#QazzaqDepression. Жерұйық
Айналасында алты күндік жерден ел табылмас шөл далада кетіп бара жатқан неғылған түйе дерсіз? Бұл — Желмая. Әлде кәріліктен, әлде Әбдіраштың киносынан кейін бақилық болған Асан қайғысынан айырылған киелі жануарым…
Асан қайғының арманы — қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, шөбі шүйгін, жайлауы кең, ауасы таза, суы мөлдір Жерұйықты табу еді. Түйе табаны жеткен жердің бәрін шарлады, таба алмады. Бірақ қайғырмады. Іздеуді тоқтатпады. Асан бабаны арманда кетті дей аламыз ба? Жо-оқ. Өйткені, жан серігі — Желмая бар.
Асан қайғы көз жұмар алдында түйесінің қасында ұзақ тұрды: қос өркешінің ортасынан теребить етіп, шуаш сіңген шудасынан құшырлана бір иіскеді де, бұйдасынан босатып жіберді: «Бара ғой, Желмаям, бар. Неғылсаң менің ісімді жалғастырар ізбасарым боларсың, мен армандаған дүниеге сен жетерсің, неғылмасаң — кінәм жоқ. Енді сен боссың».
Түйені ақылды жануар дейді халық даналығы. Бірақ Желмаядай сөз түсінетін, түсініп қана қоймай, саналы түрде иесінің ісін жалғастыратын түйе болмаған, болмайды да…
Түйе сөйлей алса Асан қайғысынан айырылғанына 10 жаз, 10 көктем, 10 күз, 10 қыс өтті деп жауап берер еді. Бірақ ол бәрін түсінсе де, Алла оған сөйлеу қабілетін дарытпапты. Әйтсе де, иесін соңғы рет көрген күннен бері 10 күнтізбелік жыл өтіпті. Сол кезден бері бір тоқтаған емес. Асан армандаған Жерұйықты іздейді. Алдында белес пайда болса, ар жағынан жасыл желекке оранған Жерұйық атып шығатындай көрінеді. «Мынау бір төбе, сосын… Енді бір төбе, тағы бір...» дейді ішкі даусы. Төбе қуалап жүргенде өзінің де қартайғанын байқамапты.
Бірақ ол бір сәт дамылдап, тоқтауды мүлдем ойламайды. Бар арманы — ақырғы күні келгенше Жерұйықты өз көзімен көріп үлгеру.
Тіпті, шүйгін шөбінің жұпар иісі мұрнына келгендей, көкшіл жусанының дәмін тілімен сезгендей болып кетеді кейде; сарқырап аққан бұлағынан самал жел ескендей көрініп кетеді. Балалардың көңілді дауыстары мен бақытты тұрғындарының жарқын қауқылдасқандарын естиді: "Әдеттегідей, бай-бақуатты, тоқшылықта шығарсыз?", "Әрине!"
Алайда кезекті төбеге жели басып шыға келгені сол — аржағынан соған ұқсас тағы мыңдаған белестерді көреді. Бірақ уайымсыз дауыстар бәрібір құлақтан кетер емес:
— Әдеттегідей, бай-бақуатты, тоқшылықта шығарсыз?
— Әрине!
***
— Бұ-ұ-ұ-ұ-ұввввв… бұ-ұ-ұ-ұ-ұв…
Шаршаған Желмаяның қайғылы дауысы еді.
Жерұйық сондай жақын, бірақ ол сондай алыс.

3 пікір