалар, театрландырылған және цирк қойылымдарын ұйымдастырамыз. Балалар «Спортландияны» ұнатады – эстафеталарды, мультфильмдердің кейіпкерлерімен өткізілетін бағдарламаларды, өздері костюм киіп, қатысады. Осылайша, балалар өздерін көрсетіп, таланттарын паш етеді, – дейді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Алмагүл Жапарова.

Астана жаңалықтары: Жазғы лагерь қызыққа толы

Биыл жазғы мектепке Ақтөбе, Қарағанды, Алматы қалаларынан келген және Астананың өзінде тұратын балалар келеді. Қазіргі кезде лагерьге 100 адам қабылданды.

– Бізге бұл жер өте ұнайды, күнде түрлі үйірмелерге барамыз, бассейнде жүземіз, эстафеталарға қатысамыз. Күніміз жақсы өтеді, далада серуендейміз, — дейді Дарина мен Жасмин.

Б. Момышұлы даңғылында орналасқан Оқушылар сарайында да жазғы демалыс академиясы ашылды. Жоба бірнеше бағытты қамтиды. «Балалар қаласы» лагеріне 150 балғын жазылған. Мұнда мұз айдыны, бассейн, жеңіл атлетикалық манеж, сурет салу, вокал, хореография, театр өнері, көңілді старт және т.б. үйірмелер жұмыс істейді. Ең белсенді балалар «Дидарлы жаз» спорттық, ойын-сауық алаңдарына барады. 8–10 сынып оқушылары үшін мектептердің жанынан «Айбынды маусым» әскери-спорттық алаңдар жұмыс істейді, бағдарламаға әскери далалық жиындар, ойындар, экскурсиялар, мұражайларға бару, саяхатқа шығу кіреді.

Астана жаңалықтары: Жазғы лагерь қызыққа толы

– Академия аясында мектеп жанындағы лагерьлерге баратын балаларға арналған «Көңілді калейдоскоп» ашылды. Күн сайын барлық мектептерден 600–700 баланы қабылдаймыз. Олар планетарийді тамашалап, хореография үйірмесіне қатысады, театрландырылған қойылымдар көреді, флешмоб билеуді үйретеміз. Жазда оқығысы келетін баалларға арналған профильді бағыт та бар. Олар сабақ оқып, демалады. Жас спортшылар үшін «Чемпиондар лигасы» ашылды. Хоккейшілер, мәнерлеп сырғанаушылар, гимнасттар спортпен айналысып, біруақытта демалады — планетарийді, интерактивті паркті, «Менің мамандығым» виртуалды зертханасын көреді, – дейді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Қымбат Іргебаева.

Астана жаңалықтары: Жазғы лагерь қызыққа толы

Балалар тек Оқушылар сарайына ғана емес, басқа да орталықтарға бара алады, мысалы қаладан тыс орналасқан «Арман» спорттық-сауықтыру лагері мен «Батыр» палаталы лагері де балаларды демалуға шақырады.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері – 160 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала «Боровичок» демалыс аймағында демалады.

Астана жаңалықтары: Жазғы лагерь қызыққа толы

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше