«Атаманның ақыры» фильміне 40 жыл!

Шытырман оқиғалы фильм Қазақстанда 1920 жылы орын алған шынайы тарихи оқиғалардың негізінде түсірілді. Жаркенттік ТК ақ гвардияшы атаман Дутовтың бандасын жою туралы операция дайындайды. Оны орындау чекист Шадияровқа жүктелді. Ол атаманның штабына еніп, әбден оның сеніміне кіріп алып, өз өмірін қатерге тіге жүре берілген тапсырманы орындап шығады.

— «Атаманның ақыры» фильмінің сценарлық жобасы бекітілген кезде мен Сұлтан Ходжиковтың «Қыз Жібек» фильміне түсіп жүрген болатынмын. Дегенмен де, «Атаманның ақыры» фильмін түсіру жұмысы біркелкі әрі тиянақты болғандықтан, оның түсірілімі «Қыз Жібектен» бұрын түсіріліп бітті. Образды сомдауым, менің ойымша, Шәкен Кенжетайұлының көңілінен шықты. Бірақ, өкінішке орай, ол көрерменнің пікірін білмей-ақ кетті. Амал қанша, көп ұзамай бақилық болды ғой.»
— деп, фильмде басты рөлді сомдаған актер Асанәлі Әшімов фильм жайында, режиссер жайында еске алды.
Әрі қарай

Ән құдіреті ме, әлде сәйкестік пе?

Айналайын, жаным, қайда жүрсің?
Жүрсең де сен қайда, ойда жүрсің.
Сағындым ғой сені көрмегелі...


Әнші Медеу Арынбаевтың соңғы әндерінің бірі осылай басталады. Ал таяуда оның жан жары миына қан құйылып ойда жоқта қайтыс болды… Әрине, бұл жай сәйкестік болар. Бірақ оған айтатын басқа ән жоқ па еді? Неге ол әріптесі Қыдырәлі Болманов секілді «Қасымда сенің жүргенің-ай, ғажап қой осы күндерім-ай», немесе өнердегі ағасы Ескендір Хасанғалиев сияқты «Мені сүйген жүрегіңнің, лүпілінен айналайын» дегенге ұқсас әндер айтпады? Мүмкін бәрі басқаша болар ма еді?
Ресейлік Филип Киркоровтың Игорь Николаев жазып берген «Немного жаль» әнін айтқаннан кейін Алламен арасы суып сала беріпті-мыс… Жарайды, сол орыстарды қойшы, бірі қосылады, бірі айрылады…
Ал өзіміздің келмеске кеткен әншілеріміз ше? Халқымыздың Ақбаяны Мәдина Ералиеваның соңғы әндерінің бірі «Қош, енді, қош бол, күрең күз», Нәби Аймұратовтың соңғы әні «Мүмкін емес»… Сонда қалай, әннің құдіреті ме, әлде бұлар алдын-ала жүректері сезіп, әдейі сондай әндер жаздыра ма?
Әрі қарай

Әлқисса

Негізі, блог ашу ойымда жоқ еді. Кездесуден Арекеңнің сілтемесін көріп, «қолдау көрсетуге» ниеттендім (кхм, кхм). Бұрын блог жазып та көрмегем, тіптен, атын не деп қоярымды білмедім, шынымды айтсам. Ортақ идеясы болуы міндетті емес шығар? Саясатта шаруам жоқ, оны еркектерге қалдырдым, бәлендей ештеңенің немесе ешкімнің фанаты да емеспін. Басымнан өткенді, кейбір ойлап-түйгенімді жазам да. Кейін жұмыр басыма идеялар кеп жатса, көре-жатармыз, әзірге «Аты жоққа» қош келдіңдер!
Әрі қарай

ЖОО-дағы келеңсіздіктер

Қазір қай ЖОО-нына бас сұқсақ та парақорлықты көреміз. Аттестация мен сессияға жақындаған күндері оқытушылар, жастардың тілімен айтқанда «қатая» қалады. Кейбір «ұстаздар» тіпті шын өз күшімен оқып, 5-тік бағаға лайық болғысы келген студенттерді жақтырмайды, тіпті құлатуға тырысуы да мүмкін. Парақорлық дендеген жерде қандай білім мен тәрбие туралы айтуға болады. Оқытушылардың пара алуын жалақының аздығымен байланыстыратындар бар. Әрине, айыратын нәпақалары көңіл көншітпейтіні рас, бірақ дегенмен де мүлде ақша алмай қызмет істеп жүрген ғалым-ұстаздар баршылық. Олардың киімдері де, өздері де қарапайым. Жаяу жүреді. Бірақ ары таза.
Әрі қарай

Неліктен солай атаған?

Мені жұртты мазалай қоймайтын, тіпті ойлануға татымайтын ойларда мазалай салады кейде, неге екенін...Қазір менің басымдағы сұр түсті қоймалжың затты мазалап отырған мәселе… оралмандардың мәселесі емес.Сол атажұртын аңсап келген ағайындарымыздың есімдері, яғни қызық есімдері.Бұл сөзімді ол қандастарымыз көңіліне алып ренжи қоймас деген сенімдемін.Бөліп-жарып та отырғаным жоқ.Сонымен есімдерге қайта оралсақ.
1. Елка. Осындай есімді қыздарды кездестіргендеріңіз бар ма? Не мағына береді екен."Іргетастағылардан" сұрап едім мардымды жауап бермеді.
2.Поворот немесе Паварот болар кім білсін… Бұл есімді неліктен дәл осылай қойды екен?
3.Матор-?
Тізе берсең кете береді…
Әрі қарай

Сіздерде қалай?

"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" деп жатамыз.Бір Қазақстанда тұрсақта кей салттарымыз қабыспай жатады немесе атаулары әр түрлі болып келеді.
Мысалы, біздің жақта көктемде алғаш бие байлап,қымыз ішуге ауыл-аймақты шақырады.Осыны облыстың кей жерлерінде "Қымызмұрындық" ал кей жерлерінде «Биебау»деп атайды.
Баланы алғаш атқа отырғызып «ашамай» тойлайтын салтта жоғалып бара жатыр.
«Бәсіре» беретін қазақтарда сиреді, неліктен?
Әрі қарай

Жаман болады

Қазақта «жаман болады» деген ырымдар көп қой. Бала кездеріңізде өздеріңізде талай естіген боларсыздар.
Үйге жүгіріп кіре бергенде әжең тоқтатады.«Балам,үйге жүгіріп кірме жаман болады».«Сонда не болады?»-деп сұрасаң «жаман боладыны» естисің тағы.
Бейіттерге қолыңды шошайтып"Әже, аналар немене"-дейсің. «Балам,қолыңды шошайтпа, жаман болады».Қолыңды шошайтқаның үшін саусағыңды тістетеді ғой оның үстіне.
«Күн батып бара жатқанда ұйықтама, жаман болады»
Таусылмайтын «Жаман боладылар». негізі осының бәрі тәрбие екені мәлім ғой. Бірақ не болады,ә?
Әрі қарай