Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...

21 жылды сүріп өтіп, 22-ге аяқ басудамыз. Осы жылдар ішінде біраз нәрсені көрдік, біраз жайға қанық болдық. Өмір деген біз ойлағаннан да қиын екен. Балалық шақта, шіркін, тамаша еді ғой… Еш уайым, еш қайғы жоқ. Не кием, не ішем демейсің, ертең не істеймін, өмірім не болады деп бас қатырмайсың. «Еркекшора» дегенді барлығыңыз білетін шығарсыздар. Білсеңіздер, міне, біз сол «еркешоралардың» біріміз. Бұрын мұны мойындау дегенің, ооой, қиын еді ғой. 11 жасқа дейін біреу "қызсың" десе мұрнын бұзып, әлім жетпесе әкеме айтып, ызамды қайтарып, сыныптағы ұлдармен жаға жұлысып жүріп, қалаға көштік те осының бәрін сап тыюға тура келді. "Қыз" екенімді «еріксіз» мойындадым. Оның өзі мамам, юбка кимесең мектепке кіргізбейді дегеннен, «оқи алмай қаламын ғой» деп қорқып мойындағаным ғой! Әйтпесе, анау-мынауға көне бермейтін «жындылығым» да бар еді сол кезде. Сол уақыттарды есіме алсам, күлкім келеді. Қазір күлкілі әрине, ол кезде түні бойы қорланып жылап, ызадан түні бойы ұйықтай алмай шығатынмын. Әйтеуір, юбка киіп 1 қыркүйекте мектепке де бардым. Ол 5-сыныпқа көшкен кезде еді. Сонда барлық балалар маған саусағын шошайта қарап, сырттай мазақ қылатынын сезіп жүрсем де неге екенін түсінбейтін едім. Оның мәнісін 11-сыныпты аяқтаған күні(ол кезде «еркекшоралық» аз да болса азая бастаған), сыныппен бас қосып тұрғанда білдім. Бір сыныптасым ғой: «Класқа кірсем, бір „ұл“ жаңадан келіпті, үстінде қыздардың кофтасы. „Е, ауылдан келген ғой“ деп ойладым да қойдым. Енді бір қарасам сол „ұлың“ юбка киіп алыпты!»-дейді. Сонда ғана өзімнің кейпімнің ерсі болғанын түсіндім ғой. Қазір, құдайға шүкір жігіт көз қысарлықтай жағдайдамыз. Сүйген адамым да бар. Ендігі арманым… Ол ішімде қала берсінші… Көз тиіп қалар…
Бөлісу:

16 пікір

Martbek_aga
Ия… Айзёкты қазір көріңіздер, нағыз қазақтың ару қызы, ақылы көркіне сай. Екеуміз бір топта оқып келе жатқанымызға 4 жылдың жүзі болды. Шын сөзім, ешқашан осы сары қыздың біреумен беттен алысып ұрысып жатқанын, дөрекі қылықтарын көрмеппін…
aldiar-ai
Ой, Пикаааааа, қызарып кеттим гоооой!!!
ushkin
"Өзім жайлы өзім де, өзге де айтты" дейсің ғой!)))
Zere
Ниігіңізді де ұлдарға ұқсатып қойғансыз ба? ))
sammita
мүмкін фамилиясы мен атынан құралған болар. Ай-Айзёк-Айзада..?
aldiar-ai
дәл солай. Айзада — есімім, Алдияр — руым
sigma
Еркекшора деген не өзі?
меніңше басқаша сияқты еді, айтып, анықтама беріп кетсеңдер (кетпей, сайтта қалуға да болады)
sammita
біздің ауылда 2-3 қыз болды сондай. Көбіне ұл күтіп жүрген отбасы қыз туған соң еркелетіп ұл сияқты киіндіріп, атқа мінгізіп, ұлдармен асық ойнатып т.б. өсіреді. Кейін өсе келе қыздарға сіңісуі қиындау болады олардың. Мысалы, «Секер» фильмін көрген болсаң, есіңе түседі.
sigma
сілтемесін берсей киноның,
sammita
мен дисктен көрем фильмдерді, ескі фильм ғой. Айтпақшы patickтің сайтында бар kazkino.ucoz.com/load/filmder/seker_dvdrip_zh_ktep_alu/1-1-0-87/
aldiar-ai
Сол фильм дәл менің омірімнен алынғандай
a63a1
"Қыз" екенімді «еріксіз» мойындадым.
 
Осы Қарағандының осы бір тобыры қайда кетті екен?
a63a1
Sayana
Jansarai
Dauren
muhandi
DiAiDa
kazak_kyzy
Martbek_aga
aldiar-ai
dimuhan
Xansha
осылар
araika
Алты жыл бойына ай қарап жүргені ме сонда?