Түмен қаласында «Астана – Еуразия жүрегі» көрмесі ашылды

Түмен қаласында «Астана – Еуразия жүрегі» көрмесі ашылды. Экспозиция қаладағы, жалпы аймақтағы жарқын мәдени оқиғалардың бірі. Түмен облысының әлеуметтік-саяси тарихы мемлекеттік мұрғатында жүзден астам экспонат көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Көрменің мақсаты – деректі мәліметтер арқылы еліміздің бас қаласы туралы әңгімелеу. Кеңестік кезең қаланы телефондау мен радиофикация, көшелердің атауларын өзгерту, негізгі кәсіпорындар – «Қазақсельмаш», сорғы зауытын, Қазақ теміржол басқармасын құру туралы құжаттармен сипатталады.

1950-1960 жж. – тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңі Қазақстан астанасының тарихында ерекше орын алады. Ақмола өңіріндегі тың игеру кезеңі бойынша азаматтардың өтініштері, алғашқы тың игерушілердің фотосуреттері ұсынылған.

Көрме бөлімдерінің бірі Қазақстанның жаңа астанасына арналады. Мұнда қаланы қайта атау туралы жарлықпен, елорданы салу барысы туралы материалдармен, қаланың төлқұжатымен, бас жоспарымен, Астананың суреттерімен және т.б. танысуға болады.

Сонымен қатар, қазақ халқының қолданбалы өнер бұйымдары мен тұрмыстық заттары да көрмеге қойылды: ұлттық киімдер, белгілі шеберлердің зергерлік бұйымдары, музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз).

Қазақ халқының тұрмысы мен бай мәдениеті туралы кеңінен жеткізетін экспонаттарға Түмен тұрғындары үлкен қызығушылық танытып отыр.

Қазақстанның Түмендегі құрметті консулы Сеялхан Мақаш бір күн бұрын Астанада Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен шекара маңындағы ынтымақтастық форумы өткенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай шаралар мемлекет басшыларының ниеттерін іске асырудың белгісі болып табылады.

Шара барысында облыстық дума депутаты Юрий Конев, Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Есімхан Жантасов және Түмен облысының әлеуметтік-саяси тарихы мемлекеттік мұрғатының директоры Елена Долгушина сөз сөйледі.

Қазақстандық делегация басшысы, Астана қаласының мемлекеттік мұрағат директоры Балқия Баймағанбетова құрметті консулға шапан кигізіп, түмендіктерге қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы мәдени байланыстың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Шара аясында Астана туралы фильм көрсетілді, Түмен облысындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы мен Түмен облысының әлеуметтік-саяси тарихы мемлекеттік мұрғаты арасында ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды.

Экспозиция Астана мен Түмен облысының мұрағаттарының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім аясында Астана қаласының мемлекеттік мұрағатымен ұйымдастырылды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11361
Әрі қарай

Сыртқы жарнама орналастыру тәртібі мен шарттарына толықтырулар енгізіледі

Көпшілік тыңдау өткізу аясында қалалық мәслихат депутаттары Астанада сыртқы жарнама орналастыру тәртібі мен ережелерін сақтауға қатысты проблемалық мәселелерді көтерді. Шараға Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының, кәсіпкерлер палатасы мен бизнес қоғамдастық өкілдері қатысты. Тараптар бірқатар маңызды мәселелерді талқылап, сыртқы жарнама орналастыру саласындағы бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар жасады.

Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының хабарлауынша, рейдтік іс-шаралар барысында бұзушылықтар анықталып, кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған ведомствоның мәліметінше, бүгінде Астанада 50 жарнамалық компания қызмет етеді. Бірақ «Сыртқы жарнаманы орналастыру туралы» заң талаптарын бәрі бірдей сақтамайды. Өрескел бұзушылықтарға жол беріліп, жарнамалар елорданың сәулеттік келбетіне сай келмей отыр. Депутаттар барлық мәселелерді ескере отырып, жарнама қызметін лицензиялау ережелерін енгізуді ұсынды. Бұзушылықтар тіркелген жағдайда, компания лицензиясынан айырылмақ.

Мұнымен қоса, жарнама мәтіндерінің мазмұнына, әсіресе қазақ тіліндегі аудармасына да ерекше назар аударылады. Тілдерді дамыту басқармасына жарнаманың идеологиялық және тәрбиелік мәнін естен шығармай, мағынасы мен аударманың сапасына қатаң бақылау жүргізу тапсырылды.

Көпшілік тыңдау қорытындысы бойынша елорда шегінде болашақта еліміздің барлық өңірлерінде қолдану мүмкіндігімен бірыңғай ережелер әзірлеу ұсынылды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11350
Әрі қарай

Ненің артық екенін қалай білуге болады?

Салыстыру кезінде артығын табудың мехазнизмі қандай? Елден қалғаннан гөрі кредитке белшеден батып той жасаған артық. Білім алып мансап қуғаннан Бәкенің тілін тауып жағымпазданған артық. Қаланы таза ұстаудан, лас қаланы тазалау артық. Таза жолмен документ
жасағаннан, ақшасын беріп жылдамдатқан артық. Дұрыс оқығаннан мұғалімге ақша жинап баға қойғызған артық. Мұндай елде тұрғаннан гөрі шет елге кеткен артық. Рашевтың сөзін қазақшалап жағаннан жазбай-ақ қойған артық.
Осы сөздерді ести жүре, мен ойға келемін: Біздің елде ненің артық, ненің кем екенін қалай біледі адамдар?Блог - upcity: Ненің артық екенін қалай білуге болады?
Әрі қарай

Астанада «Чемпиондар аллеясы» ашылды

Риодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері Ғашықтар саябағында ағаш отырғызды. Спорт жұлдыздарының жаңа аллеясына төртжылдықтың басты додасында олжалаған әр медальдің құрметіне 19 тянь-шань шыршасы егілді.

Шараға Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, Риодағы Олимпиаданың күміс жүлдегерлері Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левит, Гюзель Манюрова, қола жүлдегерлер Екатерина Ларионова, Дариға Шәкімова, Иван Дычко, Карина Горичева және Фархад Харки, сондай-ақ, паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, күміс жүлдегер Раушан Қойшыбаева қатысты.

— Мен жеңіске жетуді армандағам, бірақ Астанада ағаш отырғызамын деп ойламаппын, осындай аллеяның ашылғанына қуаныштымын. Бұл жерде біз Олимпиада чемпиондарымен теңбіз, — дейді Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарының чемпионы Зүлфия Ғабидуллина.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ағашты күтіп-ұстайтынын айтты.

— Қолыма күрес ұстамағалы көп болды. Міндетті түрде қарап жүремін. Өзм осы жерге жақын тұрамын. Отбасыммен демалу үшін келіп тұрамын,- деді чемпион.

Ал жазғы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит бірінші рет ағаш отырғызғанын айтты.

— Аллеяның ашылуына қатысу мен үшін құрмет. Тұрғындар бізден үлгі алып, ағаш отырғызсын, қаланы абаттандыруға, көгалдандыруға үлес қоссын, тазалық сақтасын, — дейді спортшы.

«Чемпиондар аллеясында» Серік Сәпиевтің де шыршасы бар. Былғары қолғап шебері шараға қатысуға қуана келісіп, барша қазақстандықтарды қоршаған ортаға қамқор болуға шақырды.

Айта кетейік, Ғашықтар бағына қала тұрғындары мен қонақтары жиі баратындықтан, аллея осында жасалды. Алдағы уақытта аллея кеңейтіліп, танымал қазақстандық спортшылар, өткен олимпиадалардың жеңімпаздары ағаш отырғызатын болады.
Әрі қарай

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының күндері өтеді

Астана жаңалықтары: Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының күндері өтеді
Алдағы демалыста Астанада Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Елордалықтар өңірлердің мәдениетімен етене танысады.

8-9 қазанда ШҚО ауыл шаруашылық жәрмеңкесі «Хан шатыр» сауда ойын сауық орталығының жанындағы тұрақ алаңында өтеді. Облыстың тауар өндірушілері 300 тонна өнім әкеледі, барлығы 57 сауда орны жасалады.

Қала әкімдігінің алдында өтетін Қарағанды облысының жәрмеңкесінде 840 тонна өнім өткізіледі, 60 сауда орны жасалады. Шара барысында облыстық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт және «Бауырсақ, қымыс фестивалі» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, «Шеберлер ауылы» сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ашыладып, қала тұрғындары мен қонақтары зергерлік өнер, көркем тоқымашылық және қыш-құмыра шеберлігі бойынша шебер-сыныптарына қатысады.

8 қазанда сағат 12.00 — ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында Қарағанды облысынан «Сарыарқа кітапханасы» 100 томдығын сыйға тарту салтанаты, Әлихан Бөкейханның 15 томдық шығармалар жинағының тұсаукесер-көрмесі және Қарағанды облысы суретшілерінің «Сарыарқаның сырлы бояулары» атты көрмесі өтеді.

Сағат 18.30 Оқушылар сарайында С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының У. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» спектаклінің қойылымы көрсетіледі.

9 қазанда сағат 11.00 Бейбітшілік және келісім сарайының фойесінде Қарағанды облысының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері көрмесі ашылады, «Нұр Әсем» сән үйінің ұлттық киімдер жинағы көрсетіледі. Ал сағат 16.00 Қарағанды облысы өнер майталмандарының гала-концерті көпшілік назарына ұсынылады.

8 қазанда сағат 9.00 «Көрме» орталығында ШҚО археологиялық артефактілер көрмесі, сағат 10.00 ҚР Ұлттық музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Үлкен жолдың кезеңі» фотокөрмесі өз жұмысын бастайды. Сонымен қатар, сағат 10.30 «Шығыс Қазақстанның суретшілері. Уақыт портреттерінің ерекшеліктері» атты бейнелеу өнері көрмесі ашылады.

Сағат 15.00 ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Тәуелсіздіктің жарқын жетістіктері: Шығыс Қазақстан» кітап көрмесі өтеді. Онда келушілер назарына тәуелсіздік жылдары экономиканың, әдебиеттің, мәдениет пен спорттың дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлғалар туралы кітаптар ұсынылады. Көрме аясында «Біздің Абай» электронды толық мәтінді кітапхана және «Қайым Мұхамеджанов» электронды библиографиялық көрсеткіші атты екі жобаның тұсаукесері өтеді. Бұдан басқа, сағат 15.00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Өскемен қаласының драма театры К. Людвигтің «Жұлдызды сәт» спектаклін қояды. Сағат 18.30 «Жастар» театрында Семей қаласының Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық театрының Ф.М.Достоевскийдің «Дядюшкин сон» спектаклі көрсетіледі. Ал жәрмеңкеге келушілер екі күн бойы Ә. Қашаубаев атындағы Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының «Шұғылалы Шығыс» атты концертін тамашалайды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11334

Әсет Исекешев бірқатар инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысты

Астана әкімі Әсет Исекешев бірнеше инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысты.

Елорда әкімі «Бәйтерек» қосалқы электрстанциясының құрылысымен танысты, оны 2017 жылы қаңтарда іске қосу көзделген. Шағын станция Жаңа вокзалды, №15, 16 сорғы станцияларын және әлемдік деңгейдегі «Кәсіпқор» колледжін электр энергиясымен жабдықтайтын болады.

Әсет Исекешев ғимаратының құрылысы аяқталған №15 сорғы станциясын да аралап көрді. Мұнда сорғыларды, құбырларды, инженерлік желілерді (су құбырын, кәріз, нөсер кәрізін) монтаждау жұмыстары жүргізілді. Электр және БӨҚжА, технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесін монтаждау, ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда.

Сорғы станциясын 2016 жылдың 15 қазанында іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ, Астана әкімі ЖЭО-2 жаңғырту және қалпына келтіру барысымен танысты.

Сапар соңында Әсет Исекешев №9 қалалық емханаға ат басын тіреді. Емхананың жалпы ауданы 9935,1 шаршы м, мекеме заманауи емдеу-диагностикалау жабдықтарымен жабдықталған білікті мамандар қызмет ететін 11 бөлімнен тұрады. 2016 жылдан бастап емханада Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жж. арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында аурудың алдын алу мен басқаруға интеграциялық тұрғыдан қарау негізінде қоғам денсаулығын қорғау бойынша жаңа саясат қолға алынып, эндоскопиялық полипэктомия мен гистероскопиялық операциялар практикаға енгізілді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11349
Әрі қарай

Жоғары лига жартылай финалының қорытындысы

Әне-міне дегенше, «Жаңа маусым – Жаңарудың» жартылай финалы да мәресіне жетті. Екі күнге созылған жартылай финалдық кеште Жоғары лигадағы қырық команданың ішінен суырылып шығып, өздерінің мықтылығын дәлелдеген 10 топ финалдық жолдамаға таласты.

«Сәлемдесу», «Жамбы ату», «Жаңа бейнебаян», «Үй тапсырмасы» конкурстары бойынша өнерлерін көрсеткен жайдарманшылар ондыққа бекер кірмегенін дәлелдеді.

Ойынның бірінші күні бес команда — «ҚЖУ құрамасы» (Алматы қаласы), «Аягөз құрамасы» (ШҚО), «ҚазИИТУ құрамасы» (Орал), «Позитифф» (Бішкек), «Сырдария құрамасы» (Жетісай) сайысты.

Жоғары деңгейде өткен ойында финалға екі команда «Сырдария құрамасы» (Жетісай) мен «Аягөз құрамасы» (ШҚО) жолдама алды.

Ал екінші күнгі сайысқа «Фемида» (Ақтөбе), «Қармақшы құрамасы» (Қызылорда облысы), «ЕҰУ құрамасы» (Астана), «Тек қана қыздар» (Алматы), «Байдың балалары» (Шымкент) қатысты.

Бұл күнгі ойында финалға тікелей жолдама алған «Байдың балалары» (Шымкент) мен «Қармақшы құрамасы» (Қызылорда облысы) болды.

Ал қосымша тағы бір жолдаманы «ҚЖУ құрамасы» (Алматы қаласы) иеленді. Бұл команданың ұпай саны басқа топтарға қарағанда көбірек болды.

Екі күнгі ойынға да төрелік еткен қазылар құрамы:

Құрманбек Жұмағали — «Қазақстан халқы ассамблеясы» Қоғамдық қорының директоры;

Ғабидолла Оспанқұлов — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Жастар саясаты департаментінің директоры;

Мұрат Әбенов — қоғам қайраткері;

Нұрлан Өтешов — «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының басқарма төрағасы;

Геннадий Шиповских — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Әрі қарай

Қыз-келіншектерге арналған arular.kz сайты ашылды

  • KazNET
KazNET: Қыз-келіншектерге арналған arular.kz сайты ашылды
Қазақ интернеті тағы бір сайтпен толықты. Arular.kz сайтын 2007 жылы бір топ блогер қыз ашқан болатын, алайда техникалық себептерге байланысты сайт 1 жылдан кейін жұмысын тоқтатты. Бұл жолы сайт жаңа айдарлармен, сапалы контентпен толығып, жаңа концепцияда ұсынылып отыр. Сайт дизайны да кез келген экраннан оқуға ыңғайлы етіп жасақталған.

«Соңғы уақытта қоғамда орын алған тастанды балалар проблемасы, бойжеткендер арасындағы суицид, әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болуы, басқа да келеңсіз жағдайлар қыз-келіншектер арасында білімнің, психологиялық ақыл-кеңестің болмауынан хабар береді. Қазіргі таңда, бұл функцияны атқаратын қоғамдық институттар да, бұқаралық ақпарат құралдары да, тіпті ата-аналардың осы мәселеге келгенде салғытттық танытып отыр. Сондықтан да қыз-келіншектерге ақыл-кеңес беретін, қызықты материалдар ұсынатын сайт ашу көптен бері ойда жүрген жоспарымыздың бірі еді» дейді ұйымдастырушылар.

Сайт тек тәрбиелік-тағылымдық міндетін атқару үшін ғана емес, танымдық, коммерциялық мақсаттарда құрылған. Қазір сайтта «Сұлулық», «Сән», Отбасы", «Денсаулық», «Сезім», «Тағам» айдарлары бар. Сондай-ақ сайттың бұрынғы нұсқасындағы мақалалар да сақталған. Болашақта сайт аясында психологиялық кеңес, сұрақ-жауап бөлімдері ашылып, қыз-келіншектердің форумы құрылмақшы.

Сайт адресі: arular.kz
Әрі қарай

Астаналық полицейлер террористік тұрғыдан осал объектілерді тексеруде

Жыл басынан бері елордалық полиция қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілерді тексеру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде, 30-дан астам террористік тұрғыдан осал объектінің жетекшілері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 149-бабы 1-тармағы бойынша (өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және тиiсiнше орындамауы – 100-300 АЕК дейін айыппұл) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған және өндірілген айыппұл көлемі 7 млн теңгеден асады.

Тексеру нәтижелері көрсеткендей, террористік тұрғыдан осал объектілерде инженерлік-техникалық қадағалау, бейнебақылау жүйесі мен дабыл қондырғыларының, басқаруды бақылау жүйесі, сондай-ақ, мамандандырылған күзет бомлаған.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысында террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесі бекітілген. Объектілерді терроризмге қарсы қорғалуын бақылау және террористік тұрғыдан осал объектілерді ұйымдастыру міндеті ішкі істер органдарына жүктелген.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11323
Әрі қарай