Поштама кіре алмай отырмын...

Таңертенмен жұлқынып жұмысқа келсем, мэйл агенттегі поштамда қара құлып тұр. Олай да былай да тартқылаймын, үзілер түрі жоқ. Сол баяғы логин, құпиясөзді жүз рет қайталап енгіздім, болар емес… Қандай кеңес айтасыздар, ақпараттан қағылып отырған түрім бар.
Бөлісу:

12 пікір

asaubota
агент, моймир де істемей тұр ма? кейде болады басқалары істеп, басқасы істемей тұратыны. егер бәрі істемей тұрса демек пароль сындырылғаны.
alisha
угон… Мысалы менде «Мой мирда» тек достарыма ғана доступ бар. Кеше қарап отырсам, қонақтардың қатарында маған беймәлім біреу жүр. Фотоларымды, бәрін қарапты. Өзіне кіре алмадым, тек достары ғана құқылы екен. Сонда ол менің фотоларымда қалай қараған? Игі жақсы ағалар, анализдеп жіберсеңдер!
omarbirat
Фотоларыңа рұқсатты тағы бір қарап көр. «Мир» жабық тұрғанымен, «Фото», «Видеолар» басқаларға ашық болуы әбден мүмкін. Тойыс, оларды да бөлек-бөлек жабу керек болады.
alisha
«Мирым» бұған дейін ашық болды, осы оқиғадан кейін ғана құлыптап қойғам… Фото, видеолар бұрыннан жабық, коммент жаза алмайды, баға бере алмайды ешкім. Басқа адамдардың «Мирдан» бері қайтқандары тұр да, ал әлгінікі әлгіндегідей.
asaubota
дұрыстап қарап көр. мен де талай қарағам миры жабықтардың фотоларын :)
alisha
қарауға болатынын онсызда ұғып отырмын;) маған қалай қаратпауға болатынымен бөліссеңіз;;;;))))
Zere
Фотоға кіріп, Альбомдардың свойствасына кіресің, доступ деген жерден только друзья деп сақтайсың.
alisha
ол и так солай сақтаулы тұр, проблема сонда боп тұр ғой
asaubota
дұрыс, доступ жоқ суреттеріңе. бірақ Избранные деген папкада ағаңның суреттері ашық тұр. foto.mail.ru/mail/***/_favorites/135.html

соларды қараған шығар мүмкін, сосын саған гости болып көрінеді.
alisha
солай шығар… Ағам сол агенттен тапқан ағам ғой… рахмет!
Zere
Мозилламен кіріп көр. Операда Майл ру кейде қуады.
Abilakim
поштабұзарлар бар ма?