Үйленгендердің әнгімесі........

Жақын сырласып жүрген досым үйленген еді, енді бұрынғыдай әнгіме айтпайды. Кеше әдейі тиіскен едім әңгіме айт деп) Сөйтсем батырың «сен бірінші үйлен, сосын айтамын» дейді(( Мен білмейтін не әңгіме екен???
Әрі қарай

Беременна әйел

Таңертең жұмысқа шықсам, дала аппақ қар, қайтадан аяз тұрыпты. Кеше алдымен жаңбыр, сосын қар аралас жаңбыр, содан кейін қар жауған еді. Ауа-райы да Қазақстанның қазіргі ахуалына пародия жасап, мазақтап кеткен сияқты — әйтеуір бардак пен бәрібіризм нышандарын байқадым табиғаттан.

Очм, не бастарыңды ауыртайын, күртік қарға тайғанақтап (қардың асты мұз еді), аялдамаға да жеттім. Аптауыз кешігіп жатыр, халық біршама жиналып қалыпты. Такси ұстауға бел будым. Қырсыққанда ешкім тоқтамады. Сөйтіп тұрғанда ырғалаңдап аптауызым да келіп жетті. Есік ашылысымен жыртылған қаптан төгілген бидайдай адамдар сыртқа шашылды. Әрең дегенде қыстырылып мініп, лықа толған студенттерді іштей боқтап келе жаттым. Үнемі осы, аптауыздағы халықтың 90 пайызы студенттер. "Қазір каникул кезі болса рақаттанып келе жататын едім қыстырылмай" деп армандап қоям іштей.

Осындайда адамдар да ұрысқақ келеді ғой. Бір-бірін сөзбен ұрып, болмашы нәрсеге ашуланған адамдарды көріп көңілің де көтеріліп қалады екен. Қазір де соған ұқсас жағдай. Аптауыздың түп жағынан бір топ адам шығуға дайындалып, бірақ есіктің алдына жете алмай тұр. Ешкім ығысқысы келмейді, ығысар-ау, орын жоқ. Содан, әйтеуір жартасқа өрмелегендей күй кешіп, әлгі түсетін адамдар біртіндеп жақындап келеді есік алдына. Есік алдында бір топ адам үймелеп тұрғанбыз, сол жерге келгенде жаңағы жолаушылардың жүйкелері сыр бере бастады.

— Шығасыңдар ма? Шықпасаңдар, бізді өткізіп жіберіңдерш — дейді әлгілер. Мен айналама қараймын. Орын ауыстырып ығысатындай жер жоқ. Барлығы қыстырылып, әрең сыйып тұр.
Әлгі қыз-келіншектер қақылдай бастады: "Өткізіп жіберіңдерш!"
Біреуі тіпті халықтың аянышын туғызғысы келген сияқты:
— Мына жерде беременна әйел шыға алмай тұр. Өткізіп жіберіңдер!

Бұл жерде енді мені күлкі қысты. Шыдай алмай: «Беременна әйел» деп айқайлап күліп жібердім. Төңіректегілер де «мырс-мырс» дыбыстар шығарып жатыр.

Қазақтарға әлі де тұтас қоғам болуға ерте екеніне көз жеткізіп, тиісті аялдамадан түсіп қалдым.
Әрі қарай

сәлем

Сәлем!

Алғаш қазақша постым десем болады. Негізінде университетке түспей жатып тек қазақша сөйлейтінмін, университетке түскеннен кейін орысша сөйлеп жазуым басталды. Жақында қазақшаны ұмыта бастағанымды байқап, өз-өзімді қолыма алдым да қазақша кітап сатып алдым және соны қазір оқып жүрмін)

Тағы да, 11 сыныпта қысқы демалыста Опера браузерін қазақшаға аудару ниетім болған және де ниетімді жартылай іске айналдырғанмын, алайда кейін ҰБТ-ға дайындықпен, кейін университетпен жүріп қалып Опера туралы ұмыттым да қалдым. Қазір аудару үшін қайтадан сөздерге дұрыс аударуларын табу керек, кейін бірақ уақыт аудару керек, оған уақыт та жоқ, қызығушылық та жоқ.

Ал сайт жақсы екен. Жиірек отыруға тырысам.

Жаржан.
Әрі қарай

Анашым, туған күніңмен!

Бүгін анамның туылған күні! Анамды ең бірінші болып құттықтайын деп едім, үлгере алмай қалдым, бірінші боп Астанадан құрбысы қоңырау шалып құттықтап үлгерді. Мен екінші болдым. Аллам әлі талай рет бірінші болып құттықтауды жазсын. :)

Асыл анашым, мені тоғыз ай көтеріп, өмір сыйлағаңына, мәпелеп, қорғаштап өсіргеніңе шексіз алғысымды білдіргім келеді. Асқар таудай әкеммен бірге біздің (ұл-келіндеріңіздің, қыздарыңыздың, немере-шөберелеріңіздің) қызығын көріп, дендеріңіз сау болып жүре беріңіздер!
Менің сіздей анам барын мақтан тұтам және болашақта сіздей мейірімді, үлгілі ана болуға тырысамын! -деп ертең отырыста айтпақпын иншалла!

Аналарымыз аман болсын! :)
Әрі қарай

Digital бармақ!

Мына жігіттің есімі — Пранав Мистри. Бірнеше жыл бойы жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде digital әлемді саусақтың ұшына сидырды. Төмендегі ағылшын тіліндегі видеода осы жаңалықты ашуға компьютердің қарапайым тінтуірі себеп болғанын баяндайды.

Әрі қарай

Бекболат Тілеуханның блогы

WP.com-ға сенсек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, сазгер, әнші Бекболат Тілеухан ағамыз блог ашыпты. Блогын "Айтайын дегенім…" деген жазбасымен бүгін бастапты.

Бүгін шулы тақырып болған бұрын КСРО Отан қорғаушылар күніне қатысты айтқанының бізге белгісіз тұстарын "Это ведь история” ма?!" деген жазбасында кеңінен түсіндіріпті.
Әрі қарай

Сабақ жоқ күн )

Бүгін бізге сабақ жоқ) Әр аптаның сәрсенбісі -демалыс. Осыны пайдаланып, түске дейін ұйықтадым :)))
Бәлен сағат ұйықтағанымды қайтейін, неше түрлі түстер көріп ұйқым жөнді қанбады. Бір құрбымның «Адамның ұйқысының қанбауы-түс көруінен» дегені рас-ау деп қалам осындайда :)))
Сағат екіде факультетте Дидар Амантайдың кітабының тұсаукесері болады дегенді естіп рухани байлық алып қайтайын деп корпусқа қарай тарттым. Барынша жақсы өтті. Дегенмен, кемшіліксіз кеш болған ба, Мейіржанның сынын естігенде(оқығанда) «Баяндама жаса» дегенде, жасамағаным дұрыс шешім болған екен деп ойладым.
Әйтіп-бүйтіп жүргенде қараңғылық та жер-әлемді қымтап үлгерді. Зымырандай зымыраған уақыт десеңші…
Айтпақшы, бір-екі сағат бұрын Теріскей мен Қарасақал ҚазҰУ-дің жанынан өтіп бара жатып соғып кетті. Ол екеуінің жерлес екендерін білмеппін:)))
Әрі қарай

Онлайн медиа жасай ғой...

Розатайдың блогынан алынған сурет
Алдыңғы жазбада «желге ұшқан ақшаларды» талқылап, біраз буымызды сыртқа шығарған тәріздіміз. Өкініштісі, қазір сайт жасап, дамытқысы келетін адамға үкімет тарапынан грант бөлінбейді (әрине, егер қаттырақ жыласаң, бірдеңе беріп қалатын шығар. Ол жағын тексермедім). Аршат та бұл жайлы ойын тарқатып айтқан еді.

Есесіне, Халықаралық ұйымдар онлайн медиа ашуға, интернетті дамытуға арнап гранттарға байқау жариялап отыр. Соның бірі Сорос Қазақстан қорының бағдарламалары.

Бірінші жобаның тақырыбы «Онлайн медиа құру байқауы» деп аталса, екіншісі «Интернетті қолдану мен дамытуды ынталандыратын жобаларды жүзеге асыру байқауы» деп аталады (орысша берілген екен, дәл аудара алмаған сияқтымын).
Әрі қарай

Блогкамп хақында...

Құрылтай жақындап келеді, сол себепті де, Алматыдан өзге қаладан(облыстан, мемлекеттен, т.б.) келуге келісім блдірген азамат-азаматшалардың жатын орнын анықтап алғымыз келеді. Алматыда қонатын, қалатын жайы барлары мен жоқтары үн қатсын! Біздер мұнда жатын орын қарастырып жатырмыз. Осы сәтке дейін 2-3 жерді қарадық, сөйлестік, болмады. Бірісі өте қымбат болса, кейбіреуінің жатын-жағдайына көңіл толмады. Енді бұйыртса, бүгін 2мектеп-интернаттың жатақханасымен сөйлесеміз, соған керек мәліметтерді сізден алғымыз келеді, достар!

Барлық қатысушыларға қонақ үйден орын қарастыруға тырысып жатырмыз (3 түн, 2 күнге ең кемі 35700 теңге. Одан арзанын да іздеп жатырмыз. Бірақ ертерек бронь жасау керек). Тапқандарға хабар береміз. Десе де төмендегідей ұсыныстар бар.

1. Бірнеше адам бірігіп тұрамын десе, Алматыдан пәтер қарастыра аламыз. Күні бұрын хабарын беріңіздер.
2. Сонымен қатар №2 мектептің жатақханасымен келісуге болады (күніне 2000 теңге). Бірақ адам санын оларға ертерек айту керек.
3. Презентация жасайтын кейбір қатысушыларға (әсіресе, шетелден келетін :) ) арнайы қонақ үйді қарастырып жатырмыз.
3. Кейбір алматылықтар өз үйлеріне қонақ қылдара алады :)

Қосымша сұрақтарыңызды біз бейбаққа meyirbek[айқұлақ]ceravit[нүкте].com) жолдай аласыздар…
Әрі қарай