Менің әпкем

Бұрынырақта жазып жеке блогыма ілген жазбам екен.Сіздермен бөліссем деп едім.

Бұны әңгіме дейсіз бе, әлде шағын естелік дейсіз бе оны өзіңіз біліңіз. Анық білетінім, қолыма қалам алғызып отырған сағыныш. Балалық шаққа деген, қазіргі уақытта Балқаш қаласында ұстаздық қызмет атқаратын әпкеме деген сағыныш. Біздің Қарағанды төңірегнінде өзінен үлкен қыз баланы апа деп те айта береді. Жалпыға түсінікті болу үшін жазып жатқаным ғой. Әпкем екеуміздің қызығымыз көп.
Алғаш әріп үйретіп, есеп амалдарын шығару жолдарын үйреткенінде мен 5 жастамын. Газеттерді судыратып оқитын дәрежеге жеткізді. Үйге келген қонақтарға көлдей «Лениншіл жасты» оқып берем. Не жазылғанын түсініп жатқан мен жоқ, мақтауға марқайып жүре беремін. Әріп үйренгенім өзіме сор болды. Әпкем енді «Жарты сағатта қыс туралы өлең шығар, жаз туралы өлең шығар»деп қинайтын болды. Аңда-санда қалам алып, қағазға өлең жолдарын түсіріп жататынымыз да сол әпкеміздің арқасы.
Әпкем бала кезінен ұйымдастырушылық қырынан таныла білді. Біздің шағын Талдыбұлақ ауылының шеткері үш үйінің балаларын жиып, мереке сайын концерттік бағдарлама дайындайтын. Үй арасындағы бағаналарға жарнама ілгенді мен сол кезде әпкемнен көргем.
Таудың бауырын жанамалап тас жол өтетін. Сол тас жолға қызық үшін әпкем біздерге тас төсеткізеді. Жүргізушілердің тоқтап, тасты тазартқаны, ашуланып боқтағаны өзіне қызық шығар. Бірақ маған қорқынышты еді.Ши арасында жасырынып жатқан біздер, боқтықтан соң қашпақ болсақ әпкем жұдырығын көрсететін. Әпкемнің жұдырығы өзіме мәлім, одан да жүргізушіге ұсталған жеңілірек.
Жаз келді дегенше поход басталды дей бер. Походымыз тауға шығып, үйден дайындап алып шыққан тамақтарды жеп қайту. Көрші Ербол деген бала екеуміздің міндетіміз жол жиегіндегі белгілерді алып (дорожный знак), тау басына стол дайындау. Қанша жол белгі апарғанымызды бір Алла білер.
Әпкем әйтеуір жаңалық тапқыш. Кімнен естігенін қайдам, бір күні жатарда басына домбыра және нан қойып жатты. Себебін сұрасақ түсіне нан кірсе нан соғар болады-мыс, домбыра кірсе теңдессіз домбырашы болмақ. Анығы әпкеміздің түсіне екеуіде кірмегені.
Әпкемнің ұйқысы қатты. Кеңестік ұйқыдан оятқыш сағаттарға ояна қоймайтын. Адамнан айла артылған ба, оның да емі табылды.Өзінің аяғына жіп байлап, бір ұшын менің аяғыма байлады. Ондағысы әпкем аунағанда мен ұйқыдан оянып сағатты қарауым керек. Құдайға тәуба сабақтан қалып көрмедік.
Әпкемнің жатарда айтатын тақпағы да өзгеше:

Жаттым, жаттым жан Алла

Тұрғыза көр Иншалла

Тұрғызбасаң Иншалла

Лә илләһа Иллалла.

Жел тұрса күзге салым ауылдық жерде қаңбақ домалайды. Қораның артында үлкен қазан шұңқыр бар болатын. Сол жылы шұңқырды қаңбаққа толтырдық. Әпкем жиналған қаңбақтармен аспанға ұшпақ болған еді. Алыстан қаңбақ көрінсе, түлкіге ит қосқандай қосып жіберед. әкелген қаңбағың бүтін болмаса еңбегіңнің еш кеткені. Әйтеуір аспан әлеміне сапар шектіретіндей қатты жел тұрмай жанымыз қалды ғой.
Ауылдық жерде тірлік жермен тікелей байланысты. Жауын жаумаса шөп, егін шықпайды. Әпкем оның да оңай жолын тапты. Жаңбыр жаудыру үшін бақа өлтірсеңіз болды, кешке я болмаса ертеңіне жауын жауып береді-ай бір. Әлде бұл жай ғана сәйкестік пе екен? Әйтеуір сол жылы жаз жаңбырлы болды.
Кесіртке атты бауырымен жорғалаушылар класына жататын жәндік бар. Менің білетінім олардың түсі қара-қоңыр және жасыл (шөп түстес) болады. Сол кесірткелер де екіге бөлінеді екен. Оны әпкем болмаса мен сорлы білмей өтер ме едім.Олардың да мұсылманы мен кәпірі болады екен. Анықтау да онша қатты қиын шаруа емес. Көзіңізге көрінген кесірткеге «Мұсылмансың ба, кәпірсің бе?» деп айқайлайсыз, қаша жөнелсе кәпір болғаны. Оған жер бетінде орын жоқ. Әпкем айтты бітті, өлтіру парыз және сауапты іс. Кеңестік-атеисттік жүйенің әсері ме екен, сол кездерде мұсылман кесірткелер көп кездесе бермеуші еді.Қазір ойлап қарасам қашпай қалғандарының аяғы біздің айғайымыздан қарысып қалған болар.
Әрі қарай

Сіңліме сыйлық :)

Жақында сіңлім 3-ке толады. Соған арнап мына бір сарафанды тоқыдым. Шедевр болмасада, ең бастысы шын көңіліммен тоқыдым.
Әрі қарай

Махаббат, қызық мол жылдар...

Біздің группаның “жұлдызды” жұбы Нұрсұлтан мен Перизаттың арасына қара мысық жүгіріп өтіп, енді бір-бірінен кешірім сұрауға батпай жүрген кездері еді…

Содан бері Перизатқа ас батпай,


тиісінше, Нұрсұлтан да сүйгенін сырттай бақылап қана тынатын…


Әдеттегідей сабақ. Ағай “Қазір келемінін” айтып шығып кетті.
Әрі қарай

«Қазақтар» кетті…

Давным-давно… Ну, как давно?! Вчераааа…

«Астана.кз»

— Ааа, нууу, поееехали!!!
— Че, тебе ехать пора уже?
— Да, мне ехать надо. Давайте.


«Казахи»



Бүгін Интернеттен өз елі сүйген, өзге елдер мойындаған «Қазақтар» КВН командасының мүшелері Нұржан Бейсенов пен Ярослав Мелехинның сұхбатын оқыдым. Алдында Розатайдың жазбасынан оқығандай, команданың бір топ белді ойыншыларының кететіні жайлы Тұрсынбек Қабатов әңгімелеп берген еді, енді, міне, тағы бір мұңға толы сұхбат алыныпты.

Соңғы финалда біздікілердің қандай ойын көрсеткенін көзіміз көрді. Қазақтар ғана емес, ТМД мемлекеттерінің өзге елдеріндегі КВН жанкүйерлерінің өзі интернет-сайттарда «өкінішті», «обал болды», «әділетсіз бағалау» дегенге саятын пікірілер айтып жатты. Youtube-тағы «Қазақтардың» ойыны бар видеолардың астындағы сөздерге қараңызшы, оң ниет танытқан тек қазақстандықтар ғана емес.
Әрі қарай

Бильярд ойынының пайда болу тарихы

Блог - ErNur: Бильярд ойынының пайда болу тарихыҚазіргі таңда көптеген жандардың сүйікті ойыны бильярд. Шарлар ойыны алғашқы тарихи мәліметке ие болған ойындардың бірінен саналады. Көп зерттеушілердің пайымдауынша, Азия осы бильярдтың отаны болып саналады екен. Қытай саудагерлері орта ғасыр кезеңінде қарапайым шарлар ойынын Англияға апарған көрінеді. Ағылшындар оны ары қарай жетілдіреді, және «Pall-Mall» деп атап, оны тегістелген арнайы алаңда, яғни жерде ойнай бастаған. «Бильярд» сөзінің төркіні ағылшынша «ball» (доп), «yeard» (таяқ) болғандықтан ойынды өздері иемденді.
Әрі қарай

ИМХО - қазақша қалай болады?

Админнің бөлмесі: ИМХО - қазақша қалай болады?Осы көп жерде пікір жазғанда «менің ойымша», «жеке пікірім» деп жатамыз. ал интернетте адамдар бұрыннан бері мұндай жағдай үшін ИМХОны қолданады ғой.
Басында ағылшынша In My Humble Opinion (IMHO) болған, кейін орыстар түрлендіріп кетті бұл сөзді:

  • Имею Мнение, Хоть и Ошибочное
  • Имею/Индивидуальное/Истинное Мнение — Хрен Оспоришь/Откажусь
  • Индивидуальное Мнение Хозяина Ответа
  • Имею Мнение, Хочу Озвучить/Отметить/Ответить

Осыған қазақша сөйлем жазып көрейік. Болмаса осыған ұқсас басқа аббревиатура. Сосын соны мем қылып қалыптастырып кетеміз.
Әрі қарай

«Beeline»: тегін емес, техникалық ақаулар



Таныстарым таң атқалы «Beeline бүгін желі ішінде тегін сөйлестіріп жатыр екен, қанша сөйлессек те ақша кетіп жатқан жоқ» деп бір-біріне хабарласып, мәз-мәйрам болып жатты. Егер әлдебір акция болса, алдын-ала хабарланар еді, мұнда бір гәп бар-ау деген ой келді бізідң бейбақ басымызға.
Әрі қарай

Азиада әнұраны: Хасанғалиев vs. Крутой



Азиаданың барыс тұмары жайында Бекжан жақсы дерек бере кетіпті.
Әнұраны да бар бұл бәстің. Алып-қашпа әңгіме көп айтылды. Жалпыұлттық мүшәйра жарияланып, Ескендір Хасанғалиев ағамыздың мына туындысы жеңімпаз атанды. Тиісінше, Азиаданың ашылу, жабылу салтанаттарында орындалады деген байлам болғандай еді.



Соңыра Ресейдегі «Жыл әнінде» Роза Рымбаева мен Батыр Крутойдың мына дүниесін паш етті патшакөңіл тыңдарманға:
Әрі қарай

Азиада талисманы Ирбидің шығу тегі туралы..

www.voxpopuli.kz сайтында Азиада талисманы Ирби туралы мақала шықты… Оның авторы және Ирбидің басынан өткен оқиғалары..Қысқаша баяндап өтейін…

Бірінші әртүрлі аңдар ұсынылған екен:



Сосын комиссия барысты таңдаған екен… Дизайнерлер тарапынан барыстың суреттері ұсыныла бастаған екен, мысалға:



Бұл сурет өте толық және спортқа икемсіз делінген екен.
Әрі қарай