The ТЕРМИНатор: Асталависта, "мәтіналғы"!

Әу баста информатика терминдерінің «мәліметтер қорын» жасап тастап, оның толтырылуын жайбарақ бақылап отыру перспективасы мықты ұнаған еді («жұмысы аз, рақат емес пе?»).
Бірақ, соңғы онжылдықта белең алған, бер жағы – берекетсіз аударма болса, ар жағы – қарапайым көргенсіздікпен ұштасып жатқан қазақша терминдердің табиғатын саралай отырып, олардың қолданысқа енбеуінің себебі – әншейін өзімбілемдік пен менмендікте жатқанын түсіндік. Информатика терминдері, көптеген кәсіпқой мамандардың сүзгісінен өткен тұщымды өнімнен гөрі, бір адамның солосы тәрізді сезімдер қалдырады.
Ендеше, терминдерді аударудың немесе аудармаудың басқаша әдісіне көшсек дейміз. Оның түпқазығы – керекинфошылардың көзқарасы болмақ. Әрі ұсынылған терминге қатысты пікірлер де үнемі қадағаланады. Бұл – барлығы болмағанмен, көпшілік қолдайтын, айтуға ұят емес терминдердің өмірге келуіне септігін тигізеді ме деген дәме бар. Және терминдерді «Керекинфошылар бекіткен!» деген айдармен бөлек кестеге жинап отырмақпыз.
Терминдерді әліппе ретімен емес, қолданыста жиі қолданылатындар ретімен ұсынуды жөн көріп отырмыз.
«Төл тіліміздің көсегесін көгертейік!» деген ұран тастап, революциялық рух беруден аулақпыз. Жәй, қолыңыз тигенде қарап, өз пікіріңізді білдіріп қойсаңыз да үлкен қолғабыс.
Іске сәт!
Әрі қарай

Жақсы адамдарды ажырату

Блог - Gastarbaiter: Жақсы адамдарды ажырату
Осы жақсы адамның сендер үшін критиерийлері қандай? Былайынша қойня сияқты айта салу бес жасар бала жақсы мен жаманды айырады дейтіндер табылар. Бірақ күллі төбелес, ұрыс, соғыс, интрига, кикілжің мен келіспеушілік, өсек-өтіріктің барлығы жақсы адам мен жаман адам деген түсініктің әр адамда әр түрлі болуынан ғой.

Сонда жақсы адамның жақсылығын нақты қандай белгілерінен білесің? Өз ойымды әзір айтпай ақ қояйын, әйтпесе сіздердің оқталып отырған ойларыңды бұзып жіберермін. Он пікір жазылған соң айтармын.
Әрі қарай

Қалтафон һәм Интернет арқылы келген танымалдық: Тәжік Джимми

Күнкөріс қамымен Ресейге гастарбайтерлетіп, ала дорбасын арқалап барған Баймұрат Аллабердиев мұндай танымалдыққа ие болам деп тіптен ойламаған да шығар (армандауын армандады ғой). Ойламағаны былай тұрсын, түсінде де көрмеді білем. Құрылыс орындарында қалта телефонының алдында өнер көрсетіп тұрғанда, мұншалықты атақты болатынын қайдан білсін :)
Әрі қарай

АДМИН КРАСАВА!

Ия!!! Оралуыңмен КерекИнфо! Шынында да Дабай.кзке кейбіреулер кері пікір тудырып үлгерген еді. Бірақ қалай болғанда да құлағымыз үйреніп те қалыпты! Жаңа ат — жаңа шыңдармен иықтасады деп үміттенеміз! Алдағы уақыттарда бұл сайттан шынында да көптеген керекті инфо табуымызға, өзімізде бар инфоны жұртпен бөлісуге бар күшімізді салуға тырысамыз! Жарайсың Асау Бота! Аузыма «Админ красава» дегеннен басқа сөз келмей тұр!
Әрі қарай

"Ғашық жүрек – 2" сөреден шықты…


«Время» газетінің хабарлауынша, "Ғашық жүрек немесе коктейль для звезды" фильмі өз шығындарын өтеп қана қоймай, таза табыс әкелген тұңғыш қазақстандық туынды екен. Құлағымыздың естігені бас продюссері Баян Есентаева болған фильм жайлы үлкен-кішінің әңгімесі мен көзіміздің көргені кассадағы ұзын-сонар кезек болған соң, көңіліміз әлгі ақпаратқа сенді. 
Әрі қарай

Қайтпас Қайсаров

Қайтпас Қайсаров. Президенттіктен үміткер Уәлихан Қайсаровтың атын өстіп өзгертуге кеңес беремін. Өйткені өткенде қазақ тілінен емтихан тапсырудан «құлап» қалған Қайсаров, орталық сайлау комиссиясына қайта құжат өткізіпті. Бұлай болуы заңмен рұқсат етілген екен. Орталық сайлау комиссиясы әлі нақты шешім қабылдаған жоқ  деседі. Қайтпас батыр  қазір Хит тв-дағы ортасында тесігі бар қара көзілдірік таққан қос қыздың  “ Бір шанс бер, бір шанс бер” деген өлеңін ыңылдап, ОСК жақа үмітпен қарап отырған көрінеді.    Бұл жолы қазақ тілі емтиханын қатырамын депті. Сондай-ақ алдыңғы емтихан қорытындысы туралы лингвистикалық комисиямен келіспейтіндігін білдіріпті.

Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/02/11/%d2%9b%d0%b0%d0%b9%d1%82%d0%bf%d0%b0%d1%81-%d2%9b%d0%b0%d0%b9%d1%81%d0%b0%d1%80%d0%be%d0%b2/
Әрі қарай

КерекИнфоға оралу

Админнің бөлмесі: КерекИнфоға оралуДабай.кз ашылғанына 2 айдай уақыт болды. Осы қысқа уақыт ішінде өзіндік аудиториясы қалыптасып үлгерді. Нағыз пікірталас платформасына айналып үлгерді. Басында техникалық тұрғыда әлсірей бастаған Кездесу.ком сайтына альтернатива ретінде эксперимент ретінде бастаған жобам еді. Кейін Асхат бастаған блогшылардың қолдауымен жақсы жобаға айналып шыға келді. Қолданушы пікірімен санаспауға болмайды, Дабай деген ат көпшілікке ұнамады. Менің өзіме сондай жеңіл атау ұнап тұрса да, мұндай атпен сайттың болашағы бұлыңғыр деген болжамдар айтылды. Сол себепті әлі жолдың басындамыз, кеш емес әлі деген оймен кезінде Қазнетте танымал болған КерекИнфо сайтының атын таңдадым. Дабайдағы белсенділікті біреулер сол баяғы КерекИнфоға да ұқсатты, сол кездегі рух қайта келгендей деген пікірлер болды. Ақыры осы сайтта ақпарат бөлісіп жүр екенбіз, ақпаратымыз керек болсын, керек инфо болсын! Осы атты жатсынбай бұдан кейін КерекИнфоға үйрене берулеріңізді сұраймын. Ал қолданушылар Дабайшылар емес кезінде қалыптасып қалған Керекшілер деп аталайық.
Осындай ребрендингке түсіністікпен қарауларыңызды өтінемін, Дабай аты ұнайды дегендерден кешірім сұраймын. Бұрынғы доменмен де кіре беруге болады.
Әрі қарай

Тақырып аты өте маңызды

Жазылатын мақала да өте маңызды. Негізі ДабайКЗ те izgilik.wordpress.com/ блогымдағы мақалалар автоматты түрде кросспостинг жүйесімен жарияланып тұрады деп айтылған соң тіркеліп едім. Көпке дейін тіркелмей, Фейзбук немесе Твиттер арқылы кіретін жағдай жасағанда пікір жазармын деп жүр едім. Әйтпесе екі үш жерден блог ашып бәріне жазып отыруға шама жоқ. Мысалы izgilik.wordpress.com/ блогымдағы мақалалар жарыққа шыққан соң автоматты түрде Фейзбукте, Твиттерде, Ювижнде жарияланады. Енді ДабайКЗ, Ойтөбе, МасаКЗ автоматты түрде шығып тұрса өте тамаша болар еді. Қазыр жергілікті желілердің дамыған, бір-бірімен араласатын заманы ғой. Әрбір блогтың немесе сайттың жеке қолданушылары болады және бірнеше блогты ашып алып, неше түрлі атпен жүретін уақыт болмайды. Қазір тұрақты танымал бір есіміңді қалыптастыру маңызды.
Кроспостинг істеп тұрғанын көрмедім. Мүмкін мен таба алмаған шығармын.
Осы алғашқы жарияланым туралы http://izgilik.wordpress.com/2011/02/11/жаз-дабай-пиши-давай/ жаздым.
Әрі қарай

Бесік тойға бардым...

ОҒМ жазбалары: Бесік тойға бардым...Әріптесіміз баласының бесік тойына шақырған. Межелі уақытында сыйлыққа алған бесік-арба, әдемі костюм және шай сервизімізбен арқаланып кафеге бардық. Бір қызығы, сәбиге 40 күн толып қойғанына қарамастан, олар бұл тойды "қалжа" деп атап жүр. Білуімше, "қалжа" деген жас босанған әйелге әл жинауы үшін мал сойып, сорпасын ішкізу сияқты еді.
Ұнағаны, шара еш ішімдіксіз, қымызбен өткізілді. Сәбидің атын Ислам қойыпты, осыған байланысты діни тақырыпта викторина өткізіліп, сұраққа жауап бергендерге сыйлықтар таратылды. Оған қоса, қолымызға бір-бір «Ақ бата» атты кітапша ұстатылып, әркім тілегіне қосымша, баталар жинағынан шумақтар оқып отырды. Соңында өрнектелген әдемі қоржындар сөгіліп, жиналған қыз-келіншектерге шашу таратылды.
Үстіне бархат фрак киіп, мойнына бабочка таққан Ислам (щанем-ау, кіп-кішкене размерін қайдан тауып алған десеңші) бесік-арбада ештеңемен ісі болмай ұйықтап жатты)))
Әрі қарай