Блоггер екеніңізді айтасыз ба?

Блог - Zere: Блоггер екеніңізді айтасыз ба?
Менің жақындарымның ішінен менің блоггер екенімді ешкім білмейді екен. Әрине, интернеттегі достарымды айтпағанда (оның өзінде де осы блог арқылы танысқан). Интернеттен алшақ құрбыларыма блогымның сілтемесін беріп көрдім бастапқыда, ашып көрді ма, көрмеді ма, әйтеуір қызығушылығын танытпады. Содан кейін тағы бір танысқан адамдарға сілтемесін берген уақытта да, ләм-мим демейді, сөйтіп осы сілтемені беруден де, айтудан да қалдым. Жалпы біреудің бірдемені маған «навязывать» еткенін жек көрем, сосын өзім де солай жасамауға тырысамын. Жазғым келді, жаздым. Жазғым келмей, ерініп кеткенде, оқырмандарым неге жазбай кеттің деген сөзінен-ақ шабыт алып, 2-3 адам болсын, әйтеуір біреумен ойымды бөлісейінші деп жазып жүрмін.
Үйде ата-анам, бауырларыммен тұратындықтан интернет қауымымен көрісуге кетерде не айтарымды да білмей дал болатынмын басында. Кейін анама шет жағасын айтқан болдым, олар да шет жағасын түсінгендей болды. Бірақ интернетті ашып, «осы менің блогым, күшті ма?» деп айтуға батылым жетпейді )) Блогты да тек жұмыста жазамын, модерацияны да жұмысқа келіп жасаймын. Қазақ блоггерлерін де жұмыста оқимын. Үйде тек видео қараумен өтеді көбіне.
Бір күні үйге келіп, компьютер тұрған жаққа барсам, інім менің блогымды ашып, оқып отыр. Ұялып кеттім, бірдеме айтайын десем, аузыма сөз түсер емес. Әлі күнге дейін осы қырымнан танымайды олар. Таныса бір сюрприз болатын шығар, не шимай-шатпақ жазып жүрсің деп прикол да ұстап тастар ))
Әрі қарай

Презентацияны қалай жасаймын?

Тіркелген қолданушылардың дені осы сұрақты қойыпты. Әрі тіркелген кезде "Әзірге белгісіз немесе тақырыбым нақты емес" деп жауап қалдырған.

BlogCamp-та презентация жасау не үшін маңызды?

"Әрі тақырып таңдаудың оңай жолы қайсы?" дегенге тоқталмас бұрын, осы уақытқа дейін тіркелгендер жайлы статистикалық мәліметтерге назар аударсақ. Содан кейін презентацияларға тоқталмақпын.
Әрі қарай