Ит адамның досы ғой, талас бар ма...

Әбіләкімнің  ауылы: Ит адамның досы ғой, талас бар ма...
Ит адамның досы ғой, талас бар ма
Ортамыздан хақың жоқ аластауға
Компасың боп үйіңе алып келер
Борандарда, түндерде адасқанда- деп басталатын Свет Оразаев атты ақынның өлеңі болушы еді.
Алыпсоқ
Мен де барлық ер балалар секілді күшік асырағанды ұнататынмын. Мен бірінші класқа барған жылы аудан орталығындағы ағамыз овчарка күшігін әкеліп берді. көзінің үстінде екі сарғыш ноқаты бар әдемі төрткөз күшікке «Алыпсоқ» деп ат қойдым. Маңайдағы күшіктерді алып соқсын деген ниетпен. Алыпсоқ үлкен, әдемі ит болып өсті. Кейінірек әлгі ағам мал ұстағандықтан үлкен, сақ ит керек деген соң Алыпсоқты беріп жібердік. Ит қанша жасайтынын біле алмадым. Өздерінше жыл қайыруларымен нешеге келгенін қайдам, мен әскерге кеткенде ағамның ауласында шынжырын сүйретіп жүргені есімде. Басы ғана қалыпты байғұстың. Күзетуден де қалыпты, алдындағы асын әрең ішетін.Ағам атуға аяп, машинасының артына салып алып басқа жаққа апарып тастасада қайтып келіп жүрді. Мен әскерден келетін жылы бір көршісі атып тастапты, кімнің өтініші екенін…
Көкқасқа
7-8 оқитын кезімде Көкқасқа атты төбеттектес күшігім болды.Тазыдан туған(тазының да тазалығына күмәнім бар).Ерекше күтім көрсеттім бұл итке. еркелеткенде терісін жүннің ығына кері қарай сипап өсірдім. Бетті ит болып өсті. Маңайдағы күшіктерді талап өскен неме ит болған соң тіпті құтырды.Көрші Ербол деген баланың иттері өмір бойы менің иттерімді талап кететін.ол үйде 5 ит болса бесеуі де ұйымшыл болушы еді. Маған біткен иттерді күшігінен талап бетін қайтаратын. сол ерболдың бар иті талап жатқанда қыңсылауды білмейтін. Көзі қызарып, желкесін күжірейтіп әлі жетілмеген азуын көрсете айбат шегетін. Ерболдың қасқыр алған Ақдауылынан да ықпайтын. Бір-екі қар басқан соң ауылды аралап кететінді шығарды.Мал сойған үйдің бар жылы-жұмсағын жеп, сол үйдің иттерін талап кетіп жүрді.Ит тойған жеріне деген сол дағы… Кейін біреу атып тастады ма жоқ болып кетті. «Тау жақтан ит пе қасқырма бірдеңе көрдік» дейтіндердің сөзіне елең ете қалатынмын. Көкқасқа қайтып келе ме екен деп…
Құмай
«Жаман иттің аты Бөрібасар»-демекші бұл аты айтып тұрғандай құмай тазы емес еді. кзет мақсатында қойылған дүбара ит. Бірақ маған қатты берілген ит еді. көршінің иттерімен қосылып өз тауықтарымызды жеп кететін. Бұл итті жазып отырған себебім бар. Мылтықты итке қарата көтеруім осы Құмайдан басталады. Атқа ерітіп, алысқа апарып атайын десе ағаларыма атқызбай қашып кетіп отырған. Ал, кезек маған келгенде Құмай қашпады. көзін жұмбастан маған қарап тұрды.Керісінше мен көзімді жұмып аттым ғой деймін. Тілі салақтап қисая құлап бара жатқандағы көзі көпке дейін көз алдымнан кетпей жүрді…
Әрі қарай

Нағашыңмен қалайсың?!

Жігіттің үш жұртының бірі осы нағашы жұрты. «Жігіт жақсысы нағашыдан» деп айтып жатамыз. Бірақ үйге келген қонақтар «Балаң нағашысына тартқан ба?» десе намыстанамыз. Баламыздың жаман қылығын көрсек «Нағашысына тартқан жаман неме!»деп сөгеміз. Сіз өз нағашыңызбен қалайсыз, балаңыз ше?
Әрі қарай

Сайлау хақында...

«Сайлау өтеді, Конституцияны өзгертуге ешкімнің құқығы жоқ. Референдум туралы ол жай ғана өсек” (Е.Ертысбаев)
»Сайлау өткізіп неге керек, шығын шығарып..." (О.Сүлейменов)
“Сайлау, яғни таңдау. Ал бізде кандидат деген атқа сай кімдер?”
“Ұзақ уақыт бәрін алдауға болмайды, кешірілетіні төрт жылда бір рет қана” (NN)
“Таңда дейсіз, ассортимент жоқ” (көшеден)
“Сайлау жарыстардың ішіндегі ең кереметі, кім көп сол ұтады” (Лоенс Питер)
“Бәріміздің қателікке құқығымыз бар, ал енді сол қателіктердің басын біріктіру үшін сайлау өткізіледі” (NN)
“Біз дауыс беріп, дауысымыздан айырыламыз, және сол қалыпты жағдай болып, кеткеніне етіміз үйреніп кеткен”
“Әдетте барлық дауыстан кейін қолдар салбырайды” (Владимир Зуев)
“Ақша мен ақымақтық сайлауда ұтыстың мүмкіншілігін арттырады” (Уолтан заңы)
“Кандидат болмаған депутат жем қор” (көшеден)
“Мен президент болып отырған сәттен бастап байқағаным, сыртқы көзге көрінгеннен де ол жер сорақы екен” (Кеннеди)
“Біз сайлаған адамымыздың арманына сенгенбіз” (көшеден)
“Ең қиыны, сол орынға лайықты екеніңді дәлелдемей тұрып, барлық дауысты иемдену” (NN)
“Сайлаудан кейін және үйленгеннен кейін, бәрі басқаша болып кетеді” (Роджерс)
“Сайлау түбіртегі атылған оқтанда өткір болуы тиіс” (Авраам Линкольн)
“Сайлау болашаққа кепіл емес, ол соған кінәлі адамды таңдау”
“Саясатшымен сайлау туралы сөйлесу, жылқымен бәйге туралы сөйлескенмен бірде ” (М.Звонорев)
“Соғыс болмаса болды ғой, бірдеңе жеп отырғанымызға шүкіршілік” (көшеден)
“Сайлаудыңда алдында айтылғандай өтірік басқа ешқандай жерде айтылмайды” (Отто Фон Бисмарк)
“Біз өзіміз айтқан өтірікке кәміл сенеміз” (көшеден)
“Біз кандидаттан ешқандай жақсылық күтпейміз, тек өзгеріске үміт артамыз” (көшеден)
“Нағыз саясатшы-ол еркін сайлауда жеңіске жеткен үміткер”
«03/04/2011- Жарыс жексенбі»
Әрі қарай

Әлібек Лапидус. «Мона Лиза»

«Бубық бубық, Менде бір керемет сюжет бар...: Әлібек Лапидус. «Мона Лиза»» ©СаянҮш

«Мона Лизаны» ұзақ қарап тұрған кісі, ақыры көзілдірігін шешіп, жасаураған көзін сүртті. «Керемет… Ғаламат-ау, ғаламат… Сөзім жоқ...» -деді ол күбірлеп. Қасында тұрған Жауғашты Берковиц: «жылаған нес, жынды ма шешесс?» деді де, шорт бұрылып, мұражайдан шығып кетті.
Әрі қарай

Реалда не істедім-1: Мафия ойнадық

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Реалда не істедім-1: Мафия ойнадық
Алдыңғы күні үйде түнгі сағат 22:00-ға таман жарық сөніп қалды. Енді бұл уақытта ұйықтап үйренбеген біз, диванға жайғасып, әркім ұялы телефондарына сығалаумен болды. Бір кезде мен «Мафия» ойнайық деп ұсыныс тастадым. Үйде төрт інім, және мамамның інісі болған еді. Сөйтіп, сығырайған екі майшамның жарығымен 6 адам ойнауға кірістік. Мамам да іші пысып отырған соң, оны жүргізуші етіп тағайындадық. Жасы егде адам болған соң, жүргізушіліктің қыр-сырын түсіндіруге біраз уақыт кетті. Онымен қоймай «Мафия» өлтіріп, «Дәрігер» жазған адамдарды шатастырып, біз әуреге түстік. Енді қайтсін, қартайған сайын лезде ұғу қабілеті төмендей түсетініне тағы көзім жетті.
Әйтеуір соңына дейін ережені түсініп, біраз ойын қызығына баттық. Бір інім көп сөйлемейтін, момындау еді. Сол екі рет «Мафия» болып, біз оны байқамай қалдық, екі ұтыс соныкі болды. Ал маған қайта-қайта «Тұрғынның» картасы келіп, «Мафия» болуды қалап отырғам. Әйтеуір «Мафия» болғанның бір шеңберінде бәрін міз бақпай ұтып кеттім )) Көбіне мен «Мафия» болған кезде ұтылып қалатынмын. Осы жолы түрімнің толық көрінбеуіне байланысты ұттым ба, әлде тәжірибем көп болды ма, ұтқаныма қатты мәз болдым. Улап-шулап отырғанда сағат түнгі 1 болып қалыпты. Арғы бөлмеде ұйықтап жатқан әкем келіп, бәрімізді «Жатыңдар!» деп «Тұрғындардың» ұтуымен ойынымызды аяқтатты. Айтысамыз деп ауыз кеуіп, суды кезекпен қылқылдата жұттық қой келіп ))
Бәріміз ұйқыға кіріскенде, жарық та жанды.

Пы.Сы. Интернеттен тапқан мәліметім болайын деп тұр. Кішкене білім базамызды толықтырайын деген мақсатпен. «Мафия» ойынын 1986 жылы МГУ студенті Дмитрий Давыдов ойлап тауыпты. Басында тек МГУ жатақханасында, аудиторияларда, кез-келген жерде топтастар ойнап жүрсе, кейін КСРО-ның түпкір-түпкірінен келіп демалатын студенттік лагерлерде осы ойын кең таралған екен, одан әрі басқа да мемлекеттерде ойнай бастапты. Қазіргі уақытта ойын бүткі әлемге танымал. «Мафияны» ойнау тактикалары жайында бірнеше кітаптар да шығарылған.
Әрі қарай

Рояль

Әбіләкімнің  ауылы: Рояль
Мектепте қазақ тілі деген пән бар ғой.Сол сабақтың үй тапсырмаларының бірінде «рояль» сөзіне сөйлем құраңыз депті. сөйлем құраудан алдыма жан салмаймын ғой мен деген. Ойланбастан "Үйге келген қонақтар бір роялді бөліп ішті" деп жаздым.Тура осылай роялді тырнақшаға алмастан жаздым. ертесіне Дәмегүл мұғалім тапсырмаларды тексеріп жатыр.Аталған сөзге ешкім сөйлем құрай алмапты. Қолымды шошаңдатып" мен құрадым" дедім.
-Оқи ғой.
-Үйге келген қонақтар бір роялді бөліп ішті.Мұғалімнің түрінен күлкісін тежеп қалғаны білінді.
-Рояль деген не, білесің бе?
-Білем, арақ қой.Біздің үйде сервантта тұр.
-Ондай арақ бар болса бар шығар, бірақ рояль деген музыкалық аспап.Пианиноның үлкен түрі.
Міне, менің рояльмен алғашқы таныстығым осылай басталған.
Әбіләкімнің  ауылы: Рояль
Әрі қарай

Естеріңде ме?

Тоқсаныншы жылдардың орта шені. Қазақтар арақты қолдан жасап жүрген кезтұғын.Сол кезде көктен түскен Исадай пластмасса бөтелкедегі қытай арақтары шыға бастады. Осы арақты зиян дегендер көп, бірақ уланып өлген адамды көрмедім.
Әрі қарай

Болады, болмайды, ұнайды ... (23 – ақпан)

ЕРЛЕР МЕРЕКЕСІМЕН барша ата, әке, ағаларымызды шын жүректен құттықтаймын.
Жеке өз ойларым.

Қандай сыйлықтарды алуға (сыйлауға) болады:
1. Флэшка (USB ) {< 4 GB} :)
2. HTC Desire HD (2-3 жылға арналған сыйлық)
3. Кітап (жиі кездесетін, қызықты)
4. Сүйікті фильмдер
5. Романтикалық кеш
6. Ақшалай, өйткені 12 күннен кейін екі есе қайтарасың
7. Футболға билет н/е футбол көруге мүмкіндік берсе ;)

Жағымсыз сыйлықтар:
1. Салпыншақ(Брелок)
2. ГАЛСТУК
3. Фляжка
4. Әтір-су
5. Белдік
6. Киім
7. Суретке арналған рамка.

Не сыйладыңыз? Сыйлар едіңіз?
Әрі қарай

Мейрамдарыңызбен құрметті жігттер!

Мейрамдарыңызбен құрметті жігіттер қауымы! Сіздерге зор денсалық тілеймін! Еліміздің адал қорғандары мен адал азаматтары болып жүре беріңіздер! Қыздарды әрқашан қолдарыңызда аялап ұстай беріңіздер!

Дегенмен мейрамды 7- мамырға ауыстырғаныменде біздің жұмыста бәрі 23- күні тойлағанды жақсы көреді. Себебі біз советтер одағында туылғанбыз, сол кезде служить еткенбіз дейді бәрі. Соныменде бізде сол кезде туылғанбыз ғой сондықтанда құттықтап қояйын сіздерді.
Әрі қарай