Елорда әкімдігі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 60-тан аса шара дайындап жатыр

Педагогтарға, дәрігерлерге, спортшыларға, құрылысшыларға, кәсіпкерлерге, студенттерге, көп балалы аналарға және еңбек ұжымдарына, жас республиканың дамуына елеулі үлес қосқан, Қазақстанды шетелге танытқан азаматтарға басымдық беріледі. Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтары Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған көрмелер мен концерттерді тамашалай алады.

Атап айтқанда, 13 желтоқсанда Оқушылар сарайында (Б. Момышұлы даңғ.) «Мәңгілік ел — Қуатты Қазақстан» мерекелік концерті өтеді; 22 желтоқсанда «Ақбұлақ» өзенінің жағалауында және «Жерұйық» саябағында «Мұз үстіндегі қала» мұз қалашықтары, мектептердің аумақтарында хоккей корттары ашылады; желтоқсанның 10-ынан 12-сіне дейін «Алматы» ауданының тұрғын алаптарында «Астана шаттық» автокеруені Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді; 23 желтоқсанда «Қазақстан» спорт сарайында жетім балалар мен аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар үшін тегін негізде мұзда коньки тебу шарасы ұйымдастырылады.

Атап өтерлігі, зейнеткерлер, көп балалы және тұрмысы төмен азаматтар 18, 19, 24, 25, 26 қараша күндері М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында және 29 қарашаға дейін Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында қойылымдарды тегін тамашалай алады.
Әрі қарай

Ең пайдалы көкөніс. Асқабақ таңдаудың қыр-сырын, пайдалы қасиеттерін біле жүріңіз



Күз бен қыста Сіз білуге тиісті кеңестер топтамасы. Бес минутыңызды бөліп асқабақ таңдау, оның пайдасы туралы бейнесюжетке назар салыңыз. Ең пайдалы көкөніс — асқабақты жиі тұтынатын кезең басталды.
Әрі қарай

Шұғыл әрекет ету қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Күннің күрт бұзылуына байланысты қаланың шұғыл әрекет ету қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Атап айтқанда, елорданың ТЖ департаменті, Астана қ. ІІД ӘПБ қызметкерлері және «Астана Тазалық» ЖШС мамандары қыс кезіінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін жүргізуде. Бұл туралы журналистерге бүгін жедел қызметтердің өкілдері қала әкімдігінде өткен арнайы баспасөз мәслихатында хабарлады.

«Қаланың коммуналдық қызметтерінің қыс маусымына дайындығын тексеру шеңберінде қарашаның 16-сынан 18-іне дейінгі аралықта елордада «Қыс-2016» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, оның барысында қыс уақытында халықты және аумақты төтенше жағдайлардан қорғауды ұйымдастыру тексеріледі. ТЖД ауа райының бұзылатындығы немесе басқа төтенше жағдайлар туралы ескерту үшін барлық әдістер мен жаңа технологияларды пайдаланады», — деп мәлім етті Астана қ. ТЖД басшысы Барат Дұзақбаев.

Б. Дұзақбаев қар жинау жұмыстарын өткізу кезінде Астананың Әкімшілік полиция басқармасының және Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкенін атап көрсетті. Әкімшілік полиция қызметкерлерінің мәліметтеріне сәйкес, 1999 жылы елордада тіркелген автокөліктердің саны 40 мыңды құраған, 2010 жылы 209 мыңға жеткен, ал 2016 жылы — 343 мыңды еңсерген.

«Транзиттік көліктерді және еліміздің басқа өңірлерінен келген автокөліктерді есептемегенде, жыл сайын Астанада 25-30 мың көлік құралы тіркеледі. Осыған байланысты автокөлік құралдарының үлкен ағыны және автокөліктерді дұрыс қоймау қаланың коммуналдық қызметтерінің жұмысына кедергі келтіреді. Жол қозғалысының барлық қатысушыларын қар тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеу мақсатында көлік құралдарын қараусыз қалдырмауға шақырамыз», — деп атап көрсетті Астана қ. ІІД ӘПБ айрықша тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтыбай Бақытжан.

Сонымен қатар, елорда әкімдігі қар жинау бойынша 16 бағытты бекітті, қалаға кіре берісте және қаладан шыға берісте көлік қозғалысын шектеуге бағытталған 6 блок-бекет жұмыс істейді. Жалпы, соңғы күндері Астанада көктайғаққа байланысты 100-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелген, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өз кезегінде, «Астана Тазалық» ЖШС мамандары соңғы үш тәулік ішінде елордада қардың бір айлық мөлшері түскенін хабарлады. Соңғы бір тәуліктің өзінде 120 мың текше метр қар шығарылды, 2285 жол жұмыскері және 1698 арнайы техника тартылды. Қала көшелері мен жаяу жүргінші жолдарын тиімді тазалау үшін үстіміздегі жылдың 11 қазанынан бастап «Айсмелт» жаңа реагенті қолдануға енгізілді.
Әрі қарай

Елордалық ТЖД ақпараттандыру жүйелеріне тексеру жүргізеді

2016 жылдың 17 қарашада таңғы сағат 9-да Астана қаласының ақпараттандыру жүйесін тексеру жүргізіледі, оның барысында теле және радиоарналарға («Хабар», «Қазақстан», Бірінші канал «Евразия», «Астана», КТК, НТК, «Астана» радиосы, «Шалқар» радиосы, Ретро ФМ, Авторадио, Қазақ радиосы) қосылу арқылы С-40 электр дабылдары беріледі.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар депатаменті тұрғындардан тыныштық сақтап, әбігерге түспеулерін, және алып-қашпа сөздерге сенбеулерін сұрайды.
Әрі қарай

Елорда аумағын тазалау жұмыс тобының ерекше бақылауында

Қар жинау жұмыстарын оңтайландыру және тиімді жүргізу мақсатында қала билігі мемлекеттік органдардың және қаланы санитарлық тазарту үшін жауапты коммуналдық қызметтердің өкілдерінен құралған жұмыс тобын жасақтады. Жұмыс тобына Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов жетекшілік етеді.

Қала аудандары бойынша абаттандыру және санитарлық тазалау мәселелерін жүргізетін аудан әкімдерінің орынбасарлары жауапты тұлғалар саналады. Жұмыс тобының құрамына «Астана Тазалық» ЖШС, «Астана Көгалдандыру» АҚ, коммуналдық шаруашылық, табиғи ресурстар, құрылыс, энергетика басқармалары, «051 қызметі» ММ, және Астана қ. ІІД ЖПҚ Экология департаментінің өкілдері енгізілді.

Топтың жұмысы жедел әрекет етуге, проблемалық учаскелерге түрлі қызметтердің техникасын жедел түрде тартуға дайын болуға, абаттандыру және санитарлық күтіп ұстау ережелердің сақталуын қамтамасыз етуге, заңсыз қар үйінділерінің пайда болуына жол бермеуге, және халықты кең көлемді ақпараттандыруға бағытталған. Қазіргі уақытта көшпелі топ жауапты тұлғаларды уақытылы ақпараттандыру үшін бағыттарды аралау арқылы қаланы санитарлық тазалау жұмыстарына мониторинг жүргізуде.

Елордада көше-жол желісін, жаяу жүргіншілер жүретін аймақтарды, аула және орамішілік аумақтарды тазалау бойынша жұмыстар іркіліссіз жүргізілуде. Көлік жолдарындағы қаржы кешенді түрде жинау және шығару жұмыстары, және көшелерге реагнт себу түнгі уақытта да жалғасады. Жол жұмыскерлері қарды сыру, көше қиылыстары мен кіру жолдарын тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Әрі қарай

Астанада ПИК жұмысы бойынша азаматтардан өтініштер қабылдайтын қауырт желі іске қосылды

Халықты уақытылы ақпараттандыру, сондай-ақ тиімді кері байланыс орнату үшін Астанада тұрғындардан өтініштер қабылдайтын қауырт желі ашылды. Елорда тұрғындары 8(7172) 93-08-99 телефонына немесе ұялы телефоннан 109 (қоңырау тегін) қысқа номеріне хабарласа алады.

Ауа райының күрт бұзылуына орай қала тұрғындары мен қонақтары аулаішілік аумақты тазарту, көктайғақ және санитарлық тазарту мәселелеріне алаңдаушылық танытуда. Қоспалардың аула аумағына уақытылы себілмеуінің салдарынан көктайғақ болып, адамдардың құлап, жарақат алу жағдайлары көбейді. Бұл жағдайда барлық жауапкершілік ПИК-ке жүктеледі.

Қазіргі кезде Астанада 467 пәтер иелері кооперативі бар. Соның ішінде 144-і «Сарыарқа» ауданында, 231-і «Алматы» ауданында және 92-сі «Есіл» ауданында жұмыс істейді. ПИК міндетіне үйдің маңындағы аумақты жинау, соның ішінде қар шығару, жаяу жүргіншілер жолдарын тазарту, тротуарларға құм себу жұмыстары жатады.

Аумақты қар мен мұздан тазалау жұмыстаары жүргізілмесе, немесе сапасыз жүргізілсе ПИК ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы «Абаттандыру ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Әрі қарай

Елорда сақшыларының ағылшын тіл білімі тексерілді

Елордалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері «Do you speak English?» викторинасында ағылшын тіл білімдерін тексерді, мұның алдында олар ЕХРО-2017 көрмесіне дайындық шеңберінде тіл үйрену курсынан өткен. Полиция қызметкерлерінің ауызша және жазбаша тіл дағдылары тексерілді. Викторинаның қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

«ЕХРО-2017 қарсаңында елорда полициясының жеке құрамына қонақтардың қауіпсіздігін және нысандардың күзетілуін қамтамасыз ету, және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында қойылған міндеттерді орындау тиімділігі үшін жауапкершілік артылған», — деп мәлім етті Астана қ. ІІД бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров.

Қазіргі кезде елорда полициясының 500-ден аса қызметкері ағылшын тілін меңгеріп шықты. Курстар аптасына үш рет лингафондық құрал-жабдықтары бар кабинетте өткізіледі және оған ағылшын тілінде сөйлеу ережелерінің бағдарламасы енгізілген. Тәртіп сақшыларын жоғары білікті педагогтар оқытады, олар полицияның тілдік спецификасына бағытталған оқыту әдістемелерін пайдаланады, бұл шетелдік азаматтардың өтініштеріне жедел түрде жауап қатуға мүмкіндік береді және полицияның имиджіне оң әсер етеді.
Әрі қарай

Елорданың көрікті жерлерін ақшыл көк түспен жарықтандырылады

Астанада «Бәйтерек» монументі, «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы, «Сарыарқа», «М 2» көпірі ақшыл көк түске боялады.

Жыл сайын 17 қарашада бүкіл әлемде Халықаралық шала туған балалар күні атап өтіледі. Осы күні халықты мерзімінен бұрын босану туралы ақпараттандыру және мерзімінен бұрын туған сәбилердің қажеттіліктеріне назар аудару мақсатында сәулет құрылыстарын жарықтандыру акциялары өтеді.

Осы күні, сондай-ақ, Нью-Йорктегі Эмпайр-стейт-билдинг және Ыстамбұлдағы Босфор көпірі ақшыл көк түспен жарықтандырылады, ал көптеген танымал тұлғалар ақшыл көк түсті киім киіп шығады.

Еске салсақ, бүгінгі күні елордала 466 төсек орынға есептелген үш перинатальды орталық және 45 төсек орынға есептелген University Medical Center корпоративтік қорының филиалы Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы жұмыс істейді. Аталған мекемелерде елордалық және аймақтардан келген жүкті әйелдерге, босанғандарға және жаңа туған нәрестелерге білікті медициналық көмек көрсетіледі.

Босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беру шараларын күшейту шаралары белсенді түрде жүргізілуде, қала әкімдігі соңғы бес жылда 1300 құрал-жабдық пен санитарлық көліктер сатып алған.
Әрі қарай

Астанадағы суық ауа райы 23 қарашаға дейін сақталады

Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан (Обь өзенінің ауданы) жеткен ауқымды антициклонның екі көлемді орталығы бар, оның бірі Норильскіде, екіншісі Есіл өзенінің ауданында орналасқан.

Егер кеше түнде ең төменгі ауа температурасы -27ºС құраса, бүгін түнде екі тармаққа төмендеп, 29ºС аяз болады. Алдағы екі күнде ауа температурасы сол деңгейде сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет. Антициклонмен байланысты ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады.

Синоптиктердің хабарлауынша, 19 қарашадан бастап тағы суық орнайды. Ауа температурасы тағы 3-4 градусқа төмендеп, минус 31-33 градусты, ал күндіз -23…-24ºС құрайды. 23 қараша күні ғана аяздың беті қайтады. Түнде термометр бағаны 23-26 градус аяз, күндіз -15-тен -18ºС дейін көрсетеді.
Әрі қарай