Ескендір Хасанғалиев Сыр еліне құда болды

Ескендiр Хасанғалиев қашанда Сыр елінің қыздарының сұлулығына таңғалатынын жасырған адам емес. Бәлкім, жалғыз ұлы Біржанның өмірлік жарын осы өңірден таңдайтындығын сезген болса керек.Біржанның болашақ жары Ақмаржанның құлағына сырға тағып, қазақи дәстүрдің жалғасын жасады. Ақ алтыннан жасалып, 40 карат жаһұт таспен безендірілген сырға сұлудың құлағына жараса кетті. Айта кету керек, Біржанның қалыңдығы Алматы қаласындағы С.Асфандияров атындағы медициналық университеттің 6 курс студенті екен. Біржан екеуі араласып, өзара біліскеніне 3 жылдан астам уақыт болған екен. Отыздан асқан жасына қарамастан осы уақытқа дейін шаңырақ құрмаған Біржанның таңдауы болған қыздың Сыр елінен екендігі біздің мекеннің шынымен-ақ қасиетті екенін тағы бір дәлелдей түсті.

Біржан Хасанғалиев – Сыр елінің күйеу баласы

“Жаңа ғасырға жаңа ән”, “Шабыт” республикалық конкурстарының лауреаты, 2 симфониялық поэманың, виолончель мен фортопьяноға, камералық аспаптарға арналған шығармалардың авторы. 1978 жылы 1 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1993-1997 жылдар аралығында Алматы мемлекеттік консерваториясында оқыған.


<img src="http://www.kerekinfo.kz/uploads/images/00/02/51/2011/08/24/9e9a80.jpg"  title="“Алтын сарай” мейрамханасы "  alt="“Алтын сарай” мейрамханасы " />


Ақмаржанның ата-анасы, той иелері Асылбек Абдуов пен Балшекер Өтегенова
Ақмаржан мен Біржан
Ақмаржан мен Біржан
Ақмаржан мен Біржан
Әрі қарай

Шымкент шынымен үздік қала екен

Шымкент шынымен үздік қала екен. Шымкенттің ТМД-дағы ең үздік қала болғанына сенесіз бе? деп айдар таққан тұшымды постым республикалық газеттерде жарияланып кетпей тұрғанда аздап өзгерту жасайын.

Шымкент қаласы, сөз жоқ, үздік қала болып шыққан екен. Бірақ қай бұтағынан үздік екенін айтпаппын мен сорлы.
Әрі қарай

Windows XP операциялық жүйесіне 10 жыл толды дейді ғой

Бүгін, 24 тамызда, Windows XP операциялық жүйесіне 10 жыл толды, деп хабарлайды Сybersecurity.ru.

2001 жылы 24 тамыздан бастап Microsoft Windows XP операциялық жүйесінің алғашқы көшірмесін корпоративті пайдаланушыларға бере бастады. Алайда жүйенің бөлшек негізі сол жылдың 21 қазанынан берілген.

Бұның алдындағы серверлік және клиенттік нұсқада беріле бастаған Windows 2000 жүйесінен айырмашылығы Windows XP тек қана клиенттік жүйеде жұмыс істейді.
Дереккөз: www.inform.kz/kaz/article/2400532
Әрі қарай

Қасым Олжас қайдасың?

Ойбайаай Қасым Олжааас қайдасың?
Тезірек кел Керекке
Өкпе-назды ұмыт та
Өзіңе-өзің вперед де
Керекке қарай дедекте
Икемдеп әлде жатсың ба
Анаржанды сенекке
Тасты құрсын тез жеткін
Керек болдың керекке
Тағы бір ақын қосылды
Табиғат деген желөкпе
Өлеңі толған енекке
Сені іздеп жатқаным
Не ғой
Екеуіңді айтыстырсақ деп ек те
Әрі қарай

Ана қабырғаның шегесі...

Екі жынды қабырғаға шеге қағу үстінде. Біреуі шегені беріп тұр, екіншісі қағып тұр. Бір кезде шегені беріп тұрғаны шегенің ұш жағынан ұстап беріпті. Анау қалпағын қабырғаға қаратып ұстап тұрыпты да «Мына шеге ана қабырғаның шегесі екен» депті.
***
БІр көкеміз отырыстарда арақтан артығырақ сілтеп жіберетін көрінеді. Өз нормасынан асыңқыраған кезде жеңгеміз столдың астына түсіп кетіп бір нәскиін шешіп ала қоятын болыпты. Осы белгіден соң ағамыз татып алмайды екен. Әйтеуір бір жиында ағамыз арақтан тартынбапты. Өз стаканындағын, көршісінің стаканындағын, маңайындағылардың стаканындағын қағып салып отырыпты. Жеңгеміз шыдай алмай, стол астына кіріп кетіп нәскиін шешпек болады. Қанша әуреленсе де шеше алмапты. Сонда ағамыздың айтқаны дейді "Қатын, сен әуре болмай-ақ қой, мен бүгін калготки киіп келгенмін".
Әрі қарай

Қытайдағы қызықтар ма?ма?ма?...

Қытайға жүргеніме де біршама уақыт болып қалыпты.
Шипахана мен базар аралап жүріп те біраз оқиғалар мен мұндағы кейбір қызық жағдайлардың куәсі болдым. Қытайлардікін қоя тұрып әуелі өзіміздің қандастардан бастайын.
Әрі қарай

Еліміздегі ең кәрі кісі


Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында 111 жасқа келген Нурхия Жақсыбаева есімді әжеміз бар екен. Бүгінде апамыздың 50 немере, 15 шөбере, 10 шөпшегі бар көрінеді. Ата заң күніне жергілікті билік жаңа үйдің кілтін тарту етпекші екен. Өзімше еліміздегі ең кәрі кісі осы апамыз шығар деп топшаладым. Басқа естімедім. Бар болса бөлісе отырыңдар.
Әрі қарай