Дін істері жөніндегі агенттік өкілдері Астана қаласының түзеу мекемесіне барды

Астана жаңалықтары: Дін істері жөніндегі агенттік өкілдері Астана қаласының түзеу мекемесіне барды

Астана қ. әкімдігіне жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес, Астана қалалық Дін істері жөніндегі басқармасымен, Қылмыстық атқару жүйесінің департаментімен қатаң режимдегі ЕЦ-166/10 түзеу мекемесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Шараға «Астана қаласының Дін Істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы Д. Есин, «Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» ММ басшысы, әділет полковнигі Н. Рысбаев және ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінің жетекшісі Нұрлан Әбен, сондай-ақ Астана қаласының діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

-Этникаралық және дінаралық келісім еліміз үшін маңызды әрі басты бағыттардың бірі болып табылады. Қазақстанда діни сенім бостандығы бар, дегенмен елдің әр азаматы заңға бағынуы тиіс. Түзету мекемелерінде сотталушылардың әлеуметтенуі үшін жағдай жасау бойынша қабылданып жатқан шаралар ашықтық пен жалпы жаңғыртудың іске асырылуының дәлелі болып табылады. Бұл Елбасымыздың «Болашаққа бағдар» мақаласында да атап көрсетілген болатын, — деді Астана қ. Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Данияр Есин.

Шара барысында келген қонақтар түзеу мекемесінің барлық ғимаратын аралап көріп, ондағы жазасын өтеушілердің жағдайларымен, теологтың, психологтың т.с.с арнайы мақсаттағы кабинеттермен танысты. Мекеменің өндірістік аумағы мен шеберханасы кәсіби деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сол жерде жасалатын өнім қаланың абаттандырылуы үшінпайдаланылады. Осылайша сотталушылар қоғамның дамуына үлестерін қосады.

Онымен бірге түзеу мекемесінде демалу үшін бөлмелер мен кітапхана және спорт залы бар.

Түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілер арасында дінаралық татулықты сақтау, деструктивтік діни ағымдардың таралыуының алдын алу, теріс ағымдардың зиянды тұстарын түсіндіру және оған қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде дін қызметкерлері шақырылып, сотталушылармен жеке және топтық кездесу өткізіледі.

-«Дін – ол шынайы қарым-қатынас. Судың да сұрауы бар демекші біз әрбір ісімізге жауап береміз. Сондықтан да мейлі өзге дін өкілі болса да оған деген мәмілеміз дұрыс болуы қажет. Ислам дінінде дінаралық татулыққа аса мән береді. Дін мәселесінде толықтай хабардар болмайынша, қарапайым халқымыз әртүрлі деструк­тивті діни ұйымдардан зардап шегуді доғармасы анық. Деструктивті ағымдардың кері әсерінен еліміздің тұрғындарын қорғап қалудың өте тиімді әрі нәтижелі жолы – ақпараттан­дыру» деді «Нұр-Астана» орталық мешітінің найб имамы Әділхан Серікбай.

-Бұл шара өте пайдалы әрі ортақ үйіміз Қазақстанның бір бөлшегі болған Сіздердің уақытша үйлеріңіз, яғни осы мекемедегі жағдайларыңызбен толықтай таныстық, осындай жағдай туғызып отырған мекеме басшылығына алғысым шексіз, бұдан былай жиірек келіп кездесіп тұруға уәде беремін» деді Рим-католик шіркеуінің епискобы Томаш Петта Бернард.

-Православ шіркеуінің өкілі, Астана қаласының Серафим-Саровский храмының архимандриты отец Иоасаф бұл мекемеге ай сайын келіп жазасын өтеушілермен кездесіп тұратындығын, және кездесу барысында дінаралық татулықтың маңызды фактор екендігін әрдайым айтатындығын жеткізді.
Әрі қарай

Бөрібай Бекарыс. Өлеңдер.

Үйiн сатты саудалай,
Картина, зат талғамай.
Жиналған бар қаржының
Бәрiне гүл алғаны-ай…
Далбан-ай, далбан-ай, далбан-ай…
***
— Сұлулық шыңы-ау бұл қыз,
Не ойлайсың, Абдул?
Пiкiрiңнен бiлгiз.
— Ябвдул.
***
Бiреу у iшiп алған,
Бiреудiң iшi қан-қан,
Бiреуде миокард,
Бiреу өтсiз қалған.
Бiреу дольче киiп,
Майқұдыққа барған.
Бiреу жолдан өтсе,
Тормоз ақау болған.
… Ұзақ өмiр сүру — бәрiнде бiр арман.
Осындай жалған.
***
Айнала аппақ. Таң ата.
— Дәрiгер? Мен қайдамын?
— Аурухана. Палата.
— Өзiм де солай ойладым.
Жұмыста отыз төрт едiк,
Кiлең достар, қалың ел.
Офис кеттi-ау өртенiп…
Бәрi аман ба, дәрiгер?
— Бәрi өлдi, бiрi қап,
Аман қыпты тап сенi…
— Тоба! Бәрi тiрi қап,
Мен өлгенiм жақсы едi! :(
Жалғыздықты көргенше…
Кiмдер қалды дос болар?..
— Ойнап айтам, өлген сен,
Аман-есен басқалар. :)
Әдет қылған ойнауды
Приколиспiн бiр қызық.
… Әзiрейiлге айналды.
Қазан кеттi шыжғырып.
***
Бір жан
Ішінде құм боранның
Жылап отырды тым қатты.
Жаратушысы бұл ғаламның
тоқтап,
далада тіл қатты:
«Жәбір көрген пенде жақпын,
Реттеймін бәрін бір демде!
Адал жүрген елге — Хақпын,
Жаратқаныңмын, біл, пенде!
Құсасы көп, шері жаман
кім едің?» болды сұрағы.
«Мен – қазақпын», — деді адам.
Құдай… қосылып жылады.


© Boribay_Bekarys
Әрі қарай

Елорда орталығындағы ашық қауыз қалай жұмыс істейді


«Оазис» жағажай орталығы дүйсенбіден басқа, күн сайын сағат 11.00.-ден 20.00.-ге дейін жұмыс істейді.

«Оазис» жағажай орталығы дүйсенбі күні сағат 11.00.-ден 14.00.-ге дейін клуб тек зейнеткерлер, көпбалалы аналар мен балалар үшін тегін жұмыс істейді.

Аталмыш клубқа тегін кіру үшін жеке басын куәландыратын және жоғарыда аталған статусты растайтын құжат қерек.
Әрі қарай

Астанада алдағы демалыс күндері қайда баруға болады

Астана тұрғындары мен қонақтары үшін 30 маусым 2 шілде аралығында өтетін түрлі мәдени-сауықтық бағдарлама дайындалып, ұсынылады.

Кез-келген тұрғын не қонақ өзінің қызығушылығына байланысты айналысатын іс таңдай алады. Қалауыңызға орай ҚР Ұлттық музейіне барудан бастап, Thirty seconds to Mars танымал тобының концертіне дейін көзайым бола аласыз.

Әрі қарай

Астанада бірқатар құрылыс компаниялары үлескерлік құрылысына рұқсат алды

Қала қонақтарының назарына, астаналық әкімдік бірнеше құрылыс компаниялардың тұрғын-үй құрылысына үлескерлікпен қатысуына рұқсат берілгендігі хабарландыру таратты.

Осылайша бірқатар компания Астана қ. әкімдігінің 2017 жылғы 21 маусымындағы №120-1321 ұйғарымына сәйкес, екінші деңгейдегі банк жобасына қатысу немесе тұрғын-үйдің қасбетін салу арқылы баспана салу кезінде өз ісіне ақша құюмен үлескерлерді шақыруға құқылы.

Құрылыс компанияларының қатарында «Базисинвестқұрылыс» компаниясының салушысы мен «Barcelona Inc.» ЖШС бар. Оларға Астана қаласы, «Алматы» ауданы, № 37 көшесі (жобалық атауы), № 18 учаскесі (рұқсаттама №5/ 21.06.2017ж.) мекен-жайы бойынша орналасқан 7-9 қабаттық, аумағы 26 249 шаршы метр болатын баспананың 1, 2, 3 4, 5, 6, 7, 14 бөлігін салу үшін үлескерлердің ақшасын құюмен оларды жобаға тарту құқығы берілген.

Астана қ. әкімдігінің 2017 жылғы 21 маусымындағы № 120-1320 ұйғарымымен, «АЛТЫН ШАР WEST» ЖШС және «Шар-Құрылыс» ЖШС салушыларына Астана қаласы, «Есіл» ауданы, № 49 көшесі (жобалық атауы), № 4 учаскесі (рұқсаттама №6/ 21.06.2017ж.) мекен-жайы бойынша орналасқан 17 қабаттық, аумағы 19599,58 шаршы метр болатын баспананың 1 бөлігін салу үшін үлескерлердің ақшасын құюмен оларды жобаға тарту құқығы берілген.

Атап өтейік, бұған дейін жоғарыда көрсетілген 4 компания қалалық әкімдіктен үлескерлердің ақшасын құю арқылы оларды жобаға тарту құқығымен құрылыс салу үшін тиісті рұқсаттама (қажетті құжаттардың сілтемесі) алынған болатын.
Әрі қарай

Елордада үздік түлектерді ұлықтады


Бүгін қалалық алаңда «Алтын» белгі иеленген түлектер мен халықаралық, республикалық олимпиадалар мен «Елорда мақтанышы» турнирінің жеңімпаздарына құрмет көрсету салтанаты өтті.

Шараға қала әкімі Әсет Исекешев қатысты. «Алтын белгі» иегерлеріне, ҰБТ-де ең жоғары балл жинаған оқушыларға, олимпиада жеңімпаздарына, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, халықаралық жарыстарда Астана намысын абыроймен қорғаған барлық түлектерге елорда әкімдігі бағалы сыйлықтар табыстады.
Әкім мектеп бітірушілерді құттықтап, үш тілде сәт сапар тіледі.

-Құрметті түлектер, ата-аналар, ұстаздар барлығымыз айтулы күнді атап өтіп жатырмыз. Елорда өзінің ең үздік түлектерін ұлықтауда. Біз олармен мақтанамыз. Мектеп қабырғасында білім алған жылдары сіздер таланттарыңызды танытып, әртүрлі олимпиадаларда, байқауларда жеңіске жеттіңіздер. Бүгін ортамызда елорда білімінің даңқын асырып, мақтанышына айналған түлектер тұр, — деді өз сөзінде әкім.

Салтанатты шарада шаһар басшысы 2016-2017 оқу жылдары Астананың 70 000 оқушысы халықаралық, республикалық деңгейдегі 65 олимпиадалар мен байқауларда бақ сынағанын, онда 34 алтын, 45 күміс медальдар жеңіп алғанын мақтанышпен айтты.

Сонымен қатар әкім Астананың, еліміздің болашағын жарқын ететін түлектерге үлкен сенім артатынын жеткізді.

-Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, — «әлем экономикасында үлкен өзгерістер орын алуда». Бұл қалыптасып жатқан жаңа экономикада үздік біліммен, бәсекеге қабілетті, ой-қиялы жүйріктер жеңіске жетеді. Білім мен таза ниеттеріңіздің, лайықты өмір сүруге деген талпыныстарыңыздың және Отанға адал қызмет ету арқылы көздеген жетістіктеріңізге жетесіздер, — деп қала басшысы ақ тілегін білдірді.

2016-2017 жылдары оқу жылында 4 978 бала 11 сынып бітірді, оның ішінде 213 «Алтын белгі» иегері атанды. 49 түлек халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары және 4 түлек балалар үйінің тәрбиеленушісі.
Әрі қарай

Астанада халық ойындарының II Фестивалі өтті

Астана жаңалықтары: Астанада халық ойындарының II Фестивалі өтті

27 маусым елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Астана күні «ЭСКПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында халық ойындарының II фестивалі болып өтті.

7-14 жас аралығындағы жеткіншектер арасында болған байқау «Жас қанат» клубының ауласында өткізілді. Елордадағы мәдени-спорт орталығының тәрбиеленушілері спорттық-ойын-сауық іс-шарасына белсенді қатысты. Сонымен бірге, қалалық байқау бағдарламасында жалпы интерактивтік, ұлттық ойындар мен байқауға қатысты тартысты сайыстар болды. Өзара бөлінген «Бәйтерек», «Алға», «Жұлдыздар айқасы» және «Жарқын жұлдыз» командалары «Арқан тартыс», «Күміс алу», «Бәйге» мен «Көтермек» сайыстарынан күш сынасты.

Аталған шара оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, спорт пен халық шығармашылығына қызығушылықтарын арттыру, өскелең ұрпақтың патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Әрі қарай

Астанада Жамбыл, Атырау, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

1-2 шілде «Қазақстан» спорт сарайында (Қ.Мұңайтпасов көш., 7) Атырау, Жамбыл, Павлодар және Шығыс-Қазақстан облыстарының қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Аймақтардың отандық тауар өндірушілері 1000 тонна өнімді базар бағасынан 10-15% арзан саудалайды. Ет және ет өнімдері – 120 т., сүт өнімдері – 64 т., макарон өнімдері – 21 т., жарма өнімдер – 53 т., бал – 52 т., күнбағыс майы – 54 т., картоп – 13., көкөністер – 107,1 т., балық – 53 т.

Жәрмеңкеге 20-дан астам өндіруші қатысады деп жоспарланған. Мәселен, «Эмиль», «Багратион Улан», «Өскемен құс фабрикасы», «Крендель» ЖШС секілді компаниялар өнімдерін ұсынады. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары 1 келі қантты 120 теңгеге сатып ала алады.

Осы күнге дейін 18 өңірлік жәрмеңке өткізілген (Жамбыл облысы, ОҚО, БҚО, Атырау, Қызылорда, Алматы, Актөбе, Қарағанды, Қостанай облыстары) және 5 219 тонна өнім сатылған.