Латын әліппесі туралы ойыңыз қандай?
Азаттық радиосы латын әліппесіне көшу туралы кішігірім дөңгелек үстел өткізіпті.
Өзім кирилдікіне үйреніп қалғасын ба, латын әріптерімен қазақша оқу қиын секілді. Бірақ, біріңғай әліппе қабыласа жақсы болар еді деп ойлаймын.
Латын әліпбиіне көшу «біздің қоғам үшін тиімді» дейді мәдениет министрі Құл-Мұхаммед. Ал шетелдік ғалым әліпби ауыстыру «Назарбаевтың саяси ойыны» екенін айтады.жалғасы мында
Қазақстан парламенті мәжілісіндегі «үкімет сағатында» мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Республиканың латын әліпбиіне көшуі – заман талабы. Егер Қазақстанның ғылыми-педагогикалық қоғамы шынында да осы идеяны қолдайтын болса, онда латын әліпбиіне көшу керек. Бұл біздің қоғам үшін тиімді» — деп мәлімдеді.
«Егер жоғарғы жақ шешім қабылдайтын болса, біз – атқарушы билік – оны орындауға дайынбыз» дейді мәдениет министрі Құл-Мұхаммед.
Қазақстан билігінің латын әліпбиіне көшу туралы саяси шешім қабылдауына заманның талабы ықпал етуі мүмкін бе, әлде үлкен саясаттың мүддесі жетелей ме? Латын әліпбиіне көшу туралы нақты шешім қабылданатын болса, түркітілдес елдер Өзбекстан мен Әзірбайжанның тәжірибесі ескеріле ме? Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін көпұлтты мемлекеттік өзге ұлттар өкілдері қалай қабылдауы мүмкін?
Өзім кирилдікіне үйреніп қалғасын ба, латын әріптерімен қазақша оқу қиын секілді. Бірақ, біріңғай әліппе қабыласа жақсы болар еді деп ойлаймын.
Идея жақсы екені рас. Тек бұны дұрыстап жүзеге асыру керек. Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінің тәжірибелерін ескеріп, қазақ тіліне ыңғайлы әліпбиді жасақтап деген сияқты. Себебі әліпби ауыстыру оңай шаруа емес. Бұған уақыт та, қажырлы еңбек те, қаражат та керек.
ҚатыншаЛатынша қатыратынымызға сеніңкіремеймін. Теңбіл-Шұбар-Ала-Дүбара болып жүрген кезімізде — мүлдем түрлі-түсті болып кетпеспе екен?Шегірткеден қорыққан, егін екпес. ©
Барды жоғалтпауға мүмкіншілік көп… Ал енді, көрініп тұрған сөреге жету үшін кедергі емес нәрсені кедергі деп танып — соны мәселе қылу, өзімізді өзіміз алдау. Жұмсалатын қаржыны басқа салаға жұмсауға бұданда үлкен Негіздер бар…
латынның құдайы — ағылшын
латын арқылы ағылшынмен үзеңгі қағыстыра желіп жүрер ек, жорғамызға қызғанышпен қараушылар боғандықтан сәтті шығу-шықпауы күмәнді боботыр
Бұл енді қазақты мазақ қылуға құштарлардың жымысқы істері. Онсызда шала-жансар біліміміз бен ілімімізден айырса — қуырдаққа тоямыз