Ұзақбай Пазолини. «Жанр дағдарысы»

«Өлең жаза алмайтындар прозаға кетсін. Суки, убьюнах!» ©AKY

— Дабай, басты кейіпкер ең соңында тірі болып шықсын?
— Лібә, ондай миллион кино шықты нақ, қызық болмайд.
— Онда … онда басты кейіпкер қылмыс азайғанда өліп, көбейгенде – тірілетін болсын!
— Тәліб, мынауың қызық болад э! Әкелш аяқты ептібайымайд!

Сценаристтер Мақсат Кассар мен Жүніс Ву «Трамвай Голдуин Майердің» тапсырысымен тастарын қатырғанына екі аптаның жүзі болды. Фантастикалық экшн фильмге сценарийге – «жазатын дым жоқ»: ептібайымайд Голливуд оқиғаның барлық түрін жазып тастапты, шешесс.
Әрі қарай

Дауыс беруден шет қалма!



Достар, блогтар байқауына өтініш қабылдау мерзімі аяқталса да, оған қатысуға ниет білдірушілер саны толастар емес. Айтайын дегенім, біріншіден, байқау ережесі бойынша байқауға тіркелу наурыздың 8-і күні аяқталып қойды.
Әрі қарай

Баспен істеу керек, баспееен :)

Осындай бір ескі әнек бар еді. Сол сияқты мына видео да боян шығар, бәлкім. Бірақ Эрик Абидальдың мына қылығын жаңа көріп… бөліскім кеп кетті опшым (футболшының атын да жаңа біліп отырмын) :))


Табандылығын қайдам, басын істете білетін жігіт екен.
Әрі қарай

Өнер үшін - ұлт пида!

Superstar-дан шыққан Әлішер Кәрімовты қазіргі таңда көбі танитын шығар. Бастапқыда шашы ұзын болып, имидж жағынан халі сәл мүшкілдеу жүр еді, оған осы өткен кәріс сериалы жақсы әсер еткен сияқты. Яғни имиджіне. Тура сол сериал біткен соң, Әлішердің шаш үлгісінен корей сериалының басты кейіпкерінің образын көріп, плагиат деп шулағанда, «мен ешкімнен имидж ұрлаған жоқпын» деп ақталумен болды.

Не де болса, шашын қиғаны жақсы болды, өңі кіріп, енді сүйсінерлік әншілер қатарына кіре бастады.
Айтарым ол емес. Өзбек бауырымыздың бастапқыда Роза Рымбаеваның репертуарынан «Әлия» әнін айтып жүргенін тыңдаған шығарсыздар. Сонда «Батыр қызы сен халқымның» деген сөздері бар. Дәп сол жерін айтқанда біртүрлі ішімде бірдеңе қылт ете қалатын еді. Енді соғыс сонау КСРО кезінде болғанын ескерсек, бәрі бір халық болды, яғни идея бір дегендей. Олай айтуға намыстанбайтын да шығар.
Ал алдында Қазақстан телеарнасында Кеңес Дүйсекеевке арналған кеш өтті. Сол кеште бұл батырымыз «Қазағымның мұңысын сен – домбыра, бабамыздың жырысын сен — домбыра» деп шырқап тұр.
Ну енд, ұлтқа бөлінбеген дұрыс. Бірігіп ұстау керек, анау-мынау… Бірақ бәрібір, іште тағы бірдеме қылт ете қалады, неге екенін…
Әрі қарай

Парақор мұғалімдерге кеткен есеңіз бар ма?

Жақында парақор мұғалімдерге қарсы бір сайт ашылыпты, естіген боларсыздар. Ол сайтқа Бүкіл Қазақстандағы жоғары оқу орындарында сабақ беретін, парақор мұғалімдердің қара тізімі жарияланыпты, сайттың ерекшелігі әрбір қарапайым сайтқа кіруші адам өзінен пара алған мұғалім туралы сайтқа жариялай алады. Мұны парақор мұғалімдер үшін керемет соққы деп бағалауға болады. Кім ашсада ЕРКЕК екен, барекелді!!! www.vzyatochnik.info/
Әрі қарай