«Beeline»: тегін емес, техникалық ақаулар
Таныстарым таң атқалы «Beeline бүгін желі ішінде тегін сөйлестіріп жатыр екен, қанша сөйлессек те ақша кетіп жатқан жоқ» деп бір-біріне хабарласып, мәз-мәйрам болып жатты. Егер әлдебір акция болса, алдын-ала хабарланар еді, мұнда бір гәп бар-ау деген ой келді бізідң бейбақ басымызға.
Мәселенің анық-қанығын аңдамақ болып, Beeline-дағы таныс-білістерімізден сұрап көріп едік, мынадай жауап алдық.
«Ешқандай да тегін сөйлесу жоқ. Техникалық себептерге байланысты осындай жағдай орын алды. Біздің *102# дейтін қызметіміз уақытша істен шығып қалды, соның кесірінен, абоненттеріміз ақшаларын қанша тексерсе де, экрандағы баланс өзгермей тұр. Бірақ бұл Сіздің шотыңыздан ақша кетпей жатыр деген сөз емес. Сөйлескеніңізге сәйкес баланс көлемі де кеміп жатыр», – дейді Beeline тауар белгісімен қызмет көрсететін «Кар-Тел» ЖШС-нің қоғаммен байланыс менеджері Байрам Азизов.
Олай болса, «бұл неғылған батпан құйрық» деп, көзіміз жетпеген дүниеге алданып қалмайық.
ТМДдағы ең қымбат тариф шынымен бізде шығар. кеше 2 жылдай Минскде тұратын досым келді. Ол жақта өзара минуты 3 теңге екен, ал басқа операторларға 6 теңге, Қазақстанға 20 теңге.
мне ол қалай, Михаилұлы!
Бірақ Қазақстандағы баға олардың жақдайына жетпесе де арзандауына болар еді… Ең құрымағанда сервистерін жақсартса екен…
Адамзаттың сонша ұсақшыл боп кеткенін ойлап, қорс-қорс жыладым. 10 теңге үнемдегенге бола, сүйінші сұрау…
Әбден, әбден қажып біттім…
USSD мәзірі арқылы, *166*1*14# ОК теріп немесе 166 нөміріне vg2 мәтіні бар SMS жолдау.
Тарифтік жоспарға сәтті қосылу құны — 198,23 бірлік, ҚҚС есебімен.
Тарифке сондай-ақ ағымдағы айдың 25-не дейін сәйкес жазбаша өтінішпен Kcell орталығына хабарласу арқылы тегін қосылуға болады. Абоненттің ағымдағының орнына тапсырыс берген тарифтік жоспары бойынша көрсетілетін ұялы байланыс қызметтері келесі күнтізбелік айдың бірінен басталады.
Әрекет ету мерзімі:
2009 жылдың 13 сәуірінен 2012 жылдың 31 қаңтарына дейін.
activ.kz/kz/?l=news2&o=display&page=&idx=222
айтпақшы ана тариф күнде 19тг жейді, сөйлессең де сөйлеспесең де.
иә, соны естіп жатырмын, жаман екенгой, оданда тарифке кірмей солай сойлесіп жүре бергенім.))