Сыртынан қарағанда бұл қондырғы принтерді, шредер болмаса қалам ұштағышты елестетеді. Қондырғының жасалу мақсаты мүлде бөлек. Бұл гаджеттің көмегімен сіз керек емес қағаздан карандаш жасап алуыңызға мүмкіндік туғызады. Ол шін қағаздың бір бетін осы құрылғыдан өткізсеңіз болды, бірнеше минуттан соң карандаш аласыз.
Көлемі кіші болғандықтан, бұл гаджет қолдануға өте ыңғайлы және қарапайым.
Таңертең сағат 8, менде сайлау учаскесіне жеттім. блютенді ала салып көк түсті оңаша бөлмеге барып, ең соңғы тұрған үлкен кісінің тұсына, белгі сала салып, артыма бұрылғаным сол еді, біздің директор сығалап тұр екен. дұрыс жасағаныма көзі жетіп жымиып қойды. «басеке мені неге сонша аңдыдыңыз?» дедім әзілдеп.
«коллектив 100% болмаса менің басым кетеді ғой» деп сыбыр етті маған.
дауыс беріп болған соң біраз бақылап тұрдым. Бірақ директор мырза менен басқаларын олай нысанаға алмады.
Шум оружия заглушает голос законов.
Мишель де Монтень
"Қайран, Дәруішөлген… Қайран, ел… Тоз-тозыңның шыққанын көремін деп екі дүниеде ойладым ба!?". Жаудың бағытын барлауға шыққан Мастұр батыр талай рет қалқан мен қылыштың жүзін көріп мұқалған сүңгісін толғап-толғап жіберді де, екінші қолына ауыстырды. Күн қағып, тотыққан жүзі әлдебір ауыр ойдың астында қалғандай — тым қайғылы, тым салмақты. Шалқар даланың шебер желі батырдың жүзіне әдейілеп оюлап әжім салғандай. Айбары мен адалдығы қатар көрінер қысық көздер ерекше күштің иесінікі екенін дәлелдеп тұр.
Бірде группаласым менен сүйінші сұрап «Сүйінші, Шолпан родила...» деп жазып жіберіпті. Әрине, егізінің аман-есен босанғанын, жиенді болғанына қуанып жатқаны ғой(қазақтарымыздың көбейгені жақсы ғой). «Сұрағына жауабы » дегендей «Шнурогы берік болсын!» деп жауап жазып жібердім.
Мектепте кезекші деген ұғым болушы еді. Кім кезекші болса, сол тақтаны сүртіп кластың тазалығын сақтайтын болуы керек. Ол ұғым ұлдар арасында сақтала бермейді. 11 жыл оқығанда білгенім осы. Кезекшілікті тек қыздар атқаратын еді біздің класта. Жұмағали деген жуас мұғалім болатын. сол кісіі жынды қыла беруші едік. «Жұмалағи» деп дыбыстаушы едік, тақтаға бірдеңе жазып тұрған кезінде.
Алтыншы не жетінші кластағы кезіміз. Сол кісіге қатты қиянат жасадық. Балалық-ай, десеңізші… Тақта сүртуге арналған судың банкісіне кластағы он ұл кіші дәретке отырдық. Мұғаліміміз келді, тақта шимай-шимай.
-Кім кезекші?
Біз үнсізбіз,қыздарда да үн жоқ. Кім сүрте қойсын андағымен… Ақыры өзі сүртпек болды. Трәпкені алып, сулап сүртуге кірісті. Сәлден соң артына бұрылып,
-кезекші, тақтаны сүртпесең де суды ауыстырмайсың ба? Сасып кетіпті-дегені…
Ауылға барған кезімде ол кісіге сәлем беруге әлі ұяламын…
Қытайда вордпресске біраз шектеу жасалған сияқты. Бұрын оқып тұратын талай блогтарды аша алмай қалдық… Бүгін ашып тұрған бет, ертесі ашпай қалады. Аршат та себебін білмейді… Сөйтіп Құрылтайға қатысудың талап-ережелері жайында ақпарат ала алмай қалдым. Болмаса барып қатысып қайтудың амалын қарастыруға болатын ба еді. Асхатпен бір хабарласқанымда алдын ала өтініш қалдыру керектігін айтты, ал мен одан кешігіп қалыппын…
Не де болса бірқатар ақпарат құралдары мен кейбір азаматтардың блогтарынан құрылтайдың жақсы деңгейде өткенін естіп қуанып жатырмын. Қазақ тілінің туын көтеріп, ақпарат кеңістігіне тамшыдай болсын үлес қосып жатқандарыңызға ризашылығымды білдіремін! Істеріңіз жемісті болсын! Алла қаласа талай жиындарда жолығармыз!
Көз ұшында ұзап кеткен
Көктем дейін көріктім.
Ғашық болу бәрі бірдей
Бақыт емес соны ұқтым.
Тағдырыма бола алмаған
Көз қуаныш арнам-ау.
Мүмкін емес, мүмкін емес
өзің жайлы ойламау.