Дәрігерге қараған күнің құрысын немесе мен бүгін не тындырдым?

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Дәрігерге қараған күнің құрысын немесе мен бүгін не тындырдым?
Балабақшадағы медбике ұлыма жалпы қан сараптамасын жасату үшін жолдама жазып берген-ді. Өткен жұмада әкесімен бірге осы шаруаны тындырды. Біздің ықшамауданнан жақында ғана жап-жаңа типтік жобадағы емхана пайдалануға берілген еді. Бұрынғы емхана кісі санына шақталмаған, ол жерге ауруын емдетпекке барған науқас, керісінше сырқатына сырқат жамап қайтады. Ал қазіргісі кең, жайлы. Айыбы — зертхана жоқ. Сода жолдамалары қолында, сол баяғы емханаға тартып барыпты ұлым мен әкесі. Еншісін алып кеткен оларды о жерде ешкім құшақ жая қарсы алмағанымен, кішкене баламен сүйретіліп барып тұрған соң, төсінен итермепті. Ертесіне 3-тен кейін сараптама қорытындысы дайын болатынын, келіп алып кетулері керектігін айтқан екен. Бүгін сол есеппен үйдегі сіңлім барды сүйретіле… Жаңа бір әзірде қоңырау соқты, сараптама қорытындысы қолға берілмейді-мыс /башпайларын да ұсынып көріпті;)/. Әлгі жаңа емхананың медбибілері өздері әкетеді-мыс. Сонда бұл туралы о баста ескертетін болса, қайда қалыпты? Сіңлім де босқа ұрыс естіді, өмірі ештеңе тындырмайсың деп жатырмын жалма-жан. Қазір зертхана меңгерушісіне соғып, біраз шаңын қағып алдым. Біздің дәрігерлердің немқұрайлылығына қаным қайнайды. Бүгінгінің дәрігеріне қарап жол бойында ала таяғын айналдырып тұрған жол полицейі көз алдыма келеді. Күніміз түспесін сендерге!
Әрі қарай

Блоггер екеніңізді айтасыз ба?

Блог - Zere: Блоггер екеніңізді айтасыз ба?
Менің жақындарымның ішінен менің блоггер екенімді ешкім білмейді екен. Әрине, интернеттегі достарымды айтпағанда (оның өзінде де осы блог арқылы танысқан). Интернеттен алшақ құрбыларыма блогымның сілтемесін беріп көрдім бастапқыда, ашып көрді ма, көрмеді ма, әйтеуір қызығушылығын танытпады. Содан кейін тағы бір танысқан адамдарға сілтемесін берген уақытта да, ләм-мим демейді, сөйтіп осы сілтемені беруден де, айтудан да қалдым. Жалпы біреудің бірдемені маған «навязывать» еткенін жек көрем, сосын өзім де солай жасамауға тырысамын. Жазғым келді, жаздым. Жазғым келмей, ерініп кеткенде, оқырмандарым неге жазбай кеттің деген сөзінен-ақ шабыт алып, 2-3 адам болсын, әйтеуір біреумен ойымды бөлісейінші деп жазып жүрмін.
Үйде ата-анам, бауырларыммен тұратындықтан интернет қауымымен көрісуге кетерде не айтарымды да білмей дал болатынмын басында. Кейін анама шет жағасын айтқан болдым, олар да шет жағасын түсінгендей болды. Бірақ интернетті ашып, «осы менің блогым, күшті ма?» деп айтуға батылым жетпейді )) Блогты да тек жұмыста жазамын, модерацияны да жұмысқа келіп жасаймын. Қазақ блоггерлерін де жұмыста оқимын. Үйде тек видео қараумен өтеді көбіне.
Бір күні үйге келіп, компьютер тұрған жаққа барсам, інім менің блогымды ашып, оқып отыр. Ұялып кеттім, бірдеме айтайын десем, аузыма сөз түсер емес. Әлі күнге дейін осы қырымнан танымайды олар. Таныса бір сюрприз болатын шығар, не шимай-шатпақ жазып жүрсің деп прикол да ұстап тастар ))
Әрі қарай

Виза үшін, жұмыстан сұрану үшін т.с.с. кімге Шақырту керек?

Ағайыыыын!

Құрылтайға ешкімді шақырмайтынымызды білемін ғой. Десе де қазіргі қағазбастылық заманда кейбір кісілерге виза үшін, жұмыстан сұрану үшін т.с.с. жағдаяттарға орай Ресми шақырту керек болса, алдын ала хабар берулеріңізді өтінемін.

пысы. Егер дайын мәтіндеріңіз болса, оны да қоса тіркеп, поштама жібере салыңыздар. Рахмет!
Әрі қарай

Кішкентай қызықтарымыз

Блог - omarbirat: Кішкентай қызықтарымыз

«Екі күннен бері...» деген жазбадағы оқиғалар кезінде болған нәрселер:

***
Сенбі күні ай сайынғы әдетім бойынша ұлымды ертіп шаштаразға бардым. Алдымен Әлиді отырғыздым. Шашын алып жатқан кезде, қайта-қайта алдына түскен шашты қағып тастап, оЧм тыныш отырмады. Қайта-қайта «Тыныш отыр» деумен болдым.
Кезек маған келгенде ары-бері шапқылап жүрген. Екі-үш рет келіп, менің алдымдағы шашты қағып тастап өзінше мәз. Шашымды алып бола бергенде әйтеуір орындыққа барып отырды. «Еее, бағанадан бері жыбырламай, өстіп тыныш отырмай ма» деп қоям. Шашты алып болғаннан кейін қарасам, батырым ұйқыны соғып отыр :))

Әрі қарай

Гераклдың жетінші ерлігі: Крит бұқасы.

Грек мифологиясы: Гераклдың жетінші ерлігі: Крит бұқасы.Гректердің құрлығында жабайы аңдар мен қаһарлы құбыжықтар қалмады. Бәрін Геракл жойып тауысты. Ал Эврисфей теңіздің ортасында орналасқан Крит аралына барып, ол жерден Микенаға Посейдонның бұқасын алып келуді тапсырды. Теңіздер құдайы бұл бұқаны құрбандыққа шалу үшін Миносқа тарту еткен болатын. Алайда Миносқа бұқа қатты ұнап қалды. Сондықтан пенделер ішіндегі айлакерлердің бірі саналатын Минос өзінің басқа бұқасын сойып, ал құрбандыққа арналған бұқаны табынына қосып қойды. Бұны біліп қалған Посейдон әлгі жануарға құтырма ауруын жіберді. Бүкіл аралмен жүгіріп жүріп, бұқа егістіктерді таптады, мал үйірлерін бытырата қуды, адамдарды өлтірді. Эврисфей Гераклдың бұқаға әлі жететініне сенімді болса да, оны құрлықпен емес, су арқылы қалайша тірілей алып келетініне күмәнді болды. “Қандай кемеші өзінің қайығына құтырған бұқасы бар жолаушыны мінгізуші еді?!” – деп ойлаған Эврисфей қастана күлді.
Әрі қарай

Поштама кіре алмай отырмын...

Таңертенмен жұлқынып жұмысқа келсем, мэйл агенттегі поштамда қара құлып тұр. Олай да былай да тартқылаймын, үзілер түрі жоқ. Сол баяғы логин, құпиясөзді жүз рет қайталап енгіздім, болар емес… Қандай кеңес айтасыздар, ақпараттан қағылып отырған түрім бар.
Әрі қарай