"Astana Ютария ltd" - тігу шеберлері

… Ия, айтпақшы олар өздері жіпті иіреді, оны мата қылып тоқиды, сосын пішіп, тігіп, дайын өнім қылып шығарады. Астананың дәл іргесінде тұр. Кеше блогтурға шақырған соң барған едім ғой, енді көрген, білгенімді айтып берейін.

Қала шетінен өтетін теміржолдың арғы жағында қаз қатар тізілген кәсіпорындар бар. Олар «Астана — Жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына байланысты бой көтерген. Біз мінген автобус осы ғимараттың алдына алып келді.

Блог - kozildirik: Astana Ютария ltd - тігу шеберлері

«Astana Ютария ltd» деп аталатын бұл кәсіпорын 2015 жылы құрылыпты. Салынған ақшаның 80 пайызы жеке қалтадан, қалғаны «Жол картасы» бойынша бөлінген екен. Ішіне кірдік. Жасыл, қызыл, ақ түстерді үндестірген дизайн бірден көз тартады. «Жеке ақшаға салынған соң әдемі болады ғой!» деді Аршат досым. Үнсіз басымды шұлғыдым. Расымен де әдемі екені көрінп тұр.

Блог - kozildirik: Astana Ютария ltd - тігу шеберлері

Төменде шөркеде жіп тұр ғой? Ол оңтүстіктің мақтасынан иірілген. Тоқыма аппараттары мата қылып шығарады. Оншақты машинаны бір ғана адам басқарады. Автоматтандырылған. Тетікшені бастың. Болды. Мата дайын.

Блог - kozildirik: Astana Ютария ltd - тігу шеберлері

Ары қарай дайын матаны пішеді. Бормен сызып, қолына қайшы ұстаған ешкім жоқ. Керек размерді компьютерге енгізсең лазер аппарат бірден 72 қабат матаны қылдай қателік жібермей кесіп береді.

Блог - kozildirik: Astana Ютария ltd - тігу шеберлері

Ал пішіліп, кесілген мата тігін цехында киімге айналады. Қызметкерлердің басым бөлігі әйелдер. Көпшілігі «Жол картасы» арқылы қайта мамандану курстарын өтіп келген. Арнайы орта білім беру мекемелерінің де жас мамандары тәжірибеден өтіп, көпшілігі жұмысқа қалып қояды екен.

Блог - kozildirik: Astana Ютария ltd - тігу шеберлері

«Ал осынша адам не шығарады? Мә, Отандық өнім бар екенін неге біз білмейміз?» деген сұрақтар кіріп барғанда мені де мазалаған. Түсіндірді. айтып берейін. Бұрын арнайы тапсырыс бойынша тек төмендегідей арнайы киімдер шығарған екен.

Блог - kozildirik: Astana Ютария ltd - тігу шеберлері

Ал қазір тоқыма цехтарын қосып, жаңа киім үлгілерін енгізіп, мынадай киімдерді нарыққа шығара бастаған. Суреттен көріне қоймас, ал қолмен ұстап көрген маған сапасы жақсы болып көрінді. Дүкендерден көріп жатсаңыздар сынап көресіздер ғой.

Блог - kozildirik: Astana Ютария ltd - тігу шеберлері

Міне, бас-аяғы 3-4 сағатқа бас сұққанда көргенім осы болды. Әдетте бәріміз сөз жүзінде патриотпыз ғой, енді іс жүзінде көрсетем десеңіз ләппай!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше