Өзгенің көзімен қарау

Бұл пікіріме келісерсіз, келіспессіз — бірақ, бүгін мен Азаттықтың беттерін ақтарып отырып мынадай тоқтамға келдім. Біз бір нәрсе туралы ойланатын болсақ өзгенің көрсетуі арқылы ғана ой түйеді екенбіз. Түсінікті болуы үшін сол Азаттықта жазылған Стинг туралы мақаланы келтірейік. Олардың жазуынша Стингтің істеген ісі ерлікке пара-пар екен. Енді соның астындағы пікірлерге назар аударсақ барлығы Стингті қолпаштаған. Мен өз басым Стингтікі ерлік, болмаса жаны ашу деп ойламаймын. Ол жай ғана өзінің беделін өсіруді ойлады. Әйтпесе, адамға жаны ашығыш болса төрт құбыласын еврейлер жауып тастаған Палестинаның тағдырына неге бейжай қарады? «Америкалық арман» ядролық қару іздеп Иракқа кіргенде сол Стинг шошқа тағалап жүріп пе? Келтіре берсең мысалдар көп. Былай ойлаймын, егер Азаттық Стингтің Қазақстанға келмеуін жамандап жазғанда пікір жазған оқырманның баршасы Стингті жамандар еді.
Әрі қарай

USAID-тың жергілікті даму бағдарламасы бойынша Алматы-Тамшы-Алматы бағыты бойынша алғашқы туристік әуерейс іске қосылды

2011 жылдың 4-шілде күні Ұлттық баспасөз клубында Алматы-Тамшы-Алматы бағыты бойынша алғашқы тұрақты әуерейсі іске қосылғаны жөнінде пресс-конференция өткізілді.

Аталған жобаға USAID-тың жергілікті даму бағдарламасы Қырғызстандағы «Муза» мен Қазақстандағы «Компас» туроператоры әріптестік шеңберінде қолдау көрсеткен.
Конференцияға «Компас» туристік агенттігінің атқарушы директоры Инна Дорош, Қырғызстандағы «Туризм және саяхат» туристік агентігінің директоры Мирали Мухамедзиев және «Бәйтерек» туристік агентігінің өкілі Раушан Сартаева қатысты.
Инна Дорош: әуерейстер аптасына екі рет, яғни дүйсенбі және бейсенбі күндеріне белгіленген. Алғашқы рейс 2011 жылдың 30-маусым күніне жоспарланды. Ұшу уақыты бар болғаны 15 минут. Бұл әуерейс көріп тұрғандарыңыздай туристерге өте тиімді жағын көрсетеді. Билеттің құны барып-қайту 33 000 теңге болса, ал бір жақты рейс 12 000 теңгеге шағылатынын атап өтті.
Сондай-ақ, Раушан Сартаева: студенттерге жеңілдіктер қарастырылмаған. Алайда, жасөспірімдерді назардан тыс қалдырмадық: әрбір жолаушы 2 жасқа дейінгі баласын өзімен бірге тегін алып жүруге құқылы, ал 12 жасқа дейінгі балалар 25% жеңілдікке ие. Бағдарлама Ыстықкөл облысына туристердің барынша көп санын тарта отырып, жалпы аймақтағы экономиканың даму деңгейін көздейді, — деп мәлімдеді.
USAID-тың бұл бағдарламасы үш жылға есептелген және Қырғызстанның 64 муниципалитетінде жергілікті дамуға қолдау көрсету арқылы жедел, көпсалалы және тұрақты жағдай жасайды. Аталған жоба Америка халқы АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі арқылы қаржыландырып отырған көптеген жобалардың бірі болып табылады.
Балнұр Қалабаева, Меруерт Китманова
Әрі қарай

Неге мен осындаймын

«Неге мен осындаймын деген гностикалық сұрақтар мазалай ма?» деген еді Сатыбалды екеуміздің жария болмаған бір сұхбатымызда.
Шынымен де, неге мен осындаймын?

Әке-шешем маған генімен бірге иықтылық пен сүйкімді күлкімді берді (бәрі солай айтады, білімге құштарлықты берді. Сыпайылыққа үйретті. Бірақ сол сыпайылықтың таяғын да біраз жеуші едім. Сол үшін сыпайылықты жау деп есептей бастадым. Бала кезде ойқастап, ерке болған мен жасөспірімдік кезде, күрт тұйық бола қалдым.
Әрі қарай

Бір үзік естелік...

Әлі есімде… 1998 жыл. Жетібайдан Ақтауға келдім. Қарапайым ауылдық мектептен облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа келдім. Қазіргі балдар 6-7 сыныпта Ақтауды жатқа білсе, мен сол кезде 10-сыныпқа аяқ басқалы отырсам да шешемнің етегінен ұстап келдім. Сәл босасам, адасып кетемін. «Дарынға» аяқ бастық. Емтиханмен қабылдайды екен мектепке. Бірінші көруім ондайды. Тапсырдық. Қаншалықты дұрыс не бұрыс екенін білмедім, 3-4 пәннен тапсырған емтиханнан өтіппін. Алайда сыртқа үзіліске шыққанда, бұрын осы мектепте оқып кетіп, кейін қайта түскелі тұрған болашақ сыныптасымнан сабақтың таңертең 8-30да басталып, түс қайта 4-ке жақын бітетінін естігенде көзім тас төбеме шықты. Сөйтсем, бұларда сабақ кезінде өзім әрең шыдаған 45 минут емес бақандай 90 минут болады екен. Уау! Ауылға тартып тұрғым кеп, бұтым дірілдеп кетті…

***********

Қалада үйіміз жоқ болғандықтан «Дарынның» интернатына жатқызбақшы болды.
Әрі қарай

Хакерлер Твиттерде Обаманы өлтірді


Кеше 4 шілде Американың Тәуелсіздік? күнінде Fox News каналының Твиттер аккаунтын бұзған хакерлер «Обама қайтыс болды, 2 жерінен оқ тиді» деп жазып кеткен. 33.000 оқушысы бар екен Fox News-тің. Оқиға түн ортасында болғандықтан Fox News Твиттерге хабарласып, аккаунттарын қалпына келтіре алмаған. Кейін хакерлер мұның ойын екендерін білдіріп, өз қолтаңбаларын Th3 5CR1PT K1DD13S және логоларын қойып кеткен.
Әрі қарай

Астанадағы мерекелік іс-шаралардың ресми сайты



Астана 1 шілдеден бастап Астана күнін тойлауда. Астаналықтарға және Астана қонақтарына неше түрлі іс-шаралар ойластырылған екен. Солардың бағдарламасын іздеп отырып, мына сайтқа тап болдым.

www.astana2011.kz/kk

Астана күніне арнап істелінген сайт екен. Астана әкімдігіне респекттен басқа айтарым жоқ. Сайт сауатты жасалған, керек ақпараттың бәрін табуға болады.

Басшыларға да байланысты ғой деймін мұндай нәтиженің болуы. Үйреніңдер тек галочка үшін сайт жасап, өтірік қазақша версиясын қоятын арамтамақтар!
Әрі қарай