"Жан жылуы" бағдарламасы

Блог - arailym_zhalauly: Жан жылуы бағдарламасы
Бағдарламаның негізгі мақсаты: еліміздегі әлеуметтік жағдайы тым ауыр немесе аз қамтылған отбасылар, көп балалы жалғызбасты аналар, қолынан іс келетін мүмкіндігі шектеулі жандардың жан айғайын қалың көпшілікке жеткізе отырып, қиыншылықтан шығар жолды бірге іздестіру.
Олардың өз істерін жандандыруға, қажеттіліктеріне қол жеткізуге мүмкіндіктер туғызу. Сол арқылы көрермен қауымды, соның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған өскелең жас ұрпақты бауырмалдыққа, кеңпейілділікке, жомарттыққа баулу.
Халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ел болып атсалысуға шақыру.
Әрі қарай

Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

Қазақстанның үшінші мегаполисі саналатын Шымкент қаласына алыс-жақын жерлерден қонақ келсе, шыны керек, қыдыртып алып баратын жерлерді әркімнен сұрап, тапырақтап қалатынымыз рас. Әйтсе де, қаламызда баратын жерлер өте көп. Виртуаль және реалдағы достарымның арасында өзімше сауалнама жүргізген болатынмын. Сұрақ «Егер де Шымкентке басқа өңірден жақын достарыңыз қыдырып келсе, қаланың қай жерлеріне алып барар едіңіз?.» Әркім өз ойымен, барып жүрген жерлерімен, алып барған орындарымен бөлісті. Сонымен Шымкентке келе қалсаңыз Сіз бару керек 10 жер төмендегідей…

Бәйдібек би ескерткіші маңы мен Жайлаукөл саябағы.

Сауалнамаға қатысқандардың 100 пайызы осы орынды атады. Жақында ғана бой көтерген «Жайлаукөл» демалыс аумағының салтанатты ашылуын облыс әкімінің өзі ашып берген болатын. Демалыс аумағына келушілер үшін 20 атракцион мен 50 метр биіктікте орналасқан Орта Азиядағы ең биік «Altyn eye» дөңгелегі қызмет етеді. Сонымен қатар бұл маңда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумен бой көтерген.

Блог - meirman_kz89: Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

Блог - meirman_kz89: Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

Блог - meirman_kz89: Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

Дендросаябақ.

Аумағы 117 гектарды құрайтын, Қазақстандағы екінші дендросаябақ 1979 жылдан бастап бой көтерген. Ағаштар саны 500 мыңға, шөптесін өсімдіктер саны 1 млн 360 мыңға жеткен. Қала халқы мен қонақтарына демалу үшін таптырмас орын. Барлық үйленген жас-жұбайлардың той алды серуені осы жерден бастау алады.

Блог - meirman_kz89: Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

Блог - meirman_kz89: Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

Mega Center SHYMKENT

Mega SHYMKENT-қаламыздағы ең ірі сауда ойын-сауық орталығы. 2007 жылы ашылған орталық Тәуке хан даңғылы мен Қонаев гүлзарының қиылысында орналасқан. Сауда ойын-сауық орталығында 54 бутик, 2900 шаршы метрді алып жатқан гипермаркет, 300 орынға арналған ресторан алаңқайы, 6 кафе және ресторан, балалар ойын-сауық залы, 5 залды кинотеатр, 385 шаршы метр мұз алаңы, 250 көлікке арналған жер асты паркинг жұмыс істеуде.

Блог - meirman_kz89: Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

Блог - meirman_kz89: Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

Мадлен.

Алғашында тәтті тоқаш пісіріп, сатумен айналысқан Мадина мен Лена бүгінде Қазақстанның (Алматы, Астана, Шымкент, Тараз) 23, Шымкенттің 11 жерінен өз дәмханасын ашқан. Қала халқының ғана емес қонақтарының да ықыластарына бөленген «Мадлен» ең көп келетін орынға айналғалы қашан. Мадленде 580 өнім шығарылады, оның ішінде тәтті тағам 120. 1997 жылы 8 адам жұмыс істесе, бүгінде 850 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Блог - meirman_kz89: Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

Блог - meirman_kz89: Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

Көксарай.

Шығыс үлгісінде салынған ресторан палауы мен кәуабы, самсасы мен тандыр наны арқылы көпшілікке танылған. Егер де Шымкентке жолыңыз түсе қалса, Көксарайдың көк шайы мен палауын дәм татып кеткейсіз.

Блог - meirman_kz89: Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

Блог - meirman_kz89: Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

Rixos Хадиша Шымкент.

Қаламыздағы ең қымбат әрі сәнді қонақ үйге түнеп шығуға кез-келген адамның қалтасы көтере бермесі анық. Алайда, «Риксос Хадиша Шымкент» қонақ үйінде орналасқан караоке клубына кірмей қайтпағайсыз.

Блог - meirman_kz89: Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

«Север» балмұздағы.

Кезек күтуде «Халық» банкімен бірдей тұратын, қала халқы ең көп баратын орын «Севердің» балмұздағы. Өзінің дәмінің ерекшелігінің арқасында тұрғындарды баурап алғаны рас.

Блог - meirman_kz89: Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

Тәуелсіздік саябағы.

Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай салынған саябақ, қаланың ең көрікті жері саналады. Саябақта «Ел бірлігі» монументі мен «Тәуелсіздік шежіресі» аллеясы орын тепкен. Қаламыздағы ең бірінші «билейтін» субұрқақ осы саябақта ашылған.

Блог - meirman_kz89: Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

Блог - meirman_kz89: Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

«Боулинг» орталығы

Қонаев гүлзарының бойында орналасқан «Боулинг» орталығы қала жастарының ең көп баратын орынына айналған. Бір ойында 300 балл жинасаңыз 150 000 теңге қаржылай сыйлық сіздікі.

Блог - meirman_kz89: Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

«Сауран» демалыс кешені.

Жаз айында демалатын ең қолайлы орын – «Сауран» демалыс кешені. 150 орындық ресторан, өзен жағасындағы тапшандар, караоке, лоундж бар, аква парк мұның бәрі Сіздер үшін.

Блог - meirman_kz89: Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

Блог - meirman_kz89: Шымкентте Сіз көру керек 10 жер.

Суреттердің авторы Мақсат Шағырбаев және интернеттен алынған.
Әрі қарай

Геннадий Головкин мен Келл Брук жекпе-жегін «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналарынан 10 қыркүйек күні көре аласыздар

Блог - arailym_zhalauly: Геннадий Головкин мен Келл Брук жекпе-жегін «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналарынан 10 қыркүйек күні көре аласыздар
Қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтіп отырған Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы кездесуін қыркүйектің 10 күні «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsport.kz. сайттары арқылы жекпе-жектің онлайн-көрсетілімі жүргізіледі.

Лондонда орналасқан Еуропаның ең үлкен алаңдарының бірі – 20-мың адамдық «О2» спорт кешенінде орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы Әлем чемпионы британдық Келл Брукпен жұдырық түйістірмек.

Танымал отандық кәсіпқой боксшымыз Геннадий Головкиннің айқастарын «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көрсету игі дәстүрге айналғанын атап өткіміз келеді. Мәселен, биылғы сәуірде қазақстандық көрермендер Геннадий Головкиннің Доменик Уэйдке қарсы бокс кездесуін тікелей эфирден көрсе, өткен жылғы Давид Лемьемен қолғап түйістіруін 3,5 миллионнан астам қазақстандық тамашалап, 1 миллионнан астам жанкүйер телеарналар сайттары арқылы көрген болатын.

34-жасарлық Головкин үшін бұл 36-шы кездесу және ол шаршы алаңға чемпион ретінде 17-ші рет шығады. Жерлесіміз 35 рет өткізген жекпе-жегінің барлығында ол ұтысқа ие болған (оның ішінде 32-і нокаутпен). Ал, оның қарсыласы 30-жасарлық Брук те еш жеңілмеген, 36 кездесуді таза жеңіспен аяқтаған (оның ішінде 25-і нокаутпен).
Әрі қарай

Шырайлы Шымкент тарихы 15 суретте.

Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б.з.д. II ғасырда салынған. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан.

Мен бұл постымда көне қаланың ескі суреттерін жаңа суреттерімен бірге көрсетпекшімін.

Бұрынғы 1985-терде түсірілген суретінде облыстық партия комитетінің ғимараты көрсетілген болса, қазіргі таңда бұл ғимаратта шырайлы Шымқала мэрі Ғабидолла Рахматоллаұлы отырады.


Енді суреттерді түсірілу тарихы бойынша көрсетсек. Келесі сурет 1965 жылдары түсірілген.

Өзім Қаратау тәжі — Кентау қаласында туып өстім. Шырайлы Шымқалаға алғаш мәрте 1994 жылы жарысқа қатысуға келдім. Сол саяхаттан есімде қалған 3 жер — Қажымұқан атындағы стадион, Абай паркі және «Росинка» кафесі. Бірінші суретте Росинка кафесінің 1965-терде түсірілген суреті. «Росинка» кафесі қазіргі таңда қаламыздың құрметті қонақтарын алып келетін орны — Көксарай дәмханасы.


Бір кездердегі Куйбышев алаңы қазіргі таңда Ордабасы алаңы.


Ордабасы алаңы басқа ракурстан. Суретте сол жақта тұрған қонақүйдің аты Восход еді бұрын, ал қазіргі таңда Ордабасы қонақүйі.


Аэровокзал — қазіргі таңда «Ескі аэровокзал»


Акация дүкенінің аты еш өзгермеді.


Бір кездердегі Сейфуллин кинотеатры, кейіннен Сейфуллин атындағы Халықтар достығы үйі болды. 2015 жылынан бастап ОҚО жастар ресурстық орталығының ғимараты болды.


Аты өзгермеген магазин — Гүлжан.


Гүлжан магазині басқа ракурстан. Оң жақта "Қиял әлемі" технопаркі.


Ленин атындағы алаң қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы алаң. Ал суреттегі ғимарат ол кезде Союзгипрорис деген жобалау институты болса қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы.


Шырайлы Шымқалаға пойыз арқылы келген қонақтарды теміржол вокзалынан шыға берісте қарсы алатын көрініс. Осы үйлердің астында бұрын «Балалар әлемі» атты дүкен болатын.


Шымкент қаласының алғаш құрылған жері тұрғындардың тілінде «ескі қала» деп аталатын — анау тұрған ұшақтың арт жағындағы жерде пайда болған. Ал ұшақ қазіргі таңда Абай саябағында орналасқан.


Біреу білсе де екеу білмейтін бұл фонтанның аты бұрын «Мақта» болса, "Қызғалдақ — Шымкент қаласының символы" демекші, қазіргі таңда шырайлы Шымқалаға көрік беріп тұрған "Қызғалдақ" субұрқағы.


Кинотеатр Қазақстан қазіргі таңда күрделі жөндеуде. Жөндеуден кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимараты болмақ.


Бұл сурет Қазақстан тәуелсіздік алған жылы түсірілген. Қаланың орталығындағы қазіргі Имран супермаркеті орналасқан ғимаратта ол кезде «Маяк» дүкені болған.


Осылайша 15 суретте шырайлы Шымқаланың тарихын бейнелегендей болдым. Шымкентке қонақ болып келіңіздер, көріңіздер!

P.S.: Кейбір ескі суреттердің түсірілу тарихы қате болуы мүмкін және суреттердің сапасы үшін кешірім сұраймын!
Әрі қарай

Жаңа ҚР Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Жаңа ҚР Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа тағайындалған Вице-министр Асланбек Амринді министрлік ұжымымен таныстырды.

Асланбек Кемеңгерұлы Амрин 1982 жылдың 13 наурызында Солтүстік Қазақстан облысы, Совет ауданына қарасты Смирнов ауылында дүниеге келді.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2003 ж., «Қаржы және аудит»), Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2006 ж., «Геоақпараттық жүйелер»), «Болашақ» бағдарламасымен University of Illinois at Urbana – Champaign, (2012 ж., «Технологияларды басқару») оқып бітірді.

2003-2005 ж.ж. «KITEX» ЖШС жеке инновациялық компаниясында, «Жаңа технология мен материалдарды енгізу орталығы» ЖШС; «Қазақстандық инновациялық технология» АҚ еңбек етті.

2005-2010 ж.ж. аралығында ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің сарапшысы, индустриалды-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы және меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012-2015 ж.ж. – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2015-2016 ж.ж. – «TIMWE International» халықаралық телекоммуникациялық компанияның Қазақстан бойынша бас менеджері.

2016 жылдың 26 тамызында ҚР Үкіметі Қаулысымен ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.
Әрі қарай

Керек-Ринг 28/08/2016

Керек-Ринг Жазғы серия ойындары аяқталды. Соңғы ойынның жеңімпазы: Brainstorm командасы. Жалпы серия жеңімпазы: Бақсы командасы.

1-тур сұрақтары by asaubota

1. Пи санының 2 бейресми күні бар деп есептеледі. Біріншісі: 14 наурыз. Өйткені Америкада бұл күн 3.14 деп жазылады. Ал, екінші күнді Еуропа мәнерінде жазып көріңіз?

2. Дәл 1 апта бұрын шыққан мына картада 59 ел неліктен сары түспен белгіленген?
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 28/08/2016

3. 1969 жылдың желтоқсанында Калифорниядағы Альтамонт елдімекенінде Роллинг Стоунз бастаған ірі рок-фестиваль өтеді. Фестиваль аймағына 300 мыңдай адам жиналды деседі. Фестиваль барысында 4 адам өледі: екеуін машина қағып кетеді, біреуі суға батады, біреуі сахнаға тапаншамен шығып күзетшілерден таяқ жеп өледі. Алайда, 4 өлімге қарамастан фестивальге келген адам саны 4-ке кеміді деп айтуға болмайды. Неліктен?

4. 1833 жылдан 1950-ге дейін шыққан нью-йорктік The Sun газеті мықты кроссвордтарымен де әйгілі болған екен. 2002 жылы бұл газеттің жалғасы ретінде шыққан The New York Sun газеті де алдыңғы газеттің кей элеметтерін, стилін көшіре отырып, кроссвордтар дәстүрін де жалғастырды. Газеттің алғашқы санында жаңа кроссвордпен бірге жанында не жарияланды?

5. Найджел Ричардс атты жаңа зеландиялық 2007 жылдан бері Скрэббл (сөз құрастыру ойыны) бойынша бірнеше дүркін әлем чемпионы. 2015 жылы Ричардс Скрэбблдың француз тіліндегі чемпионатын да ұтты. Алайда ол французша білмейді. Ойыншы бұл жетістікке қалай жетті?

6. Кезінде Лайка атты ит тірі қалмайтыны белгілі бола тұра космосқа ұшырылды. Бұл оқиғадан кейін АҚШ-тың Миссисипи штатындағы бір әйелдер қауымдастығы Біріккен Ұлттар Ұйымына наразалықтарын білдіріп хат жазады. Хатта КСРО-ның иттерге қарсы адамгершіліктен тыс әрекеті сыналады және ғылым үшін космосқа қандай да бір тіршілік иесі жіберілуі тиіс болса, өз штаттарында толып жатқан ИКСтерді жіберуді ұсынады. ИКСті атаңыз.

7. Германияның оңтүстігіндегі Киссинг (Kissing) қаласынан солтүстіктегі Веддинг (Wedding) қаласына дейін автожолмен 9 сағат 15 минут жол жүресіз. Жолда Петтинг (Petting) қаласынан кейін Австрия шекарасындағы қай қаладан өтесіз?

8. Постерде ненің жарнамасы бейнеленген?
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 28/08/2016

9. Кекс, Тәтті бәліш, Эклер, Мұзды йогурт, Балмұздақты вафли, Желе, Киткат, Лоллипоп, Нуга… Тәттілерді ортақ бір атпен жүйеге салыңыз.

2-тур сұрақтары by @MERmukhanov

1. Cәтпаев астероиды жөнінде білесіздер. Одан бөлек, Қазақстанға қатысты тағы кемі 8 жұлдыз бар. Негізгі белдеудің астероидтарының бірі Томирис жайлы сұрақ қойылды. Ендеше, классификацияда 2700 нөмірдегі, 1976 жылы ашылып, топографиялық объектінің құрметіне қойылған астероидты атаңыз.

2. «Шылым шегушінің басымдықтары». Сіздер Алан Каррдың «Шылым шегуді оңай тастау» атты кітабының жиырма бірінші тарауының атауын көріп отырсыздар. Кітапта осы тарау атауынан кейін келетін екі символды жазыңыз.

3. Назар аударыңыздар, ойбастар!
Вербердің жұмбағын шешіңіз.
«Құдайдан Ол ұлық емес,
Сайтаннан қорқынышты да емес Ол.
Кедейлерге тән, бірақ байларға сай емес.
Егер оны жемесең – өліп қаласың».
Янтра — абстрактілі түрде Ғаламды және оның бөлек аспектілерін сипаттайтын, медитацияға арналған тантралық диаграмма. Барлығы 960 янтра белгілі. Олардың ішінде ең көркем, ең нәзік, сәнді деп табылған янтрада Ол бейнеленген деуге болады.
Ол не?

4. Олимпиада ойындарының 3 дүркін жүлдегері, палуан Гүзел Манюрованың пікірінше, сұлулықты еш нәрсемен құрта алмайсың. «Әрине, қыздарда «апельсин» құлақ болғаны онша жақсы емес, бірақ қыздардың көбінде ол жағынан мәселе жоқ. Тіпті құлаққап қиіп те күресуге болады. Бұрын жігіттерде сынған құлақпен жүру тіпті абырой болатын, сенің палуан екеніңді бәрі көру үшін. 50 рубльге олар саған Х-пен құлағыңды қысып беретін».
Сұрақ авторы Х-тің күреске қатысты айтылуын парадоксальды санайды. Х – ол да спорттық атрибут, құрал және оны түрлі материалдардан жасайды. Әйгілі режиссер Ингмар Бергманның өлімінен соң, оның Х-і, яки түрлі-түсті фильмдер кезеңінен бұрын түсірілген фильмінің реквизиті ең қымбатқа сатылды.

5. Немістің «Альянс» сақтандыру компаниясының ғимараты 12 мың шаршы метр ауданды алады және онда 2000 қызметкер қызмет атқарады. Компанияның есептеу орталығының құрамына 80 қуатты компьютер кіреді.
Дәл осы есептеу орталығы компанияның шығындар тізімінде жыл сайын 138 мың еуросын үнемдейді. Бұл нендей шығындар?

6. Марк Твеннің мәңгі актуал цитатасын толықтырыңыз: «Х-ті сатып алыңыздар – оны енді ешкім өндірмейді ғой».

7. Олардың саны 100-ден асады. Мысалы, біреуі – Үңгір, екіншісі – Өрмекші, тағы біреуі – Қала, Тау, Ай, Түтін, Інжір, Сиыр, Темір, Қалам, Піл, болып кете береді. Олардың 28-нің шығу төркіні 24°28′00″ с.е 7.39°36′00″ ш.б., ал одан 3 есе көбі — 21°25′21″ с.е. 39°49′34″ ш.б.-қа тиесілі.
Бәріне қолжетімді болғанымен, көп адамның игеру шеңберінен тыс олардың не екенін атаңыз.

8. Сәрсенбі күні 11-рет Блог Күні тойланады. Кезінде Лайв журнал қолданушылары неліктен дәл осы күнді Блог күні деп тойлауды шешті?

9. ХХІ ғ. басында, жаңадан пайда болған аңыздардың бірі бойынша, Қазақстандағы Арсу мен Қарақсу әулеттерінің бірі екіншісін жеңуінде перизат, пері қыздың, кельт және герман фольклорынан шыққан ізгі мыстан арудың рөлі басым болды. Мұндай қырқыстардың басқа да нұсқалары бар, мысалы, Еуропада: Италияда, Ресейде… Алайда, осы қос әулеттердің бірі екіншісінен гөрі үнемі ненің арқасында жеңіске жететін?

Ойыннан фотолар:

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 28/08/2016

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 28/08/2016

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 28/08/2016

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 28/08/2016

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 28/08/2016

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 28/08/2016

Басқа фотолар мына жерде.
Фото: Ерасыл Әбдірашов
Әрі қарай

Жергілікті өзін-өзі басқарудағы Қоғамдық кеңестердің рөлі

Жамбыл облыстық Қоғамдық Кеңесі, «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобаны іске асыру бойынша 2015 жылдың қараша айында қабылданған «Қоғамдық Кеңестер туралы» Заңын түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша семинар-тренингтер жүргізілді.
Семинар-тренингтің мақсаты: 2015 жылдың қараша айында «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының жүзеге асыру тетіктері мен механизмдерін жетілдіру. Халық пен мемлекеттің арасындағы көпір қызметін атқару. Жұмысты жүргізу бойынша әдістемелік құрал дайындалып Қоғамдық кеңес мүшелерінің талқысына салу. Қатысушылардың негізгі контингенті зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшылары, мәслихат депуттары, жергілікті Қоғамдық кеңес мүшелері.
Негізгі бағыттары: Қоғамдық кеңестер отырыстарын өткізу, Нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарау, Қоғамдық тыңдауларды өткізу, Мемлекеттік органдар басшыларының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін тыңдау, Қоғамдық мониторинг өткізу бойынша басым бағыттармен жұмыс жасау қажет. Қоғамдық кеңестер мәселелерді объективті түрде, халықтың көпшілік ойымен санасу жағдайда жұмыс жоспары мен ұсынымдар берілу қажет. Сондықтан да Қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру кеңес мүшелерінің басты міндеті.
Семинар-тренингті жүргізуші және лекторы болып Жамбыл облыстық Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті И.Дастан.
Ағымдағы жылдың 22-ші тамызында Мойынқұм ауданында өтті.
Мойынқұм ауданынан семинар-тренингке зейнеткер- Жамбылов Б., аудандық Қоғамдық Кеңес төрағасы Сатыбалдиев Б., жер бөлімінен- Узбеков Б., жастар ресурстық орталығының директоры Абасов Е., шаруа қожалық басшысы Жиенқұлов А. және т.б. қатысты.
Ағымдағы жылдың 23- ші тамызында Шу мен Қордай аудандарында өтті.
Шу ауданынан семинар-тренингке зейнеткерлер, аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері Жиенбеков Е.Ж.,Қарғабаев Б.Ә., Досымбаев Е.Ә., Қосахов А.А. Ардагерлер кеңесінен-Орманов Ә.С., Байжаманұлы Қ., жергілікті полиция басқармасының өкілдері Рахимов Н.А., Ақжолова Ж.А. «Шу өңірі»аудандық газетінің бас редакторы Қадырбеков Н.А., Облыстық депутат-Саудабаев Б.С. және т.б. қатысты.
Қордай ауданынан семинар-тренингке зейнеткерлер, аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері Саурунова Ч.К., Кипчакбаева К.К., Сағындықов П.Т., Әлімбек Б.Ә., Кенжебек Ж.Т., Ардагерлер кеңесінен-Сейілханов Ә.С., Қалдығұлов Т.Ә., және т.б. қатысты.
Ағымдағы жылдың 24- ші тамызында Меркі мен Т.Рысқұлов аудандарында өтті.
Меркі ауданынан семинар-тренингке зейнеткерлер, облыстық мәслихат депутаты Б.Сауранбаев аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері Әльмеизова Б.Т., Мамасерікова Ш., Ауғанбаев Ж., Тірібосынов Е., Әдізбаев Б., Құралбаев С., Қадырханов Д., Жарашуйев К., Иманалиев Қ., ішкі саясат бөлімінен Инжубаев Б., депутаттар Дуйсебаева Н.К., Алтынбаев А.К., Оспанова Ж.Т., Хейроев А., «Меркі өңірі» аудандық газетінің редакторы Исаева А.Т., және т.б. қатысты.
Т. Рысқұлов ауданынан семинар-тренингке аудандық Қоғамдық Кеңес мүшесі Тұғылшиев Е.А., бас редактор Жаманбаев Т.Е., бас дәрігер Қосшығұлов С.Б., кәсіпкерлер палатасының директоры Қабылбеков Р., Дін секторының басшысы Төленді Н., экономика бөлімінен Икласова Д.К., Мырсейіт А., директор КАШК Букирова Ж. және т.б. қатысты.
Ағымдағы жылдың 25- ші тамызында Сарысу мен Талас аудандарында өтті.
Сарысу ауданынан семинар-тренингке зейнеткерлер, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Сарысу ауданындағы филиалдың директоры Абдрахманов Ш.Б. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Абилов, жастар ресурстық орталығының өкілдері Исаев Руслан, Балғабай Бауыржан, Киікбаев Нұрбол. Аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері Ермекбаев Б.А., Шәдіұлы Ж., Абдыхалықұлы С., Наширбаев М., Жусипалиев К., Ақмағанбетов Т. және т.б. қатысты.
Талас ауданынан семинар-тренингке зейнеткерлер, ішкі саясат бөлімінің басшысы Жақсылық Жасөркен, «Талас тынысы» газетінің бас редакторы Молдақұлов Д.Е., аудандық бокс мектебінің директоры Булегенов Д.С., колледж директоры Әнетбаев Ерлан, жастар ресурстық орталығының директоры Мырзаев Нүркен, аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері Қарғабаева М.С., Оспанов О.А., Әсемов Ж., Мұсаева Ж. Аудандық мәслихат аппаратынан Әуезбешев А. және т.б. қатысты.
Ағымдағы жылдың 26 тамыз күні Жуалы ауданында өтті. Жуалы ауданындағы семинар – тренингке зейнеткерлер, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, ауданның жас мамандары, аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері және қатысты
Ұсыныстар мен ескертпелерді облыстық Қоғамдық Кеңестің отырысында қаралатын болады. Ұсыныстардың басым бөлігі Қоғамдық кеңестердің материалдық жабдықтарын шешілу мәселелерін қарастыру маңыздылығын айта кетті.
Әрі қарай

Данышпанға жауап ретінде

Бұны мына сілтемедегі qamshy.kz/Home/show/8911 мақалаға қатысты жазып отырмын.

Былай депті:
1. Алаш алаш болдым деген кезең. 500 жылдай бұрын. Алты алаштың бір бұтағы — қатаған руын қырған кім? Қалған бес Алаш емес пе? («Ей, Қатағанның хан Тұрсын,… есігіңе келіп тұр, шашқалы тұр қаныңды, алғалы тұр жаныңды» — Марғасқа жырау.). Мағауинге сенсек, арбаның күпшегінен бойы асқан қатағандық еркеккіндікті түгел қырылған. Қырған. Қазақтың ханы Есім хан және оның қазақтың өзге бұтағынан жиналған қалың аламаны геноцид жасаған. Еркегін қырып, әйелін күң, баласын құл еткен. Өз бауырының. Қалмақтың, ойраттың баласын емес. Иә, ол заманды да ақтап алатындар табылар. «400 жыл бұрын, ондай-мұндай, Шыңғыс тұқымы, о кезде солай еді, қатаған Тұрсын хан сепаратист болды, бәлду-бәлду» дегендей. Бірақ, оған ерген мыңдаған жұрттың не жазығы бар еді? Сондықтан, мойындап қоялық, біз мемлекет болып хандық құрған заманда-ақ өз бауырын, туыс тайпаны тұтас қырып тастай алған, геноцидке барған жұртпыз. Ақ түйеге мінген Асан Қайғының соңынан ерген «Ақ қаз» сипатты періште кейіпті лирикалық халықты елестетпей-ақ қоялық.

Тұрсынхан сепаратист болып қана қойған жоқ. Есімхан мына жақта қалмақпен әлек болып жатқанда, Тұрсынхан ана жақтан Есімханның ордасы Түркістанды келіп шапты – халқын қырды. Автор Тұрыснхан осы әрекетін жалғыз өзі жасады деп ойласа керек, «жұртының не жазығы бар еді?» дегеніне қарағанда. Бір жақтан қалмақ жағадан алып жатқанда, екінші жақтан Тұрсынханның жасаған шапқыншылығына жалғыз Тұрсынханның өзі айыпты болса, онда Есімханның опасыз сепаратистерге көрсеткен жазасы да жалғыз Есімханның өзіне тиесілі болмай ма? Яғни, автордың логикасын жалғастырсақ, Түркістанды шабуда қатағандар жазықсыз болып, тек Тұрсынның өзі ғана кінәлі болса, онда дәл солай Есімнің жазалау шаралары үшін де қалың қазақты айыптамай, жалғыз Есімді айыптау керек болады. Авторымыз бұны ескермепті.

Сосын автор айтқандай қатағандар түгел қырылған жоқ. Бүгінде Ташкент қазақтарының негізгі бөлігін шаншқылы руы құрайды. Міне сол шанышқылылар қатаған тайпасының ішіне кіретін бір ру. Жалпы, қатағандар бүгінде өзбектердің де арасында бар және саны жағынан ең көп тайпалардың қатарында (иә-иә, өзбектердің де бір бөлігі қазақтар секілді руға бөлінеді, көбі бұны біле бермейді). Автордың айтып отырған заманында қазақ хандарының қарамағында болған тайпаларды бүгінде біз қазақтар деп айтамыз, ал өзбек хандарының қарамағында болғандарды өзбектер деп айтамыз. Ол заманда бүгінгідей ұлттардың айқын бөлінуі болмаған. Сондықтан «қазақ өз қазағын қырды» деуден бұрын осы жәйтті ескерген жөн. Дегенмен, келісем, ол кезде өзбегі де, қазағы да діні мен тілі ортақ жұрттар еді. Бірақ сол кездегі әдеттерге бүгінгі заманауи көзқараспен баға беру қаншалықты орынды? Ол заманда кез-келген билеуші дәл жоғарыдағы аталғандай жағдайда егер қолынан келіп тұрса Есімханның қолданған шарасын қолданар еді. Басқа жұрттарда да ондай мысалдар жетерлік. Енді сонысына қарап, ол ұлттарға «сен баяғыда үйткенсің-бүйткенсің» деп, ғасырлар бұрынғы (жаңа замандағы емес!) бір оқиғаны көрсетіп бүгінгі терминологиямен «сен геноцидке барған жұртсың» деп отырсақ, нағыз қуғынбайдың өзі болар едік. Автор дәл сондай тірлікпен айналысып отыр.

2. Мақұл, бері кеттік. Шамамен, 300 жыл бұрын. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» дәуірі. «Жоңғар деген жалмауыз келіпті, бейқам жатқан, бейбітшілік сүйгіш, ересен момын, кінәсіз жұртты шауыпты» деген миф. Әдемі, өтірік һәм жылымшы миф. Құдды сол жоңғар деген «бабай-жұрт» аспаннан түскендей. Олар біздің өте жақын туыс, тұрмысы бірдей, діні мен тілі ғана аздап бөлектеу халық еді. Сыймадық. Малымыз сыймады, кеудеміз, кегіміз маза бермеді. Бүгін ол жұрттың жұрнағы кино түсіре алмайды, әйтпесе қазақ деген «қанішер жұрттың» жоңғар ауылын қалай өртеп, малын айдап алып, қызын бөктеріп әкетіп, ұлын құлдыққа салғаны жайында қанша картина түсірген болар еді. Жарайды, соғыстың аты соғыс, екі жақ та қарап қалмады дейік. Алайда, Қаратауға дейін босып, жол бойы мәйіті шашылған қалың қазақ түгелдей жоңғар қылышынан өлді ме екен? Босқан жұрттың аштыққа ұшырамағанына, індет пен дерттен, қатігездік пен ішкі шапқыннан да қырылмағанына кепілдік бере аласыз ба? Рухани кемел, бірлігіміз ғажайып, керемет жұрт болсақ, неге жеңілдік, неге Сарыарқаны қиып, тастап, босып кеттік? Арқа мен шығыстағы көп рулар елу жылдан соң ғана өз атамекеніне оралды. Қытай арғы жақтан жоңғарды тоздырған сәтте біз де жеттік батыстан. Қырғынның көкесі сонда болды. Рас, ата кек дерміз. Алайда, ол жұртты да геноцидке ұшыратқанның бірі біздің бабалар еді. Қайда әлгі, «біз деген мал баққан елміз, өз-өзімен тыныш жатқан елміз...» деп келетін қанатты сөздер?

Негізі, бірдеңе жазар алдында сол туралы біраз ақпараттанып барып жазған дұрыс. Шығысқа қарай жоңғар жеріне шапқыншылық жасаған қазақтар емес, керісінше шапқыншылық шығыс жақтан қазақтардан басталып жолай жатқан көптеген халықтарға жасалды, жоңғарлар тарапынан жасалды. Бұны мен ойлап тапқан жоқпын. Бұны атақты тарихшылар (тек қазақтардың тарихшылары ғана емес!) жазып кеткен, сол замандарда жазылып кеткен қытай, орыс, мұсылман деректерін негізге ала отырып жазған. Бұны жоққа шығарғың келсе, нақты құжаттарға сүйене отырып жазарыңды жаз. Алайда авторда ол жоқ – бос сөздер ғана.

Жалпы, тарихтың әр кезеңіне қарасаң, дәл осы аймақта шапқыншылықтардың бағыты шығыстан батысқа қарай болғанын көреміз – ғұндар да, одан кейінгі Түрік қағанаты да, Шыңғысхан да, кейінгі жоңғарлар да – бәрінің бағыты шығыстан батысқа қарай болған. Соған қарағанда, ертеректе қазіргі Монголия тұрған жерде жасағандар үшін өз жерлерінен көрі бергі жақтың жерлері көбірек тартымды болған ғой деймін – жайылымдары, шаһарлары, Жетісу, Еділ-Жайық аймағы, Арқаның жайылымдары, Орта Азия шаһарлары, климаты жағынан.

Айтқандай, жоңғарлар да өз жерлерін қанағат тұтпай – жер, жайылым жетіспей – бергі жаққа шапқыншылық жасады. Күллі бүгінгі қазақ жерін ғана жаулап алып қана қоймай, ноғайды, башқұртты, татарды, Солтүстк Кавказ халытарын, түркіменді де шауып, Ташкент, Сайрам, Таразды алып, тіпті Самарқанды шапқан кездері де болған. Бұл шапқыншылық ноғай, қарақалпақ пен қазақтарға тіпті ауыр тиді. Автор былай дейді: «Рухани кемел, бірлігіміз ғажайып, керемет жұрт болсақ, неге жеңілдік, неге Сарыарқаны қиып, тастап, босып кеттік?». Баланың сөзі сияқты екен. Балақай, өмірдің заңдылығы солай – бірде жеңесің, бірде жеңілесің. Негізі руханилік халықтың басқа бір халықтан жеңілгенімен немесе жеңгенімен белгіленбейді. Сол сияқты қанша жерден тұтас бірлігі жарасқан ел болсаң да жауыңның әскері егер мықты болса, одан сөзсіз жеңілесің. Жалпы, «бірлігіміз жарасқан елміз» деген ол қазіргі замандағы ұранымыз. Бұл ұран бүгінгі еліміздегі бірлікті дәріптеу үшін, ұлттар достығын насихаттау үшін айтылады. «Неге жеңілдік?» дегеніне қарағанда автор все таки жоңғар шапқыншылығын мойындайтыны көрініп тұр. Ендеше автордың «қазақ жоңғарды оңдырмады» дегеніне қайта оралсақ. Қазақтар тек өз жерін азат етті. Шапқыншылықпен келген жоңғарды расында да оңдырмады. Бірақ Жоңғарияны жойып, халқының 90 пайызын қырып тастағандар ол қытайлар. Бұны да мен ойлап тапқан жоқпын. Бұны тарихшылар нақты тарихи деректерге сүйне отырып жазып кеткен.

Енді бір сөзінде автор былай депті: «Жарайды, соғыстың аты соғыс, екі жақ та қарап қалмады дейік. Алайда, Қаратауға дейін босып, жол бойы мәйіті шашылған қалың қазақ түгелдей жоңғар қылышынан өлді ме екен? Босқан жұрттың аштыққа ұшырамағанына, індет пен дерттен, қатігездік пен ішкі шапқыннан да қырылмағанына кепілдік бере аласыз ба?»

Авторға. Ендеше сен соны нақты құжаттармен дәлелде. Сосын барып жаз. Әйтпесе мына сөзің «Сталин «атылсын» деп қол қойған құжаттардың подделка емесігіне кепілдік бере аласыз ба? Қол қойып жатқан кезінде сіз оның жанында шырақ ұстап тұрып па едіңіз?» деген сияқты екен. Яғни бұлай (ешқандай нақты дәлелсіз) кез-келген нәрсені жоққа шығаруға болады. Жалпы, аштықтан қырылған кез кітаптарымызда «аштықтан қырылды» деп, обадан қырылған кез «обадан қырылды» деп жазылған. Бәрін бір ботқаға араластырып отырған тек сен ғана сияқтысың.

Автор жазбасының үшінші пунктінде былай деп сұрапты: «Неге сол кезеңде рухани тұтас, бекем жұрт екеніміз рас болса, Ресей империясымен лайықты, тасқа басылған өркениетті келіссөздер болмады? Елді сақтаудың ішкі-сыртқы, элитаралық келісімдері неге жасалмады? Территориялар, құқықтар мен шарттар неге белгіленбеді?»

Балақай, ол кезеңде қазақ елі рухани тұтас, бекем жұрт болды деп саған кім айтып еді? Қай жерден оқыдың? Сілтеме бере аласың ба? Өзің ойдан шығарып алдың, солай ма? Ол кезең, бүгінгі тілмен айтқанда, кризистік кезең еді. Сосын, сен айтқандай, келісім-шарттар болмады емес, болды. Мәселе, келісім-шарттардың болмағанында емес, сол болған келісім-шарттардың жиі бұзылуында еді – күштінің тарапынан, әрине. Нәтижесінде – соғыс. Қылышпен зеңбірекке шапты деп налисың. Біле білсең, балақай, сол Исатай-Махамбет, Кенесары, Сырым, Амангелділердің зеңбірекке қылышпен шабуының арқасында, және басқа да қазақ даласындағы көптеген сондай көтерілістердің арқасында бүгін біз ел болып отырмыз. Ресей империясының құрамында, одан СССР заманында бүгінгі Ресей территориясын мекен еткен қаншама халықтардың (Мәскеудің саясаты арқасында) жоқ болып кеткенін автор біле ме екен? Автордың ойынша, Мәскеу сол құрдымға кеткен халықтарға көрсеткенін бізге бір бауыры бұрып тұрғанынан көрсетпей аман қалдырған ба екен? Жоқ, әрине. Көтерілістер Мәскеудің бас ауруы еді (оларды басу қаншама қаражат, күш жұмсалатын, сыртқы соғыстарға кедергі келтіретін). Мысалы, Ресей империясының Бірінші Жаһан Соғысында жеңілудегі бір себебі ел ішінде қазақ-қырғыздардың бас көтеруі еді. Егер зеңбірекке қарсы ең болмағанда қылышпен де шаппай үнсіз отыра бергенінде қазақтар да Ресейдің құрамына кіріп жоқ болып кеткен халықтардың тізіміне енер еді.

Автор Кенесары қырғызды қырғыз болғаны үшін шапқандай етіп жазыпты. Кенесары өзіне қосылып Ресейге қарсы тұрмағанның бәрін шапты – қырғызды да, қазақты да. Егер ұрыс алаңынан қашқандарды атуға бұйрық болмағанда, кім біледі, бәлкім фашистік Германияны советтер жеңе алмас па еді. Сол сияқты Кенесары да жауына қарсы тұрудан бас тартқандарды шапқан.

Еңлік пен Кебекті айтып басталатын абзацына қатысты. Балақай, мынаны жадыңда тұт, қазақтар да басқа халықтар секілді идеал емес. Идеал қоғам әлемде тіпті жоқ. Мәселе қазақтарда емес, сенде секілді, өзіңмен-өзің күйіп пісіп отырған. Неғұрлым идеал қоғамның жоқ екенін тезірек түсінсең, соғұрлым жүйкеңе жақсы болады. Автор қазіргі заманда отырып алып өткен ғасырлардағы оқиғаларға байланысты мынадай сұрақ қояды: «Қалқаман-еңлік-қодарлардың қылмысы садақпен атып, ат құйрығына байлап, таспен шөкелейтіндей қылмыс па еді?». Автор бауырым, әр заманның өз әдеттері, заңдары бар. Мәселен, болашақта сенің пәленбайыншы ұрпағың былай деп налып отыруы мүмкін: «неге қазақтар гомосексуализмді жаман көрді, гомо-транссексуалдардың қылмысы оларды келемеждеп, ұрып-соғып, сол ұрғанын видеоға түсіріп интернетке тарататындай қылмыс па еді?» деп налып отыруы бек мүмкін. (Дегенмен гомоларға қарсы жасалған осы әрекеттер біздің қазіргі заңдарымызға сай болмауы мүмкін. Сонда да тек қазақтар ғана емес, қазақстандықтардың басым бөлігі сол әрекеттерді құптайтынына сенімдімін). Ал автордың тізіп кеткен оқиғаларындағы жазалардың барлығы дерлік сол замандағы заңдар бойынша кесілген жазалар еді! Сол қоғамдағы өз заманына сай жазалар.

Келесі абзацында автор Абай туралы айтып келіп, соңында былай дейді: «Яғни, біз бір 120-ақ жыл бұрын да қамсыз, қарекетсіз, асылын қадірлей алмайтын, шығармашылық пен ғылымды бағаламаған қараңғы жұрт болдық. Рухани кемел болғанымыз, сандырақ»

Авторға:
Ғылым-образование жағынан артта болғанымызды біреу терістеген бе еді? Еш жерде қазақтарда ғылым керемет еді деп жазылмаған сияқты еді. Ендеше мына сұрағың не? Жалпы рухани кемел болу мен сауатты-оқыған болу екеуі бір нәрсе ме? Жоқ, әрине. Адам ғылым түгілі, бір әріпті де білмейтін болуы мүмкін, бірқ рухани бай болуы да мүмкін. Университеттік дәрежелері бар керемет академик болуы да мүмкін, бірақ рухани кедей болуы да мүмкін. Сондықтан автордың «ғылым-білімді бағалай алмадық, сондықтан рухани кемел болғанымыз – сандырақ» дегені автордың басында ботқа қайнап жатқанынан басқа ештеңені де аңғарптайды. Жалпы, «рухани кемел болдық» дегенді автордан естіп отырмын. Кім қай жерде солай дегеніне сілтеме берсеңіздер. Тіпті біреу расында да солай деген болса да, сол сөзге бола осыншама шүйлігіп, тарихтан сөз қозғаған болып бәрін ботқа сияқты араластырып бірдеңені дәлелдемек болып жазба жазу деген енді… қырт адамның тірлігі.

Төртінші пунктіге қатысты. Заманауи қарумен қаруланған полктен жеңілсе ол рухани дамыған асылтекті ұлт болмағандығымыздан емес, ғылым мен техникадан артта қалуымыздан. Бұған рухани кемел, асылтекті болудың немесе болмаудың қатысы жоқ. Бір нәрсені екінші бір басқа нәрсемен шатастырып отырсың. «Миллиондап аштыққа ұшырағанда әлемдік баспасөзге геноцид туралы фото-дәлел-айғағымен хат жеткізетін сауатты бір тілшінің болмауы» депті. «Әлемдік баспасөзге» дейді, 30-шы жылдардың басында)))). Балақай, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1945 жылы құрылғанын білесің бе? Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы болса тек 1948 жылы қабылданды. Сосын КСРОның қандай жабық мемлекет болғанынан хабарсыз сияқтысың. Қысқасы, бұл жөнінде көбрек оқуың керек. Ал репрессия кезінде бауырын ұстап бергендер болса, ондай сатқындар барлық халықта және барлық уақытта болған, бола да береді. Сатқындарға қарап күллі халықты жаман деу дұрыс емес.

Сөзінің соңында была депті: «Біз өзге елден ерек те емеспіз, өзге елден кем де емеспіз. Барлық жұртта «шкафтағы скелет» бар, бізде де солай»

Біреу бізді өзге жұрттан ерек деген бе еді? Әлде қазақтар идеал халық депті ме? Бұл баланың қиялына «қазақтар өздерін өзгеден ерекпіз деп жатыр» деген ой салып, жүйкесін тоздырып жүрген кім болды екен? Жоғарыда жазғанымдай, тіпті біреу расында да солай деген болса да, сол сөзге бола осыншама шүйлігіп, тарихтан сөз қозғаған болып бәрін ботқа сияқты араластыру дұрыс па?

Сонымен, бұл жазбаның авторы шынымен де Қасым Аманжолұлы ма екен? Меніңше, ол емес. Онымен жеке таныстығым жоқ, бірақ ол кісі бұндай қыңыр тірлікпен айналысатын адам болмаса керек. Жеке танитындарыңыз болса, онымен хабарласып, анық-қанығын біліп берсеңздер жақсы болар еді.

Жарайды, авторы кім болса, о болсын. Онысы аса маңызды да емес. Түсінгенім, автордың қытығына тиген нәрсе – «рухани кемел, біртұтас елміз» деген секілді сөздер болса керек. Соны терістеу үшін осы жазбасын жазған секілді. Бірақ артық қылам деп, тыртық қылып қойған, дәлірек – қуып кеткен, «рухани кемел болсақ, неге жоңғардан жеңілдік?», «рухани кемел болсақ, неге аштықтан қырылдық, неге соны әлемдік баспасөзге жеткізе алмадық?», «рухани кемел болсақ, анау баяғыда неге үйтті, анау неге бүйтті?» және тағы сондай сияқты баланың сөздері. Расымен де жас боз бала болса, бұл қылығы кешірімді болар ма еді. Бірақ автор жас бала да, боз бала да емес, сотқалдай тепсе темір үзетін жігіт болса ше, ал істеп отырған қылығы мынау.
Әрі қарай

Астанада алғаш рет STOPLAZY LIFESTYLE қайырымдылық форумы өтті

Астана жаңалықтары: Астанада алғаш рет STOPLAZY LIFESTYLE қайырымдылық форумы өтті
Оқушылар Сарайында «Жеке Бас дамуы» атты Қайырымдылық Форумы өтті, оған Канада, Ресей және Қазақстан спикерлері катысты. Барлық жиналған қаржат «Best for kids » ҚҚ-нан " Handmade " балалар жәрмеңкесін қолдау үшін бағытталды.

Бұл қайырымдылық форумын «StopLazy» атты француз қауымдастығы ұйымдастырды.

Форумында қазақстандық бизнес-тренерлерімен қатар әр түрлі салалар бойынша білім беру мастер-класстарын өткізіп жүрген әлемдік сарапшылар шақырылған болатын.

Сол кеште қонақтар пайдалы ақпараты Гил Петерсилден, Филипп Богачевтан, Динара Сатжаннан, Мерей Мустафинадан, Ерлан Ахметовтан, Данил Файзуллаевтан, Болат Башеевтан және Меруерт Жунусбектен алды.

« Біз елорда тұрғындарына адам өмірінің әртүрлі саларында дами алатынын толық өмір философиясын көрсеткіміз келеді.Біз жиі байқап отырамыз, көбісі өмірдің бір саласына ғана көп көңіл аударады, мысалы, мансап, немесе өзінің денсаулығы туралы ұмытып не әуесқойлықты тастап, отбасы мен достарын ұмытып, назар аудармай калады"-дейді, бірлестіктің негізін қалаушы «StopLazy» Вадим Костерев.

Форумында қатысушылар шын мәнінде өз өміріне басқа қырынан қарады.

Қазірдің өзінде біз Форумға қатысушылардан елуден астам алғыс хат алып және күнделікті хаттар алып отырмыз.»

Іс-шараға балалар үйлерінің тәрбиеленушілері және мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатысты. Осы іс-әрекеттің басты мақсаты — Астана қаласындағы халықтың түрлі топтарын біріктіру және барлығына тең мүмкіндіктерді беру.
Жалпы алғанда форумға 400-ден астам адам жиналды, олар спикерлерден сабақтар үйренумен қатар қайырымдылыққа да ықпал етті.
Әрі қарай