4 жылдық үзіліс...

хабарсыз кеткеніне қарағанда шетелге қашып кеткен-ау деп ойладым. Шенген алған еді. Бірақ, үлгермепті. шақырып алып, сол жерде-ақ қолын қайырып, темір тордың ар жағына лақтырыпты. 2-3 апта қорқытып,қысым жасап, соңында Кеннедидің өлімін де, Шымкент сырасы патшасының да қылмысында мойнына алуға дайын болғанын айтып, тезірек істі сотқа жіберуді сұрапты. сұрамапты, жалыныпты… Олар істі қарағанша том-том кітаптар оқып, руының тарихына көз жүгіртіп, Есенберлинді таныпты, Бауыржан Момышұлының естеліктеріне көз жүгіртіпті, қазақ әдебиетінің де қызықты екеніне таң қалыпты. Кіші жүз екен, енді білдім) Өмірдегі ең үлкен бақыт әйелін кешке жұмыстан келіп құшақтау, балаларын сүю екеніне көзі жетіпті. Сақалдылармен мемлекет неге жауласып жатқанын енді түсініпті, себебі камерада 92 жылғы салаф отырыпты. Миындағы «дін» деген құрттың түбіне жетпей қоймайтынын білсе де, соқыр сенімнен ешкімнің құтқара алмайтынын мақтана айтқанын көріп, олардан құтылудың амалы жоқ екенін айтып қынжылды. аяды әлгі жігітті… түрмеден тірі шықпайтынын да біледі. Бірақ Түркияға кетсе, жұмақ басталатынына сенімді екен дейді. 4 ай абақты мұншама тамыры орыс болып кеткен адамның санасын 180 градусқа бұрағанына таң қалдым. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан деген осы жігітке айтылғандай… тендерді жабу үшін әкімнің қалтасына басқан ақшаны өз мойнына алып, сотталып кетті. әкім жәй ғана жұмыстан кетті, бірақ бизнесі мен жеке жерлері бар губернатордың мұртын балта шаппайды. ал, ол 4 жыл бойы параның азабын тартады… #өкініш #тупаясистема #көзжұмақарау #аузықисықтарзаманы #Қазақстан
Әрі қарай

Премьера! 18-19 МАМЫР ҚАЛЛЕКИ театры "ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ" атты драманың ПРЕМЬЕРАСЫН ұсынады

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры мамыр айының 18-19 күндері, сағат 19.00-де «Қорғансыздың күні» атты драманың премьерасын өткізеді.
Қойылым режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. Қоюшы суретшісі – Шынар Елембаева.
Ұлтымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің қашан да өз биігінде болған туындылары бүгінгі таңда киелі сахнамыздың төрінде. Театр репертуарында айшықты орынға ие «Абай», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Айман-Шолпан» шығармалары режиссер Ә.Оразбековтің қолтаңбасымен сахналанған болатын. Ал бүгінде ҚАЛЛЕКИ театры заңғар жазушының жарық көрген алғашқы көркем шығармасы «ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ» драмасының премьерасын ұсынады. Оқырман үшін мұңы басым, жағымсыз кейіпкері көп, жарығы аз оқиғада жалғыз қалған қорғансыздың күні трагедиялық сипатқа толы болғанымен, классик жазушының туындысын кең зерделген Ә. Оразбеков инсценировкасының көрермен қауымға ұсынар өз ерекшелігі бар. Сондай-ақ режиссер осыдан жиырма жыл бұрын сахналаған туындыны елорда театры сахнасында жаңашылдықпен қайта жаңғыртпақ.
«Қорғансыздың күні» драмасының бас кейіпкері Ғазиза құс атаулының ішіндегі қарлығаштың ұясын ерекше ықылас танытып бақылайтын еді. Байқағаны, қарлығаш бәрінен қымбат «сенім» сезімін білдіріп, балапандарымен еш үрейсіз адамдар жүрген жерге ұя салады екен. Оған құрметпен қараған табиғатынан арманшыл қыздың адамзатқа деген сенімі қандай болды?! Соқыр ана, кәрі әжесімен «қорғансыз» қалған Ғазиза қоғамнан қамқорлық көре алмай, қорлықтан көз ашпады. Режиссер шешімімен оқиғаға араласатын символдық образдар — жетім баланың тағдыр-тіршілігін басқан қара Түнек пен жәбір-жападан қорғауға ұмтылған Жарық диалогі Ізгілік пен зұлымдықтың мәңгілік күресінен көрініс береді.
Қойылымды сахналауда театрдың жас артистерінің шеберлігі өте маңызды екенін атап өтсек дейміз. Бас кейіпкерді жас актриса – А.Серкебаева, Ж.Ибраева сомдайды. Екі құрамы бар спектакльден Ж.Чайкина, Н.Ташимова, Б.Мақсұтова, С.Тоқманғалиева, Е.Нұрымбет, К.Нұрланов, А.Молдахмет, Е.Малаев, Қ.Бұғыбай, С.Байыров, Ж.Оспанов, О.Жақыпбек, Н.Есен, Ж.Ерболат, З.Әбенов өнерлерін тамашалай аласыздар.
Әрі қарай

Д.А.-ға Үшінші хат #QazzaqSexism

Өй, қатын! деп айтса сізге, намысыңызға тиеді ғой, ә? Ал мені жақындарым мақтағанда "Еркексің!" дейді…
Блог - Basic: Д.А.-ға Үшінші хат #QazzaqSexismСурет Архун Архунустікі
Хатыма кіріспес бұрын, сұрақтарыма жауап беріңізші:
— Әйел саясаткерді, бастықты, бизнесменді жалпы табысты әйел затын көргенде бұл жетістікке таза өз күшімен жеткеніне сенімдісіз бе? (еркектерді ше)
— Сіз өзіңізден 7 жас үлкен, ажырасқан, екі баласы бар әйелді алар ма едіңіз? (бұл ұсыныс емес, әлбетте :D)
Бүкпесіз жауап бергеніңізге алғыс, енді мені шынымен мазалайтын сұрақтарға көшейін.
— Неліктен қазақ қоғамына Францияның болашақ президенті Эммануэль Макронның экономикалық даму, тең мүмкіндіктер беретін «Макрон заңы», оңшылға да, солшылға да жатпайтын «En marche» («Алға») саяси қозғалысы, бестселлерге айналған «Революция» кітабы қызық емес, ал оның 24 жас үлкен әйелі қызық? Құдды Франция президентінің жұбайлық міндетін ендігәрі өздері атқаратындай.
— Неліктен Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жылына 500 жуық әйел қайтыс болады (БҰҰ деректері)? Ал 2016 жылы тұрмыстық зорлыққа шыдамай 316 әйел өзіне қол салған (ҚР Бас прокуратурасының деректері).
— Неліктен отбасының ажырасуының басты себепкері әйел бола береді? Баянның ажырасуына содыр күйеуі емес, Баян кінәлі, Айқын бала-шағасын тастап кетсе, Баянның шәкірті Жұлдыз кінәлі. Әлгі еңку-еңку жер шалған ер образы қайда? Ноқталанған бұзаудай еріп кете бере ме? Тіпті әйел байғұс зорланса да, «бар бәле өзінен», «ашық-шашық киінбесе, зорланбас еді», «тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» мақалына тіреп қояды. Түптеп келгенде күйеуінен таяқ жеген әйел "қоқысын" сыртқа шығарса, «бөрік ішіндегі сынған басты, жең ішіндегі сынған қолды» еске аламыз. Ал әйелінің намысы үшін таяқ жеген «сүмелекті» ел болып аяп, жылу жинауға дайынбыз.
— Неліктен күйеуі кетіп қалып, баласын асырап отырған жалғызбасты ана біздің қоғам үшін қалыпты жағдай да, әйелі кетіп қалып өз балаларын бағып отырған әке — қаһарман? Тастанды сәбилер ше? Баласын тастаған көкек аналар жазаланып, халықтық қарғысқа ұшырағанда әкелерінің тасада қалуы дұрыс па? Оң жақта отырып бала тапқан қыз сүйекке таңба да, тірі баласын қаңғытып жіберу абырой ғой ә?
— Неліктен қыздар қазіргі сән үлгісімен киінсе, "ұятсыз, батысқа еліктеген сұмырай" болып шыға келеді? Аталарымыздың мәйкішең, (шорты) дамбал киген суретін мен де көрмеппін.
— Ау, google-дың өзі неліктен қазақ қыздарын аңди береді? Қазақ қыздары деп тере берсеңіз қайда кетіп барасың тіркесі сумаң ете қалады. Қазақ жігіттері десеңіз, өлең мен эссе ғана шығады. Бетпақтық танытып теріп көріңізші "қазақ жігіттері қайда барасың деп)))
Блог - Basic: Д.А.-ға Үшінші хат #QazzaqSexism
Бұл хатымды орташа есепті қазақ жігіті түсінбес. Сексист қоғамнан жырылып қайда барар дейсіз. Ал сіз, үш қыздың әкесі ретінде не дейсіз?
Құрметпен Femina.B
Әрі қарай

"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 6 мамыр 2017 эфирінде қойылған сұрақтар

Қазақ радиосындағы «Ой-Зерек» интеллектуалдық-танымды ойынының 5-эфиріне «Оймақ» командасы қатысты. Есеп 4-7

Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 6 мамыр 2017 эфирінде қойылған сұрақтар

Сергіту сұрағы:
Белгілі қазақстандық кәсіби аудармашы Нұрғиса Асылбеков осы аптаның ортасында өзінің кәрі қызға жақтас екенін мәлімдейді. Аудармашы кім не немесе не туралы айтқан?

  1. «Алтын таяқша» фестивалі елімізде дәстүрлі түрде соғыста алған жарасы қатерлі ісікке айналып, 47 жасында дүниеден озған КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреатының құрметіне өткізіледі. «Алтын таяқша» фестивалінде кімдер жарысады?
  2. «Вокруг света» журналының жазуынша Чаушеску кезінде Румынияда техникалық білім жүйесін жақсы дамытып кеткен. Алайда түлектерге жеткілікті жұмыс орнын дайындап үлгермеген. Соның салдарынан болар Румыния бір рейтингте алғашқы 20лықта. Кімдердің рейтингі екенін 60-жылдары шыққан ағылшынша сөзбен атаңыз
  3. Ағылшын жұмбағын шешіңіз:
    Ол шешінсе – мен киінем.
    Мен шешінсем – ол киінеді.
  4. 2014 жылы Пауло Коэльо Фейсбукта 2 Рим Папасы бейнеленген сурет жариялайды. Бенедикт XVI және Франциск. Пост жарияланғаннан 3 күннен кейін қандай оқиға болды?
  5. Әлем тарихында Нобель сыйлығын алған бір адам – «Оскар» және «Алтын глобус» сыйлығының да иегері, «Грэмми» сыйлығын да көп рет қапысыз ұтқан; Пулитцер сыйлығының арнайы жүлдесін алған әрі Құрмет легионының орденінің де иегері; және Лондон портрет галереясында картиналары қойылған. Бұл кім?
  6. Профессор Суриковтың пайымдауынша ежелгі гректерде бейне арқылы көрнекі ойлау басым болса, арабтарда абстрактілі ойлау басым, өйткені олардың діні бейнелеуге қарсы. Сондықтан да БІРІНШІ гректерде жақсы дамыған, ЕКІНШІ арабтарда. Неміс педагогы Кляйнның айтуынша БІРІНШІ мен ЕКІНШІНІ мектеп бағдарламасында айыруға болмайды. Оларды атаңыз
  7. Керекинфо-нүкте-кейзед блогтұғырнамасында жарияланған бір материалда автор денесіне жүйрік жануарлардың суретін салу — көбіне ер адамдарға, ал, мысалы, жеміс-жидекті орналастыру — әйел адамдарға тән екенін баяндайды. Автор бұдан кейін қазақтың қандай мақалын мағыналық тұрғыда түрлендіріп қолданады?
  8. Дизайнын Артемий Лебедев студиясы жасаған печеньелерден 646277, 281434, 758938 сияқты сандарды көруге болады. Печеньелер қандай формада жасалған?
  9. Аршат, бұл өлең жайлы не ойласың? Цинизм толы ма? Команда, Эли Бар-Яаломның шумағын аяқтаңыз:
    Жас ата-аналар өмірді тек сүрсін:
    Әрқашан кір жусын және де кептірсін.
    Оңайлау қылуға тіптен бәрін
    Сыйлайық оларға...
  10. Кейбір химиялық элементтерден жұптар құрауға болады. Мысалы бром-рубидий, селен-эйнштейний, цезий-скандий, қалайы-нильсборий. Осы принцип бойынша галийдің жұбы қай элемент болар еді?
  11. Ленин атындағы қалалар 20 ғ. 20 жылдардан бастап пайда болды. Мысалы, Кеңес кезінде оның атын қазіргі Санкт-Петербург (Ленинград), Худжант (Ленинабад, Тәжікстан), Гюмри (Ленинакан, Армения), Байқоңыр (Ленинск) сияқты қалалар иемденді. Ал бұрын Симбирск деп аталған, аттас облыстың орталығы болып табылатын Ресейдің қай қаласы оның атында?
Әрі қарай

Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Әлеуметтік желі қолданушылары украин суретшісі Снежана Суштың шығармашылығын өте жақсы көреді. Акварельмен салынған аңғал суреттері әрбір адамға әсер етеді. Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынасты суреттер арқылы көрсетуі ата-аналарға бала тәрбиесі туралы ойландырады және өмірдің сол бір қызық сәттерін еске түсіреді. Снежана өз суреттерін инстаграмда бөліскенді жақсы көреді және аккаунты @vskafandre. Ол бір сұхбатында әкесінің өзіне көп уақыт бөле алмағандығын айтады. Әкесі қызын жақсы көретін бірақ қызына деген махаббатын толық көрсете алмаған. Осылайша Снежана өз суреттерінде өзіне балалық шағында жетпеген сезімдерді: үлкен әкесінің кішкентай қызына жеткізе алмаған махаббатын көрсеткен.

Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен 14 суретте.

Әкеміз — мектептегі бұзақылардан да, төсек астындағы бөжейлерден де қорғайтын адам!
Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Әкеміз — біз үшін шаш өруді де үйренеді...Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Әкеңізбен жүргенде жерден жеті қат биікте сезінесіз...Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Оның қасында болғанда ештеме уайымдамайсыз...Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Қызы үшін бәрін істейді; көлемін де өзгерте алады...Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Жұмысы көп болса да шай ішуге уақыт табады...Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Біздің көңілімізді қалай көтеруді жақсы біледі.Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Бізбен ойнайды...

Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Қиялында шек жоқБлог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Біз күлімсіресін деп түсініксіз нәрселер жасайды.Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Қиын сәттерде шешім табады.Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Әрдайым жанымызда...Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Бізді сүюді ең жақсы білетін екі адамның бірі...Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Сол үшін ең қиыны; Айырылысу немесе айырылып қалу...Блог - shota2030: Әкесі мен қызы арасындағы қарым-қатынас Снежана Суш көзімен.

Әке болу оңай емес, супер әке болу тіпті қиын!

Ата-анамыз аман болсын, достар!
Әрі қарай

«БҰҰ моделі - Жаңа Жібек Жол 2017» Халықаралық конференциясы өз мәресіне жетті

Биыл Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттерінің БҰҰ-ға мүше болғанына 25 жыл. Осыған орай, бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ «Академиялық ықпалдастық» бағдарламасының Жаһандық хабы ретінде Орталық және Оңтүстік Азия аумағындағы «БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделі» (MUN-NSW 2017) атты ірі халықаралық студенттік конференцияның ашылу салтанатты өтті. Конференцияға Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің делегаттары, сондай-ақ АҚШ, Италия, Франция және т.б елдердің студенттері қатысуда.
«БҰҰ моделі» — бұл ой талқылау және студенттік конференция режимінде өтілетін танымал әлемдік бағдарлама. Бұл жаңа идеялар, пікірлер, әсер тудыратын, өзін-өзі дамыту мен пікірін білдіруге бірегей мүмкіндіктер беретін, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, ой-сана мен жаңашыл ойлануды танытып әрі дамытатын үздік мектеп саналады. Халықаралық деңгейде өткізіліп отырған конференцияның негізгі мақсаты – студенттердің бойына көшбасшылық және дипломатиялық қарым-қатынас қасиеттерін сіңіру. Семинар-тренингте студенттер өзін-өзі ұйымдастыруды, уақытты дұрыс пайдалану, болашақ мансаптарын халықаралық дәрежеде қалыптастыруды үйренді.
Салтанатты пленарлық отырысқа БҰҰ өкілдері, шетел елшіліктерінің дипломаттары, Алматы қаласының әкімдігі қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ «Академиялық ықпал» жаһандық Хабына және Орталық Азиядағы тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО өңірлік Хабына жетекшілік жасайды. Осы орайда университет ректоры Ғалым Мұтанов мұндай әлемдік деңгейдегі жауапты іс-шараның әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткізілуінің маңыздылығын атап өтті.
АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Марк Муди бірнеше жылдар бойы АҚШ үкіметінің қолдауымен өтіп жатқан форумның мән-маңызын атады. Студенттердің тұрақты даму құндылықтарын үнемі қолдайтындықтарын жеткізді.
Ал, конференцияға қатысушы шетелдік студент-жастар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.
Конференция моделі барысында студенттер БҰҰ құрамына кіретін мемлекеттердің мүдесін қорғайды. Олардың басты міндеті таныстырылатын мемлекеттердің ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, көкейкесті әлемдік мәселелер хақында өз ұсыныстарын алға тарту. Яғни, әр студент өзіне берілген елді жан-жақты зерттеп, оның өзекті мәселелерін, оны шешу жолдарын талқылады. Конференция жұмысы «Бас Ассамблея», «Қауіпсіздік Кеңес», «Адам құқығы», «БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесі» сынды секциялардан тұрды.
Аталмыш конференцияға Қырғыз елінен қатысып отырған «Қырғыз-Түрік Манас» университетінің студенттері Толгоной Туратова мен Бегимай Кенжебекова: «Қырғыз жастары мен қазақстандық жастардың ұқсастығы көп. Екі ұлттың да жастары жалынды, пейілдері кең, қонақжай болғандықтан, Қазақстанды еш жатырқамай, жақын тартып кеттік», — дей келе, өзге ұлт өкілдерімен танысып, тәжірибе алмасып жатқандықтарын қуана жеткізді.
Үш күн ішінде студенттер БҰҰ мемлекеттерінің толыққанды құзіретті делегаттары рөлінде ой білдірді. Кеңесте қаралған мәселелер бойынша тың ұсыныстар білдірген студенттер «Ең үздік делегат», «Ынталандыру жүлдесі» және «Ең үздік меморандум» аталымдары бойынша дипломдармен марапатталып, қатысушы делегаттарға сертификаттар табыс етілді.
Блог - aida-796: «БҰҰ моделі - Жаңа Жібек Жол 2017» Халықаралық конференциясы өз мәресіне жетті


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Студенттік баспасөз орталығы
Әрі қарай

Ату немесе мергендік. Менің хоббиім.


Кейде ойды бөлу үшін миға бір демалыс беру керек болады.Толып қалған қоқыс ақпараттар мен шырмалғаан сансыз сауалдардың басымның ішінде тарсылдатып соғысқан кездерінде, жақсылап тұрып бәрееен ляқтырып, шығарып тастау керек болады ғой. У: Yот сонда ғана қолыңды қағып ары қарай кетесің. ;)
Ол үшін, бірдеңемен шұғылдану қажет. Біреулер жұмыс істейді, біреулер ұйықтайды, енді бірі қыдырады, мен де сол ел қатарлы сергіп қалғым келіп, не футболға не пневматикамен атуға барамын. Әсіресе, атудың пайдасы көбірек болады. Воздушканы қолыңа алғаннан бастап ойың тееек соған ауып, көздеген бағытыма тигізуді ғана ойлап тұрамын… Ал, видеода практика жүзінде қолданатынымды да көрсетіп қойғым келді десең))) Жо, бұл жарыста болған. Тек ретін тауып түсіріп алғаным, әйтпесе телефонға рұқсат етпеген тұғын. Монтажы да ойымдағыдай емес, нуу сонда да барға қанағат, жоққа сабыр дедік )))
Сіз немен айналысасыз бос уақытта?! :j:m
Әрі қарай

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар рейтингі

Блог - asaubota: Қазақстандық кәсіпқой боксшылар рейтингі

Boxrec.com сайтындағы мәліметтер бойынша Қазақстан атынан шығып жүрген 60 боксшы бар. Рейтингтері бойынша қарайтын болсақ алғашқы ондық:

Геннадий Головкин 1/1543 boxrec.com/boxer/356831
Жанат Жақиянов 11/971 boxrec.com/boxer/444007
Бейбіт Шүменов 15/1256 boxrec.com/boxer/427368
Иса Акбербаев 35/1256 boxrec.com/boxer/506803
Қанат Ислам 54/1792 boxrec.com/boxer/628426
Батыржан Жүкембаев 78/1881 boxrec.com/boxer/729904
Бекман Сойлыбаев 82/1423 boxrec.com/boxer/698073
Мадияр Әшкеев 107/1792 boxrec.com/boxer/740162
Жаңқош Тұраров 116/2226 boxrec.com/boxer/483668
Бахтияр Эюбов 117/2226 boxrec.com/boxer/602453

Аты-жөндерінің жанында өз салмағы бойынша нешінші орында екені және қанша боксшы бар екені жазылған. Сілтемелер бойынша өтіп, әр боксшының толық статистикасын қарауға болады.

Таныс бір Бокс/ММА маманының айтуынша бастапқыда "қапшықтармен" шығып, статистика жинайды, өсе бастайды. Кейін профидің өз кезеңдері болады, мықтылармен шығып рейтингте көтеріле бастайды дейді. Яғни, өзінен жоғарылармен жиі шығу керек. Ұзақ уақыт "қапшықтармен" жүре берсе еш нәтиже болмайды. Бұл тұрғыда Иса Акбербаев жақсы көтеріліп келеді екен. Жанат Жақияновты көп адам танымаса да нәтижелері жақсы. Ал Қанат Исламға енді мықтылармен шығу керек. Жастардан Жаңқоштан үміт күтуге болады.

Толық тізімді көргіңіз келсе Boxrec сайтындағы іздеу функциясын пайдаланыңыз, елге Қазақстан деп жазсаңыз, бәрі шығады
Әрі қарай

«БҰҰ моделі - Жаңа Жібек Жол 2017» Халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады

«БҰҰ моделі — Жаңа Жібек Жол 2017» Халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады

Биыл Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттерінің БҰҰ-ға мүше болғанына 25 жыл. Осыған орай, бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ «Академиялық ықпалдастық» бағдарламасының Жаһандық хабы ретінде Орталық және Оңтүстік Азия аумағындағы «БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделі» (MUN-NSW 2016) атты ірі халықаралық студенттік конференцияның ашылу салтанатты өтті. Конференцияға Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің делегаттары, сондай-ақ АҚШ, Италия, Франция және т.б елдердің студенттері қатысуда.
«БҰҰ моделі» — бұл ой талқылау және студенттік конференция режимінде өтілетін танымал әлемдік бағдарлама. Бұл жаңа идеялар, пікірлер, әсер тудыратын, өзін-өзі дамыту мен өз ойын білдіруге бірегей мүмкіндіктер беретін, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, ой-сана мен жаңашыл ойлануды танытып әрі дамытатын үздік мектеп саналады. Халықаралық деңгейде өткізіліп отырған конференцияның негізгі мақсаты – студенттердің бойына көшбасшылық және дипломатиялық қарым-қатынас қасиеттерін сіңіру.
Салтанатты пленарлық отырысқа БҰҰ өкілдері, шетел елшіліктерінің дипломаттары, Алматы қаласының әкімдігі қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ «Академиялық ықпал» жаһандық Хабына және Орталық Азиядағы тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО өңірлік Хабына жетекшілік жасайды. Осы орайда университет ректоры Ғалым Мұтанов мұндай әлемдік деңгейдегі жауапты іс-шараның әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткізілуінің маңыздылығын атап өтті.
Ал, конференцияға қатысушы шетелдік студент-жастар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.
Конференцияға алғаш рет қатысып отырған «Қырғыз-Түрік Манас» университетінің студенті Толгоной Маматова: «Қырғыз жастары мен қазақстандық жастардың ұқсастығы көп. Екі ұлттың да жастары жалынды, пейілдері кең, қонақжай болғандықтан, Қазақстанды еш жатырқамай, жақын тартып кеттім» дей келе, өзге ұлт өкілдерімен танысып, тәжірибе алмасып жатқандығын қуана жеткізді.
Алдағы 2 күнде «UN Security Council – “ Drug Trafficking as a Threat to Security in Central Asia»; «General Assembly – “Global Migration as the reflection of employment challenges as well as other trends ( SDG-4, SDG – 8)»; «Human Rights Council – “Modern Slavery and the Issue of Forced Labor (SDG – 10)»; «Environmental Assembly – Pollution in Central Asia (SDG – 13, SDG -14, SDG – 15)»; «International Court of Justice – “Legal Regulation of Cyberspace (SDG – 16)»; «ЮНЕСКО – “Свобода Слова и Влияние СМИ на Самосознание Людей (SDG – 16)» бағыттары бойынша әлемдік кәсіби тренерлер конференцияға қатысушыларға ағылшын және орыс тілдерінде семинар-тренинг өткізеді. Қонақтарды Алматының көрікті жерлерімен таныстырып, экскурсия ұйымдастыру жоспарланып отыр. Аталмыш конференция 30 мамырға дейін жалғасын табады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Студенттік баспасөз орталығыБлог - zhansaya_skakova: «БҰҰ моделі - Жаңа Жібек Жол 2017» Халықаралық конференциясы өз жұмысын бастадыБлог - zhansaya_skakova: «БҰҰ моделі - Жаңа Жібек Жол 2017» Халықаралық конференциясы өз жұмысын бастадыБлог - zhansaya_skakova: «БҰҰ моделі - Жаңа Жібек Жол 2017» Халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады
Әрі қарай

Жұмыс таңдама

Абай атамыз айтты ғой. «Есектің артын жусаңда, мал тап» деп. Каникул басталды. Алда, қылышын сүйретіп сессия келе жатыр. Оған дайындалып мұрнынан қан кетіп жатқан студент жоқтың қасы. Көпке топырақ шашпаймыз. Қан кетпесе де су кетіп дайындалып жатқандары баршылық. Ал, мен жұмыс істеп жатырмын. Анау- мынау жұмыс емес. Жə, қандай екенін айтпай ақ қояйын. Жалпы, айтайын дегенім. Қазір адамдардың көбісі жұмыс таңдайды. Оған айлығы көп болу керек, үш мезгіл тамағы болу керек тағысын тағы. Сосын кім оған жақсы жұмысын беріп қойсын. Суреттегі менің ауқатым. Бір жақсы жерім Аллаға шүкір, дар-дара пікір жұмыс жасауға жағдайды қажетсінбеймін. Кез-келген жағдайда жұмыс жасай беремін. Тек кейде басшылармен дұрыс болмай қалады. Себебі, жағымпаздық қасиетті жек көрем. Қалай бар, солай бетіне айтып тастаймын. Сол себепті, көп жұмыстан осы мінезімнің кесірінен кетіп қалам.
Қысқасы жұмыс жасаңыздар. Бір досым айтады. «Сен осы жатпайсың» деп. Сол сияқты мына заманда жалқаулық-геморойдан жаман. Жабысып алса кетуі қиын.
Әрі қарай