Манчестерден Монако мықтырақ

Олай деуге негіз бар. Осы түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы соңғы екі ойын өтті. Мадридтік «Атлетико» немістердің «Байерімен» 0:0 ойнап, ширек финалға шықса, «Монако» өз алаңында «Манчестер сити» клубын 3:1 есебімен тізерлетіп, келесі кезеңге өтіп отыр.

Блог - tompaq: Манчестерден Монако мықтырақ

Екі жұптың алғашқылары айқын жеңіске жетті деуге болады. Себебі, сырт алаңда 4:2 есебімен жеңген Симеоненің жігіттері өз алаңында жауапсыз үш гол жібермесе болғаны. Солай болды да.

«Атлетико» — «Байер», 0:0 (4:2)

Блог - tompaq: Манчестерден Монако мықтырақ

Ал екінші жұптағылардың жағдайы күрделі еді. Оны 5:3 болған бірінші матчтан-ақ аңғардық. Сол күні Фалькао бастаған футболшылар қолда тұрған жеңістен айырылып қалған-ды. Дегенмен Франциядағы ойын алаң иелері күткен нәтижемен аяқталды – 3:1. Жалпы есеп 6:6 болғанмен, сырт алаңда соғылған үш голдың арқасында «Монако» ширек финалға шықты.

«Монако» — «Манчестер сити», 3:1 (6:6)

Мбаппе, 8, Фабиньо, 29, Бакайоко, 77 – Сане, 72

Сонымен 1/4 финалға шыққан командалар толығымен анықталды. Олар: «Реал Мадирд», «Барселона», «Атлетико» (үшеуі де — Испания), «Бавария», «Боруссия» (екеуі де — Германия), «Ювентус» (Италия), «Лестер» (Англия), «Монако» (Франция).
Жеребе тарту рәсімі ертең (17.03.) УЕФА-ның штаб-пәтерінде өтеді.
Әрі қарай

Beauty & the Beast - көреміз бе, әлде?

Блог - berik: Beauty & the Beast - көреміз бе, әлде?

Киносүйер көпшіліктің біліп жүргені болса, ертең 16 наурыз күні, еліміздің кинотеатрларында «Красавица и Чудовище» (қазақ тіліндегі дубляжы шықпағандықтан, аудармасы қолданылмады) ертегі фильмінің премьерасы басталады. Лепренс Бомонның шығармасының желісі бойынша Дисней студиясы түсірген классикалық шығарманы асыға күткендер көп шығар. Диснейдің әдеттегі шедеврларының бірін көреміз деген ойда мен де жүргем.
Бірақ, бүгін BBC жаңалықтар сайтынан аталған туындының Малайзиядағы көрсетіліміне уақытша тиым салынғанын оқып қалдым. Мәселе, осы фильмдегі ер кейіпкерлер арасындағы сезімге байланысты екен, яғни басты жағымсыз герой — Гастонға (Люк Эванс) оның қасынан бір елі қалмайтын досы Лефу (Джош Гад) ынтық болады екен. Фильмнің басынан аяғына дейін досына сезімін білдіре алмай өтіп, бірақ ретін тауып құшақтап, бауырына тығылып, қыздардан қызғанып жүретін кемтардың күйі бейнеленген фильмнің, Малайзия фильм цензура орталығының талабы бойынша, ұятсыз жерлері алынып тасталғаннан кейін, 13+ категориясымен көрсетілуге рұқсат беріліпті.
АҚШтың Алабама штаты бұл фильмді өз аймағында көрсетуше тиым салынған, көрші Ресейде бұл фильмге 16 жасқа толмағандар сығалап та көре алмаса, Қазақстандық 12 жасқа толған балалар еркін отырып, қарай алатын жағдай бар екен.
Туындыларында ЛГБТ құқықтарын насихаттамайтындықтары үшін, «дамыған»қоғамның сынына ұшырап жүрген Дисней компаниясы көгілдірлерге ұнайтын бір қадам жасаған сықылды, фильм режиссері Билл Кондон өзінің «андай» екенін баяғыда жариялап қойғанын айтпасақ та болар.

Фильмді өзін көрген жоқпын, ендігі көрмейтін де шығармын. Бірақ білгім келгені қазақстандық көрерменге ертең ұсынылып отырылған ертегі лайықты сыннан өтті ме екен?
Әрі қарай

"Серпін 2050" жобасы туралы 10 дерек

1. «Серпін» жобасы тоқтаған жоқ. Керісінше, 2017-2018 оқу жылына 5000 грант қосымша бөлінді.
2. 2016 жылдың қыркүйегінен жобаны үйлестіру Халықаралық бағдарламалар орталығына (Болашақ) жүктелген.
3. Жоба қосылған үш жылда 12 462 студент мемлекет есебінен оқуға түсті.
4. Грант оқу ақысын, стипендияны жəне жатақханадан орын ұсынуды қамтиды.
5. Жобаға елдің 9 аймағының 53 колледжі мен 22 университеті (институты) тартылған.
6. Конкурсқа оңтүстік облыстардың (Алматы, ОҚО, Жамбыл, Қызылорда) жəне Маңғыстаудың жастары қатыса алады.
7. Жобаға қатысатын оқу орындары еліміздің батыс, шығыс, солтүстік облыстарында орналасқан.
8. Аты айтып тұрғандай, жоба "Қазақстан 2050" стратегиясының бір бағыты аясындағы əлеуметтік жоба.
9. ЖОО гранты үшін конкурсқа қатысу құжаттары шілде айында, колледж үшін тамыз айында қабылданады.
10. Конкурсқа қатысты ақпаратты www.bolashak-serpin.kz сайтынан табасыз.
Әрі қарай

ҰБТ-ны түлек мектепте өзі оқыған тілінде тапсырады

Білім және ғылым: ҰБТ-ны түлек мектепте өзі оқыған тілінде тапсырады

Ұлттық тест орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов, Ұлттық бірыңғай тестті әр түлек мектепте өзі оқыған тілінде тапсырады, яғни бұрынғы ҰБТ-ға қарағанда — «Қазақ тілі» мен «Орыс тілі» пәндерін бірге міндетті түрде тапсырмайтынын айтты. Осылайша, Рамазан Әлімқұловтың сөзіне қарағанда, Ұлттық бірыңғай тестілеудің ресми бекітілген жаңа форматында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығы» және «Қазақстан тарихы» атты үш пән міндетті пән болып қалған және 2 бейіндік пән қосылған. Оның айтуынша, қазақ сыныптарын бітірген түлектер «қазақ тіліне» байланысты сұрақтарға «Оқу сауаттылығы» деген пәннің ішінде жауап береді. Ал, орыс сыныптарының түлектері «Оқу сауаттылығы» пәнін орыс тілінде тапсырады. Сонымен қатар, орыс сыныптарының түлектері қазақ тілін толығыменен мектептегі қорытынды аттестацияда тапсырады.

Қазақ тілін ҰБТ-ға міндетті пән ретінде кіргізуге байланысты сұраққа Білім министрлігінің өкілдері келесідей жауап берді.
«Бұрын орыс мектебін бітіргендер қазақ тілін тапсырғанымен, оның балы оқуға түсерде саналмайтын. Яғни, оларға қазақ тілі бұрын да оқуға түсуге емес, «формальді» түрде, тек мектеп деңгейіндегі білімін бағалау үшін ғана тапсырылды. Енді қазір оларға қазақ тілі мектепте тапсырылатын болғандықтан ҰБТ-ға кірмеді. Қазақ тілі орыс сыныптарының түлектеріне мектеп деңгейіндегі емтиханда қалды. Ал қазақ топтары қазақ тілін ҰБТ-да тапсырады, Сіздер сонда қазақ тілін орыс топтарына ұлттық бірыңғай тестілеуге міндетті пән ретінде қосылғанын қалайсыздар ма? Жарайды, орыс топтарына қазір біз қазақ тілін тестке міндетті пән етіп енгізейік. Сонда, ол орыс топтарындағы қазақ тілінің меңгеру сапасына әсер етеді деп ойлайсыздар ма? Әсер етпейді… Қазақ тілін оқыту идеологиясын дұрыстау керек, мектепте оқыған жылдар бойы қазақ тілін дұрыстап оқу керек. Оқушының білімін дұрыс бағалап шынайы бағасын қою керек. Оқыту әдістемесін жетілдіру қажет. Егер бесінші кластан бастап оқитын бала қазақ тілін білмесе, тек 11 сыныпта тестке кіргізу арқылы ғана қазақ тілін меңгеру деңгейінің сапасын арттырамыз дегендеріңіз шындыққа сәйкес келмейді.»,-деді Білім министрлігі Жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Дархан Ахмед-Заки.

«Қазір орыс мектебінде қазақ тілі, қазақ мектебінде орыс тілі оқытылады. Қорытынды аттестацияда бұл екі пән де қалды. Бұрын да Бірыңғай ұлттық тестілеуде орыс сынаптарының түлектеріне қазақ тілінің балы саналмайтын. Енді жаңа форматта аттестат алуға тапсырылатын бес емтиханның ішінде бар. Эссені үш сағат жазады. Орыс тілінде оқыса — қазақ тілін тест түрінде таспырады… Қазір біздің мемлекетімізде 82 пайыздан астамы қазақ мектептері. Тіпті орыс мектептері жоқ аймақтар бар. Соны дұрыс түсініңіздер. Аттестатта қалдырдық қой, оның орташа бағасы да ықпал етеді…»,-дейді Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.
Әрі қарай

ҰБТ-ның жаңа форматы

Білім және ғылым: ҰБТ-ның жаңа форматы
Білім және ғылым: ҰБТ-ның жаңа форматы

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ – жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.

ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау 10 наурыз – 10 мамыр аралығында ҰБТӨП-де жүргізіледі. Бітірушілердің тестілеуге қатысуға өтініштері ҰБТӨП–де тіркеледі. Өтініштерді қабылау аяқталғаннан кейін «Бітіруші» деректер базасы қалыптастырылады.

ҰБТ-ның жаңа форматы 5 пәннен тұрады (3 міндетті пән және таңдаған мамандыққа байланысты 2 бейіндік пән):
1.Қазақстан тарихы – 20 тапсырма;
2.Математикалық сауаттылық – 20 тапсырма;
3.Оқу сауаттылығы – 20 тапсырма;
4. 2 бейіндік пән – 30 тапсырма. Оның алғашқы 20 тапсырмасы бес жауап нұсқасынан бір дұрысын таңдау және 10 тапсырмасында көптеген жауап нұсқасынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау ұсынылады. Мысалы, берілген 8 жауап нұсқасында 2-і немесе 3-і дұрыс жауап. Бұндай тәсіл талапкердің нақты тақырыпты қаншалықты меңгергендігін анықтауға мүмкіндік береді және жауаптарды «жаттау» арқылы болжап табуға кедергі болады.

Барлығы 120 тапсырма бар. Максималды балл — 140. Шекті деңгей – 50 балл. Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минут (230 минут).

«Алтын белгі» иелері, тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе сәйкес келген жағдайда, жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары жалпыға ортақ тәртіпте ҰБТ тапсырады. Бұл тұлғалардың басым құқығы басқа талапкерлермен баллдары бірдей болған жағдайда ғана ескеріледі.

ЖОО түсуге ниетті ТжКБ түлектеріне арналған кешенді тестілеу (КТ)

Жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірген ТжКБ ұйымдарының түлектеріне арналған КТ де өзгерістер енгізілді. Егер ТжКБ ұйымының түлегі ЖОО-дағы мәндес мамандығына қысқартылған оқу нысанына түсетін болса, яғни 2(3) курсқа, онда ол 2 пәннен тест тапсырады (60 тапсырма).

1. Жалпыбейіндік пән (базалық пән бойынша академиялық білімін тексереді) – 20 тапсырма;

Анықтама:
Жалпыбейіндік пән – мамандықтар тобына арналған. Мысалы, барлық педагогикалық мамандықтар бойынша жалпыбейіндік пән «Педагогика және психология негіздері», заң мамандықтары бойынша «Мемлекет және құқық негіздері», ветеринария мамандықтары бойынша «Биология» т.с.с болып саналады.

2. Бейіндік пән (академиялық білімінің тереңдігін және оны тәжірибеде қолдана білу деңгейін тексереді) – 3 блокка бөлінген 40 тапсырмадан тұрады:
— 20 тапсырма бір дұрыс жауапты таңдайтын;
— 10 тапсырма бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдайтын;
— 10 жағдаяттық тапсырма бір дұрыс жауапты таңдайтын пәндер (әрқайсысында 5 тапсырмадан бар 2 жағдаят).

Анықтама:
Бейіндік пән – таңдаған мамандыққа тән пән. Мысалы, болашақ математика мұғалімдерінің бейіндік пәні – «Математика», құқық қорғау органдары қызметкерлерінікі – «Қылмыстық құқық», ал ветеринарларда – «Жануарлар анатомиясы мен физиологиясы».

Жағдаяттық тапсырмалар – жауаптардың барлығы бір жағдаяттың аясында табылатын бірнеше тапсырмалар жиынтығы және де жағдаяттар күнделікті өмірлік тәжірибеден алныған. Мұндай тапсырма алынған білімнің жүйелілігін анықтауға мүмкіндік береді. Жағдаяттар мен олардың тапсырмалары түрлі ақпарат формасында ұсынылған: мәтін, кесте, графика, статистикалық мәліметтер, суреттер және т.б. Кейде жағдаяттар бірнеше ақпарат түрлерімен берілуі мүмкін.

Түлектер өздерінің білімі мен іскерліктерін өмірде қолдана білетіндіктерін және берілген мәліметтерді түсіндіре алатынын, талдай білетінін, жүйелей және қорытындылай алатынын көрсетулері керек.

«Мәндес» мамандықтар ҚР БҒМ 2010 жылғы 21 маусымдағы №316 бұйрығымен бекітілген, ҚР БҒМ 2016 жылғы 4 тамыздағы №489 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің және Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің сәйкестік кесте топтамасында көрсетілген.
Қалған жағдайларда (колледжде меңгерген мамандығы ЖОО-дағы таңдаған мамандығына сәйкес келмеген жағдайда) ТжКБ ұйымдары түлектері форматы мен технологиясы ҰБТ-мен бірдей КТ тапсырады.
Барлығы 60 тапсырма және тестілеу уақыты 1 сағат 40 минут. Ең жоғары балл 70, шекті деңгей 35 баллдан кем емес.

Тестілеу түрлерін бағалау жүйесі (ҰБТ, КТ):

Бес жауап нұсқасында 1 дұрыс жауабы бар тапсырмаларға 1 балл, басқа жағдайда 0 балл беріледі.
Көптеген жауап нұсқасында бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (8 жауап нұсқасынан 2 немесе 3 жауапты таңдау):
— дұрыс жауаптарын толық таңдау — 2 балл;
— 1 қате (1 дұрыс жауап табылмады немесе 1 дұрыс емес жауап таңдалды) – 1 балл;
— 2 немесе одан көп қателер – 0 балл.

Тестілеу өткізу мерзімі ҚР БҒМ бұйырығымен бекітіледі. Шамамен, мерзімдері төмендегідей:
1. ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау 10 наурыздан 10 мамырға дейін (КТ 1-20 маусымға дейін).
2. Тестілеуді өткізу: ҰБТ – 20 маусым мен 1 шілде аралығында, КТ 17 — 23 шілде аралығында.
3. Шығармашылық емтихандар: 8 мен 13 шілденің аралығында.
4. Арнайы емтихандар 20 маусым мен 18 тамыз аралығында өткізіледі (педагогикалық қызметке бейімділігін анықтау үшін педагогикалық мамандықтарға тапсырушылар үшін).
5. Қайта тапсыру 19 — 24 тамыз аралығында (ҰБТ-да шекті балл жинай алмағандар) және 20-24 қаңтар аралығында (ҚР жоғары оқу орнына шартты түрде қабылданғандар және шетелдік оқу орнынан ауысып келушілер үшін).
Әрі қарай

Жүрегіңнің дүрсілі

Шіркін сенің жүрегіңнің дүрсілі ай…
Сонда жатыр мен ұқпаған тылсым ой,
Соғып тұрған жүрегіңнің дауысы,
Жауып тұрған ақ жауындай тыншымай…

Жүрегіңнің соғып тұрған дүрсілі,
Жасырғандай жан дүниеңнің бір сырын,
Не құдірет тыңдай қалсам бір мезет,
Кететіндей сезім атып бүршігін.

Моцарт па Бетxовен бе ұлы шын…
Ұлы болса ұлы шығар бірі үшін,
Ғаламдағы ең ғаламат әуен бұл,
Жүрегіңнің дүрсілдеген дыбысы.

Қағып тұрған жүрегінңің дыбысын,
Ести қалсам таусылардай тынысым,
Үнтаспаға жазып алып тыңдасам,
Құлағымның бір қандырып құрышын.

Бұл өмірде бәрі жалған бәрі сын,
Тек шынайы маxаббатың әні шын,
Бауырыңа басшы мені бір сәтке,
Тыңдайыншы жүрегіңнің қағысын…
Әрі қарай

"Astana Ютария ltd" - тігу шеберлері

… Ия, айтпақшы олар өздері жіпті иіреді, оны мата қылып тоқиды, сосын пішіп, тігіп, дайын өнім қылып шығарады. Астананың дәл іргесінде тұр. Кеше блогтурға шақырған соң барған едім ғой, енді көрген, білгенімді айтып берейін.

Қала шетінен өтетін теміржолдың арғы жағында қаз қатар тізілген кәсіпорындар бар. Олар «Астана — Жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына байланысты бой көтерген. Біз мінген автобус осы ғимараттың алдына алып келді.

Блог - kozildirik: Astana Ютария ltd - тігу шеберлері

«Astana Ютария ltd» деп аталатын бұл кәсіпорын 2015 жылы құрылыпты. Салынған ақшаның 80 пайызы жеке қалтадан, қалғаны «Жол картасы» бойынша бөлінген екен. Ішіне кірдік. Жасыл, қызыл, ақ түстерді үндестірген дизайн бірден көз тартады. «Жеке ақшаға салынған соң әдемі болады ғой!» деді Аршат досым. Үнсіз басымды шұлғыдым. Расымен де әдемі екені көрінп тұр.

Блог - kozildirik: Astana Ютария ltd - тігу шеберлері

Төменде шөркеде жіп тұр ғой? Ол оңтүстіктің мақтасынан иірілген. Тоқыма аппараттары мата қылып шығарады. Оншақты машинаны бір ғана адам басқарады. Автоматтандырылған. Тетікшені бастың. Болды. Мата дайын.

Блог - kozildirik: Astana Ютария ltd - тігу шеберлері

Ары қарай дайын матаны пішеді. Бормен сызып, қолына қайшы ұстаған ешкім жоқ. Керек размерді компьютерге енгізсең лазер аппарат бірден 72 қабат матаны қылдай қателік жібермей кесіп береді.

Блог - kozildirik: Astana Ютария ltd - тігу шеберлері

Ал пішіліп, кесілген мата тігін цехында киімге айналады. Қызметкерлердің басым бөлігі әйелдер. Көпшілігі «Жол картасы» арқылы қайта мамандану курстарын өтіп келген. Арнайы орта білім беру мекемелерінің де жас мамандары тәжірибеден өтіп, көпшілігі жұмысқа қалып қояды екен.

Блог - kozildirik: Astana Ютария ltd - тігу шеберлері

«Ал осынша адам не шығарады? Мә, Отандық өнім бар екенін неге біз білмейміз?» деген сұрақтар кіріп барғанда мені де мазалаған. Түсіндірді. айтып берейін. Бұрын арнайы тапсырыс бойынша тек төмендегідей арнайы киімдер шығарған екен.

Блог - kozildirik: Astana Ютария ltd - тігу шеберлері

Ал қазір тоқыма цехтарын қосып, жаңа киім үлгілерін енгізіп, мынадай киімдерді нарыққа шығара бастаған. Суреттен көріне қоймас, ал қолмен ұстап көрген маған сапасы жақсы болып көрінді. Дүкендерден көріп жатсаңыздар сынап көресіздер ғой.

Блог - kozildirik: Astana Ютария ltd - тігу шеберлері

Міне, бас-аяғы 3-4 сағатқа бас сұққанда көргенім осы болды. Әдетте бәріміз сөз жүзінде патриотпыз ғой, енді іс жүзінде көрсетем десеңіз ләппай!
Әрі қарай

"Астана Ютария" - отандық өнімнің астаналық үлгісі

Блог - asaubota: Астана Ютария - отандық өнімнің астаналық үлгісі

Астана қаласы саяси-әкімшілік қаласы болып көрінгенімен, бұл жерде де өнеркәсіп орындары бар. Тіпті арнайы аймақ бар жергілікті завод-фабрикаларға арналған. Солардың бірі — Индустрия паркінде орналасқан «Астана Ютария» компаниясының тігін фабрикасы. Компания 2015 жылы құрылған. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында құрылған жеңіл өнеркәсіп орны.

Блог - asaubota: Астана Ютария - отандық өнімнің астаналық үлгісі
Тігін цехі әлемге танымал «Zoje» брендінің тігін машиналарын қолданады.

Блог - asaubota: Астана Ютария - отандық өнімнің астаналық үлгісі
Басты тапсырыс берушілерінің бірі — Қорғаныс минстрлігі.

Блог - asaubota: Астана Ютария - отандық өнімнің астаналық үлгісі
Әскери және құрылыс аяқкиімдерін де шығарады.

Блог - asaubota: Астана Ютария - отандық өнімнің астаналық үлгісі
Әлбетте балалар киімі және униформалары да бар.

Блог - asaubota: Астана Ютария - отандық өнімнің астаналық үлгісі
Тұрмыстық киім-кешек, халаттар да отандық шикізаттан тігіледі.

Блог - asaubota: Астана Ютария - отандық өнімнің астаналық үлгісі
Дәліз бойы түрлі цехтар және бөлімдер.

Блог - asaubota: Астана Ютария - отандық өнімнің астаналық үлгісі
Фабрикада 400-ге жуық жұмысшы бар. Оларға арнайы жатақхана да қарастырылған, үйі алыстарды автобустар апарып тастап, алып келеді.

Блог - asaubota: Астана Ютария - отандық өнімнің астаналық үлгісі
Тігін сабақтарын да өткізеді. Кейін жұмысқа қабылдайды.

Блог - asaubota: Астана Ютария - отандық өнімнің астаналық үлгісі
Жас дизайнерлерге өз өнімдерін шығаруға көмектеседі.

Блог - asaubota: Астана Ютария - отандық өнімнің астаналық үлгісі
Компания өнімдерін Астана қаласы, Кенжебек Күмісбеков көшесі 3/а мекенжайында орналасқан дүкеннен сатып алуға болады.
Әрі қарай

Құлдықтағы өмір

«Еуразия» бірінші арнасындағы «Кешкілік кездесу» бағдарламасының алдағы шығарылымы осы тақырыпқа арналады. Қандастарымыз кейде аңғалдықтарынан, кейде жігерсіздіктерінен арам пиғылды адамдардың қолжаулығы болып кете барады. Бағдарламаның бұл шығарылымында тағдыр тәлкегімен жылдар бойы құлдықта болған азаматтар жайлы айтылады. Мәскеуде бірнеше ай құлдықта болған Ертай Ережепов студияда бас прокуратура өкіліне арызын тапсырады. Ал студияның тағы бір қонағы өзінің інісінің құлдықта екенін анықтайды. Ақыл-есі кем баланы әлдебіреулер құлдықта ұстап отырғаны белгілі болады. Тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген азаматша бауырын әлі іздеп жүр. Ақтөбелік тағы бір азамат құлдықта жүрген жетім баланы құтқарып қалған.
«Кешкі кездесу» бағдарламасының аталмыш шығарылымын «Еуразия» бірінші арнасының эфирінен сенбі күні сағат 22-30-да тамашалаңыздар.
Әрі қарай