Реалда не істедім-1: Мафия ойнадық

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Реалда не істедім-1: Мафия ойнадық
Алдыңғы күні үйде түнгі сағат 22:00-ға таман жарық сөніп қалды. Енді бұл уақытта ұйықтап үйренбеген біз, диванға жайғасып, әркім ұялы телефондарына сығалаумен болды. Бір кезде мен «Мафия» ойнайық деп ұсыныс тастадым. Үйде төрт інім, және мамамның інісі болған еді. Сөйтіп, сығырайған екі майшамның жарығымен 6 адам ойнауға кірістік. Мамам да іші пысып отырған соң, оны жүргізуші етіп тағайындадық. Жасы егде адам болған соң, жүргізушіліктің қыр-сырын түсіндіруге біраз уақыт кетті. Онымен қоймай «Мафия» өлтіріп, «Дәрігер» жазған адамдарды шатастырып, біз әуреге түстік. Енді қайтсін, қартайған сайын лезде ұғу қабілеті төмендей түсетініне тағы көзім жетті.
Әйтеуір соңына дейін ережені түсініп, біраз ойын қызығына баттық. Бір інім көп сөйлемейтін, момындау еді. Сол екі рет «Мафия» болып, біз оны байқамай қалдық, екі ұтыс соныкі болды. Ал маған қайта-қайта «Тұрғынның» картасы келіп, «Мафия» болуды қалап отырғам. Әйтеуір «Мафия» болғанның бір шеңберінде бәрін міз бақпай ұтып кеттім )) Көбіне мен «Мафия» болған кезде ұтылып қалатынмын. Осы жолы түрімнің толық көрінбеуіне байланысты ұттым ба, әлде тәжірибем көп болды ма, ұтқаныма қатты мәз болдым. Улап-шулап отырғанда сағат түнгі 1 болып қалыпты. Арғы бөлмеде ұйықтап жатқан әкем келіп, бәрімізді «Жатыңдар!» деп «Тұрғындардың» ұтуымен ойынымызды аяқтатты. Айтысамыз деп ауыз кеуіп, суды кезекпен қылқылдата жұттық қой келіп ))
Бәріміз ұйқыға кіріскенде, жарық та жанды.

Пы.Сы. Интернеттен тапқан мәліметім болайын деп тұр. Кішкене білім базамызды толықтырайын деген мақсатпен. «Мафия» ойынын 1986 жылы МГУ студенті Дмитрий Давыдов ойлап тауыпты. Басында тек МГУ жатақханасында, аудиторияларда, кез-келген жерде топтастар ойнап жүрсе, кейін КСРО-ның түпкір-түпкірінен келіп демалатын студенттік лагерлерде осы ойын кең таралған екен, одан әрі басқа да мемлекеттерде ойнай бастапты. Қазіргі уақытта ойын бүткі әлемге танымал. «Мафияны» ойнау тактикалары жайында бірнеше кітаптар да шығарылған.
Бөлісу:

40 пікір

sammita
бірінші рет естіп тұрмын, мүмкін бізде басқаша атала ма екен…
gerakl
Сен бірінші естісең, өзгелер үшін де таңсық болуы керек па?
sammita
өзгелер жайлы айттым ба?
Abilakim
Саммита, сен жалғыз емессің. Мен де білмейм мысалы осы ойынды
sammita
Мафия деуіне қарап кейін шыққан ойын болуы мүмкін деп жобалап отырмын.
Abilakim
/«Мафия» ойынын 1986 жылы МГУ студенті Дмитрий Давыдов ойлап тауыпты/
Zere
Мафия, дәрігер, шериф, тұрғындар болады. Тұрғындардың мақсаты мафияны өлтіру, ал мафия өзін жасыру керек. Ойнамадың ба?
Abilakim
Біздің жақта «Белка» атты ойын бар. Көзір деген ұғымдары бар. 4 валет ең мықтылары, одан кейінгі мықтылар көзірлер. көзір ауысып отырады.4 адамдық ойын, кімнің ұпайы 60тан асады сол жеңіп отырады.
sammita
ал бұл ойынды білем. Түнімен осы ойынды ойнап, азартпен таң атыратын еді бізде.
Abilakim
Керемет ойын ғой, өткенде қайтыс болған Қанат Байшолақов ағамыз бұл ойын жайлы кітапша да басып шығартып еді. Бұл ойынды Орталық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан ғана білер білсе.
TERISKEI
мынау тың ақпарат екен ғой деймін, «Белканы» естімеппін бұрын-соңды. айта түсіңдерші…
Abilakim
Мен «Белка» ойыны деген жазба жаздым содан қарарсың.
TERISKEI
Рахмет, ағасы, дереу қарай қояйын;)
konvict
КетНа! Баяғыда біз де қырылып ойнайтынбыз оны.
Пікір түзетілген: 13 шілде 2011, 10:04
Altygradus
айтып отырғаның карта ойыны сияқты ғой. Ал мафия ойнау үшін картаның қажеті жоқ негізінде
TERISKEI
«Мафия» қызық қой! Бүрын универде ойнаушы ек, таныстығымыз да сол универден бастау алған-тын. Маған алғашқы ойынымда «мафия» болудың сәті түсіп еді, «шансым» сол сәт, сол секундта-ақ желге ұшты, қалай?
-Кім «Мафия»? Алдымдағы отырған досым: -әәә, сен ғой иә мАФИЯ?
-Иә, мен!(қағазымды ашып көрсеттім).

Қыран-топан күлкі!!! :)))
meirzhan
Ондай-ондай болып тұрады. Бір рет универде мафия ойнадық. күннің аяғында жүргізуші бәрінен сұрап шықты: «Кім мафия деп ойлайсың» деп. Бір қыздан сұрап еді, ол алғаш ойнап отырған: «Ол мен ғой» деп айтып бірден ойынның қызығын кетірді.
Ал қонақүйде ойнағанымызда бір бала "қала тұрғындары" ұйықтайды дегенде шынымен қисайып ұйықтап қалған болатын. түннің бір уағы болатын.
Altygradus
қатырған екенсің Өткенде блогкэмпте ойнаған едік, Қуаныштың үйіне қонаққа барып
Karakyz
Астанада бір кафе бар, ішінде мафия ойнауға арналған залы бар, өздері жүргізуші береді, ұйымдастырады, сөйтіп адамдар (кейде таныс емес адамдардан құралған компания) отырып алып мафия ойнайды...))

Мафияны мектепте де, универде де көп ойнағанбыз, бірақ мафия өмірі түспейтін маған...))
meirzhan
Өте қызықты ойын. Адамдардың спикерлік қабілеттерін дамытады. Уақытты қызықты өткізудің амалы. Бірақ неғұрлым адам саған таныс болса, оның бұл ойында кім екенін анықтау оңайға түседі.
Gamk
Естігенім болмаса «Мафия» дегеннің қалай ойналатынын білмеймін. Ал «Белкаң» белгісіз екен маған.
konvict
Группада қырылып ойнаушы едік. Мен тұрғын болсам да «Абай-мафия» деп өлтіріп тастайтын
meirzhan
Бірінші өлу деген қызық емес қой.
konvict
Сол ғой, сол! Отырасың сосын жының ұстаааап
AKY
зато, ойыншылардың не в тему қателескеніне қарап, бұттан кетіп отырасың
лібә, небір аналитиктер отырады ғҰӘ
nurjanbay
қызық ойын екен. википедиядан оқып отырмын. ойын шарттары сол жерде жазылғандай ма?
nurjanbay
өтініш. қарапайым, әрі түсінікті қылып ойын шарттарын жазыңдарш. википедияда ойынның барлық түрін қамтып күрделендіріп жазған. менің түсінгенім:
бір жүргізуші, мафия, комиссар, тұрғындар болады. мафияның саны тұрғындардан 3 немесе 4 есе аз болады. моняк пен дәрігердің рөлін түсінбедім. ойын түн-күн деп аталатын кезеңдерден тұрады.
1 түн: бәрі ұйықтайды. мафия оянады. бір бірімен танысады. мафия ұйықтайды.
1 күн: бәрі оянады. кім кім екенін анықтауға тырысады. дауыс беру арқылы бір адамды түрмеге отырғызады. оның статусы жарияланады. бәрі ұйықтайды.
2 түн: мафия оянады. біреуді өлтіреді. мафия ұйықтайды.
2 күн: таң атады. комиссар оянады. бір адамды тексереді. бәрі оянады. түнде "өлтірілген" адамның статусы жарияланады. тағы да біреуді түрмеге отырғызады.бәрі ұйықтайды.

осылай не мафия, не тұрғындар қалғанша жалғаса береді.
Пікір түзетілген: 13 шілде 2011, 12:32
Altygradus
басында полицай мен дәрігер де халық ұйқтап жатқанда таныстырып шығады өздерін. Полицайдың ролін дұрыс айттың, түнде елдер ұйқтағанда бір адамды мафия екенін, емес екенін тексере алады, оянғасын елдерге соны білдіруге тиіс. Әрине өзінің полицай екенін мафияға әшкере етпей. Ал дәрігердің қызметі, мафиядан кейін оянады да, мафия өлтіреді ау деген адамды таңдап емдейді, өзін де емдей алады, егер емдеген адамы дұрыс болса, мафия таңдаған құрбан тірі қалады, ал қате болса өліп кетеді, менше ең қиыны дәрігер болу ең үлкен жауапкершілігі бар
nurjanbay
полицай мен дарігер бір бірін тани ма? маняк калай ойнайды? ол да өлтіре ме?
qisyq
Оны ойнап көру керек шығар, Нұржанбай. Әйтпесе, телефонмен сөйлесіп тұрып, трубканың ар жағындағы адамға «былай жүресің, сосын былай бұрылып, анда қарасаң көрініп тұрады» деп түсіндіруге ұқсайды екен.
nurjanbay
маняксыз ойнап көру керек екен. бәрібір ол ешқандай топқа жатпайды. ал қалғандарының рөлдерін түсінген сияқтымын.
Altygradus
ешкім ешкімді танымайды. тек бірнеше мафиялар болса, солар ғана сообша жұмыс істеп, өлтіретін адамдарын таңдайды. Бәрін жүргізуші ғой басқаратын. Мафиялар тұрады, кімді таңдайсыңдар дейді. олар таңдайды, оларды ұйқтады, дәрігер оянады, ол өз жұмысын біткесін полицай тұрады да бір адамды тексереді, оны да ұйқтатып, қала оянады дейді. Қала оянды пәленшесіз оянды дейді. Немесе бәрі тірі, мафия құрбанын таңдап едлі дәрігер жұмысын жақсы атқарды дейді. Егер емдеген адамы дұрыс шықса дәрігерде де инфо бар деген сөз, демек ол адамы мафия емес. Солай кете береді
nurjanbay
түсінікті. рахмет.
Altygradus
оянғасын бүкіл халық мафияны іздей бастайды, мынау деген адамды таңдайды, ол адам барын салып ақталуы керек мен мафия емеспін деп, барынш өзінен күдікті басқаға аударуы тиіс, мафияның қызығы да сол дебаттарда. Тым көп шу боп кетсе ақырн ғана жүргізуші қайырып отырады
meirzhan
Түрмеге кету деген — ойыннан шығу деген сөз. Демек әр күн сайын ойыншылар саны азая бастайды.
Ең бастысы қарапайым азаматтар мен мафия болса болды. Ал комиссар, дәрігер дегендер қосымша ғана.
Gulistan
Осы ойынды бірінші Керектіктер Алматыда көп ойнайтын еді, сосын елді қызықтырып посттар жазатын.
Негізі 10 шақты адамнан құралған топты бұл ойынды жақсы алып кете алады деп естігем.
Адамның спикерлік қабілетін дамытады дегенге келісемін.
Қазір білмеймін, бірақ былтырлары МузТВ — дан осы ойынды ойнап жүрді танымал адамдармен, қарап отырсаң қызық! Өзің мафия болсаң да, мафия емес екеніңді дәлелдеп, ес кетеді.
«Мафия не спит», «Мафия выбирает жертву» дегенде, ылғи мафиялықтар маскаларын жайлап шешеді де, құрбан болатын адамды ыммен белгілеп, күшті көрсетеді.

Басымыз қосылса, ойнауға болады.
Пікір түзетілген: 13 шілде 2011, 13:13
konvict
Дауай ойнайық. Мен көп болды ойнамағалы