Астана әкімдігі азық-түлік өнімдерінің бағасын тексеруде

Астанада азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлеріне бағаны реттеу бойынша күн сайын тексеру жүргізілуде.

Атап айтқанда, қала билігі «Астықжан», «Магнум» және «Шапағат» базарлары сияқты қаланың сауда орталықтарында бағаны тұрақтандыру бойынша бақылау жүргізуде.

Статистикаға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімінің бағасы ай басынан 98,4 пайызды құрайды. Бағаны тұрақтандыру мақсатында мамыр айынан бастап 30-дан астам өңірлік ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті, 11660 т өнім іске асырылды. Салыстырып алғанда 2016 жылы 12 мың т өнім іске асырылды, олардың 3660 тоннасы тек көкөніс өнімдері, олардың ішінде: картоп шамамен — 800 т, орташа бағасы — 110 тг/кг (Астана қ. бойынша орташа баға 160 тг/кг), қырыққабат 900 тг/кг (орташа баға – 109 тг/кг), пияз – 120 тг/кг (орташа баға 154 тг/кг), сәбіз – 150 тг/кг (орташа баға 140 тг/кг). 5-6 тамызда Атырау және Қостанай облыстарының жәрмеңкесі өтеді.

Ірі отандық өндірушілермен жасалған келісімшарттар аясында сиыр етінің сатып алу бағасы бекітілді (1300 тг/кг), сатылымға сүйексіз жұмсақ еттің 1 келісі 1350 теңгеден шығарылады.

«Astana» ӘКК» ҰК» АҚ «Кеңмарт» СО және «Астықжан» СО-на жалпы көлемі 300 млн теңге (әрқайсысына 150 млн теңгеден) сомасында несие берді. Қазір бұл нысандар ағымдағы жылдың соңына дейін тауардың 10 санаты бойынша азық-түлік өнімінің 49 түріне өздерінің бағасын бекітті. Атап айтқанда: тауыр еті, сүт өнімдері, гастрономия, сусындар, жартылай фабрикаттар, сұйық май, нан және тоқаш өнімдері және т.б.

Қант бағасын тұрақтандыру мақсатында тексеру жүргізілуде. Қанттың бағасы 260 тг/кг болып бекітілген.

«Астықжан», «Кеңмарт», «Магнум», «Шапағат», «Апрель», «А2» желісі, «Встреча», «Алма» супермаркеті, «5 минут» сауда жүйесі секілді 33 сауда нысанында азық-түлік өнімдері іске асырылады.
Әрі қарай

Британдықтар "Астанадағы бақыт сыйлайтын жерлер" картасын құрады

2-3 тамыз аралығында Astana Music Hall-да британдық InvisibleFlock ұжымы еліміздің астанасы туралы «Бақытта адамдар Live» музыкалық қойылымын қояды.

Қойылым ең бақытты сәттерді сезінген қаладағы жерлер туралы Астана тұрғындары мен қонақтарының естеліктеріне негізделген. Шілде айында «Керуен» ОСО-да кез-келген тұрғын интерактивті тақтайшаға өзінің арман-мақсаттарын жазып, ұмытылмас естеліктермен бөлісе алу мүмкіндігіне ие болды.

-Астана біз үшін – әрдайым шабыттандыратын бірегей қала. ЭКСПО кең ауқымды шарасын сапалы өткізіп жатырсыздар. Керемет әсер алдық, — деді InvisibleFlock өкілдері.

Қойылым ЭКСПО-2017 үшін британдық FutureCreative мәдени бағдарламасы аясында өтеді.

Invisible Flock — интерактивті арт-студия, ол 2009 жылы Лидс қаласында Бен Итон, Виктория Пратт және Ричард Уорбертон есімді үш суретшімен құрылған.

«Бақытта адамдар Live» қойылымына билеттерді www.biletiastana.kz. сайтынан сатып алуға болады.

«Астанадағы бақыт сыйлайтын жерлер» картасы:

www.invisibleflock.com/bringthehappy/newMap.html

Толығырақ жоба туралы: www.britishcouncil.kz/ru/programmes/arts/bring-the-happy
Әрі қарай

Алматы облысында Коллекторлық агенттіктер қызмет көрсетуде

Алматы облысында Коллекторлық агенттіктер қызмет көрсетуде
Әділет министрлігнің ресми ақпараты бойынша Қазақстанда Коллекторлық қызмет көрсететін 59 агенттік жұмыс істейді. Соның ішінде Алматы облысында 12 агенттік бар. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
Ағымдағы жылдың 2 маусымында ғана «Коллекторлық қызмет туралы» Заң қолданысқа енгізілді. Бұл заң банк секторы мен микрокредит секторында проблемалық қарыздарды өндіріп алып, туындайтын құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған.
«Коллекторлық қызмет туралы» КР Заңын қабылдануына дейін, қарыз алушылар үшін бірнеше негізгі тәуекелдер болды:
Біріншіден — талап ету құқықтары басқа тұлғаларға берілген кезде банктердің қарыз алушылары реттеу саласындағы уәкілетті органның қорғауын жоғалтады.
Екіншіден — нарықта қарыздарды жинауға бағытталған ұйымдар қызметінің заңды негіздері, және уәкілетті бақылау органы болған жоқ.Бұл коллекторларға ашық емес қызметі үшін жағдай жасады және қарыз жинаудың заңсыз және әдепсіз әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.
Ал, үшіншіден, қарыз алушыға қолайсыз шарттарда жаңа келісім шарттарды немесе қосымша келісімдерді мәжбүрлеп жасау қауіпі болды, аталған жайт кредиторға қолданылатын шектеулерді болдыртпау мүмкіндігі бар», — деді ҚР Ұлттык Банкінің Алматы облыстық филиалы директорынын орынбасары Сакенова Алия.
Заң, сондай-ақ борышкердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды көздейді. Борышкер өзінің коллекторлық агенттігімен байланыс жасауы тиіс.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

№50 және №105 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгертілді

Елордада қаланың бағыттық желісін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

29 шілдеден №50 бағыт қозғалысының сызбасы ұзартылды: «Нұрлы жол» теміржол вокзалы аялдамасынан автобус мына бағыттар бойынша жүреді: Байтұрсынов көшесі – оңға Шарбақты көшесіне-солға Шалкөде көшесіне – жаңа соңғы аялдама «Промышленный» тұрғын үй массиві. Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

№105 жылдам бағытының қозғалыс сызбасы: соңғы аялдау пункті Нұрлы жол» теміржол вокзалы болады.

«Бал бала» балабақшасы соңғы аялдамасынан автобус Абылай хан даңғылы және Қобда тұйығына дейінгі қиылысқа дейін жүреді, ары қарай оңға мына бағыт бойынша: Қобда көшесі – Төлеубаев көшесі – Шарбақты көшесі – теміржол эстакадасы бойындағы жолмен – «Нұрлы жол» т/в».

Қалалық автобус бағыттарының өзгеруі жолаушылар ағынының өсуімен және жаңа қалалық нысандардың іске қосылуымен, оның ішінде тұрғын үй массивтерінің пайдалануға берілуімен байланысты.
Әрі қарай

«Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша 3793 грант бөлінді

Алматы облысы: «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша 3793 грант бөлінді

«Серпін» әлеуметтік жобасы 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобаның басты мақсаты Республиканың оңтүстік өңіріндегі ауыл жастарын еңбек сұранысы көп батыс және солтүстік аймақтарға білім алуға жіберу, кейін сол жерде жұмысқа тұру мүмкіндігін қарастыру.
Жоба Республикамыздың 9 аймағында орналасқан колледждер мен ЖОО-ы сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
Биылғы оқу жылына 25 жоғарғы оқу орындарына 3793 грант бөлінді. Оның ішінде техникалық мамандықтарға 1898, ауыл шаруашылық мамандықтарына 345 грант. Жалпы осы үш жыл көлемінде Алматы облысынан 3000-нан астам студент жастар басқа облыстарда оқу орындарында тегін білім алып келеді.
««Серпін» әлеуметтік жобасы арқылы басқа аймақтарға кетіп жатқан студенттерімізге барлық жағдай жасалған. Мәселен, білімгерлерге 4 жыл бойы жатақхана, үйіне барып қайту жол ақысы, шәкірт ақысы беріледі. Шет жаққа кетіп бара жатқандықтан сол жердің халқы «Серпіндіктерді» жылы шыраймен қарсалып жатады. Бұл дегеніміз дәстүріміздегі қонақжайлылықтың белгісі әлі де боймызда барын білдіреді», — деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Серпін» ұлттық жобалар басқармасының басшысы Тобатаева Күлзия.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Жыл басынан бері елорданың оннан астам көшесіне жол ашылды

Қазіргі таңда қала жолдарының 25 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді; ағымдағы жылдың соңына дейін қашықтығы 79,9 шақырым 89 көшенің жолдары қалыпқа келтіріледі, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Үстіміздегі жылы Астана қаласының әкімдігі құрылыс жұмыстарын жүргізіп, бірнеше қатар көшелерге жол ашты.

-Жолдар А.Байтұрсынов көшесінде Қ.Аманжолов көшесінен «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін (А62 көш.), Ж.Нәжімеденов –Қ.Аманжолов көшесінен жаңа «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін (А62 көш.), А62 көшесінде «Нұрлы жол» теміржол вокзалы аумағында, №24 көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік ел даңғылына дейін, Түркістан және Ақмешіт көшелерінде Орынбор көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аумақта, Ақмешіт көшесінде Керей, Жәнібек хандар даңғылына дейінгі аумақтан №24 көшесіне дейін және №26 көшесінен Ұлы дала даңғылына дейін, №31 көшесінде Қабанбайбатыр даңғылынан Нұра-Есіл арнасына дейін, №357, 496, 498 көшелерінде №31 көшеден өрт депосына дейін жолдар ашылды, — деп хабарлады Астана қаласының көлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары Асқар Исаков.

Бұдан бөлек Мәңгілік Ел даңғылы мен №31 көше қиылысы маңында аумағы 40 мың шаршы метр 1,5 мың көлікке шақталған тұрақ құрылысы аяқталды.

Бүгінгі таңда аумағы 25 шақырым елорда жолдарына орта жөнде жүргізілді.

Бұған қосы осы жылдың қараша айының соңына дейін Сарайшық көшесіндегі Тұран даңғылынан Ш.Бейсекова көшесіне дейін ұзындығы 3 шақырым жол ашылады. Ш.Бейсекова көшесіндегі Сығанақ көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аумақта қашықтығы 2,9 шақырым жол құрылысы басталады.

-Бұл шара Тұран, Қабанбай батыр, Мәңгілік ел, Қорғалжың тасжолындағы қозғалысты азайтуға септігін тигізеді,- дейді А.Исаков.

Қаланың әлеуметтік нысандарына инженерлік желілер мен келетін жолдар тарту үшін бірқатар көшелерде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде С.Сейфуллин және Н.Тілендиев даңғылы 4 көше жалпы ұзындығы 5,3 шақырым: Қошқарбаев көшесі ауданындағы 7 көше жалпы аумағы 9,1 шақырым; Сығанақ көшесінің оңтүстік аумағында Құлагер» ТК, «Шығыс» ТК аумағында көше құрылысы басталды.

Жолдарды қалыпқа келтіру және салу жұмыстарына 1 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Жыл соңына дейін орта жөндеу жұмыстарымен 89 көше қамтылады, ұзындығы 79,9 шақырым.

Орта, ағымдағы жөндеуге 630 адам жұмылдырылады. Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 174 адам, 80 бірлік мамандандырылған техника еңбеккке тартылады.

Жыл бойы жолдардағы ойылған жерлерді жамауға 15 бригада жұмылдырылған.

Ағымдағы жылы «Screpton» материалын қолдану арқылы 50 көшеде жалпы аумағы 27 шақырым жол құрылысын жүргізу жоспарлануда.
Әрі қарай

Қарызға ақша сұраудың тиімді 5 әдісі

Заман қиындау. Ақша жетіспейді. Банк енді кредит бермейді. Микрокредит беретін ұйымдарға жолағың келмейді. Букмекерде тіккен бәсің де шықпады. Бухгалтерия аванс жоқ дейді. Қысқасы ақша керек қой саған осы тақырыпты көріп, постты оқуға келгеніңе қарағанда? Ендеше мұқият оқы, үйрен!

1. Нысананы нақты белгіле

Қарызға ақша сұрау — қиын өнер. Дұрыстап біліп алмай, өзің сияқты қайыршыдан сұрап тұрма. Алдымен сұрайтын адамыңды мұқият зерттеп ал. Соңғы кездегі жағдайы қалай, нелер алып жүр, шаруасы қалай жүріп жатыр? Асықпай сараптап ал.

2. Аулайтын аңыңның айналасын қарақұс сияқты торуылда

«Сәлем! Қалайсың? Шамалы ақша қараса аласың ба?» деуге әбден болмайды. Алдымен күн сайын сәлемдесіп, жағдайын сұрап, басқа нәрселер сөйлесіп маңайында бол. Қарыз сұрау күні келгенге шейін сондай қарым-қатынаста бол. Сосын барып сұраған кезде бермейін десе ұялатын болады. Сондықтан аздап шыдам керек.

3. Өз жағдайыңды білдіртпе

«Ақшадан қиналып жүрмін, тиын түспей жатыр» сияқты мұңайған сөздермен жылай берме. Өйте берсең «мынау бір күні менен қарыз сұрайды-ау» деп ойлап қалады. Алдын ала өзіңді сүйкімсіз қылма. Үндеме, тыныш жүр, жылама.

4. Жүзбе жүз кездесіп сұра

WhatsApp-пен жазба, телефон шалма. Олай істесең қарсы жаққа ойлану мүмкіндігін беріп қоясың. Бермеу үшін себеп ойлай бастайды. Сондықтан бетпе бет кездесіп сұра.

5. Күтпеген жерден шабуылда

Ойда жоқ жерден, күтпеген тұстан атып шығып, «Маған бір 20 мыңдай керек болып тұр» деп нақты соманы айтып сұра. Сол кезде ол сасып қалады, ойлануына мүмкіндігі қалмайды. Қандай қате жасағанын саған ақша бергеннен кейін түсінеді.

Сонымен осы. Игіліңе жарат ақшаңды!

Жетісулықтар ЕХРО аясында байқаулар өткізуде

Алматы облысы: Жетісулықтар  ЕХРО аясында байқаулар өткізуде
Халықаралық маңызға ие «EXPO-2017» көрмесін кеңінен насихаттау мақсатында Алматы облысында бірнеше байқаулар өткен. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
«Ең алғашқы конкурс «ЭКСПО шақырады» деп аталады. Жедел ұтыс ойын ағымдағы жылдың 24-мамыр күні жарияланған. Бұл ұтыс ойынына инстаграм әлеуметтік желісінің қолданушылары қатысты. Байқауға қатысу үшін @gaao2017 және @rsk.almatyobl инстаграмм парақшаларының оқырманы болып, конкурстық постпен өз парақшасына бөлісуі қажет болды. Байқауға 33 адам қатысып, барлығына «ЭКСПО-2017» логотиптері бар кәдесый өнімдері табысталды. Келесі «EXPO-2017 – балалар көзқарасымен» акциясы 1-маусым Балалар күні мерекесіне орай ұйымдастырылды. Аталмыш акция мереке қарсаңында Жастар саябағында өткізіліп, балаларға «EXPO-2017» көрмесі туралы ақпарат таратылып, мерекелік сыйлықтар мен ойыншықтар, брошюралар мен плакаттар табыс етілді», — деді Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдарының Консалтинг орталығының жетекшісі Сапаров Елдар.
Прогресс пен өңдірістің көрінісі бола білген «EXPO-2017» көрмесі келешекте еліміздің табысты әрі дамыған елдердің алдыңғы қатарында болатына сенімдіміз.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Алматы облысында таун-хаус салынбақ

Алматы облысында таун-хаус салынбақ
Қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бүкіл Қазақстан бойынша тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Соның бірі Алматы облысында осы жылдың аяғына дейін жалпы алаңы 5918,4 шаршы метр болатын 48 пәтерлі таун-хаустар салынуы жоспарлануда. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
«Нұрлы-Жер» бағдарламаның мәні, жерге кезекте тұрған азаматтар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларын біріктіру. Жер теліміне кезекте тұрған азаматтар, тек жер ғана емес, дайын үйді алуға мүмкіндіктері бар.
«Үміткерлер үшін екі маңызды шарт сәйкес болуы тиіс. Біріншісі, жер теліміне кезекте тұруы. Екіншісі, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинақтау шоты болуы тиіс. Тұрғызылған ғимараттар алаңы 80 шаршы метрден 123 метрге дейін ауытқып отырады, 1 шаршы метр құны 120 000 теңгені құрайды. Осы бағдарлама шеңберінде тұрғын үйді сатып алу үшін тұрғын үй құнының бастапқы 30% Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне енгізіледі, несие жылына 5 %-бен есептеледі. Пәтерді Жер комитетінде жер учаскесіне кезекте тұрған азаматтар ала алады», — деді «Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Рүстем Сағындықұлы.
Бағдарламаға қатысуы үшін міндетті талаптың бірі сатып алынатын тұрғын үй құнының 30% көлемінде қатысушының жеке шотында қаржы болу керектігі айтылды.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай