Алаяқтық синдромынан құтылудың 7 әдісі

Жоғары біліміңіз бар, жұмыс тәжірибеңіз де жақсы. Бірақ сізді мазалайтын кей ойлар бар. Өйткені бүгінге дейінгі жетістіктеріңізді бір сәттіліктің арқасында, сәйкестік нәтижесінде немесе басқа бір себепші арқылы болды деп ойлайсыз, кей нәрселерді тым оңай көріп, жұртты алдаған сияқты сезімде боласыз, бір күні жұрт біліп қалып, бетпердеңіз шешіледі деп ойлайсыз. Бұның аты — Алаяқтық синдромы.

Алаяқтық синдромы деген не?

Алдымен мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

  • Жетістігіңіз сәттілік, дұрыс жер, уақыт немесе бір қателіктің арқасында болды деп ойлайсыз;
  • «Мен істей алсам, басқалар да істей алады» деп ойлайсыз;
  • Жұмысыңыздағы кішкентай кемшіліктерді қатты уайымдайсыз;
  • Кішігірім сынның өзін тікелей сіздің кемшілігіңіз ретінде қатты қабылдайсыз;
  • Тағы бір жетістікке, табысқа жеткен кезде, тағы да басқаларды алдағандай сезімде боласыз;
  • Бір күні басқалар сіздің жұртты алдап жүргеніңізді, негізінде соншама қиын жұмыс емес екенін түсініп қалады деп қорқасыз.

Алаяқтық синдромының бір қызық жері — сіз табысты адамсыз. Тек мұны қабылдай алмайсыз. Резюмеңізді қарап тым артық жазғандай көресіз, болмашы нәрселер жазғандай боласыз. Жұрт жақсылығыңызды айтып мақтаса, тым артық артқандай болады.

Бұл синдромның себеп-салдарын анықтап, құтылу жолдарын іздеп көрейік.

Неге бұлай?

Әлемдегі мәселелердің негізі — ақымақтар мен фанаттар өздеріне қатты сенімді, ал ақылдылар күман толы.
Бертран Рассел, ағылшын философы

Психологтардың айтуынша бұның бір себебі: Даннинг — Крюгер эффекті. Яғни ақымақтау адамдардың өз деңгейлерін шынайы бағамдаулары үшін тәжірибелері және біліктілігі жетіспейді. Сондықтан да олар өздерінің кереметтіктеріне аса сенімді, тіпті негізінде олай болмаса да. Ал тәжірибелі адамдар бұрынғы қателерін, кемшіліктерін білгендіктен, сараптай алу қабілеттері болғандықтан өздерінің мүмкіндіктерін төмен бағалайды, тіпті өздерінікі дұрыс болса да. Бәлкім осының салдарынан болар, төмен деңгейдегі немесе интеллекті төмендер жақсы жерде қызмет етеді де, ақылдылар оларға қызыға қарайды?

Жыныстық тұрғыдан қарайтын болсақ, синдром әйелдерде көбірек кезігеді екен. Мұның бір себебі — әйелдің өзін еркектен төмен көруі болуы әбден мүмкін. Бірақ соңғы зерттеулерге қарағанда, табысты еркектерде де бұл синдром байқалады. Өнер адамдарында, ғалымдарда, шығармашылық адамдарында жиі байқалатын құбылыс. Мысалы, Эйнштейн өзін алаяқ сезінген, «неге адамдар мені соншама қатты бағалайды, пәлендей қиын ештеңе ойлап тапқаным жоқ қой» деп.

Отбасы факторы да маңызды. Кішкентайынан ең мықты нәтиже көрсету талап етілген отбасының балалары есейген кезде өз жетістіктеріне сенбейді-мыс. Олардың ойынша біреудің көмегі, жақындардың қолдауы немесе сәтті оқиғаның арқасында болған нәрсе деп қабылдайды. Сондай-ақ кішкентайынан көп сыналатын балаларда да болады. Өскен кезде әр ісінің сыналуынан қорқатын болады.

Қалай жеңуге болады?

1. Мәселені түсініңіз
Алдымен сізде осындай мәселе бар екеніне көз жеткізіңіз. Алаяқтық синдромы байқалатын адамдармен сөйлесіңіз. Пікірталасыңыз. Қолдаңыз бір біріңізді.

2. Сараптама жасаңыз
Жетістік, табыстарыңызды саралап шығыңыз. Шынымен кездейсоқтық немесе сәттілік пе, әлде шынымен өзіңіз қол жеткіздіңіз бе? Ой елегінен өткізіңіз. Батыл болыңыз. Өзіңізге сеніңіз. Өз бағаңызды біліңіз.

3. Кәсібилігіңізді тексеріңіз
Өзіңізден тәжірибелі адамдармен салыстырудың қажеті жоқ. Жас мамандармен, жаңа түлектермен жұмыс істеңіз. Нені жақсы істей алатыныңызды, тәжірибеңізді байқай аласыз.

4. Перфекционист болмаңыз
Әр нәрсенің ең кереметін жасауға тырыспаңыз. Ең мықтысы сіз болу керек деген нәрсе жоқ.

5. Жетістікке қуаныңыз
Болмашы нәрсе, кішкентай жетістік демей әр табысыңызға қуаныңыз. Оны иемденіңіз. Атап өтіңіз. «Жуу» дәстүрін ұстаныңыз. Бұл маңызды!

6. Өзіңізді дамытыңыз
Біліктілігіңізді арттыратын дәрістер алыңыз. Өз салаңыз бойынша білім іздеңіз. Бір нәтижеге жету үшін емес, өзіңізді дамытуға тырысыңыз.

7. Бетпердеңізді шешіңіз
Алаяқ болмаңыз. Маскаңызды шешіп тастаңыз. Жалғыз сіз ғана мұндай емес екеніңізді біліңіз. Батыл әрекеттер қылыңыз.

«Кешкі кездесу» бағдарламасының жаңа маусымы көрерменге асығады

Жан сарайының рухани азығы – «Кешкі кездесу» бағдарламасының жаңа маусымы күлімдеген көктемнің алғашқы күндерінде көрерменге жол тартады. Өнер мен мәдениет, қоғам мен әлеуметтің ең қызықты, өзекті тақырыптарын қозғап, тоқтаусыз тіршіліктегі мызғымас құндылықтарды еске салатын сүйікті бағдарлама сенбі сайын елдің жақсылары мен жайсаңдарын студияға қонақ етеді.
Қарбалас жұмыс аптасынан кейін аптықты басып, рухани демалып, есті сөз тыңдап, жан семіртем деген көрермендерді әр сенбі сайын 22:30-да «Еуразия» бірінші арнасын тамашалауға шақырамыз.
Әрі қарай

Чемпиондар Лигасында жаңбырлы түн. 2 матч, 14 гол

Футбол, тек қана футбол!: Чемпиондар Лигасында жаңбырлы түн. 2 матч, 14 гол

МАНЧЕСТЕР СИТИ — МОНАКО — 5:3 (1:2).
Голдар: Стерлинг, 26 (1:0). Фалькао, 32 (1:1). Мбаппе, 40 (1:2). Агуэро, 58 (2:2). Фалькао, 61 (2:3). Агуэро, 71 (3:3). Стоунз, 77 (4:3). Сане, 82 (5:3).


БАЙЕР — АТЛЕТИКО — 2:4 (0:2).
Голдар: Сауль, 17 (0:1). Гризманн, 25 (0:2). Бельараби, 48 (1:2). Гамейро, 59 — пенальти (1:3). Савич, 68 — автогол (2:3). Фернандо Торрес, 86 (2:4).

Әрі қарай

Әйел сыры

Қазақ әйелі қандай болуы керек? Әйел – жар, әйел – ана, әйел – келін, әйел – кәсіби маман және тағысын тағылар. Осындай сан түрлі дәрежені шашауын шығармай, қатар алып жүру үшін әйел адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек? Қандай білім қажет? Әйел – отбасының ұйытқысы, күллі әулеттің берекесін кіргізетін жан. Алайда заман тынысына сай парасатты ұрпақ тәрбиелеп, отбасын гүлдендіру үшін де әйел адамның игеретін дүниесі аз емес. Отбасын да құрып, мансапта да жетістікке жетіп, не кәсібін дөңгелентіп, өз өмірін ел қызығарлықтай етіп ұйымдастыра білетін қазақ қыздары – баршаға үлгі.
Қыз-келіншектерге тәлім-тәрбие беретін, әйел затының табиғатын сан қырынан аша білетін «Әйел сыры» бағдарламасы көрерменге «Еуразия» бірінші арнасының эфирінен дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13:50-де жол тартып отырады.
Әрі қарай

#QazzaqDepression. Жерұйық

Блог - patick: #QazzaqDepression. ЖерұйықАйналасында алты күндік жерден ел табылмас шөл далада кетіп бара жатқан неғылған түйе дерсіз? Бұл — Желмая. Әлде кәріліктен, әлде Әбдіраштың киносынан кейін бақилық болған Асан қайғысынан айырылған киелі жануарым…

Асан қайғының арманы — қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, шөбі шүйгін, жайлауы кең, ауасы таза, суы мөлдір Жерұйықты табу еді. Түйе табаны жеткен жердің бәрін шарлады, таба алмады. Бірақ қайғырмады. Іздеуді тоқтатпады. Асан бабаны арманда кетті дей аламыз ба? Жо-оқ. Өйткені, жан серігі — Желмая бар.

Асан қайғы көз жұмар алдында түйесінің қасында ұзақ тұрды: қос өркешінің ортасынан теребить етіп, шуаш сіңген шудасынан құшырлана бір иіскеді де, бұйдасынан босатып жіберді: «Бара ғой, Желмаям, бар. Неғылсаң менің ісімді жалғастырар ізбасарым боларсың, мен армандаған дүниеге сен жетерсің, неғылмасаң — кінәм жоқ. Енді сен боссың».

Түйені ақылды жануар дейді халық даналығы. Бірақ Желмаядай сөз түсінетін, түсініп қана қоймай, саналы түрде иесінің ісін жалғастыратын түйе болмаған, болмайды да…

Түйе сөйлей алса Асан қайғысынан айырылғанына 10 жаз, 10 көктем, 10 күз, 10 қыс өтті деп жауап берер еді. Бірақ ол бәрін түсінсе де, Алла оған сөйлеу қабілетін дарытпапты. Әйтсе де, иесін соңғы рет көрген күннен бері 10 күнтізбелік жыл өтіпті. Сол кезден бері бір тоқтаған емес. Асан армандаған Жерұйықты іздейді. Алдында белес пайда болса, ар жағынан жасыл желекке оранған Жерұйық атып шығатындай көрінеді. «Мынау бір төбе, сосын… Енді бір төбе, тағы бір...» дейді ішкі даусы. Төбе қуалап жүргенде өзінің де қартайғанын байқамапты.

Бірақ ол бір сәт дамылдап, тоқтауды мүлдем ойламайды. Бар арманы — ақырғы күні келгенше Жерұйықты өз көзімен көріп үлгеру.

Тіпті, шүйгін шөбінің жұпар иісі мұрнына келгендей, көкшіл жусанының дәмін тілімен сезгендей болып кетеді кейде; сарқырап аққан бұлағынан самал жел ескендей көрініп кетеді. Балалардың көңілді дауыстары мен бақытты тұрғындарының жарқын қауқылдасқандарын естиді: "Әдеттегідей, бай-бақуатты, тоқшылықта шығарсыз?", "Әрине!"

Алайда кезекті төбеге жели басып шыға келгені сол — аржағынан соған ұқсас тағы мыңдаған белестерді көреді. Бірақ уайымсыз дауыстар бәрібір құлақтан кетер емес:
— Әдеттегідей, бай-бақуатты, тоқшылықта шығарсыз?
— Әрине!

***
— Бұ-ұ-ұ-ұ-ұввввв… бұ-ұ-ұ-ұ-ұв…
Шаршаған Желмаяның қайғылы дауысы еді.
Жерұйық сондай жақын, бірақ ол сондай алыс.
Әрі қарай

Димаш тек дарын емес

«Жетістік — 10 пайыз талант, 99 пайыз еңбек» деген бар ғой. Ести-ести әбден жаттанды болып, түк қадірі қалмаған сөз. Бірақ ақиқаты ақиқат енді.

Қазір трендте жүрген Димаш Құдайбергенов бұл қағиданың айқын иллюстрациясы. Әлгі «The Singer»-дің бірінші турында айтқан өлеңі естеріңізде ғой. Соны Димаш осыған дейін екі конкурста орындаған екен. Бірінші «Жас Қанат» байқауы. 2012 жыл.



Сөз жоқ, баланың таланты бұл видеода да көзге, жә құлаққа дейінші, ұрып-ақ тұр. Не деген диапазон?! Не деген дарын?! Дегенмен енді екінші конкурстағы әнін тыңдап көрейік. 2015 жыл, Витебск, «Славянский базар».



Әлгінде өсетін бала деп пе едім? Мына жерде бала шынымен өскен. Үш туған апасы кәсіби музыкант адам ретінде айтып отырмын. Милизмдер, бізше айтқанда иірімдер тереңдеп, нәзіктеле түскен. Бірақ бұл да әлі идеал емес. Қазіргі Димаш тіпті басқа. 2017 жыл, Қытай, «The Singer».



Твоюжна… Менің реакциям осы. Әсіресе жоғарыдағы екі видеоның фонында, мына соңғы орындауы КОСМОС!!! Дауыстың тазалығы, иірімдердің дәлдігі таңқалдырмай қоймайды.

Осы кезге дейін таланты үшін жақсы көріп келсем, енді Димаштың еңбекқор екеніне де көзім жетім отыр. Бұл тек әншінің емес, ұстаздарының, ата-аналарының да еңбегі. Біз талантты өлтірмей, жақсылап дайындай алады екенбіз.

Так ышто, еңбек етіңдер!
Әрі қарай

Шырқа, гитара! ән кеші

16 ақпан күні, сағат 17.00. «Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Шырқа, гитара!» атты ән кеші өтті. Қарағанды қаласының кәсіби және әуесқой гитаршыларының басын біріктіріп, ән салып, өнерпаз жастардың уақытын тиімді пайдалана отырып, олардан түрлі ұсыныстар алып, сұхбат құрып, көңілді кеш ұйымдастырылды.

Қатысқан гитаршылар:
Шакенов Владимир Жунусович – Қарағанды қаласының №1 балалар музыкалық мектебінің ұстазы. Свердлов қаласының, Чайковский атындағы музыкалық училишесінің гитара класын тәмәмдаған. Көп жылдық тәжірибелі гитаршы.

Айнаш Сәдуақас – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 7 курс студенті;

Әнші, сазгер Жансерік Нишанбеков;

Рауан Қабидолдин – ақын, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі;

Асыл Баянова – Қарағанды мемлекеттік университетінің шет тілдер факультетінің студенті;

Марғұлан Уәли – әнші, сазгер. Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының маманы.

Сонымен қатар Алмас Мырзахмет, Айзада Рахимжанова, Еркін Нарынов т.б. ақындар өлеңдерін оқыды.

Кеш еркін форматта өтті. Елімізге танымал сонау 70 жылдардан бастап, кейінгі жылдарға дейінгі сазгерлердің әндерін айтып, және жаңа авторлық әндер орындалды.

Ән қалықтап, көңіліміз шарықтай берсін!

Блог - ZhastarTynysy: Шырқа, гитара! ән кеші

"Moldanazar - Жаным сол" - Ұйқы алдында тыңдалатын ән

Тыңдау керек!: Moldanazar - Жаным сол - Ұйқы алдында тыңдалатын ән

Ғалымжан Молданазардың жаңа клипі шығыпты. Клип ұнады. Ән жоқ.

Клип — сол бұрынғы ретро түстер, ретро костюмдер, ретро жастар, ретро әрекеттер.

Ән — сол бұрынғы мелонхолия, сол әуен, сол темп.

Молданазарға жаңа серпіліс керек сияқты. Бір сарын жалықтырады, ұйықтатады.

Сіздің бағаңыз қалай?

P.S алдымен тек әуенін тыңдап көріңізші, клипін қарамай. Мүмкін сол кезде басқаша әсер болар?

Әрі қарай

Қарағанды мемлекеттік медицина колледжі

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында "Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы" КММ Ақпараттық қамтамасыз ету және әлеуметтік технологиялар бөлімінің мамандары " Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын түсіндіру мақсатында Қарағанды мемлекеттік медицина колледжінде білім алып жатқан студент жастармен кездесу өткізді.

Сондай-ақ, аталмыш кездесуге Қарағанды қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы мен Қарағанды облысы Конфессияаралық қарым-қатынастарының проблемаларын зерттеу орталығының маманы қатысып, Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) және діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Блог - ZhastarTynysy: Қарағанды мемлекеттік медицина колледжі

Қазақстандықтар ақша үшін неге интернетке жүгінеді?

Блог - AyaOspanova: Қазақстандықтар ақша үшін неге интернетке жүгінеді?

Тұңғыш несие бюросы және «Робот Займер» онлайн-қарыз қызметінің зерттеуіне сәйкес — қазақстандықтар банк несиелерін қайтару үшін онлайн-қарызды белсенді түрде пайдаланады (зерттеудің негізі ретінде 2016 жылдың сәуірінен бастап желтоқсанына дейінгі мәліметтер алынған болатын). Сарапшылар осы үрдіс үдерістің барлық жағына да оң әсер беретініне сенімді. Біріншіден, бұл қарыз алушыларға мерзімінен асып кетпеуге, несие тарихын сақтап қалуға, қаржы жүйесі үшін жақсы клиент болып қалуға мүмкіндік береді, сондай-ақ әлеуметтік хал-жайын жақсартады және әлеуметтік қысымның өсуін тоқтатады. Екіншіден, банктерге бұл портфель сапасы мен клиент сапасын сақтап қалуға мүмкіндік береді, жалпы алғанда бұл қаржы жүйесі үшін жақсы. Ал үшіншіден, жалпы қаржы жүйесі мен барлық тараптар үшін оң мүльтипликативті әсер беретін онлайн-несиелеу сегментінің сапалы өсуін қамтамасыз етеді.
Зерттеуде былай айтылады, яғни қарыз алушылардағы қолданыстағы несие саны азаяды егер де, 2016 жылдың көктемінде осы қызметке жүгінген әрбір адамға 3 несие келісім-шарты есептелген болса, онда шілде айының өзінде бұл көрсеткіш шамамен 2,5 құрады, яғни қарыз алушылар өздерінің бар несиелерін қайтарады және жаңасын алмайды.
Сонымен қатар, банктердің тұтыну несиелерін берудегі талапты қатаңдатуы қазақстандықтардың ақша алу үшін интернетке жүгінуіне әкеліп соқты. Сонымен 2016 жылдың сәуірінде әрбір өтінімге онлайн-қарыз орта есеппен 5 қолданыстағы несие есептелді, ал желтоқсан айында бұл көрсеткіш екі еседен төменге төмендеді (орташа есеппен әрбір қарыз алушыға 2,3 қолданыстағы несие). Осы мәліметтерге растауда несие жүктемесінің түскені де байқалған, яғни айдан айға барлық несие бойынша төлемі үшін қажетті ортақ сомасы төмендей бастаған және 9 ай ішінде 5,3%-ға азайған.
Осындай үрдіс, қарыз алушылар белсенді түрде қолдағы тұтыну несиелерін қайта құрылымдайды немесе мерзімінен ерте өтейді дегенді білдіреді. Несиелерді қайта құрылымдау бойынша анағұрлым «белсенді» ай тамыз болды, атап айтқанда ол кезде ай сайынғы төлемнің жалпы қарыз сомасына ең жоғарғы арақатынасы — 55,5% болып тіркелген, ал қыркүйекте бірден 9,7% дейін төмендеген.
Әрі қарай