Әлібек Лапидус. «Мона Лиза»

«Бубық бубық, Менде бір керемет сюжет бар...: Әлібек Лапидус. «Мона Лиза»» ©СаянҮш

«Мона Лизаны» ұзақ қарап тұрған кісі, ақыры көзілдірігін шешіп, жасаураған көзін сүртті. «Керемет… Ғаламат-ау, ғаламат… Сөзім жоқ...» -деді ол күбірлеп. Қасында тұрған Жауғашты Берковиц: «жылаған нес, жынды ма шешесс?» деді де, шорт бұрылып, мұражайдан шығып кетті.
Көзілдірікті кісі қона үйдегі нөміріне қайтып, ноутбукты ашып жіберді де, «Егемен Швеция»газетінің «Мәдениет» айдарына арналған мақаласын бұрқыратып жаза бастады:
«Аналардың даналығы, қыздың қылықтылығы, кішкене сотқарлық, дегенмен байсалдылық, аздап мысқыл, бірақ бәрібір түсіністік – міне, Джоконданың жүзінен бұл жолы оқи алғаным осылар болды. Мыңыншы мәрте жіберсе де, келе бергім келеді, келе бергім!

Олаф Олафсон, Стокгольм-Париж, Лувр. Арнайы «Егемен Швеция» үшін».


Осы уақытта Жауғашты Берковиц те қарап жатпаған етін. Қонақ үйдегі Интернет салонда үлкен хай-ваймен М-Агент орнаттырып, ауылдағыларға Парижден алған алғашқы әсерін апыл-ғұпыл жазып жатты:
Джаугашты-champion! :
— Ой лібә, жиырма бес доллар тігіп алд нақ! Біздегі «MEGA» сияқты шығар десем, кілең суреттер нақ. Тамақ, кинозал өлдім жоқ: типінақ қатты оқитындар баратын жер ме дейм. Лібә айтпақшы, бір қатынның суретінің алдында бір кісі жылап тұр шешесс!
Онталап Амиркенов:
— Шешесс… Лібә, құсқың келіп кеткен шығар?
Джаугашты-champion!:
— Ия нақ, «ну и нах» деп, тайдым шешесс…
Бөлісу:

18 пікір

asaubota
Ол елдің аты Франция, ол мұражайдың аты Лувр! :)))
patick
Барлық жерден де кетті )))))))))))
alisha
Пәтікті дереу жан сақтау бөліміне;)
Nurgisa
Меніңше «иммодиум» тәуір-ау мұндай симптомдар қылаң бергенде ;)
Abilakim
Патик клизмаға «Жоқ!» дейді!
Nurgisa
:) :) :)
Айтпақшы, Ақзере қалайша аталмай қалды десем, ілмектерде жүр екен ғой.
Khan
Байқұс Жауғашты, сені аяп отырмын…
kaztarih
Луврға кинотеатр іздеп барыпты… ходячий әнек…
asaubota
оқи бергім келеді, оқи бергім
konvict
Іздеп тауып аламыз осылай
sigma
үлкен хай-ваймен М-Агент орнаттырып
үлкен ерлік қой мынау
konvict
 Қайтадан шелектеп тұрып кетті.