Жүрек саған арнадым
Сәл нәрсеге қиналасың қинайсың,
Ашулансам кең кеудеге симайсың.
Армандаған мақсатыма қол жетсе,
Аз кем уақыт маған ләззат сыйлайсың.
Тақ-тұқ соққан сағатқа ұқсап жүрегім,
Уақытымды өлшеп жатыр білемін.
Санай берсін, санаса да уақытымды,
Ұзағырақ соқса екен тілегім.
Ашысында тәттісінде тағдырдың,
Кенде болмай басқалардан, алдым мың.
Қиялымды жырымменен маздатып,
Үміт отын жүрек, сенде жандырдым.
Қуаныштан да өрекписің кейде сен,
Ыссыдан да қысыласың терлесем.
Жүрек саған не сыйлайын өмірде,
Саған арнап өлең жазып бермесем.
Насыреддин Қожырбайұлы
Әрі қарай
Ашулансам кең кеудеге симайсың.
Армандаған мақсатыма қол жетсе,
Аз кем уақыт маған ләззат сыйлайсың.
Тақ-тұқ соққан сағатқа ұқсап жүрегім,
Уақытымды өлшеп жатыр білемін.
Санай берсін, санаса да уақытымды,
Ұзағырақ соқса екен тілегім.
Ашысында тәттісінде тағдырдың,
Кенде болмай басқалардан, алдым мың.
Қиялымды жырымменен маздатып,
Үміт отын жүрек, сенде жандырдым.
Қуаныштан да өрекписің кейде сен,
Ыссыдан да қысыласың терлесем.
Жүрек саған не сыйлайын өмірде,
Саған арнап өлең жазып бермесем.
Насыреддин Қожырбайұлы





2016 жылы 10 мен 15 қараша аралығында ОҚО Төле би ауданында ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен, Қазақстанның түпкір түпкірінен жастардың басын қосқан, 2016 жылдың ең маңызды оқиғалардың бірі — «Жастар Отанға!» жастар лагері өтті