Блоггер екеніңізді айтасыз ба?

Блог - Zere: Блоггер екеніңізді айтасыз ба?
Менің жақындарымның ішінен менің блоггер екенімді ешкім білмейді екен. Әрине, интернеттегі достарымды айтпағанда (оның өзінде де осы блог арқылы танысқан). Интернеттен алшақ құрбыларыма блогымның сілтемесін беріп көрдім бастапқыда, ашып көрді ма, көрмеді ма, әйтеуір қызығушылығын танытпады. Содан кейін тағы бір танысқан адамдарға сілтемесін берген уақытта да, ләм-мим демейді, сөйтіп осы сілтемені беруден де, айтудан да қалдым. Жалпы біреудің бірдемені маған «навязывать» еткенін жек көрем, сосын өзім де солай жасамауға тырысамын. Жазғым келді, жаздым. Жазғым келмей, ерініп кеткенде, оқырмандарым неге жазбай кеттің деген сөзінен-ақ шабыт алып, 2-3 адам болсын, әйтеуір біреумен ойымды бөлісейінші деп жазып жүрмін.
Үйде ата-анам, бауырларыммен тұратындықтан интернет қауымымен көрісуге кетерде не айтарымды да білмей дал болатынмын басында. Кейін анама шет жағасын айтқан болдым, олар да шет жағасын түсінгендей болды. Бірақ интернетті ашып, «осы менің блогым, күшті ма?» деп айтуға батылым жетпейді )) Блогты да тек жұмыста жазамын, модерацияны да жұмысқа келіп жасаймын. Қазақ блоггерлерін де жұмыста оқимын. Үйде тек видео қараумен өтеді көбіне.
Бір күні үйге келіп, компьютер тұрған жаққа барсам, інім менің блогымды ашып, оқып отыр. Ұялып кеттім, бірдеме айтайын десем, аузыма сөз түсер емес. Әлі күнге дейін осы қырымнан танымайды олар. Таныса бір сюрприз болатын шығар, не шимай-шатпақ жазып жүрсің деп прикол да ұстап тастар ))
Бөлісу:

32 пікір

kuat
реал өмірде айтары (әлде айта алмайды, жаза алады)көп, бірақ тыңдар адам болмаған соң, виртуалға келіп алғандар көп қой. тыңдар, түсінер, бөлісер адам іздеп.
Nurgisa
Атырауда жұмыс жасап жүрген кезім есіме түсіп отыр.
Ол кезде әкемнің көзі тірі, шешем екеуі қонақтап Атырауға келіп еді. Қаланың қақ ортасында, облыс әкімдігіне қарама-қарсы жерде тоғыз қабатты алып кешендегі кеңсеме алып келдім. Жұмыс орнымды көріп қайтыңыздар деп. Компьютерді қостым. Ол кезде блогым жоқ, «Керекинфоның» нағыз ерлеп тұрған кезі еді. Сондағы айтыс-думандағы жазғандарымды оқып мәре-сәре болғаны бар-ды. Сонда қалай, әрқайсың әр қалада отырып айтыса бересіңдер ме деп таңырқағандары есімде қапты.
Шешем кейде баяғының сарқыты деп бірер-жарым әңгіме, бір жерде айтылған ұрымтал сөз есіне түссе, түртіп ала салшы, ана интернетіңе жаза саласың дейді. Блогта сол сарынмен үш-төрт жазба түсіп еді.
patick
Негізі әжелерге блог жазғызып үйретсе, талай асыл маржандар халықтық энциклопедия ретінде қалар еді. Әйтпесе, көнекөз әжелер көп айта да бермейді ашылып. Тек, бір-екі стақан тартып жіберіп, жібігенде болмаса…
Nurgisa
Мынауың жақсы идея екен… Түртіп алатын…
alisha
Облыс әкімдігіне қарсы..9 қабат… Ол қайсысы? АДЖИП? ТШО? Солардың неше қабат екенін білмейді екем?
Nurgisa
Сәтпаев көшесінің бойында, «Атырау» қонақүйіне қарама-қарсы орналасқан. Түсін түстемей-ақ қояйық ;)
alisha
Түсі — көк /сұр/, төменгі қабатында суреттер галереясы бар деп қойсаңызшы…
Nurgisa
Иә. Болған сияқтысыз ғой ол жерде.
Zere
Алиша, сенің тақырыбыңда оффтопить етпейміз ғой )) Барынша тақырыпқа сай жазуға тырысшы (құрдас сияқтымыз) )
alisha
әңгімеден әңгіме туып кетіп жатыр да, кешіріп қой
Erkekyz
Мен анама оқыған қызық жазбалардан айтып беріп тұрамын болды, ал басқалар менің инетте не істеп не қоятынымды білмейді. :) (Кәріс сериалдарын көретінімді айтпағанда)
Zere
Мен де сондайларды айтып отырамын. Бұрын Солай.де форумында Сатыбалдының приколдарын жақсы көруші едім. Үйге келіп, соның приколдарын айтатынмын. Бірақ бәрібір дұрыс жеткізе алмайтынмын. Тағы да айтқанша өзім күліп алатынмын.)) Қазір енді оқиын десе, форум да жоқ. )
Gastarbaiter
оқиын десе, форум да жоқ.

)))))))))))))))))))))))
Оқитын дым жоқ © Ақзере
asaubota
негізі «тақырыпта» болмаса үндемей жүре берген дұрыс
patick
аха. бәрібір айтып түсіндіре алмайсың. ақыры, айтып-айтып өзің ыңғайсызданып қаласың )
Gastarbaiter
«Біздің достар кілең „күзетші, шопыр, ия түрмеде отыр“ да, сенің достарың „сатирик, жазушы, журналист, ия кем дегенде ақын бола қалады екен“, қайдан білесің интернетте отырып құлақтан теуіп отырған шығар! -дегенді де естігем.
Zere
Блог дегенді білетіндер де бар. Мысалы ювижнды оқып тұрамын десе, сен де аа, мен де жазамын ғой деген біртүрлі сияқты. )
Gastarbaiter
Мен танитын көне блогерлердің дені маймыл агенттің иісі қарапайым адамдарға жетпей тұрып, жылдар бұрын сынап көргендер.
Солай маған кластас достарымның бірі «сен осы интернетте сайты бар деп естідім, агентке аз шығасың ғой»- дейд.
Агентті сендер ойнай беріңдер, бізден қалған ойыншық қой — деп қоям өзімше.

Отырыстарда Сатыбалды мен Ерлан Оспанның шығармашылығынан өліп талып, бүкіл әртістік өнерімді салып бір адамның театрын қойып жатсам, ондай күрделі әзілге талғамы қалыптаспаған ба, әлде менің әртістік талантым нөл ме, әйтеуір бір досымнан басқа ешкім күлмейд. Ол досым керісінше, тағы айтшы деп зайыбымды алады.

Әзірге дейінгі менің орындауымдағы Сатыбалдының ең күлкілі әңгімелесі, "Әлем хұйлық хертегілері" тобынан шыққандары.
Бір бешірде, А Сан мен Ү Сен туралы Корей хұйлық ертегісін айтып бергенімде масакңдау публика браволатқаны бар. Сонда бірнеше кісіге Сатыбалдының адресін бергем.
TOTY
Сенің әдісіңмен ау баста, мен де дос-жаранға ссылкасын бергенмін, олар аса қызығушылық таныта қоймады, тек ғаламтордағы достар болмаса… Ал,әкем ауылдан жиі оқып отыратынын кеше білдім :) Бір жазбама қатысты, «менің фотоаппаратымнын атын қате жазыпсың...» дегенде… таң қалдым, ссылкасын қашан бергенім ойыма түспеді.
Zere
Қы-қы, анау шұлық туралы жазғаныңды да оқыған шығар ))) Негізі ойлайм да, жақындарыңның білгені блоггер үшін көп жауапкершілікті артады. Және де ішінде жүрген сырды, айтқысы келгенді ұялып, айтпай қоюы да мүмкін. Мысалы, мен де ұялып көп нәрсені бұғып қалатын едім, немесе тіптен жазуды қойып кететін де шығармын. )
Aikona
Әке-шешем блог жазатынымды білседе не жазатынымды білмейді. Пікірлерін сұрап көрмеппін, дегенмен әкемдікін сұрап көрсем деген ой ылғи болады. Бірақ бата алмаймын…
Үйдегі студент іні-сіңілдерім біледі, пікірлерін айтып тұарады. Бірақ інім оқыса қатты қысыламын, все таки ер бала болғасын басқаша ойлап қалмаса екен деп тұрам…
balzaminka
туысқандарым біледі, и оқып та тұрады, таныстар да, достарым да, өйткені Индия туралы жеке сөйлесуде көп айтпаймын. Жалқаулығым ғой дим, бірнәрсені қайталап айта бергім жоқ. Индия қалай деген кісілерге ссылканы берем де, сол жақтан оқып алғын дим :)
Ең құрметті оқырманым мамам еді, оқып алғаннан кейін комментарийлерін айтып отыратын, жазбай кетсем жаз деп отырар еді.
Zilola
бұрын massagan-дағы тусовкамды білуші еді, одан кейін ғаламтордың қай бұрышында жүргенімді айтқан емеспін, кейде ғана вконтакте не фесбукта туыстардың суретін ғана көрсетемін, ал жазбалар жайлы «тынышпын» :)
оның үстіне қазір әке-шешем үйдегі ғаламторды өшіріп тастаған :(
AKY
Осы жердегі жазбаларымның сілтемесін дос қыздарыма жібергем, «Так вот ты где душу изливаешь» деп күліп жатыр). «Келіп тұрамыз қонаққа, оқып тұрамыз» дейді.
konvict
Менің аға-әпкем блогта не жазғанымды оқып отырады. Достарыма да сілтемесін бергенмін. Бірақ ыңғайсыз секілді көрінді. Типі, мақтанған секілді көрініп кетесің. Бірақ байқаймын, біраз досым бас сұғып тұрады екен.
edige
Мен мына жерде бүй деп қатырғаным бар еді...- дегендей гой
Ahi
Бір күні үйге келіп, компьютер тұрған жаққа барсам, інім менің блогымды ашып, оқып отыр. Ұялып кеттім
Ініңіз ұялатындай не жазып едіңіз?
Zere
Сеніңше тек анайылықтан ғана ұяла ма адамдар?
Ahi
Жоқ, мен олай деп те ойламадым! Сізден жәй сұрадым, ініңіз ұялатындай не жазып едіңіз деп.
Zere
Тупо ұялам. Болды ма?
Sebastian
білмегендері дұрыс обшым