Әз-ағаның батасы арман еді...

Әзілхан аға қайтыс болыпты, 89 жасында.
Шымбұлақта шаңғы теуіп, адреналинге тойып кеп, тв қарап жатқам. Қазақстан арнасы жаңалықтардан жылт еткізгенде, тойға дейін шыдамадыңыз ба деп күбірлеппін, есі ауған адам сияқты. Қасымдағы інім аң-таң тойы несі деп.
Той демекші жаздың соңында бір мәселеге пікір керек болып Әзілхан ағаға қоңырау шалғам. Жас қыз көтерді, ата ма қазір деп трубканы Әзілхан аға бере қойды. Жөнімді айтып жатырмын, Қазақпараттан, Ерболмын, журналистпін деп.
-Ә, Ербол шырағым менің кейіпкерім аттас екенсің, бұл ат маған ыстық, журналист екенсің, екеумізде ортақ нәрсе көп сияқты,-деп бастады әңгімесін. Бұйымтайымды айттым. Өкінішке орай отказ. Ол мәселе туралы пікір айтатын жастан кеттім деді. Мақұл дедім. Пікір айтпағанына өзі ыңғайсызданып тұр. Көне көз адамдар осындай ғой. Атым бар, атағым бар демейди. Кәдімгідей ыңғайсызданып тұр. Қазіргінің кейбіреуі болсыншы, жоқпен бірге трубканың дың, дыңын ғана естіп қалар едің. Басқа не бұйымтай деді. Ойыма жақында өткен інімнің тойы сап ете түсті. Той басталғанда үлкендердің бата беретіні бар ғой. Інімнің тойында бата бермей қалған бір атамыз өкпелеп, той біткен соң шу шығарғаны бар. Менің орным еді, ана шал кім бата беретіндей деп. Сіз жыл сайын бата беріп жүрсіз, басқаларда берсін деп біз әлекпіз. Сол тойдан соң ойға келгем. Үйленсем, тойымда туыс аталарым «демалады» деп. Орнына жазушы, журналист па аты бар аталарымның бірін шақырып, батасын алам деп. Әзілхан ағаның бұйымтай сұрағанда осы есіме сап ете түсті. Аға тойыма кеп бата беріңізші дедім бірден. Бұйырса үйленсем деген ойым барын, сол тойға кеп қонақ болып, бата берсеңіз деп түсіндіріп жатырмын.
-Жарайды айналайын, деді аға. Осы келіссіммен трубканы қойдық. Мәзбін. Көз алдыма көлбеңдеп тойдың көрінісі келіп жатыр. Махаббат қызық мол жылдардың авторы, әйгілі жазушы бата берген жан бақытты ғой деп әлі болмаған дүниенің бақытына басым айналып жатыр. Кейін көп шараның бірінде кездесіп қалдық. Жүгіріп барып жөн айттым. Аманымды алып, есіне түсіріп жатыр.Тойды тездет деп қалжыңдап қояды, арқадан қағып. Өкінішке орай сол тойды тездете алмадық. 2011 -дың бюджетіне енгізіп, не  жаз не күз деп жүр ек. Әзілхан ағаны оған жеткізбеді, мына қыс. Жатқан жеріңіз  жанатта болсын! Сіздің  тойдағы батаныңыз  мен үшін үлкен арман еді. Той туралы ойласам, көз алдыма көлбеңдеп сіздің бата беріп жатқан сәтіңіз келетін. Амал қанша.

Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/02/14/%d3%99%d0%b7-%d0%b0%d2%93%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d0%b1%d0%b0%d1%82%d0%b0%d1%81%d1%8b-%d0%b0%d1%80%d0%bc%d0%b0%d0%bd-%d0%b5%d0%b4%d1%96/
Бөлісу:

17 пікір

Bekjan
Ереке, «Адам өз шешімін біледі, Құдай өз кесімін береді» деген бар… Бұл дүниеде дәм тұзымыз таусылғанда, бұл дүниенің ешбір жоспарымен санаспай кете береміз ғой..Өлім — өмірдің көлеңкесі ғой…

Ағамыз иманды болсын, жатқан жері жайлы болсын!
sammita
«Орнына жазушы, журналист па аты бар аталарымның бірін шақырып, батасын алам деп.»
әулеттің үлкені бергені дұрыс қой батаны, ал мынау ойың ерекшелену, өзгелерден өзіңді жоғары көрсетуге көбірек ұқсайды.
«тойға дейін шыдамадыңыз ба деп күбірлеппін»
дәл бір сен үшін ғана өмір сүрген я болмаса өзіңе қарыз адамға ұқсатыпсың. Қазаға қайғырудан гөрі өз күйіңді көбірек күйттеу бұл.
Zere
Әр адам бір татым бақытқа кенде ғой. Осындай аты бар, көргені, түйгені көп атадан бата алып, берекелі отбасын құрсам деген арманы болған шығар.
Мен де келісемін, өз әулетіңде сен ойлағандай сыйлы бола алмаған қариядан, бөтен тұлға маңызды болып тұратын кездер болады.
Abilakim
Күбіріңді жазбай-ақ қойғаныңда…
Erbol
Менің орнымда сен не істер едің, қара жамылып жерге жата қалар ма едің?
Erbol
Менің орнымда сен не істер едің, қара жамылып жерге жата қалар ма едің? sammita-ның "Қазаға қайғырудан гөрі өз күйіңді көбірек күйттеу бұл" дегеніне жазған жауабым.
sammita
әдетте өлім жайлы естігенде жата қалатын болсаң, пажалыста. Енді қайтесің, екі ғана вариантың бар екен да;))))))))))
Erbol
Бар бол, аман бол.Ессізбен айтыспақ емеспін.
sammita
марапаттауыңа рахмет естім.
Nurkoke
Құдайберген аға, Роза Бағыланова, Хадиша Бөкеева,Қадыр Мырза Әли,Әзілхан Нұршайықов тар бірінен соң бірі дүниеден озды.Махаббат жыршысы Нұршайықов әйеліне Қозы Көрпеш Баян Сұлуға тұрғызылғандай күмбез орнатып еді, енді өзі де мәңгілік махаббатының қасына кетті.Оның «Мәңгілік махаббат жыры» атты кітабында былай дейді: Мен Халимама пәк күйімде үйлендім, ол да пәк күйінде қосылды,өмір бойы бір бірімізге пәк болдық, бір рет қана бір сұлудың бетінен сүйгенім болмаса дейді, ол екеуіміз тіпті басқалармен вальс те билемейтінбіз-деп жазады,өмірде осындай пәк махаббатты көрдім,Қозы мен Төлеген өз ғашықтарына қосыла алмады, ал менің ғашығыма қолым жетті дейді.Адал достары болды, жақсы жазушы болды, абройы болды нағыз бақытты көрді, ол кісі.Қадыр Мырза Әлидің жуықта «Жазмыш» деген кітабын оқыдым, жақсы кітап ол да арынды ақын болды,өз сөзінде нағыз ұлы туындылар мұңнан туады депті, тоқ адамдардан ондай шығармалар ұлы туындылар шықпайды дейді, сол рас сияқты.Көбіне қарапайым халықтан шыққан дарындар ерекше құрметке ие болатыны, халықтың сүйіктісіне айналатыны да содан болса керек.Жас кезіндегі суреттері қандай, көрікті жігіт болыпты.Роза Бағыланова! Ол қазақты алымсынбаған кезде қазақ атын әлемге паш еткен әншіміз,қандай керемет қас сұлу болған десеңші, көзі қарақаттай,қыпша бел ару болған, оның әсем әндері, ерке қылықтары, танадай көздері, женственнаяң осы міне! Ал Құдайберген аға тума талант, эпизодтық рольдің өзін құлпыртып жіберетін шебер актер еді! Хадиша Бөкеева апамыз, ол да нағыз талант еді!Қош болыңдар! Жандарың жаннатта болсын!
monti
Ана жолы ғана Алауды алып өткен…
жаны жәнәтта болсын!
sammita
дәл осы тақырыпқа жазғым келмеп еді. Тек айтарым, сын пікір естігің келмесе жазба жазып қажеті не.
Erbol
Жазбай-ақ қой, айналайын сенің пікіріңе мұқтаж емеспін.Басқа жазбалаға құсып жүре берсеш.
Erbol
Пенделік болса да, басқа болса да мен бар, болған, басымнан өткен, ол кісінің өмірден өткен сәттегі сезінген дүниені жаздым.Кейбір пікір жазғыштарға қарасам,өтірікті соғуым керек екен. Естігенде қайғырып кеттім, көкірегім қарс айырылды деп. Иа, жазушыларды, жазушылықты сыйлайтын адам ретінде қайғырдым, жақсы-жайсаңдардың бір адамға болса да азайғанына өкіндім. Бірақ пенде ретінде ойыма түскені жоғарыдағы. Бірақ менің тойыма бата берсе, сосын өле берсе деген ой болған жоқ.Жоғарыдағы күбірледім дегенім сол ойды меңзеп тұрғын шығар.Бірақ оның артында бата бер, өле бер деген ой жоқ дұрыс түсінгенге.Тек кетті деген хабарды естігенде жылт етіп келген ой, бір сәттік.Оны сонша жерден алып, жерге салуға бола ма, білмеймін. Әркімнің түсінігі біледі.Кім не десе де, басымда болған халді жаздым.
alisha
жазбаңыздың әсерін жоғарыдағы тізімге қарап-ақ бағамдауға болады ғой…
aktobe88
sizge aktaludyn kajeti jok. kanday nietpen kubirlegeniniz bir ret okygan, esi durys adamga ugynykty. al tyrnak astynan kir izdeitinder, ozderinin oiy taza emes ekendiginen habar beredi.
Makhabbat
дурыс айтасың,
aktobe88-дің жазган пікіріне косылам, ондайларга мән беріпте кажеті жоқ…