Қазақстандық эстрада жұлдыздары «Қамкор» әлеуметтік орталығында шағын футбол ойнайды

11 шілдеде сағат 11.00-де «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қазақстандық экстрада жұлдыздары мен орталықтың келушілері арасында шағын футболдан ойын өтеді.

Жарысқа Бауыржан Исаев, Ерлан Малаев, Асқар Жайлаубаев және т.б. отандық әншілер қатысады.

Шараның мақсаты – Қазақстанда SpecialOlympic қозғалысының дамыту, орталыққа келушілерді спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстануға үндеу.

Ойынның қорытындысы бойынша қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.

Шара Ақмола облысына қарысты Алакөл ауданының Сосновый бор кентінде өтеді.
Әрі қарай

Астана қаласында Алматы облысының мәдениет күндері өтпек

Астана қаласында Алматы облысының мәдениет күндері өтпек

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Алматы облысының Мәдениет күндері 11-15 шілде аралығында өтеді. Осы жайлы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы баспасөз конференциясын өткізді.
Биылғы ЭКСПО көрмесіне Алматы облысы да өз үлестерін қосуда. Оған облыс атынан 332 өнерпаз қатысады. Халықаралық маңызы бар шараның насихатталуы жөнінде көптеген іс-шаралар атқарылып, тақырыптық кездесулер мен жиындар өткізілген.
«Ел тарихында қалатын шараны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен келген миллиондаған қонақтар халқымыздың өнерімен кеңінен танысатын болады. Атап айтар болсақ Б.Римова атындағы облыстық драма театры, Сүйінбай атындағы облыстық филармониясы, «Алатау әуендері» концерттік бірлестігі, М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі, Көркемсурет галереясы мен Қолөнер шеберлері жақсы дайындықпен келе жатыр. Алматы облысының мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы «Жетісу – жұмақ мекенім» шарасымен басталады. Жабылу рәсімі шілденің 15-ші жұлдызында Амфитеатрда өтеді. Осындай әлемдік маңызы бар игі істер ел мәртебесін асқақтайтыны сөзсіз. Тек бірлігі мықты елдің, келешегі зор», — деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы.
Ел бірлігі мен әлеуеті сыналар көрмеге баспасөз қатысушылары тек сәттілік тілесті.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Астанада караокемен ән айтудан Қазақстан чемпионы анықталады

Бүгін «Бәрі ән айтады!» жобасы ақтық мәреге жетеді, деп хабарланды әкімдіктің медиа-орталығынан.

Музыкалық шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жастар» сарайы ұйымдастырды, деп хабарлады «Жастар» сарайы директорының орынбасары Светлана Ракишева медиа орталық тілшісіне.

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен жасы 18-ден асқан дарынды жастар қатысты. Қатысушылар 3 топқа бөлінді, соған орай әр топтың өз жеңімпазы болады. Олардың барлығы «Караоке-2017 чемпионы» атағын алып, ақшалай сыйлықтарға ие болады, сондай-ақ байқаудың ең үздік әншісі Астана қаласы әкімдігінің Кубогін иеленеді.

«Караокемен ән айтудан байқауға қатысу үшін іріктеуден өту қажет. Іріктеуге келген 200 адамның 78-і өтті»,- деді С.Ракишева.

Іріктеу кезеңдерінде қатысушылар «Ретро», «Мультфильм әндерінен үзінді» аталымдары бойынша әндерді орындады.

«Жоғары балл алған қатысушылар финалға өтіп, әлемдік хиттерді орындайды. Байқаудың жеңімпазы ең басты жүлде – Астана қаласы әкімінің Кубогін иеленеді», — деді С.Ракишева.

Музыкалық жобаның қазылар алқасында «Жастар» сарайының директоры Сергей Солодовников, «Голос» жобасының қатысушысы Арчи Пурцеладзе, Астана мемлекеттік филармониясының солисті Татьяна Хасьянова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рахметжан Шамұратов, дизайнер Қайролла Әбішев төрелік етті.

Финал жеңімпаздарының есімі бүгін кешке анықталып, «Жастар» сарайының алаңында айтылады.
Әрі қарай

Астанада көшпенділер шаһары бой көтерді

Астана жаңалықтары: Астанада көшпенділер шаһары бой көтерді

Қала күні мерекесіне орай «Хан-Шатыр» ОСО аумағында этномәдени кешен пайда болды, деп хабарланды Астана қ. медиа орталық тілшісіне бұқаралық шаралардың режиссері Гүлжан Әбдібаева.

Этнокешен ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде 10 қыркүйекке дейін жұмыс істейді.

«Бұл жерде қала тұрғындары мен қонақтары еліміздің бай тарихымен және ерекшеліктерімен таныса алады», — дейді Г. Әбдібаева.

Қалашықта көшпенділердің мәдениеті мен тұрмысына, салт-дәстүріне арналған заттық айғақтар бар. Кешеннің ішінде қолөнершілер жәрмеңкесі, қазақтың киіз үйі, шатырлар мен ұлттық асхана мейрамханасы бар.

«Сарыарқа» ауданының тұрғындарын біріктірген «Шаңырақ» ансамблі қазақ халқының «Тұсау кесу», «Қыз ұзату» сынды дәстүрі мен салтынан сыр шертеді.

«Біз көшпенділердің бай тарихын көрсеткіміз келді. Көшпенділердің тарихынан сыр шертетін байырғы жоралғылар мен өлеңдер, қызықты дәстүрлер біздің кезімізге дейін сақталған», — деді Г. Әбдібаева.
Әрі қарай

Әсет Исекешев Астана күнімен құттықтады

Астана жаңалықтары: Әсет Исекешев Астана күнімен құттықтады
Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді Елордамыздың төл мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана күні — тәуелсіз ел тарихындағы айрықша мейрам. Елорда – тәуелсіздігіміздің символы, ел дамуының локомотиві және барша қазақстандықтардың ортақ мақтанышы. Биыл Елорданың Қазақстан астанасы болғанына 19 жыл. Осы уақыт ішінде қаламыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бас болуымен экономикасы қуатты, еңсесі биік, өркендеген шаһарға айналды. Қазіргі таңда Елорданы әлемнің ең үздік отыз қаласының қатарына қосу жұмыстары қызу жүргізілуде.

Еуразия төрінде өзіндік сән-сипаты қалыптасқан, дәулеті мен сәулеті келіскен мегаполистің бой көтеруі сан ғасырлық бабалар аманатының орындалуы деп білемін. Астанамыз өркендей берсін.

Дендеріңізге саулық, істеріңізге береке тілеймін!

Құрметпен, Әсет Исекешев
Әрі қарай

Саяси қиалог

БҚШ: Cаламатсыз ба?
ТШ: Не керек наху?
БҚШ: Сонша боқтағаныңыз не, сыпайы сөйлесуге болады ғой…
ТШ: Жемеші нақ. Бұйымтайыңды айт, усиқыланбай.
БҚШ: Ой, зачем так сразу, мирны шеше аламыз ғой…
ТШ: Жоғал нақ, өз үйіңде шеш.
БҚШ: Артық кетсем…
ТШ: Ой, похуй маған, артық кеттің ба, жыртық кеттің ба, сибалса давай.
БҚШ: Попроще сөйлесейш, бауырым. Попроще…
ТШ: Әйтпесе не нақ?
БҚШ: Жоқ, ештеңе, қарапайым болайық, сәлеміміз түзу болсын, сізде жоқ зат бізде бар, бізде жоқ зат сізде бар… иә… іі… бізде тауар, қару, өнер ііі, жаңағы сізде мұнай дегендей…
ТШ: Сен мені қорқытып тұрсың ба?
БҚШ: Құдай сақтасын… Жай, өстіп жүре бересіңдер ме дегенім ғой, жабайы боп.
ТШ: Сені тігіп бара ма біз қалай жүретініміз? Не шаруаң бар бізде?
БҚШ: Ааа… Қайдан білейік. Ей, мейлің, өздерің біліңдер енді. Ертең жылап жүрмесеңдер болды.
ТШ: Ей, гандон, кім жылайд? Жібер нақ, кімің бар.
БҚШ: Інім… қой деймін енді… Ұяяят болаааад. Ана Ресей не дейд, Қытай не дейд көрсе, көтін ашып күледі ғо…
ТШ: Інің болмай кетейін. Поқ, дедім ғо маған. Ресейіңе де, Қытайыңа да. Тарт қолыңды сукі, ұстама…
БҚШ: Ұят болааад, інім қой дейм… айқайлама
ТШ: Тарт дейм қолыңды сукі, ұстама… аааа…

Он минуттан кейін БҚШ дамбалын киіп жатып, «білә, сонша қарсыласқандай-ақ, полюбовно шеше салатын нәрсе еді ғо»
Әрі қарай

Борбайлық ақын Оят Еденов. Саяси қуындылар.

Боттан - Хардқа: Борбайлық ақын Оят Еденов. Саяси қуындылар.

Бір кісі
жоқ құжатты бар етеді.
Сұраушыдан теңгесін дәметеді.
Шаруаны шешуге бір-ақ күнде
Көз қысып, бармақ басты дәл екеуі.
Белгілі біздің елде
прогресстің
қозғалтқышы мыңболғыр пара екені.
Шытырлаған он мыңдықпен сый әкелді,
Көрінді банкноттардың жаңа екені.
Түсінбедім, бұл жерде болғаны ма
Назарбаев – жемқорлықтың дәнекері?

***
Астананың атауын өзгерту ұсынысына орай:
Елордалық арулардың зорын да,
Еріндері салпиғандар қорын да,
Емшектері тырсиғанның онын да,
Түрі онша емес, тіпті реңі сорын да,
Жеңіл-желпі перепихон қамында,
Не болмаса вирттасу жолында,
Табасың сен, таба аласың оларды
Әлемдегі ең ғажайып орында.
ВКонтакте желісінде танымал
«Курицы Нұрсұлтана» тобында!

Әрі қарай

Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері 2500 тонна өнім әкелмек

Астана жаңалықтары: Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері 2500 тонна өнім әкелмек

8-9 шілдеде «Қазақстан» спорт сарайының көлік тұрағы аумағында жәрмеңкелер маусымын Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары жалғастырады.

Жалпы 2 500 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: көкөніс және картоп – 300 т, ет және ет өнімдері – 100 т, бал -20 т, сүт өнімдері – 51 т, балық – 143 т және т.б.

Азық-түлік өнімінің 100-ден астам түрі ұсынылады.

Жәрмеңке қатарынан 2 күн (сенбі-жексенбі) сағат 09.00.-ден 18.00.-ге дейін өткізіледі.

Сонымен қатар облыстардан келетін шығармашылық ұжымдар келушілер назарына концерттік бағдарлама ұсынады.
Әрі қарай

Астана күнін мерекелеу кезінде неке тіркеу дәстүріне 10 жыл толады

Астана жаңалықтары: Астана күнін мерекелеу кезінде неке тіркеу дәстүріне 10 жыл толады

Жыл сайын елорда күнін мерекелеу кезінде жас жұбайлардың салтанатты мерекелік некеге тұру шарасы биыл 10 рет өткізіледі. Осы он жыл ішінде 500-ден астам жұп шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Астана әкімідігінің медиа орталығы.

Астана әкімдігі мен Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізіліп келе жатқан шараға қатысушылардың қатары артып келеді. Биылғы мерейтойда 38 жұп некесін тіркемек. Он жыл ішінде заңды некеге тұрған жұптардан 2 мыңға жуық бала өмірге келген. Ұйымдастырушылардың мәліметінше отау тіккен ерлі-зайыптылардың ең жасы 18 жаста болса, ең ересегі 68 жаста.

«Бізде некеге тұрушы жұптардың тілектерін жазатын арнайы тілек кітабы бар. 2008 жылдан бері оған салтанатты неке тіркеу шарасына қатысқан жұптар өздерінің ақжарма тілектері мен алғыстарын жазып отыру дәстүрі де қалыптасты. Сондай-ақ жыл сайын жас жұбайларға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтары табысталады», — деді салтанатты неке тіркеу рәсімінің жетекшісі Гүлнар Сағындықова.
Әрі қарай

Талдықорғанда «Ашық мемлекет» жәрмеңкесі өтеді

Алматы облысы: Талдықорғанда «Ашық мемлекет» жәрмеңкесі өтеді
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет еліміздің кез келген азаматына сапалы берілуі керек. Осы туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыс бойынша өкілі баспасөз конференциясын өткізді.
Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсететін 24 аумақтық бөлімшелер жұмыс істейді. Бүгінгі күні көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 723, ал облыс бойынша 423. Ағымдағы жылы 29 мемлекеттік мекемелерде «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру» тақырыбында семинар өткені айтылды.
«Елбасының соңғы жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға және электрондық форматқа көшіру керектігі туралы айтылған. Яғни осы бастамамен бізде қазір дәстүрге айналып бара жатқан «Ашық мемлекет» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізіледі. Оған кез-келген адам қатысып, өз сұрағына жауап алып кетеді. Былтырғы жылы ең өзекті деген баспана, жер, жұмыссыздық мәселелері алға тартылды», — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Бабашев Жансерік.
«Ашық мемлекет» жәрмеңкесі 2017 жылдың 6 шілдесінде «Жастар» паркінде өтеді.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай