Қайдасың, "керек" кешегі?

Тұсы бар ма тауыңның бұлт артпаған!
Тау бүркіті ол,
Далаға бұл тартпаған.
Қайран күндер:
Қиада құйылғанда
Қырдың қызыл түлкісін бұлтартпаған!

Түлкі түгіл,
Түсетін қасқырыңа,
Қасқырыңа- Албасты басқырыңа.
Өткір еді- ау, алмас шеңгелі оның
Қайрап- қайрап алғандай тас қырына!

Қадыр Мырза Әлидің мына бір «Кәрі қыранын» оқимын да, «керекинфоның» бірнеше жыл бұрынғы жайын еске аламын. Түлкіге де, қасқырға да бас салатын еді ғой бұл жақтың сыншылары. Сынайтын да, сындыратын да. Солардың арқасында шығар, адекватты адамдардың көп болуы.

Қысқасы, кейде, жазғаныңның быт-шытың шығаратын баяғы керектіктерді сағынып жүрмін.
Әрі қарай

Оңтүстік ғажайыптары:"Сайрам сүт" ЖШС

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сайрам сүт ЖШС

Ет өндірумен қатар Сайрам ауданы сүт өнімдерін өндіру мен өткізуде алдыңғы қатарда тұратынын біреу білсе, біреу білмес. Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қазақ-өзбектің негізгі күн көрісі де осы мал шаруашылығы болып отыр. Оның үстіне, мемлекеттік бағдарламалармен алынып жатқан қаржыға, жергілікті кәсіпкерлер тек қана мал алуда. Мал алмай қайтсін, жері сулы, шөбі шүйгін Сайрамның халқы әбден мал өсіруде машықтанған. Әрбір отбасының кем дегенде 2 сиыры бар.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сайрам сүт ЖШС

Аудан халқына сүт өнімдерін өткізу аса қиынға соғып отырған жоқ. Өйткені, Сайрам ауданында орналасқан 6 бірдей үлкен сүт өңдеу цехтары және Төлеби ауданының Көксәйек ауылында орналасқан «Фудмастер» ЖШС-і күнделікті тұрғындардың сүт өнімдерін қабылдайды.
1. «Сайрам сүт» ЖШС, Сайрам ауданы, Қарасу а/о, Қарасу ауылы — қуаттылығы тәулігіне 20 тонна сүт өңделеді.
2. «Балғын сүт» ЖШС, Сайрам ауданы, Қарасу а/о, Қарасу ауылы — қуаттылығы тәулігіне 5 тонна сүт өңделеді.
3. ЖК «Озай Зеки», Сайрам ауданы, Қарамұрт а/о, Қарамұрт ауылы — қуаттылығы тәулігіне 6 тонна сүт өңделеді.
4. «ШИШ К» ЖШС, Сайрам ауданы, Ақбұлақ а/о, Ақбұлақ ауылы — қуаттылығы тәулігіне 6 тонна сүт өңделеді.
5. «Рассвет» ӨК, Сайрам ауданы, Манкент а/о, Манкент ауылы — қуаттылығы тәулігіне 5,4 тонна сүт өңделеді.
6. ЖК Райымкулов З. Сайрам ауданы, Көлкент а/о, Көлкент ауылы -қуаттылығы тәулігіне 6 тонна сүт өңделеді.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сайрам сүт ЖШС«Сайрам сүт» ЖШС бұл мүмкіндікке еліміздегі Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында қол жеткізген. Жеңілдетілген қаржыға Ресейден қондырғы алып, оның көмегімен 25 түрлі өнім шығарып жатыр. Зауыт облыстағы ішкі нарықтың 30%-ын қамтамасыз етеді.

Дайын өнімдер Шымкент, Түркістан, Кентау қалалары мен Сарыағаш, Төле би аудандарына сатылады. Сайрамның сүті мен айранын, майлы қаймағы мен құртын көрші облыстардағы дүкен сөрелерінен де көруге болады. Өндіріске қажетті сүт осы маңдағы фермерлер мен жеке малшылардан қабылданады. Алдымен оны залалсыздандырып, сосын барып өңделеді. Бастысы, кәсіпорын экологиялық таза, қоспасыз өнім шығаруды қолға алған. Жаңа технологияның артықшылығы, сүтті ірітпейді, ешқандай қоспа қосылмайды. Қазір 25 түрлі өнім шығаратын кәсіпорынның өнімдеріне деген сұраныс та артқан.
Әрі қарай

Оңтүстік ғажайыптары: «DALA-FRUIT.KZ»

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: «DALA-FRUIT.KZ»

«Оңтүстік өңірі кәсіпкерлік саласында көшбасшы аймаққа айналуы тиіс.» Бұл сөзді Оңтүстікке жасаған жұмыс сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сайрам ауданындағы жоғары технологияларды қолдану арқылы алма өсіріп, оны сақтаумен және сатумен айналысатын «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС-ң жұмыспен танысу сәтінде айтты.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: «DALA-FRUIT.KZ»

«DALA-FRUIT.KZ» ЖШС – тамшылатып суғару әдісімен қарқынды өнеркәсіптік бақ өсіру жобасын іске асырып келе жатыр. Жоба 2013-2015 жылдар аралығында 106,5 гектар жер теліміне алманың бес сұрыпын: Гренни Смит, Голден делишес, Фуджи, Финк леди, Гала және қара өріктің екі жылдық көшеттері отырғызылған. Баққа заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған тамшылатып суғару әдісі және карликті тұқым болғандықтан жел ұшырмас үшін шпалерлі жүйе қолданылады. 2016 жылы баудан бірінші рет өнім жиналды.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: «DALA-FRUIT.KZ»

Мемлекеттің индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС-нде бастапқыда 83 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, компания жұмысын бастаған үш жылда оның саны 277 адамға жеткен. Жалпы көлемі 106,5 гектар болатын серіктестік бауына 215 мың түптен астам жеміс ағаштары егілген. Яғни, мұндағы 1 гектер жерге шамамен 2500 түп ағаш көшеті қондырылған.
Әрі қарай

Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба

Халық арасында «екінші Швейцария» атанып кеткен Түлкібас ауданының қайсыбір ауылына барсаңыз да, таза мөлдір бұлағы мен саф ауасы, тұнып тұрған ғажап табиғаты, жанға жайлы демалыс орындары құшақ жая қарсы алады. Қаланың кептелісінен, бас айналдыратын көліктің түтінінен, мазаны қаштыратын у-шуынан шаршасам кезімде, 10 жылдан бергі тынығып қайтатын демалыс орныма айналып кеткен – Дәубаба ауылы.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба

Дәубаба – ОҚО, Түлкібас ауданы, Келтемашат ауыл округіне қарасты елді-мекен. Тұрғын саны 200-дей ғана. Облыс орталығынан 70 км-дей қашықтықта орналасқан.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба

Мұнда республикалық маңызға ие зоологиялық «Иірсу-Дәубаба» қорықшасы бар. Қорықша Сайрам –Өгем ұлттық табиғи паркінің құрамына өткен. Барлық өсімдік, жан-жануарлар мемлекет қадағалауында. Сонымен қатар, Дәубаба өзені ағып жатқан жерде, ұзыннан-ұзын созылып Дәубаба шатқалы жатыр.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба

Бұл ауылмен мені байланыстырып тұрған, университет кезіндегі курстасым Асқар. Асқардың атасы Ботбай руынан шыққан, кезінде Шымкент қаласын басқарған, қаламыздағы Дендросаябақ, ипподром салып берген Асанбай Асқаровтың немере інісі болып келеді. Көзі тірісінде көптеген игі істеріне, құлақ құрышын қандыратын әңгімелеріне қанық болдым.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба

Дәубаба ауылының атауы Дәубаба әулиенің құрметіне берілген. Жұртшылықтың әулие баба туралы білетіні шамалы. Осы орайда осыдан екі мың жыл бұрын Үйсін мемлекетін басқарған Күнбиі, яғни қазір Дәубаба әулие деп атап кеткен Дәу би туралы айта кету орынды.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба
Дәубаба зираты ежелден бері аймақ тұрғындарының жиі келіп, сыйынып, пір тұтатын киелі де қастерлі орындарының бірі болып саналады. Үйсін мемлекетінің ханбиі Дәу би де осы Түркібасы өңірінде, яғни Дәубаба ауыл¬ды мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай 3-4 шақырымдай жерде жерленген.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары: Дәубаба
1993 жылы «Жалын» баспасынан Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқианнан өзіме шейін» атты қазақ тарихынан сыр шертетін құнды еңбегі жарық көргендігі есімізде. Кітапты оқырман қауым қуанышпен қарсы алғанын да жақсы білеміз. Халық жадында ұмыт бола бастаған көптеген ұлы тарихи тұлғалар мен би-шешендеріміздің, ірі қолбасшылар мен батырларымыздың есімдерін қайта жаңғыртып, төл тарихымызды қайта қарауға айтарлықтай үлес қосты. Аталмыш еңбекте Дәу би туралы да аз-кем мәлімет беріле кеткендігі біз үшін таптырмас олжа болды. Өйткені Дәубабаның қай кезеңдерде өмір сүріп, кім болғандығы туралы деректердің жоқтығынан баба тұлғасы ұзақ жылдар бойы бізге жұмбақ күйінде қалып қойған еді. Міне, Қазыбек бек Тауасарұлының еңбегінен біраз дүниеге қанығып, көне замандарда ғұмыр кешкен бабаларымыз туралы білімдерімізді толықтыра түстік. толығырақ
Әрі қарай

Оңтүстік ғажайыптары:Ханқорған қалашығы

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Ханқорған қалашығы

Ханқорғанның тарихы сонау Ұлы Жібек жолы дәуірінен басталады. Сайрам ауданы, Мәдени елді-мекені іргесіндегі Арыс өзенінің сол жағалауында Ханқорған төбесі — қазақ халқының біртұтастығын сақтау жолында бар өмірін сарп еткен Абылай ханның Оңтүстік өңірдегі ордасы болған. Осынау жердің табиғаты әсем, топырағы құнарлы, Арыс, Машат, Ақсу өзендерінің арасында орналасқандығы стратегиялық жағынан қолайлы екендігін көрсетеді. Арыс өзенін бойлай батысқа қарай бағыт алған Ұлы Жібек жолының үстінде орналасқандығына көз жеткізуге болады. Жібек жолын бойлаған төбелердің басына қараңғыда немесе ауа-райының бұлтты, тұманды кезінде от жағып қойылатын болған, ол жол көрсетуші қызметін атқарған.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Ханқорған қалашығы

Жалпы, төбелердің басым бөлігі Жібек жолында сауда-саттық қызған дәуірде қолдан тұрғызылған. Арыс мәдениетінің Қарауылтөбе кезеңі (б.з.б. IVғ.-Iғ.), Қаратөбе кезеңі (б.з.б. Iғ.-Viғ.), Алтын төбе кезеңі (б.з. IVғ.-VIғ.) деп бөлінетіндігін археолог-ғалым А.Н.Подушкин өз еңбегінде жан-жақты көрсеткен. Ғалымның айтуынша, Ханқорған Арыс мәдениетінен кейінгі кезеңде Қарахандар мемлекеті дәуірінде (942-1213жж.) тұрғызылған дейді. Қорғаннан Қарахандар дәуірінің керамикалық бұйымдары табылған және қамал қорғанының ертедегі құрылыс нысаны болғанын көрсетеді.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Ханқорған қалашығы

Қоршау қабырғасының қабаты үсті-үстіне қабат-қабат салынған. VIII-XII ғасырларда пайда болған. Биіктігі 8-12 метрді құрайды. Көлемі 2-2,5 гектарды алып жатыр. Қорған қаланың цитаделі-орталық бөлігі саналады. Цитадельдің төңірегінде көптеген рабадтар-елді мекендер болған екен.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Ханқорған қалашығы

Ханқорғанда металл ерітетін ошақтың табылуы, онда отпен ататын қару жасалды деген болжамды туғызады. Жоңғарлар осы маңызды өндіріс орнын қалайда алуды көздегені анық. Демек, қиян-кескі шайқас болды деуге толық негіз бар. Бірақ ол 1723 жылы емес 1684 немес 1690,1693 жылдар болуы әбден мүмкін. «Ханқорғанның соңғы ерлік шайқасы» кезінде үш мыңнан астам адам опат болыпты. Маңындағы елді мекендер аяусыз тоналған.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Ханқорған қалашығы

Абылай хан Ханқорғанның ерлігін есіткен, оны мақтаныш еткен деуге негіз бар. Қорған Түркістан мен Көкшетау аралығындағы жолдың торабында екендігін анықталған. Жұмбағын ішіне бүгіп жатқан төбенің шындығы қашан ашылары беймәлім. Өйткені, Ханқорған адам қамқорын көрмей тұр, төңірегі егістік алқап. Ханқорғанда еліміз тарихының бір парасы, еліміздің рухы жатыр.

Суреттердің авторы – Сабит Тастанбек.
Әрі қарай

Оңтүстік ғажайыптары:Жаныс баба кесенесі

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Жаныс баба кесенесі

Жаныс баба 758-834 жылдары аралығында өмір сүрген. Дулат руының төрт атасының бірі, атақты би батыр болған тарихи тұлға. Ұраны — Арқар. Қазақ шежіресі бойынша, Жаныс сегіз атадан тұрады. Олар: Жарлықамыс, Шегір, Өтей, Жалмәмбет (Бөгетжайлы), Жантай, Жанту, Оймауыт (кірме) пен Жантақ.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Жаныс баба кесенесі

Жаныс бабадан бастап Төле биге (1662-1755) дейін 34 ата бар. Осы 34 атаның бәрі де Дулаттан Төле биге дейін үздіксіз үш жүздің төбе биі, ұлысбегі болған. Төрелерде хандық қалай берілсе билердің ұрпағына да төбе би, ұлысбегілік те солай ұрпақтан ұрпаққа үздіксіз беріліп отырған.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Жаныс баба кесенесі

Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылында Дулат тайпасынан шыққан шешен, талантты қолбасшы және ел басқарған көсем Жаныс бабаның басына арнап 2004 жылы сәулет өнері ескерткіші тұрғызылған.
«Жаныс бабаның ақжал арыстандары болған» деген ел аузындағы аңызға сәйкес, кесененің кіре берісіне қоладан құйылған айбатты қос арыстан бейнесі орнатылған. Кесененің биіктігі 27м, шаңырақтағы күмбезінің шеңбері – 9м. Кесененің ішкі жағы сегіз қырлы болып салынған. Бұл Жаныс бабаның сегіз баласының болғанын меңзейді және әр қанатта сол аталарының шежіресі жазылып бекітілген. Кесене іші таза мрамордан, сырты гранит тасынан қаланған. Кесене авторы белгілі сәулетші Асқар Әзімбаев.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Жаныс баба кесенесі
Жаныс баба кесенесінің жанында Ұлы жүздің биі Төлебидің екі ұлы XVIII-ші ғасырда өмір сүрген Жолан мен Қожабек жерленген.
Әрі қарай

Оңтүстік ғажайыптары:Сиқым баба кесенесі

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сиқым баба кесенесі

Сиқым баба – Бәйдібек би мен Домалақ ананың шөбересі, Дулат бабаның үлкен ұлы. Шамамен II-ші ғасырдың I жартысында өмір сүрген. Сиқым бабадан бері 70 аса ата өмір сүрген. «Бабырнама» кітабы дерегі бойынша Мұхамед Хайдар Дулати мен бірсыпыра Дулат-Сиқымдар Кабулға, Лахорға, Дели сұлтанатының жеріне көшкен. Үндістанда қазір «Сикким» штаты бар.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сиқым баба кесенесі

Сихым баба кесенесінің биіктігі 18 метр, аумағы 3 га, 2006 жылы салынған. Батыс Европа – Батыс Қытай жолының 657 шм орналасқан. Сайрам ауданына кірген тұстағы Машат асуының биігінде аспанмен тілдесіп, өзгеше сән-салтанатпен алыстан көз тартып тұр.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сиқым баба кесенесі

Ескерткіш төрт ұстын (бағана), ортасында шаңырақ және алты қоңыраудан тұрады. Төрт ұстын, ортасындағы шаңырақ – адамзаттың бірлігін білдіреді және алты қоңырау – алалықтың белгісі. Сиқым баба кесенесіне жылына 10 мыңға жуық адам зиярат етуге келеді. Ал Сиқым бабаның ұрпақтары жылына осы жерде жиналып ас береді.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сиқым баба кесенесі

1854 жылы Қасымбек датқа мен Батырбек датқаның ықпалымен Сиқымдар жаңа руға бөлінді. Оларды Тоғатай, Борас, Қусирақ, Бағлан, Шуылдақ деп атады.

Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сиқым баба кесенесі
Блог - meirman_kz89: Оңтүстік ғажайыптары:Сиқым баба кесенесі
Әрі қарай

Астананың барлық мектептері жаңа оқу жылына дайын

Астана жаңалықтары: Астананың барлық мектептері жаңа оқу жылына дайын

Осы жылдың жазында барлық жалпы білім беру мекемелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді және мектептердің ауласы абаттандырылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталық тілшісіне Астана қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаев.

— 93 елордалық мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуда. Онда әрлеу жұмыстары жүргізіліп, едендер мен шатырлар жаңартылды, бейімдеу жағдайын құру, аумақты абаттандыру жүргізілді. №29 және №52 мектептер күрделі жөндеуден өтті, — деді Д.Жекебаев.

Нақтырақ №29 орта мектепте былтыр өрт салдарынан зардап шеккен. жаңадан салынған бөлік пайда болады. Ғимараттың шатырында акт залы мен асхана орналасқан болатын, алайда тоқ сымдарының түйісуі салдарынан өртеніп кетті. Осы жазда құрылысшылар жаңа бөлігін салып, инженерлік жүйе тартылды, жаңа есік-терезелер салынды. Білім күні қарсаңында мектепте барлық жөндеу жұмыстар аяқталады.

Тамыздың аяғында астаналық білім, денсаулық сақтау басқармаларының, төтенше жағдайлар департаменті мен қоғамдық денсаулықты бақылау департаментінің басшылары енген жұмыс тобы елорданың барлық білім мекемелерін тексеруді аяқтайды. Қалалық комиссия мектептерді білім нысандарын дайындау жоспар-тапсырмасына сай жаңа оқу жылына қабылдайтын болады.

Д.Жекебаевтің сөзінше, ата-аналардан сыныптарды жөндеуге ақша жинауға қатаң тыйым салынады.

-Барлық ағымдағы жөндеу жұмыстарына қажетті немесе басқа да жұмыстар үшін қаражат қалалық бюждет есебінен жүзеге асты, — дейді Д.Жекебаев.

Ақша жинау сұрақтары бойынша ата-аналар Астана қаласының білім басқармасына 557449 және 556867 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Әрі қарай

Астанада «Мейірімділік шуағы» қайырымдылық акциясы өтті

Астана жаңалықтары: Астанада «Мейірімділік шуағы» қайырымдылық акциясы өтті

Өткен демалыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңбері барысы бойынша «Мейірімділік шуағы» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция аясында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ зейнеткерлерге лайықты құрмет көрсетілді.

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы-елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы. Ал қайырымдылық акциясының демеушілері — Астана қаласы өзбек этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Х.Х. Шарипов пен «Ахметова» ЖК.

«Мейірімділік шуағы» атауымен өткізілген қайырымдылық акциясына 128 адам қатысып, оның барысы бойынша «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды. Олар бір күндік экскурсияда павильондарды аралап, ғажайып көріністердің куәгері болды. Сонымен бірге, іс-шара барысында демеушілер қайырымдылық акциясына арнайы шақырылған меймандарға Латын-Америка павильонына орын тепкен дәмханада түскі ас ұйымдастырды.

Қазақстан халқы ассамблеясы атынан қатысушыларға «ЭКСПО-2017» тақырыбына қатысты бейнелеген әрі керекті жабдықтармен қамтылған кәдесый пакеттері берілді. Жалпы, «Мейірімділік шуағы» акциясы жарқын мерекенің көрінісі ретінде өткізіліп, қайырымдылықтың ерен үлгісін паш етті.

«Осындай маңызды шара тек балаларға ғана емес, зейнеткерлерге де зор қуаныш сыйлады. Сондықтан біз баршамызға ерекше әсер қалдырған ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз», — деп бөлісті «Радима» беларусь қоғамының мүшесі В.Ф. Кириченко.

Мұндай акцияларды қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері ұдайы өткізіп келеді. Осы жолы ЭКСПО-ға жасалған экскурсияны ұйымдастыруға «Возрождение» неміс қоғамы, «Поляк» және «Оберег» украин қоғамдық бірлестіктері атсалысты.
Әрі қарай