Бір үзік естелік...

Әлі есімде… 1998 жыл. Жетібайдан Ақтауға келдім. Қарапайым ауылдық мектептен облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа келдім. Қазіргі балдар 6-7 сыныпта Ақтауды жатқа білсе, мен сол кезде 10-сыныпқа аяқ басқалы отырсам да шешемнің етегінен ұстап келдім. Сәл босасам, адасып кетемін. «Дарынға» аяқ бастық. Емтиханмен қабылдайды екен мектепке. Бірінші көруім ондайды. Тапсырдық. Қаншалықты дұрыс не бұрыс екенін білмедім, 3-4 пәннен тапсырған емтиханнан өтіппін. Алайда сыртқа үзіліске шыққанда, бұрын осы мектепте оқып кетіп, кейін қайта түскелі тұрған болашақ сыныптасымнан сабақтың таңертең 8-30да басталып, түс қайта 4-ке жақын бітетінін естігенде көзім тас төбеме шықты. Сөйтсем, бұларда сабақ кезінде өзім әрең шыдаған 45 минут емес бақандай 90 минут болады екен. Уау! Ауылға тартып тұрғым кеп, бұтым дірілдеп кетті…

***********

Қалада үйіміз жоқ болғандықтан «Дарынның» интернатына жатқызбақшы болды. Ол үшін мені енді қолымнан жетектеп (ұят-ай, дардай 10-сынып оқушысымын) келген әкем арыз жазбақшы болды. «Приемная», болашақ сынып жетекшім (марқұм), мен және әкем. Арыз жазу процесі «Менің… сыныпта оқитын ұлымды интернатқа жатқызуыңызды сұраймын» деген жолға келгенде әкем маған қарап: «Балам, неше оқисың?» деді) Сондағы жанымызда тұрған сынып жетекшімнің көкірегін ұстап айтқаны «Ой, Алла-ай, сіз балаңызды прокатқа алғансыз ба?..»…

***********

Орыс тілінен жаман қиналдым… Өзім ауылда жүргенде орыс тілінен қиналатын мен үшін қаланың орыс тілі мен әдебиеті есімді шығарғаны әлі есімде. Әлгі "Қысылғаннан қыз болдым" демекші, «Моя школа» атты тақырыпта бүкілмектептік шығарма сайысы болып, барлығымызға бірдей жазу міндетелгенде «Моя школа, моя! Моя и твоя!...» деп 4 па, 5 па шумақ өлең шығарып тастадым! Орысша! Уау…

************

Орыс әдебиетінен «пересказ» дегенді сұмдық жек көрем. Түсінбесем қалай пересказ жасаймын? Құр жаттап алуға да жоқпын. Өмірі орысша жаттау жаттаған емеспін. Өтірік болмаса… Сол бір күні тақтаның алдында тұрғанда «опубликован» деген сөзді тілім келмей, айта алмағаным есіме түссе әлі күнге дейін ұялып кетемін…

***********

Тархитан беретін апайымыз столының астына тығып апельсин, мандарин жеп отырады. Біздер білмесін дегені. Бірақ кластың ішіне иісі түгел жайылып кетеді. Қыздар қу. Сабақ оқымай келсе, «апай, анау не, мынау не» деп сериал жайлы көзқарасын, киім бірдеңелерді айтып кетед…

***********

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары… ағай)) Валелогия сабағын өткізіп тұрып «Эротика! Ол керемет нәрсе!» дегені…

**********

Интернат. 11-сыныптың жігіттері бөлек жатады. Біздер 10-сынып бөлекпіз. Біздің Русик ол кезде әлі жоқ кезі. Бір күні төбелес болды. Обшым біздерді сындырды. Дедовщина! «Мен қазақпын, әңгімең бар ма?» деп келетін рэпті естігендерің бар ма? ДМХ яғни «Долина Маленьких Хулиганов» деп аталатын топтың ішіндегі Мұраты екеуміз бір бөлмеде жаттық. «Лонг Бич» деген аты бар. Соны 11 кластағы Оразақ бір удар боковоймен қаңғытып жіберді. Содан кейін жым болдық негізі…

**********

Ауылдан техникалық яғни физика-математикадан тереңдетілген сыныптан келгем. Ақтауда техникалық қиын болар деп гуманитарлық бағытқа түстім. Сыныпта қазақ тілі мен әдебиетінен жыртып алдым негізі… Сөйтіп апайымыздың любимчигіне айналдық

***********

Интернатта кешкі тамақты 6-ларда береді. Онда да үкіметтің асханасы не жарытсын? Ауылда түнгі 11-12де ет жеп үйргенген қазақ. Қарын ашады түн батқанда. Есік жабық. Алдында вахтер тұр? Не істейміз? Шешім табылады, 10-сыныптың щеголдары бар, әсіресе Тимур сияқты кішкентай бойлы, жеңілдер бар. Екінші қабаттың терезесінен беседканың трубасы арқылы секіріп түсеміз. Қайтып келгенде ауылдың баласына трубаға өрмелей проблема болып па еді?.. Сондағы алып келетініміз – нан мен колбаса… Кейін іште былшыратып макарон пісіріп те жүрдік.

***********

Бәрін бастаған Оразақ сияқты. Джынды компьютерный кабинетіміз болды. Бір емес екі темір есіктің артында. Шамасы соларда тұрған Windows 95 болу керек. Quike пе еді ана атыс ойынның аты? Информатика сабағы біткенде Оразақ сол компьютер класында тығылып қалады шықпай. Кейін елдің барлығы кеткен соң ішінен ашып шығады. Есіктің құлпы тек сыртынан кілттенеді. Ішіндегі адамға ашылады. Бүткіл интернаттың балдары жиналып алып айда бас ойынды… Сәния есімді татар нянкамыз болды. әжей десек те болады. Сол кісі жүреді, барлығымыздың атымызды айқайлап шақырып, бізді таба алмай…

***********

Бір күні сол нянкамыз әлде басқасы, әйтеуір ана 11-сыныптағы оқушылардың шакфынан чекущка тауып алыпты! Оппа! ЧП! Кешкісін, түнге қарай. Директор келіп, интернат аяғынан тік тұрды! Охх… Қатал сөгіс берілді…

***********

Түсінбеймін, сол он бірдің балалары (быраттар ғой) өмірі сабақ оқығанын көрмеймін. Өмірі қаңғиды да жүред. Бірақ барлығы да технарлар. Сабақтары мықты болды!

***********

Ойй… айта берсе көп екен ғой… жалғасы бола жатар…

ПыСы: Аты аталған персонаждар ренжімейтін болар деген ойдамын
Бөлісу:

48 пікір

yerbol89
Ризамын ағасы тамаша естеліктер. Балалық шағыңыз жақсы да, қызықты өткен екен. Менің де есіме түсіп кетті мектептегі қызықтарым. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатырыпты
konvict
«Балам, неше оқисың?»
araika
Қаншалықты күлерлік жағдай екенін қайдам, ауылдағы сіңлімнің қай сыныпта оқитынын дәл білмейді екенмін. Сырттан біреу сұрап қалса, «мектепте оқиды» деген жауаппен қанағаттандыра саламын.
AKY
Ақтауда техникалық қиын болар деп гуманитарлық бағытқа түстім
мынауыңыз бекер болған екен
timurrr
 Неге? Қорлық көрген емеспін. Өзім ешқашан өкінбеппін… Есесіне универден қайта инженер боп шықтым
Пікір түзетілген: 5 шілде 2011, 23:48
Nurzhol
Өте қызықты екен. Әсіресе, есейген шақта жақын адамдардан алшақ өмір сүрген бір жағынан өзіндік жақсы жақтарын беретін болар. Мәселен, өзім қазір үп үлкен студент болып алып, шаңырақтан әлі шыққан жоқпын. Сырттан қарағанға жақсы, тек бұлай өмір сүру өзіме ұнамайды. Еркіндікте жүргенге не жетсін.
timurrr
Қызық, қызық… Ауылдан сол кеткеннен кейін барып бір жыл жүргенім болмаса, мол кеттім. Үш жылдан асты, тіпті басқа облысқа кетіп қалдым.
Пікір түзетілген: 6 шілде 2011, 00:45
TERISKEY
дәл осы «Дарынның» (Шымкенттегі)интернатында менің де талай қызықтарым өтіп еді. 7-кластан бастап-ақ, "үлкен өмірге" (ата-анаң қасыңда жоқ) кірісіп кетіп едік. Эххх… Сол күндерге бір барып қайттым, рахмет, Тимур мырза!
sammita
оһһоо, дарынды балалар көп десеңші мында
Zhanara2012
Менің де балалық шағым өткен бұл мектепте…
Zhanara2012
Теріскей, қай жылы бітіріп едің?
Тани алмай огтырмын.
Zhanylai
Балалық шаққа саяхат жасап шықтық-ау, естелігіңізді оқып, көз алдыма интернаттығы қызықтар елестеді(мен Алматыдағы «Дарында» оқыдым). "үкіметтің асханасы не жарытсын?" рас айтасыз. Бірақ сіздерде макарон пісіретін мүмкіншілік болған екен. Бізге бөлмеде шәй ішуге тыйым салынған еді. Сонда да тығылып ішетінбіз шәйімізді. Рахмет үлкен.
timurrr
Дарындықтар көп екен ғой Керекинфода? Ойлағам «дүниені КТЛчиктер жайлап кетті ма?» деп..
satvaldo
жартылай КТЛ-щик, жартылай дарындықпын. КТЛ-мен байланысым көбiрек, ал Дарында свой боламадым. мында да КТЛ-щиктер сонша көп па не?
asaubota
интернат, гимназия, лицей. осы үшеуінде оқыдым.
timurrr
Нағыз көшпенді бопсың ғой, Аршеке?
satvaldo
бастауыш мектеп, гимназия, лицей, дарын
timurrr
Сен де қалыспаған екенсің
Zhanara2012
satvaldo
Нағыз универсал көшпенді мына кісі екен?
sammita
гимназия гуманитарлық, ал лицей физ-мат. сияқты пәндерді тереңдетіп оқытатын болса, сен жан-жақты екенсің
asaubota
гимназияның гуманитарлық профиль класында үлгерімі нашарлар оқыды. қалғандары физмат пен химбиологияда. мен биологияға жыным келсе де химия үшін көнуге тура келді. ал лицейде мен гуманитарда оқыдым, яғни аса білімділер емес тобында
Zhanara2012
гимназияның гуманитарлық профиль класында үлгерімі нашарлар оқыды. қалғандары
Қате пікір!!!
Мен де гуманитарда оқыдым. Бірақ біздегілер де осал емес.
konvict
КТК-да бар деп қояйын
Zhanara2012
КТЛ-чиктар әлі де бәсекелестер ме? Олимпиаданың барлығында конкуренттерім еді
asaubota
1 ден 7-ге дейін оқыдым. барлық интернаттардағы оқиғалар бірдей ғой. сол төбелестер, қарын ашулар, үйге қашулар, базарға/дүкенге қашып барып келу… моншаға класс класс кезекпен түсіруші еді. есікте нән тесік болды, содан үлкен класстың қыздарын қарағанымыз есімде
timurrr
Абырой болғанда бізде монша болған жоқ
VKM
Аршат аға ятсыз)))
timurrr
Аршат ағаңның ятсыз екендігін Арбатта шаптырғанынан біліп едім
omarbirat
Ол кезде сен де бар ма едің?
timurrr
Қой жоқ! Осындағы бір өзінің ұлы мойындауларынан оқығаным ғой
asaubota
ұятсыз болғанда менің орнымда кім болса да қарар еді деп ойлаймын.
VKM
маған бұл фантастикалық өмір сияқты.
timurrr
Қалай сонда?
VKM
Мектеп-интернет, орысша білмеу,қарын ашу, чекушка тауывалу))
timurrr
Аааа… Ол кез ештеңе емес, мен сол орысшаңды әлі де біліңкіремеймін реал ғой реал
Gastarbaiter
@VKM:
«Мектеп-интернет, орысша білмеу,қарын ашу, чекушка тауывалу)) „

Сенің қарның ашпау үшін әке-шешең барын салған ғой. Лайым, қазақстанда ешкімнің қарны ашпайтын күн тусын.
Beytanis
Тек қара басымен әлемді "өлшейтін" адамдар азайсын!
AKY
ДМХ яғни «Долина Маленьких Хулиганов» деп аталатын топтың ішіндегі Мұраты екеуміз бір бөлмеде жаттық
«Волки, волки, волки, ол менің братвам,
Түлкілерді-врагтарды сындырам, атам» дегенді айтатындарды ше? Танисың ба?
timurrr
Біле алмай отырмын сол… Өлеңді кезінде талай тыңдағам, бірақ кімдер екенін есіме түспей тұр…
AKY
Еу біздің жауларымыз, слушайте меня,
Осы өлеңді естіп алып «я боюсь тебя»
Деп айтасың біздерге, я на 100 уверен,
Айтпасаң олай я тебя кулаком бір берем
Пікір түзетілген: 8 шілде 2011, 00:49
araika
Әдемі естелік… Интернаттағы өмірді тамашалағанмын, дұрысы 1-2 апта қонақта болдым. Сондықтан, таныс аз-маз болса да...Қауымдасып өмір сүру салты маған бұйырмаған екен
ademi_alem
Ой, қызық! ))) Бұл жазбаны оқи отырып, мен де интернаттағы (Алматыдағы РМИ) кездеріме саяхат жасап келдім. ))))
Gastarbaiter
up
vebred
интернатта оқымағаным қандай жақсы болған… шыдай алмас едім))) Студент кезімде күнде мамамды ойлап 1 жыл жылағам… қазірде мамамды сағынған күні жылай саламын… бір жақсысы телефонмен күнде сөйлесесің))
ademi_alem
Ойй… айта берсе көп екен ғой… жалғасы бола жатар…
timurrr ағааай, жалғасын жазыңызшы.