Қашыңдар нақ; "Javelin"

Соңғы мәліметтер бойынша, бұл танкіге қарсы зымыраннан тірі қалған ешкім жоқ. Танкіңді Хромтаудың хромынан жасап, сыртын бәсеңдетілген уран жапырақтарымен қаптап, шабуыл туралы алдын-ала белгі беру стансасын орнатсаң да – бір қой тесіп шығатын айуан зымыран кешені бұл!


Өз ақымды жібермейтін қазақтардың қатарындамын. Шындық үшін шырылдамасқа болмас. Асау бота асауланып, өткен жолы мені уақытша «керекке» кірмейтін қылыпты. Бұл жолы да асауланып «керекке» керек емессін демейді деп үміттенем. Олар қаншама боқауыз сөздерді жазса да керектен кетірілмейді, қисық сөйлеп, жұртты мазақ қылса да, мәз мейрам. Аршатқа ақша берген бе әйтеуір ауыздарынан шыққан сөздері айды дірілдетеді. Бірақ, мен сияқтылар бір екі пост(ораза жазылмайды) жазса, Асау бота ермелікке салынып, біреулердің сөзін қолдап Алдаспанды уақытша керегіне кіргізбейді.
Керекинфоның хостингіне көмек ретінде ақша жиналатыны туралы өткенде айтқан едік. Негізінде бір қаладағы қолданушылар бірігіп, жинап банк арқылы салып жібергендері дұрыс. Ал, ондай мүмкіндігі жоқтар терминал арқылы салса болады. @sigma комиссиясы көп екенін айтты. Бірақ, бұл ең тиімді жол сияқты. Мысалы SMS арқылы жинағаннан әлдеқайда арзанға шығады. Өзім кеше салып, сосын оны Webmoney-ге айналдырып көрдім.
Салтаның туған күнін де, яғни 1 тамыз күні Симонамен кездестік. Германияда тұратын Симона жерлесті көру бақытына ие болдық