Ең алдымен, Әбіләкімнің өткен жолғы айтқан бұйымтайын орындауға жарамағаным үшін өзінен кешірім сұрайын деп едім.
***
Бүгін таңертеңнен мәшинеге мініп алып, кім екенін саусақпен көрсетпей-ақ қояйын, блогкемпке келген қонақтармен қаланы кішкене араладық. Өстіп, Алматының өзінде жүрсек те, қу тірліктің қамымен онша араламаған қаламен өзіміз де танысып алдық :)))
Алдынгүні qazaq.kz -тен бақылап отырып, Нұрғисаның арнауын тыңдап өзіміз риза болдық. Аршаттың әлдене айтып, энтузиргазмға түсіп тұрғанын көріп, туысқан көргендей болдым.
Шенеуніктер аманаты мен Асхат Еркімбай блогкемпте бәрін шайнап, жұтқызып, бізге тек іш босатуды қалдырып, «сауатсыз» блогерлерге арнаған ликбезі басым болады ма деп едім, жоқ, өзі суреттеген жоғары деңгейде, өзіне тапсырылған бөлігін өте жақсы атқарған екен. Бастапқы скептицизм үшін ғафу ет.
Иә, қанша уақыттан бері асыға күтіп жүрген Блогкэмп-2011 2-ақ күнде зу етіп өте шықты. КИМЭП-тің абыр-сабыр холлы, қызықты да көңілді жүздесулер, жаңа танысулар (Айкона, Алтыградус, Қисық, Қуаныш, Розатай, Талғат т.б.), презентация алдындағы толқу, блогшылармен мафия ойнау, Қалдықыздың қазысы, Айконың моншасы — бәрі де артта қалды.
Өзім қатысқан презентациялардың арасынан Өркеннің блогты танымал ету жолдары туралы айтқандары, Патиктің киноға рецензия жазуға қатысты кеңестері және Ақзеренің «Арулар.кз» сайтын таныстыруы ұнады. Ақзереге айтарым, орамал байлаудың бір әдісін білуші ем, соны видео ретінде сайтыңа тарту етем болашақта)))
Қостанайда блогшыға арналған ескерткіш бар екендігін Бальзаминкадан естіп, таң қалдық. Қуаныштың интернет арқылы ақша табу әдістерін тыңдап, "лібә, оңай байып кетуге болады екен ғой" деген ой туындады)))
Айтпақшы, өз жобам бойынша біраз тартымды идеялар жинақтадым.
Сағат түңгі 1:54. Блогкэмп өткен үш күнде қатты шаршадым. (Наз айтқаным емес, ерікті шаршау ))) Бағана блогшылар отырысынан да ертерек қайтып, басты мақсатым — қанша күн үйге тек түнде келіп жүріп, ата-анамды дұрыстап хабардар етіп, ертерек демалу болып еді. Келе сала, досыма хабарласып, Блогкэмптен қайтқандағы шаттық сезімімді жеткізіп, жаңалықтармен бөлісіп жатқанымда, ол өз тарапында орыс тіліндегі блог-платформада бір қызға сын айтылып жазылғанын ескертті. Көңілім су сепкендей басылып қалды, өйткені сөздің мен жайлы болғанын шырамыттым.