Зейнетақы жарнаңыз қанша?

Зейнетақы жарнаңыз қанша?
Әр адам өзін бақытты зейнетпен қамтамасыз ету үшін бүгіннен бастап еңбек етіп, зейнетақы қорындағы шотын толтырғаны абзал. 2013 жылдың 22 тамызынан бастап акционерлік қоғам негізінде құрылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жеке зейнетақы шотын ашу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті сияқты қызметтерді атқарады. Салымшыларға зейнетақы жинақтарының жай-күйі жайлы ақпарат берумен, жеке зейнетақы шоттары иелерінің деректемелерін өзгерумен, зейнетақы активтердің инвестициялық басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша қызмет көрсетеді.
Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры пайда болғанға дейін «Қазақстан Халық Банкінің», «Құрмет», «Ұлар үміт», «НефтеГазДем» сияқты жинақтаушы зейнетақы қорларында халық жинақтары болатын. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, жоғарыда аталғандай біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ашылды.
2013 жылы 26 тамызда Ұлттық Банк пен БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы шарт жасасты. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы ҚР Заңына сәйкес «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер шығарады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Бүгінгі таңда зейнетақы активтері мемлекеттік бағалы қағаздарға, «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», «Казагро», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы» сияқты компаниялардың қағаздарына инвестицияланады.
Ал салымшылардың жеке шотына келер болсақ, бүгінгі күні жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты enpf.kz сайтынан ақпарат алуға болады. Алайда, ғаламтор арқылы алынатын үзінді көшірмелер құжат ретінде ұсынуға келмесін тағы ескерген жөн. Үзінді көшірмелер жеке зейнетақы шотын ашу туралы шартта немесе хабарлау тәсілін өзгерту, анықтау туралы қосымша келісімде салымшы көрсеткен мекенжайларға, оның ішінде электронды мекенжайларға жіберіледі. Егер ағымдағы жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салымшының жеке зейнетақы шотында қаражаты жоқ болса немесе ол хабарлау тәсілін таңдамаған болса, қор өткен жыл үшін жинақ шотының жай-күйі туралы ақпарат бермейді. Бүгінде еліміздің барлық аймағында, елді мекендерінде жалпы 236 қызмет көрсету орталығы жұмыс істеуде.
Зейнетақы қорында шоты бар белгілі адам қоныс аударған жағдайда, міндетті түрде жергілікті БЖЗҚ кеңсесіне келіп, деректемелерін өзгерткені жөн. Деректеме өзгертілмеген жағдайда, жеке шот туралы ақпарат берілмейді.
Зейнетақы салымшыларының ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың бар екені анық. Мұндай жағдайда денсаулығына байланысты зейнетақы қорының кеңсесіне келе алмайтын адамдарға қор қызметкерлері өздері барып қызмет көрсетеді. Ал салымшы қайтыс болған жағдайда, барлық зейнетақы жарналары бойынша заңнамада белгіленген тәртіпке сай мұраға алуға болады. Мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алу үшін мұрагер өзі не пошта байланысы арқылы не сенім білдірілген тұлғасы арқылы зейнетақы қорының кез-келген кеңсесіне барып өтініш жасайды. Өтінішпен бірге құжаттардың түпнұсқаларын және олардың нотариат куәландырған көшірмелерін береді. Заңда мұраға қалдырушы қайтыс болған соң мұрагерге мұраны алу үшін алты ай уақыт белгіленеді.Мерзімін өткізіп алған жағдайда, оны сот арқылы қалпына келтіруге болады.
Мұрагерлік құқықты ресімдеген соң және зейнетақы жинақтарын төлеу үшін қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін мұрагерлерге зейнетақы жинақтары олар зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініште көрсеткен банк шотына аударылады. БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде мұрагерлерге зейнетақы төлемдері жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға БЖЗҚ-дан республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4-еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан асырмай жерлеуге арналған біржолғы төлем жасалады.
Біржолғы төлем жасалғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда осы қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлем сомасына қосылады.
Атап өтпеске болмайтын маңызды жайттардың бірі, 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы кезең-кезеңмен өзгеріп отырады. Мәселен, 2018 жылға дейін ерлерге арналған зейнеткерлік жас 63 жастан, әйелдер үшін 58 жастан басталады. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жарты жыл сайын 63 жасқа жеткенше көтерілетін болады. Осылайша, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жасқа, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 59 жасқа жеткенше 6 ай мерзімнен қосылып отырады. 1964 жылы туған әйелдер зейнеткерлікке ерлермен бірге 63 жаста шығады.
2017 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша салымшылардың жалпы саны 10 042 868 адамды құрап отыр. Соның ішінде, міндетті зейнетақы жинақтары бойынша 9 583 995 адам, яғни салымдардың 95,43%, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша 419 966 адам, пайыздық мөлшерде 4,18, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38 907 адам, яғни 0,38% құрайды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша зейнетақы жинақтары 6 685 264 840 мың теңгені көрсетуде. Жіктеп келсек, міндетті зейнетақы жарналары 98,46 % (6 582 870 747 мың теңге), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 1,50 % (100 704 163 мың теңге), ерікті зейнетақы көрсеткіші 0,025% (1 169 930 мың теңге) құрап отыр.
2017 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырмалы түрде қарастырсақ, 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жалпы салымшылар саны 9 959 267 адамды құраған, яғни пайыздық мөлшерде 0,84 % өскен. Ал 2016 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша салымшылар саны 10 116 751 адамды құрап, салымшылар саны 2017 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіштен 74 адамға көп. Бұл орайда көрсетілген кестеге сәйкес, 2016 жылмен салыстырғанда ерікті зейнетақы салымшыларының саны 2017 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша 1153 адамға (2,88 %) азайғаны байқалады.
Міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіптік зейнетақы немесе ерікті зейнетақы жарнасы болмасын, әр адам зейнеткерлік өмірдің бастамасын бүгін құруда. Ал сіздің зейнетақы жарнаңыз қанша?
Салтанат Амиржанова.
Әрі қарай

Ет патшасы - НусрЕТ

Блог - asaubota: Ет патшасы - НусрЕТ

Нусрет Гөкче — интернет арқылы танымал болған феномендердің бірі. Түркиядан бөлек Абу Даби, Дубайдағы NusrET ет ресторандарының құрушысы.

Кедей отбасыдан шыққан Нусрет кішкентайынан қасапшылардың жанында жұмыс істеген. Аргентина және Латын Америкасының бірнеше елінде тәжірибе жинақтаған. Кейін өзі Түркияда алғашқы ресторанын ашқан.

Интернетте танымалдық оған етке өзіндік стильде тұз себу арқылы келген. Инстаграмында жұмыс барысындағы фото, видеоларын жариялап тұрады. Қазір оның 3.5 млн фоллоуері бар. Ресторанына бұрыннан танымал адамдар келеді екен. Интернет жұлдызына айналғалы келушілер саны бұрынғыдан да көп. Спорт, өнер, шоу-бизнес жұлдыздарымен түскен фотолары көп. Денсаулығына да жақсы қарайтын Нусрет фотоларына мафия стилінде түскенді де ұнатады екен. Ал етті турауы, кесуі, тұз себуі бөлек енді.








P.S футболшылар голдан кейін нусретше «тұз себе» бастапты ;)
Әрі қарай

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Қазақстандықтар үшін мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып, балаларының оқуына ақша жинақтаудың жаңа тетігі жұмыс істейді
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Қазақстанда 2013 жылдан бастап Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) қызметін бастады.

Жүйе Қазақстан Республикасының әр азаматына өзінің атына немесе баланың атына білім беру жинақтау салымын ашып, оны болашақта Қазақстанның және шет елдердің колледждері мен ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін жұмсауға мүмкіндік береді. Жүйенің операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады.

Бүгінгі таңда 15 000 жуық білім беру жинақтау салымы ашылды.
Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық 10% сыйақы мен жыл сайын мемлекеттен 5% немесе 7% (жеңілдікті санаттағылар үшін) сыйлықақы есептеледі:
Мемлекет сыйлықақысы 5%, 7% + Банк сыйақысы 14% = Салым бойынша табыстылык 19%, 21% басталады.

Білім беру жинақтау салымының артықшылықтары:
• Мемлекет сыйлықақысына табыс түрі ретінде салық салынбайды;
• Білім беру жинақтау салымдары 10 млн. теңгеге дейін Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорының нысаны болып табылады;
• Минималды бастапқы жарна – 3АЕК (2017 ж. 6 807 теңге);
• Жинақтау мерзімі – 20 жылға дейін;
• Мемлекеттің атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепілдігімен банктен білім беру кредитін алу мүмкіндігі бар.

Білім беру гранты тағайындалған салымшының құқығы:
• жинақты мемлекет сыйлықақысымен бірге алу;
• ақшаны басқа баланың атына аудару;
• білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру.

* Мемлекеттік сыйлықақы мен банктің сыйақысы капиталға айналып, білім беру жинақтау салымдары бойынша табыстылық 19 % құрайды, нәтижесінде салымшы білім беру қызметтерін сатып алу шығыстарынан 30-40% дейін үнемдейді.

Білім беру жинақтау салымын ашу үшін қажетті қадамдар:

1-қадам – МБЖЖ-ға қатысушы банктердің бірін таңдау.
2-қадам– Білім беру жинақтау салымын ашу.
3-қадам – Бастапқы жарнаны енгізу.

Құжаттар:
— ата-ананың бірінің жеке куәлігі;
— баланың туу туралы куәлігі және ЖСН.
Блог - ZhastarTynysy: Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
Блог - ZhastarTynysy: Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
Әрі қарай

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

2017 жылдың 07 ақпанында "Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы" КММ Ақпараттық қамтамасыз ету және әлеуметтік технологиялар бөлімімен "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің офицерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы мен Үндеуін түсіндіру бойынша кездесу өтті. Сондай-ақ, аталмыш кездесуге Қарағанды облысы Конфессияаралық қарым-қатынастарының проблемаларын зерттеу орталығының маманы қатысып, офицерлерге діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.



Сегодня, 07 февраля 2017 года сотрудники КГУ «Молодежный ресурсный центр Карагандинской области» отдела информационного обеспечения и социальных технологий осуществили выезд в воинскую часть № 6505 Национальной гвардии МВД РК Карагандинского гарнизона, с целью разъяснения Послания Главы государства «Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность» и обращения Президента Н.А. Назарбаева о перераспределении полномочий между ветвями государственной власти.

Блог - ZhastarTynysy: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Виртуалды шулатқан #СинийКиттен құтылу жолы бар

Блог - mazhitova: Виртуалды шулатқан #СинийКиттен құтылу жолы бар

Қош көрдім!
Өзіндік ой, өзіндік көзқарас. Бүгінгі менің жазбағым да субъективті пікірім. Адам болған соң қоғамнан алшақ болу мүмкін емес. Қоғам тәрбиелейді. Иә, үйдегі ата-ана қалыптастырған іргетасты жоққа шығаруға болмас. Алайда, жастардың үнемі ата-ана қарауында, көз алдында бола бермейтінін ескерген жөн. Мектептен басталады, кейін жоғары оқу орнына түсуге басқа қалаға кетеді. Қазіргі SQ-да жастар арасындағы мәселелер шаш етектен. Өтпелі кезеңде жүріп өкінішке ұрынып қалып жатқандары қаншама?! Беймәлім дүниелерге елтіп бақытынан айырылып қалғандар ше? Күйзелістің құрбандарын қайтару мүмкін бе? Жоқ… Иісі қоғамға әбден сіңіп қалған дерттерден қалай арашалау керек? Мен өзім қатарлы жастардың атынан, жастар психологиясымен жазып отырмын. Көп сұрақтың жауабы жоқ. Бұрыс діни ағымдар, моральдық азғындау, намыстан жұрдай болу, тәнін сату, жанын сату деген секілді тізім кете береді. Енді міне, «Беги или умри» немесе «Синий кит» деген нәрселер шықты. Аз ғана уақыттың ішінде Ресейден бері асып біздің елімізге жығылды. Екінің бірінің аузында осы ойынның ережесі мен жапа шеккендер өмірі. Қоғам қорқыныш үстінде. Үлкен резонанс тудырған бұл жайт ендігі көрші Қырғыз еліне де жетіпті деп жатыр. Ойын шартын жазудың қажеті шамалы шығар — барлық желіде әбден таралып болды. (Атауына келсек, көк кит — суицид жасаушылардың символы-мыс). Халық бұл істің анық-қанығы туралы жоғарыдағы азаматтардан, IT-мамандарынан, психологтардан ресми байламдар күтері хақ. #f57 #f58 — дерден қашан құтыларымыз белгісіз болса да, белгілі жайттар бар. Бұл ойынсыз да суицидтің болып келгенін, болып жатқанын жасыра алмаспыз. Ал, тақи осы ойын өз-өзіне қол жұмсауды көбейтіп жатса, құтылу жолдарын айтып тыраштанып көрейін…
Бір ғана жолын көріп тұрғандаймын. Ол — адамның бір-біріне деген немқұрайлылығын жоғалту. Біздің қазақта мынадай сөздер көп: «Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа», «Жаман басыңды көрге сүйрейді» деген секілді. Менің түсінуімше, мұнда «жамандармен» дос болудан аластайды. Өкініштің алдын алады. Бірақ Абай айты емес пе, «Мен егер Закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деп. Бәлкім, келіспейтіндер де бар шығар. Бірақ, ойланып қарайықшы, жаман адам деген болады ма? Жоға, адамда жаман мінез болады. Және ол мінезді өзгерту алдымен адамға, кейін қасындағы жолдасына, ортасына байланысты. Осы тұрғыда мен жоғарыда айтылып жүрген сөздерге қарсылығымды білдіргім келеді. Неге? Себебі, ол жаман екен деп шеттей берсек, қасымызға жуытпай, қатынаспай, араласпай қойсақ, ӘЛГІНДЕГІДЕЙ өз-өзін өлімге қиятындар саны көбеймей ме?! Статистика, суицидке баратынның көбісі жасөспірім жасындағылар дейді. Ал өтпелі кезеңде тинейджердің бойында түрлі психологиялық өзгерістердің болатыны ғылыми дәлелденген. Әр адам рухани мықты бола бермейді. Сезімтал, нәзіктер көп. Егер сіздің қолыңыздан келсе, оған қуат беріңіз, жақсы көріңіз. Оның виртуалдан реалға ауысуына көмектесіңіз. Сонда ғана әлгі көк киттіктердің күрмеуіне ілікпейтін боламыз.
Ендеше, «адамзаттың бәрін сүйейік бауырым деп»! Немқұрайлы болмайық! Мейірімділік танытайық дегім келеді!
Әрі қарай

Сексенбір деген кімдер?

Блог - asaubota: Сексенбір деген кімдер?

Шығыс және Зороастр күнтізбесі бойынша 81-лердің сипаттамасы:

— Өте жарқын тұлғалар. Киім киісі, әзіл деңгейі, сөйлеу мәнерлері бөлек. Орта ішінде бірден байқалады.

— Пікірталасты ұнатады. Ойларын ашық айта алады. Біреуді ренжітіп аламын деп ойламайды.

— Басқаларды сынауды ұнатады. Бірақ өзіне айтылған сынды көтере алмай қалатын кездері болады.

— Өте белсенді адамдар. Достары және таныстары өте көп. Адамдармен тез тіл табысып, достасып кетеді.

— Мықты ұйымдастырушы. Алын ала бәрін жақсы жоспарлайды.

— Сенгіш емес. Кей нәрселерді ешкімге сенбей өзі жасайды.

— Ақкөңіл, адал, мейірімді. Сондай-ақ эгоист те.

— Шығармашылыққа жақын адамдар.

— Жауапкершілігі мол, өз ісіне мұқият. Қоғамдық жұмыстарға да бейім.

— Отбасын кеш құрады. Отбасылық өмірде де жалғыздықты, еркіндікті қалайды.

— Өздеріне сенімді адамдар. Басқарылуды да, басқаруды да ұнатпайды.

Таныс адамдар ма? ;)
Әрі қарай

Дүниежүзілік «Дауыс» байқауының балаларға арналған нұсқасы – Қазақстанда!

«Бұлақ көрсең – көзін аш». Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі өнерлі балаларды бір арнаға тоғыстыратын ән байқауы жақын күндерде көрерменге жол тартпақ. Балаңдығына қарамастан, ересектерге бергісіз күш-жігер танытатын өнерге жақын өрендер көрмей тыңдау кезеңінде жүзін әрі бұрған қазыларды ерекше дарынымен өздеріне қаратуға тырысып-ақ бағады. Және бұл байқаудың басты ерекшелігі, мұнда ең маңыздысы – дауыс! Жас бүлдіршіндерге Нұрлан Абдуллин, Жанна Орынбасарова, Ева Бехер, Әли Оқапов секілді шәкірт тәрбиелеуде тәжірибесі мол талант иелері тәлімгерлік етеді. Ал жобаны танымал актер, тележүргізуші Шыңғыс Капин жүргізеді.
Әлемнің 50 елінде өтіп жатқан «The voice» шоуы бұрын-соңды болмаған рейтингті иеленді. Аталмыш жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Кезеңнен кезеңге сүрінбей жеткен шын дарын ғана жеңіс тұғырынан көрінеді.
Ендеше, шынайы өнерімен, балаң қылықтарымен қазыларды да, көрерменді де тәнті ететін кішкентай өнерпаздарға сәттілік тілейік!
Жобаның алғашқы «Көрмей тыңдау» кезеңін сенбі күні, сағат 20:30-да «Еуразия» бірінші арнасының эфирінен тамашалай аласыздар.
Әрі қарай

Өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері туралы ҚР Констутуциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Блог - Serzha: Өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері туралы ҚР Констутуциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 141 өкімі
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 26-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
Әркiм заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады.

Ағымдағы мазмұны:
Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
Әрі қарай

Қарағанды облысының жастары «Біз жарқын болашақ үшін» атты флеш-моб ұйымдастырды

2017 жылдың 28 қаңтары сағ.: 11.30-да «Сарыарқа» кинотеатрының алдындағы алаңында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін қолдау және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жастардың санасына сіңіру мақсатында Қарағанды облысының жастары «Біз жарқын болашақ үшін» атты флеш-моб ұйымдастырды.

28 января 2017 года 11.30 ч. В целях поддержки обращение Президента Республики Казахстан по вопросам перераспределения полномочий между ветвями власти и внедрить идею «Мәңгілі Ел» в сознание молодых людей в Карагандинской области с призывом «Мы за светлое будущее» состоялся флеш-моб.
Блог - ZhastarTynysy: Қарағанды облысының жастары «Біз жарқын болашақ үшін» атты флеш-моб ұйымдастырды

Қарағанды қаласында сауат ашу орталығы ашылады

2017 жылдың 29 қаңтары сағат 09.30-да Сіздерді, Қарағанды облысы бойынша Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасының жанындағы Олжас Есенұлы атындағы сауат ашу орталығының салтанатты ашылуына шақырамыз!

-----------------------------------—
29 января текущего года в 09.30 часов приглашаем Вас посетить торжественную церемонию открытия учебно-реабилитационного центра имени Олжаса Есенұлы при Духовном управлении мусульман Казахстана по Карагандинской области.
В стенах Центра ученики будут изучать основы Корана, исламского вероучения и арабского языка. Также, наставники будут заниматься нравственным воспитанием учеников. Кроме того, в Центре планируется проведение реабилитационной работы с приверженцами деструктивных религиозных учений.

Блог - ZhastarTynysy: Қарағанды қаласында сауат ашу орталығы ашылады