Валентин

Сұрақ: “Валентин күні” деп аталатын ғашықтар күнін тойлаудың және сыйлық берудің діни тұрғыдан зияны бар ма?

Жауап: Бұл күн “Әйелдер күні”, “Балалар күні” секілді әдетке қатысты күн. Алайда “ғашықтар” деген кезде дінге қайшы (некесіз) болған қатынастар негізге алынуда. Ал бұл болса мүлдем жаиз емес, харам нәрсені тойлауға болмайды. Халықтың әдеті (салты) болған нәрсені жасау жаиз, алайда дінге қайшы болған әдетті құттықтау жаиз емес. Яғни дінімізде некесіз қатынастарға тыйым салынған. Төмендегі христиандардың әңгімесі дұрыс болса, ғашықтар күнін тойлауымыз – шіркеу попының жастарды қосқандығын тойлауға және поптың өлімін еске алуға ұқсап кетеді. Тіпті мейрам ретінде жарияланғанына қарағанда христиандардың діни мейрамын тойлау одан бетер қауіпті.

Сайнт (Қасиетті) Валентин (ғашықтар) күнінің шығу тарихы: Зұлымдығымен танымал болған Рим Императоры II-ші Клаудиус үлкен әскери қол жинауды көздейді. (Милади 200 ж) Император әскерге қосылған еркектердің отбасыларын және сүйіктілерін ойлап соғыса алмай қалады деп сенеді. Осы себепті жастардың үйленуіне тыйым салады. Сол дәуірде Императорға қарсы шыққан және жастардың басын қосқан Валентин атты поп ғашықтардың ең жақын досы атанады. Мұны естіген император Валентинді түрмеге қаматады. Түрме күзетшісінің соқыр қызының сауығуына көмекші болған Валентиннің аты Императордың құлағына жетеді. Сөйтіп, 14-ші ақпанда поп өлтіріледі. (Милади 270 ж)

Өлген күні күзетшінің соқыр қызына жазған бір жапырақ қағазы табылады. Ол қағазда Валентин ғашықтардың арасындағы махаббаттан, құмарлықтан сөз еткен екен. Сол күннен бастап 14-ші ақпан Сайнт (қасиетті) Валентинді еске алу үшін бір-бірлеріне ынтызар болған ғашық жандар тарапынан тойланып келеді.

Христиандық поп Валентин жастармен қоса кішкентай балалар тарапынан да сүйіспеншілікке бөленеді. Бір сылтаумен тұтқындалады. Тұтқында жатқан мерзімі бойынша балалар гүл шоқтарымен қоса жазған хаттарын күн сайын түрменің темірлеріне іліп кетіп жүреді. 14-ші ақпанда Валентинді өлім жазасына кеседі. Өлгеннен кейін жыл сайын 14-ші ақпан күні адамдар сүйіктілеріне гүл шоғырын, шоколад және ғашық сезімін білдіретін хаттарын алып бару әдетке айналады.

Әр түрлі мемлекеттерден шыққан көптеген тарихшылар 14-ші ақпанның тек қана ғашықтарға тән болуына қарсы болған. Олар 5 ғасырда өмір сүрген Қасиетті Валентин атты поптың бұл күнді мейрам күні деп жариялап кеткенін айтуда.

«Валентин христиандық сенімінде Римдік күнәсыз (святой) болып табылады. Милади 269 жылдары өлтірілген деп саналуда. Ғашықтардың көсемі (святойы) деп те білінеді. Жыл сайын 14-ші ақпанда еске алынады. Уақыт өте келе бұл күнді “ғашықтар күні” деп атап кеткен.» (Oxford Dictionary of English)
мына жерден: www.islamdini.kz
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше