"Black Swan". Матильда қу болған кез

Блог - qisyq: Black Swan. Матильда қу болған кез
Я испытала совершенство. Я постигла его.
Нина Сэйерс (Натали Портманның кейіпкері)
В каждом из нас живет маленький черный лебедь
Мила Кунис (Лилидің рөлін ойнаған актрисаның сұхбатынан)

Люк Бессонның “ Леоны” есіңізде ме? Есіңізде болса, фильмде бас кейіпкердің бірін – он екі жастағы қыздың рөлін ойнап шыққан, өзі сол кезде он үште болған Натали Портманды ұмытпаған боларсыз… Кейіпкерінің есімі – Матильда еді ғой. Жан Реноның тасасында қалып қалмай, елдің көзіне сол кезде-ақ түскен актриса болған-ды.
Әрі қарай

Жұмамұрат Саймон. «Шырын жасау» (мультик сыр)

Менде бір керемет сюжет бар...: Жұмамұрат Саймон. «Шырын жасау» (мультик сыр)
«Егетін дым жоқ» ©Ақзере

Әбілдің, менің бала кезімнен пантазиям тайыз болды. Жұрт «космонавт болам!» деп өсіп, бухгалтерлік есеп бітіріп, ақыры сантехник болып, ішіп кетіп жатқанда, мен ештеңе армандамай өстім. Рас: мен де ішіп кеттім.
Жұрт «космонавт болам!» деп, тарих факультетіне түсіп жатқанда, мен «конкурс осында аз екен» деп, «Консервілеу технологиясына» түстім. Шала-пала оқыдым. Үшінші курста шырын жасайтын компанияға жұмысқа тұрдым.
Әрі қарай

Кішкентай елдің "ҮЛКЕН АДАМДАРЫ"

Ютюбті ақтарып жүріп, КВН-нің Премьер-лигасында ойнаған ҚБТУ командасының құрамында Бішкектің КВН-шілері де ойнағанын біліп едім. Опшым, ҚБТУ командасының жартысы өз елдерінде «Большие люди» деген әзіл-қалжың бағдарламасын ашып алыпты. Солардың ютюбке шығарылған әзілдерін көріп, риза болып, соны Интернетке салған Шиваалтықолыменарқасынамассажжасапбергірлерге респект айтып отыратыным бар :)

Әрі қарай

Маша мен аю

Маша мен аю туралы ертегіні бала кезімізде бәріміз білетін едік қой. Орыстар осы кейіпкерлермен тамаш мультфильм шығарыпты. 2009 жылы басталған жоба екен, мен жақында ғана көріп-біліп жатырмын. Орыстардың соңғы жылдардағы шығарған ең тамаша мультфильмі деуге болады. Суреті, сюжеті, музкасы, бәрі керемет.

1-сериясы. Алғашқы кездесу.



Түсіріп алу (барлық сериялары)
Әрі қарай

Логинымның атауы хақында

Логинымның неліктен «Мартбек аға» деп аталғаны жайлы білгісі келетіндерге:
Мартбек Тоқмырза — аласапыран өмірде әділдік пен адалдық үшін алауыздықпен алысып өткен азаматтардың бірегейі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, журналист, сатирик, сүйікті ұстаз, аяулы жар, асыл әке. «Мәселенің мәнісі», «Жымиясың сен неге?» атты кітаптары жарық көрген. Меруерт есімді аяулы жары мен Бекарыс, Бибарыс дейтін алтын асықтай екі ұлы бар. Өмірінің соңғы жылдарында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика бөлімінде оқытушылық қызмет атқарды. Шәкірттері еліміздің БАҚ саласында жемісті еңбек етуде. Мартбек аға біз 1-курсқа оқуға келгеннен бастап ең сүйікті ұстазымызға айналды, ағайымыздың сабағын кәдімгідей асыға күтетін едік. Әр сабағынан рухани байып шығатынбыз, мамандығымызды ағайдың арқасында қатты жақсы көріп кеттік. Қазір 4-курста оқимыз. Жазып жүрген дипломым Мартбек аға жайлы. Қазіргі таңда ол кісінің журналистік қырын зерттеудемін, сондықтан осы блогты аштым. Мартбек Тоқмырза жайлы ұрпақ білсе екен деймін.
Әрі қарай

Мауығу үдерісі



Мысықтар түнде қатты дыбыстар шығара бастады. Солардың кесірінен де ұйқым қанбай жүр. Көктемнің ерте келгендігінің белгісі ма? Әлде осындай уақыттан бастап нете бере ма?
Әрі қарай

Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...

21 жылды сүріп өтіп, 22-ге аяқ басудамыз. Осы жылдар ішінде біраз нәрсені көрдік, біраз жайға қанық болдық. Өмір деген біз ойлағаннан да қиын екен. Балалық шақта, шіркін, тамаша еді ғой… Еш уайым, еш қайғы жоқ. Не кием, не ішем демейсің, ертең не істеймін, өмірім не болады деп бас қатырмайсың. «Еркекшора» дегенді барлығыңыз білетін шығарсыздар. Білсеңіздер, міне, біз сол «еркешоралардың» біріміз. Бұрын мұны мойындау дегенің, ооой, қиын еді ғой. 11 жасқа дейін біреу "қызсың" десе мұрнын бұзып, әлім жетпесе әкеме айтып, ызамды қайтарып, сыныптағы ұлдармен жаға жұлысып жүріп, қалаға көштік те осының бәрін сап тыюға тура келді. "Қыз" екенімді «еріксіз» мойындадым. Оның өзі мамам, юбка кимесең мектепке кіргізбейді дегеннен, «оқи алмай қаламын ғой» деп қорқып мойындағаным ғой! Әйтпесе, анау-мынауға көне бермейтін «жындылығым» да бар еді сол кезде. Сол уақыттарды есіме алсам, күлкім келеді. Қазір күлкілі әрине, ол кезде түні бойы қорланып жылап, ызадан түні бойы ұйықтай алмай шығатынмын. Әйтеуір, юбка киіп 1 қыркүйекте мектепке де бардым. Ол 5-сыныпқа көшкен кезде еді. Сонда барлық балалар маған саусағын шошайта қарап, сырттай мазақ қылатынын сезіп жүрсем де неге екенін түсінбейтін едім. Оның мәнісін 11-сыныпты аяқтаған күні(ол кезде «еркекшоралық» аз да болса азая бастаған), сыныппен бас қосып тұрғанда білдім. Бір сыныптасым ғой: «Класқа кірсем, бір „ұл“ жаңадан келіпті, үстінде қыздардың кофтасы. „Е, ауылдан келген ғой“ деп ойладым да қойдым. Енді бір қарасам сол „ұлың“ юбка киіп алыпты!»-дейді. Сонда ғана өзімнің кейпімнің ерсі болғанын түсіндім ғой. Қазір, құдайға шүкір жігіт көз қысарлықтай жағдайдамыз. Сүйген адамым да бар. Ендігі арманым… Ол ішімде қала берсінші… Көз тиіп қалар…
Әрі қарай

Блог ашу деген не?

Блог ашу деген сәнге айналып кеткен бе? Сабаққа қашан келсем де (ол өзі сиреп кетті) қыздар блог аштық, құрылтайға шақырды деп жатады. Немене блог десем, мазақ қылғандай бетіме бір қарап қойып әңгімелерін жалғастыра береді. Өмірден қалып қойғандаймын… Бүгін келіп, блог ашайын деп жатырмын десем, Ляззат апай: «Енді ашпақсың ба?» дейді таңданып!!! Ал, керек болса! Қой, оным болмас модаға ілеспей қалмайын деп, мен де кірісіп кеттім. Қызықты сияқты… Көрерміз…
Әрі қарай