Ауылым менің жүрегім және бесігім

Төлеби ауданында «Ауылым қазынам» бағдарламасы аясында өз қолымен жасалған өнерпаздық байқауы өз мәресіне жетуде. Төрт ауыл округы өзінің өнерпаздық шығармашылығын әділ қазылар алқасына бағалауға ұсынған болатын, әр байқаудың соңы жергілікті халықтар үшін мейраммен бітетін болды. «Ауылым — қазнам» бағдарламасы бұл тек қана таланттарды тауып қана қоймай, тұрғындардың басын салт дәстүрлерді қайта жаңғарту арқылы басын қосу болып табылады. Төлебиліктер мұндай жаналықты қуана қарсы алды, бұрын соңды ауыл клубы атанып жүрген ғиамараттарымызға жаппай жөндеу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар, байқауға қатысатындар арасында тек қана жастарды немесе студенттерді ғана емес зейнеткерлерді, үй шаруасындағы әйелдерді де көруге болады. Ақпарат көзі: Южный Казахстан
Әрі қарай

Арулар асыл жандар (Роза Әлқожа)



Арулар — әрбір үйдің шаңырағы,
От болып әрбір үйге жағылады.
Таң болып әрбір үйге атты-дағы,
Сәуле боп әрбір үйге жамырады.

Қайырмасы:
Арулар — асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Арулар, арулар — асыл жандар!
Әрі қарай

МЕНІҢ АУЫЛЫМ

Авторы: Мадина Омарова
Тоқал тамның алдында тұрған кейуана әжім көмкеріп, тілім-тілімі шыққан алақанымен күннен көзін қалқалады. Саусақтары жуан, икемге көнбейтін тарамыс. Өмір бойы қара жұмыс істегені, аянбай істегені көрініп тұр. Суалған жанарымен қара жолға демін ішіне тартып телміреді. Бір нәрсе қараятын тәрізді. Мал ма, адам ба? Ажырата алар емес. Ернін жалады. Кезеріп тұр жарымағыр. Таң атқалы шайдан өзге нәр сызбағаны түсті есіне. Аяғы қақсап, орнынан тұра алмай қалды емес пе? Автобус келетін уақыт болғанда дәті шыдамады. Тұрды. Күн батып бара жатыр. Ол орамалын түзеп жол жаққа аяңдады. Қытайдың арзанқол орамалы құрғырда жылу да жоқ, сусылдап түсе де береді. Ол жолдың шетіне шығып көзін қайта көлегейледі.
Әрі қарай

Айт сырыңды ақ қайың (Сәкен Майғазиев)



Ақ қайың тұр жағада,
Сағыныш боп санада.
Жалғыз келіп тұрмын мен,
Жылдар салып араға.
Өмірдің сан жолдары,
Біз шешкендей болмады.
Мен сияқты мұң шағып,
Келіп жүр ме ол-дағы.

Қайырмасы:
Айт сырыңды ақ қайың,
Көңілімде сақтайын.
Шығарып сап тұрушы ең,
Бізге тілеп бақ дәйім.
Әрі қарай

Түркия Супер Лигасында бәсеке қызып тұр

Түркия Супер Лигасында бәсеке қызып тұр. Қазір бірінші орында Трабзонспор, ал екіншіде одан екі ұпай айырмасымен Фенербахче. Фенербахче гол санымен өткен аптаға дейін көш бастап келе жатқан-ды. Бурсаспор тең ойнап оларды маңызды екі ұпайдан айырды. Бірақ бұл Фенербахченің соң сынағы деуге болады, өйткені ол мықтылардың бәрін жеңген-ді. Алдағы аптадағы қарсыластарын онша азулы деуге келмейді. Ал Трабзонспордың бүгін Галатасараймен, онан кейінгі апталарда Бурсаспор, Газиантепспор, Ескішехирспормен кездесуі бар. Қырсық бір айналдырғанды шыр айналдырады деген, Галатасарай үсті-үстіне жеңіліп, қазір он үшінші орынға тұрақтады. Һәм Кубоктан, һәм чемпиондықтан үміті үзілген Галатасарайдан жанкүйерлер тек Фенерді жеңуді өтініш қылып еді, амал қанша, ойын Галасатарайдың басымдығымен өткенімен нәтиже көңіл көншітпеді. Мұнан кейін Галатасарайдың басынан Хаджи кетіп тынды. Әрине, көрген адам Фырат Айдынустың Фенербахчеге бүйрегі ашықтан ашық бұрғанын байқамай қала алмас еді. Бірақ, болған іс болды. Бүгінгі Трабзонспормен ойналатын матчта Галатасарай жеңісті өз қолымен Трабзонға береді деп күтілуде. Әрине, жеңсе өзіне жақсы, жеңбесе Трабзонға жақсы. Егер Трабзон бүгін ұпай жоғалтса, жағдай қиын. Бурсамен ойналатын матчта Бурса жеңісті беруі де мүмкін, бермеуі де. Өткен жылы Бурсаны чемпион еткен дәл осы Трабзонспор-тұғын. Фенермен соң минутқа дейін тіресіп, ұпайдан айырған. Сондықтан Бурса жақсылық қылып, беруі ғажап емес. Бірақ өзі биыл тағы да чемпиондықтан үмітті болғасын, бермесе таң қалмаймыз. Әрине, Трабзонсор: Жеңісті бізге бере қойшы,-деп тіленетін команда емес, былай да басымдықпен алуы мүмкін.
Фенерді Трабзон өткен жылы Кубоктан да айырған-тұғын. Сондықтан биыл Фенер ТС-ның алдын орау үшін аянып қалмайтыны анық.
Қалай десек те, бүгінгі ойын-шешуші ойындардың бірі. Өз басым Трабзонның жеңгенін қалап-ақ тұрмын, бірақ Галатасарайдың тағы да ұпай жоғалтатынын ойласам жүрегім ауырады.
Әрі қарай

Барсакелмес

Барсакелмес қорығында өте сирек кездесетін флора мен фауна бар.Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар, сүтқоректілер және қос мекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауына байланысты сирек кездесетін балықтардың түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен малдар кездесіп жатыр.

Ол 1929 жылы тапсырма берушi сияқты негiзделдi. Ал 1939 жылға 10 желтоқсан күні мемлекеттiк қорықтың мәртебесiн алды. Теңіздің құрғауына байланысты судың тұздылығы нормасынан шектен шықты. Тұщы судың жоқтығы малдың өмір сүруін қиындатады. 1982 — 1991 жылдар аралығында 260 астам құландар республиканың басқа қорықтарына ауыстырылған. 137 бастардағы жемiсi қалған 50 ерекшерек қиырлар. Қазіргі таңда жылдық қорытынды бойынша құлан саны 20-25 басқа көбейді. Барсакелмес қорығында флора және фаунаның сирек кездесетін түрі бар.
Әрі қарай

Эстафета. Қалдықыздың оқығандары

Малика қолыма алауды ұстатқан соң, бас тартуға ұялдым :)
Эстафета жалғасын табуда, мен ұсынатын 3 шығарма
Менің кітап түгілі гәзит оқуға онша ықыласым жоқ, әсіресе соңғы 2-3 жылда.
Бірақ (Балжанның так-тагымен әзер үйрендім бірақ деп жазып :))))), онымды түсіндіре алмаймын да неге екенін, оқығым келмейді. Сәтекеңнің әңгімелері кітап болып шықса оқыр ма едім. Жә, енді кітап жайлы, өзі оқыған санаулы кітаптарымның ішінде (қысқа шығармалар мен жұқа мұқабалы махаббат туралы әңгімелер де осының ішіне кіреді)
Әрі қарай

Mergen - Adaskan Zhan



Shet elde omir surgen, asirese europa da tuip osken kazak jastarynyn ata jurtka oralui maselesi turaly bir kuni jaksylap jazgym kep tur birak bugin menin ata jurtka oralyp kaityp ketpegenimge sebep bolgan adamdardan birouin sizderge tanistirgym kep tur.
Әрі қарай