Д.А.-ға Үшінші хат #QazzaqSexism
Өй, қатын! деп айтса сізге, намысыңызға тиеді ғой, ә? Ал мені жақындарым мақтағанда "Еркексің!" дейді…
Сурет Архун Архунустікі
Хатыма кіріспес бұрын, сұрақтарыма жауап беріңізші:
— Әйел саясаткерді, бастықты, бизнесменді жалпы табысты әйел затын көргенде бұл жетістікке таза өз күшімен жеткеніне сенімдісіз бе? (еркектерді ше)
— Сіз өзіңізден 7 жас үлкен, ажырасқан, екі баласы бар әйелді алар ма едіңіз? (бұл ұсыныс емес, әлбетте :D)
Бүкпесіз жауап бергеніңізге алғыс, енді мені шынымен мазалайтын сұрақтарға көшейін.
— Неліктен қазақ қоғамына Францияның болашақ президенті Эммануэль Макронның экономикалық даму, тең мүмкіндіктер беретін «Макрон заңы», оңшылға да, солшылға да жатпайтын «En marche» («Алға») саяси қозғалысы, бестселлерге айналған «Революция» кітабы қызық емес, ал оның 24 жас үлкен әйелі қызық? Құдды Франция президентінің жұбайлық міндетін ендігәрі өздері атқаратындай.
— Неліктен Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жылына 500 жуық әйел қайтыс болады (БҰҰ деректері)? Ал 2016 жылы тұрмыстық зорлыққа шыдамай 316 әйел өзіне қол салған (ҚР Бас прокуратурасының деректері).
— Неліктен отбасының ажырасуының басты себепкері әйел бола береді? Баянның ажырасуына содыр күйеуі емес, Баян кінәлі, Айқын бала-шағасын тастап кетсе, Баянның шәкірті Жұлдыз кінәлі. Әлгі еңку-еңку жер шалған ер образы қайда? Ноқталанған бұзаудай еріп кете бере ме? Тіпті әйел байғұс зорланса да, «бар бәле өзінен», «ашық-шашық киінбесе, зорланбас еді», «тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» мақалына тіреп қояды. Түптеп келгенде күйеуінен таяқ жеген әйел "қоқысын" сыртқа шығарса, «бөрік ішіндегі сынған басты, жең ішіндегі сынған қолды» еске аламыз. Ал әйелінің намысы үшін таяқ жеген «сүмелекті» ел болып аяп, жылу жинауға дайынбыз.
— Неліктен күйеуі кетіп қалып, баласын асырап отырған жалғызбасты ана біздің қоғам үшін қалыпты жағдай да, әйелі кетіп қалып өз балаларын бағып отырған әке — қаһарман? Тастанды сәбилер ше? Баласын тастаған көкек аналар жазаланып, халықтық қарғысқа ұшырағанда әкелерінің тасада қалуы дұрыс па? Оң жақта отырып бала тапқан қыз сүйекке таңба да, тірі баласын қаңғытып жіберу абырой ғой ә?
— Неліктен қыздар қазіргі сән үлгісімен киінсе, "ұятсыз, батысқа еліктеген сұмырай" болып шыға келеді? Аталарымыздың мәйкішең, (шорты) дамбал киген суретін мен де көрмеппін.
— Ау, google-дың өзі неліктен қазақ қыздарын аңди береді? Қазақ қыздары деп тере берсеңіз қайда кетіп барасың тіркесі сумаң ете қалады. Қазақ жігіттері десеңіз, өлең мен эссе ғана шығады. Бетпақтық танытып теріп көріңізші "қазақ жігіттері қайда барасың деп)))
Бұл хатымды орташа есепті қазақ жігіті түсінбес. Сексист қоғамнан жырылып қайда барар дейсіз. Ал сіз, үш қыздың әкесі ретінде не дейсіз?
ҚұрметпенFemina.B

Құрметпен
Сенімділік болу үшін кемінде сырттай болса да танитын болуың керек. Білмейтін адам туралы, мейлі әйел болсын, мейлі еркек болсын, кесіп айта алмаймын. Дәл сол сияқты, жынысына қатыссыз, «өз күшімен жетпеді» деп те сенімділікпен айта алмаймын. Бір көргеннен кесіп айтатындар көп емес шығар. Әрине, 20дан енді асқан қыз немесе жігіт бір мемлекеттік мекемеде директор боп отырса солай болжауға болар еді, бірақ сұрақ ондай категориядағылар жөнінде емес деп ойлайм.
Тіпті ешқашан тұрмыста болмаған қыз «мені алшы» деп мойныма асылып тұрса да алмас едім, өйткені аларымды алып қойғам. Жалпы, жынысына қатыссыз, кез келген бұрын некеде болмаған адам өзі секілді ажыраспаған, балалары жоқ адамға қосылғысы келеді емес пе.
Эммануэль Макронның саяси қозғалысы мен кітабы неліктен қазақстандықтарға қызық болуы керек? Эммануэль, өзінен 24 жас үлкен әйел алғанын айтпағанда, әзірге(!) басқа ештеңемен аты шыққан жоқ қой. Яғни тарихта ойып орын алар нәрсе жасамаған секілді. «Президент болайын деп жатыр немесе президент болды, сонысының өзі жетістік» деген тұстан қарасақ, онда әлемде президент көп, бұған дейінгі боп кеткендерін қоссаң тіпті көп, Макрон солардан дараланып немесе әйгілі президенттермен қатар боп тұрмаса керек.
Қазақ қоғамы үшін Макронның әйелі қызық дегенге қатысты. Әйелінің қазақтар арасында қызу талқыға түсіп жатқанын айналамдағылардан да, өзім отыратын Фейсбуктен де байқамадым. Бәлкім бірен саран адам айтқан шығар, бірақ соларға қарап «қазақ қоғамы бүйтібатыр» деп бүтін қоғамға қарата сөйлеу қаншалықты орынды екен?
Гуглдан іздедім, 24 жас үлкен әйелге үйленген Макронға қатысты қазнеттен үш-ақ жазба шығып тұр (нұр.кз, тенгриньюз, қамшы.кз). Қызу талқы бәлкім осында болып жатқан шығар деп әр қайсын ашып көрдім. НұрКЗдегі материал 27 сәуір күні жарияланыпты. 13 күн ішінде бес-ақ(!) камент жазылған – солардың ішінен екеуін-ақ негатив каментке жатқызуға болады, қалғандарынан біреуі – позитив камент, екеуі нейтрал. Қамшыдағы материалдың жарияланғанына бес күн болған, осы аралықта 900-ден астам рет оқылған, камент саны – 0. Тенгриньюздегіге кешеден бері екі-ақ камент жазылған.
Тіпті қазақтар Макронның әйелін талқылап жатқан күннің өзінде, сонысы үшін «қазақ қоғамы сондай» деп сөйлеу дұрыс па? Өйткені таң ертең ғана The Independent-тің Фейсбуктегі парақшасы бөліскен мақаласының тақырыбын көзім шалып қалған болатын – «Макрон егде әйелін сөз еткендерді сексизммен айыптады» деп жазылып тұрған еді. Бұл сөзімен француз президенті қазақ қоғамына налып отырмағаны анық.
Өзгелерге тән қасиет (мейлі жағымсыз болса да) қазақтарға да тән бола алады.
Каментім жоқ.
Соңғы сөйлемдегі айтылған ой мен алдыңғы айтылғандардың арасынан байланыс көріп тұрғам жоқ, бұлай бір-бірімен салыстыратындай. Айтпағым, ерінің намысы үшін таяқ жеген әйелді де қоғам жақтап шығады емес пе.
Ал Баян мен Айқынның оқиғаларына келсек, бұл жағынан қоғамның пікірі біржақты болмаса керек. Яғни жартысы Баянды айыптаса, екінші жартысы күйеуін айыптайды. Айқынның жағдайында да сондай. Тек әр жыныс аталған оқиғалар бойынша қарсы жыныстағы кейіпкерді көбірек айыптайтын шығар. Қалай болғанда да қоғамның пікірі біржақты емес.
Менің түсінуімше, сондай ерлерді қаһарман ететін әйелдердің өздері сияқты. Меніңше, еркектерге көбіне бәрібір, айрылысып кеткен еркек пен әйелдің балаларын әкесі асырап отыр ма, әлде әжесі асырап отыр ма. Яғни «міне нағыз азамат, барлық еркек осындай болса ғой» деп тамсанбайды ондайларды көргенде. Ал әйелдер бұған басқаша қарайды, эмоциямен. Мысалы, ер адам көшеде ұлын бауырына қысып еркелетіп ойнатып отырса, оған өтіп бара жатқан кейбір қыз-келіншектер сүйсініп қарайтынын байқадым. Әлеуметтік желілерде нәрсетені мейіріммен көтеріп тұрған ер адамның суретін профиліне салатындар да сол қыз-келіншектер жағы.
Сосын жалғыз өзі балаларын асырап отырған ер адамдар сыны жағынан сондай әйелдерге қарағанда әлдеқайда аз. Яғни әдеттен тыс жағдай болуымен көзге түседі. Оның себебі бәрімізге белгілі, балаға деген ана мейірі әкенікіне қарағанда әлдеқайда жоғары болады, бұған ажырасу барысында біздің заңдар баланы анасымен қалдыратынын да қосыңыз. Әкесі баласын алғысы келсе де ала алмайды, анасы баласынан өз еркімен бас тартпайынша.
Қазіргі сән үлгілері әртүрлі емес пе. Бірақ солардың ішінен «ұятсыз» деп, көпшілік отырса арты көрінетін, формалары көрініп, емшегі жарым жарты ашық киінгендерді айтады. Неге олай айтатыны әмбеге аян. Әлбетте, бір ғана ашық тұрған білегі үшін де «ұятсыз» дейтіндер табылады, бірақ ондайлар көпшілікті құрамайды.
Бұның бәрі ештеңе емес. Алдын мектеп киімі туралы әңгімелер болды. Сол кезде «қазақ қызы ешқашан шашын жаппаған» дегендер болды, ең қызығы сол, солай дегендер өздері джинсы киіп жүреді һәм қазақ қызы сатысынан әлдеқашан қазақ әйелі сатысына өтіп қойған болса да әлі күнге жалаңбас жүреді. Осылай картопты жарғандар болып еді. «Неге? Неге сөйдеп картопты жардың?» деп осылардан сұралғаны оп-орынды болар еді.
джаман айтты әй,
«еркектің көрдім ақынын» деп бастау керек енді Басикке
Орташа есепті қаззақ сексист қауымы бір жігітке кемдігі қуантады. А так мамыражай ышқынысы коммент жазуға шабыттандырмады))