Чемпиондар Лигасы. 1/8 финал ойындары.



Сонымен көптен күткен футбол мейрамы да жетті бізге. Бүгін 1/8 финал ойындарының алғашқылары басталады. Бүгін 2 ойын, ертең 2 ойын. Қалған 4 ойын келесі аптада. Яғни бұрынғыдай 2 апта күтпейміз, әр апта ЧЛ ойындары болатын болады.

16.02.2011 01:45 Милан — Тоттенхэм ҚАЗАҚСТАН
16.02.2011 01:45 Валенсия — Шальке-04 ХАБАР
17.02.2011 01:45 Арсенал Л — Барселона ҚАЗАҚСТАН
17.02.2011 01:45 Рома — Шахтер Дн ХАБАР
Әрі қарай

Бүгінгі күннің суреттері


В любви единственная победа – это бегство.
Наполеон Бонапарт
Бүгін – Әулие Валентин күні.  Махаббат күніне арналған мәуелі-мәуелі сөздердің елесі қоғамды кезіп жүр. Біреу қарсы, біреу қарсы емес, біреу қарсы да қарсы емес те емес дегендей… Жоқ, менің бұл күнді жақтап не даттап, болмаса ақтап жазба жазып, миларыңызды ашытқалы отырған жоқпын. Әшейін, тақырып аясынан табылатын бір топ антивалентинкаларды бергелі кетейін деп едім. Көңілді отырыңыздар. Тек әке-шешеден боқөтамасаңыздар болды.
Әрі қарай

Алдарыңызда… “абсурд театры”


Былай қарасаңыз, биылғы сайлауға көшелі сөз айтып, келелі іс бастайтын азаматтар емес, көршісінен басқа ешкім көрмеген, туысынан өзге ешкім танымаған кісілер киіп-жарып қатысып жатыр. Бұнысы сайлауды сайқымазаққа айналдыру ма, әлде демократияның көрінісі ме, білмедім. Білетінім – бұл абсурд театры.
Оғаш театрдың кейіпкерлері көзіңнен жас ағызатындай қайғылы емес, ішек-сілеңді қатыратын сайқымазақ та емес. Бірақ, күлкілі көрінеді.
Әрі қарай

Әз-ағаның батасы арман еді...

Әзілхан аға қайтыс болыпты, 89 жасында.
Шымбұлақта шаңғы теуіп, адреналинге тойып кеп, тв қарап жатқам. Қазақстан арнасы жаңалықтардан жылт еткізгенде, тойға дейін шыдамадыңыз ба деп күбірлеппін, есі ауған адам сияқты. Қасымдағы інім аң-таң тойы несі деп.
Той демекші жаздың соңында бір мәселеге пікір керек болып Әзілхан ағаға қоңырау шалғам. Жас қыз көтерді, ата ма қазір деп трубканы Әзілхан аға бере қойды. Жөнімді айтып жатырмын, Қазақпараттан, Ерболмын, журналистпін деп.
Әрі қарай

Кеш келген сәуегейлік (эссе)

«Оқитын дым жоқ» © Ақзере

Жедел жәрдем келгенде, ол әлі сандырақтап жатыр еді. «Тунис… Тунисте төңкеріс болад… Мысыр… Мысырда он жеті… жоқ, он сегіз күн бойы ереуіл болад. Құсни Мүбәрәк отставкаға кетед...».
Жұмамұрат Саймон 2020 жылдың күзін осылай қарсы алды…
Әрі қарай

Маңғыстау еліміз бойынша әлеуеті артқан, бизнес үшін қолайлы үздік 3 аймақтың қатарына еніп отыр.

Аймақтарды жан-жақты дамыту, аудан-ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру — қашанда мемлекет башылығының жіті назарында, қатаң қадағалауында екендігі белгілі. Осы ретте біз Елбасының қойып отырған тапсырмаларын орындауда, Жолдауларды жүзеге асыруда аймақтардың қазіргі аяқ алысы қандай деген сауалға жауап іздеп көруді жөн көрдік… Бұл жолғы зерттеу нысанамызға – Маңғыстау облысы түсті. Сонымен көріп, білгеніміз, ойға түйгеніміз мынау. Бүгінгі Маңғыстау облысы – жан-жақты дамыған, заманауи талаптарға сай жұмыс істейтін ірі өнеркәсіп орталығына айналған. Газы мен суы тартылып, балабақшасы ашылып, еңселі білім ошақтары бой көтерген қазыналы түбекте халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімінің көлемі 18 мың АҚШ долларына жеткен. Осылайша Маңғыстау еліміз бойынша әлеуеті артқан, бизнес үшін қолайлы үздік 3 аймақтың қатарына еніп отыр. Маңғыстауда тағы нендей жаңалық бар? Қарапайым қараның тұрмысы қалай деулеріңіз мүмкін? Бұл сауалдардың жауабын осы өңірден оралған тілшіміз Аида Қыдырбайқызы беруге тырысады.
Әрі қарай

Валентин

Сұрақ: “Валентин күні” деп аталатын ғашықтар күнін тойлаудың және сыйлық берудің діни тұрғыдан зияны бар ма?

Жауап: Бұл күн “Әйелдер күні”, “Балалар күні” секілді әдетке қатысты күн. Алайда “ғашықтар” деген кезде дінге қайшы (некесіз) болған қатынастар негізге алынуда. Ал бұл болса мүлдем жаиз емес, харам нәрсені тойлауға болмайды. Халықтың әдеті (салты) болған нәрсені жасау жаиз, алайда дінге қайшы болған әдетті құттықтау жаиз емес. Яғни дінімізде некесіз қатынастарға тыйым салынған. Төмендегі христиандардың әңгімесі дұрыс болса, ғашықтар күнін тойлауымыз – шіркеу попының жастарды қосқандығын тойлауға және поптың өлімін еске алуға ұқсап кетеді. Тіпті мейрам ретінде жарияланғанына қарағанда христиандардың діни мейрамын тойлау одан бетер қауіпті.

Сайнт (Қасиетті) Валентин (ғашықтар) күнінің шығу тарихы: Зұлымдығымен танымал болған Рим Императоры II-ші Клаудиус үлкен әскери қол жинауды көздейді. (Милади 200 ж) Император әскерге қосылған еркектердің отбасыларын және сүйіктілерін ойлап соғыса алмай қалады деп сенеді. Осы себепті жастардың үйленуіне тыйым салады. Сол дәуірде Императорға қарсы шыққан және жастардың басын қосқан Валентин атты поп ғашықтардың ең жақын досы атанады. Мұны естіген император Валентинді түрмеге қаматады. Түрме күзетшісінің соқыр қызының сауығуына көмекші болған Валентиннің аты Императордың құлағына жетеді. Сөйтіп, 14-ші ақпанда поп өлтіріледі. (Милади 270 ж)

Өлген күні күзетшінің соқыр қызына жазған бір жапырақ қағазы табылады. Ол қағазда Валентин ғашықтардың арасындағы махаббаттан, құмарлықтан сөз еткен екен. Сол күннен бастап 14-ші ақпан Сайнт (қасиетті) Валентинді еске алу үшін бір-бірлеріне ынтызар болған ғашық жандар тарапынан тойланып келеді.

Христиандық поп Валентин жастармен қоса кішкентай балалар тарапынан да сүйіспеншілікке бөленеді. Бір сылтаумен тұтқындалады. Тұтқында жатқан мерзімі бойынша балалар гүл шоқтарымен қоса жазған хаттарын күн сайын түрменің темірлеріне іліп кетіп жүреді. 14-ші ақпанда Валентинді өлім жазасына кеседі. Өлгеннен кейін жыл сайын 14-ші ақпан күні адамдар сүйіктілеріне гүл шоғырын, шоколад және ғашық сезімін білдіретін хаттарын алып бару әдетке айналады.

Әр түрлі мемлекеттерден шыққан көптеген тарихшылар 14-ші ақпанның тек қана ғашықтарға тән болуына қарсы болған. Олар 5 ғасырда өмір сүрген Қасиетті Валентин атты поптың бұл күнді мейрам күні деп жариялап кеткенін айтуда.

«Валентин христиандық сенімінде Римдік күнәсыз (святой) болып табылады. Милади 269 жылдары өлтірілген деп саналуда. Ғашықтардың көсемі (святойы) деп те білінеді. Жыл сайын 14-ші ақпанда еске алынады. Уақыт өте келе бұл күнді “ғашықтар күні” деп атап кеткен.» (Oxford Dictionary of English)
мына жерден: www.islamdini.kz
Әрі қарай

Бір үзім романтика



Бүгін маған жазылған құттықтау каменттерін оқып отырып, Нұрғисаның бір жайтты еске түсіріп жіберді. Сіздермен бөлісейін дедім:

Шамамен 2003 жыл болуы керек. Ол кезде де КерекИнфо админімін. Түркияда студент кезім. Гүлчин деген түрік қызым болды. Сол қызбен бір ренжісіп қалған кездерім болуы керек (негізі қыздармен 1000 рет ренжісіп, 1000 рет татуласатынмын). Бір ой келді Гүлчинге сюрприз жасайын дедім. Керекинфо форумындағы қолданушыларға өтініш тастадым, Гүлчиннің номеріне «Arshat seni seviyor» (Аршат сені сүйеді) деп SMS жіберіңдерші дедім. Қазақстан, Ресей, Түркия, Қытай, Америка, Корея, Моңғолия сияқты неше түрлі елден SMS барыпты Гүлчиннің номеріне. бір мәз болып қалып еді.

Ол кезде флешмоб деген түсінік жоқ, идея қарайтын Google жоқ. Бәрі оригинал еді, ойлай алатын едік, ойланатын едік. Романтика бар еді. Қазір білмеймін, заман өзгеріп келе ме бұрынғыдай ой, бұрынғыдай романтика жоқ сияқты. Әлде мен байқамаймын ба қазіргі жастардан?..

Сіздер де өткен жылдардағы романтикалық сәттеріңізді бөлісе отырыңыздар.
Әрі қарай

Мәуліт - Мұхаммед Пайғамбарымыздың туған күні (14-15 ақпан 2011)


Мәуліт тарихы

Имам Ахмад риуаятындағы хадис – шарифте:

“Көпшілік мұсылмандар жақсы деп санаған iс, Алла тағала алдында да жақсы”,– делiнген. Демек, мұсылмандар бiр iстi жақсы деп санаса, ол iс Алланың құзырында да жақсы іс боп табылмақ.
Рабиүл әууәл айы «Мәуліт айы» деп те аталатыны баршаңызға белгілі. Бұл айға есендікте жеткізген Жаратқан Аллаға шүкірлеріміз болсын. Баршаңызға мәуліт айы құтты болсын. Шаңырақтарыңызға жақсылық жақын болсын, бірлік пен берекелеріңіз болсын.
Бүгінгі күні Мәулітті мәселеге айналдырғысы келетіндер табылады. Сондықтан, мұсылмандардың ішінде кейбірі мәулітке қарсы, дегенмен көпшілік әсіресе, үлкендеріміз: «Ата-бабаларымыз мәуліт оқытқан, оқысақ не бопты?»– дейді. Сауап болса, сауап күнә емес қой деп қарайды. Бұл толық жауап болмағанмен, өте орынды айтылған деп санаймын. Осыған қоса, аздап мәуліттің пайда болған кезеңіне ғылыми тұрғыда ізденіс жасап көрелік.
Әрі қарай