Эстапета. Бұл жолы оқтау емес, макулатура.
Мен ұсынатын 3 кітап.
Эстапета макулатурасын Мәкөщтен қабылдап алғаннан кейін, Мәкөщтің жерлесі туралы жазылған романды айтып кетуді жүн санадым.
Бірінші. Шерхан Мұртаза: "Қызыл жебе" романы.
Аптыр Тұрар Рысқұловтың туған, жүрген жерін, әсем табиғатын аса бір шеберлікпен, керемет көркем оймен шынайы суреттейді. Әкесімен бірге түрмеде отырған кезінен бастап, Түркістан автономиясының президенті болғанға дейінгі өмірі хронологиялық ретпен айтылады, қателеспесем. Қазақстанға теміржолды алып келген, бірқатар Кеңес республикаларының дамуына бірқатар еңбек еткен, ашаршылық жылдары Сталинге шындықты жазып, елін аман алып қалу үшін жанын салған тұлғаның өмірі баяндалады. Кітап тартымды, әсіресе бала кезінен бері танитын, өзі кезінде қызмет еткен үйдегі орыс қызы Наташаның Тұрарды іздеп тауып, оған тұрмысқа шығуы қызық оқиға. Кітап әрі тарихи дерек, әрі әдеби шығарма. Очм, күЧт.
Екінші. Ричард Матесон: «Я – легенда» романы. (1954 ж.).Аттас фильмді бәрі көрген шығар. Кітабы қызығырақ. Қорқынышты оқиғалары көбірек. Сондай-ақ, кейіпкердің ішкі жан дүниесі терең суреттеледі. Вампир қызды тартып жіберуге шақ қалады. Есесіне, бұл әрекеті оған кейін көмектеседі. Қызықты кітап. Бірақ хэппи энд күтпеңдер.
Үшінші. Джон Грогэн: «Марли и мы» кітабы(Марли және біз). Бұл кітаптың да кинонұсқасы бар. Әрине, киносы көрнекірек. Бірақ, Марлидің шынымен қандай болғанын білу үшін түпнұсқасын оқығанға не жетсін. Марли дегеніміз — Лабрадор тұқымды ит. Кинодағы оның тентектігі мен ешкімге ұқсамайтын мінезі мені кітабын оқуға итермеледі. Кітабы да тартымды, қызық.
Сонымен солай. Кезекті Ерлан Оспанға беремін. Кітап оқудан жалықпаңдар, мықты жазушылар көп болсын.

birak oki almaimyn ondai ujastikterdi.
kinosy da aserli tusirilgen :)
сен айтпасан есімнен мүлде шығып кетіпті бұл кітап :). кітап үйде жоқ қаз :( тағы тауып оқу керек екен.
"Қызыл жебе" ұмытпасам қысқартылып мектепте берілді-ау деймін.
Менің солай деп жазған сөзімді тауып берсең, мұртымды кесіп берейін.
Кешіріңіз, сұрақ белгісін көріп тұрған жоқпын :)