Астанада ПИК жұмысы бойынша азаматтардан өтініштер қабылдайтын қауырт желі іске қосылды

Халықты уақытылы ақпараттандыру, сондай-ақ тиімді кері байланыс орнату үшін Астанада тұрғындардан өтініштер қабылдайтын қауырт желі ашылды. Елорда тұрғындары 8(7172) 93-08-99 телефонына немесе ұялы телефоннан 109 (қоңырау тегін) қысқа номеріне хабарласа алады.

Ауа райының күрт бұзылуына орай қала тұрғындары мен қонақтары аулаішілік аумақты тазарту, көктайғақ және санитарлық тазарту мәселелеріне алаңдаушылық танытуда. Қоспалардың аула аумағына уақытылы себілмеуінің салдарынан көктайғақ болып, адамдардың құлап, жарақат алу жағдайлары көбейді. Бұл жағдайда барлық жауапкершілік ПИК-ке жүктеледі.

Қазіргі кезде Астанада 467 пәтер иелері кооперативі бар. Соның ішінде 144-і «Сарыарқа» ауданында, 231-і «Алматы» ауданында және 92-сі «Есіл» ауданында жұмыс істейді. ПИК міндетіне үйдің маңындағы аумақты жинау, соның ішінде қар шығару, жаяу жүргіншілер жолдарын тазарту, тротуарларға құм себу жұмыстары жатады.

Аумақты қар мен мұздан тазалау жұмыстаары жүргізілмесе, немесе сапасыз жүргізілсе ПИК ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы «Абаттандыру ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше