Еліміздегі ең кәрі кісі


Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында 111 жасқа келген Нурхия Жақсыбаева есімді әжеміз бар екен. Бүгінде апамыздың 50 немере, 15 шөбере, 10 шөпшегі бар көрінеді. Ата заң күніне жергілікті билік жаңа үйдің кілтін тарту етпекші екен. Өзімше еліміздегі ең кәрі кісі осы апамыз шығар деп топшаладым. Басқа естімедім. Бар болса бөлісе отырыңдар.
Бөлісу:

7 пікір

Erbol
Ақпаратты бір сайттан ұрладым. Әйел құпиясының тілшілерінен кембіз ба?
satibaldi
Баяғыда «метіркені» жобамен бере берген ғой. Жеке өзім @VKM -мен бір аймақта тұратын адамның осынша жасқа жететініне сенбейм.
Nurgisa
Үлкендерден "Ғұмыр жасың ұзақ болсын!" деп бата алған жақсы шығар.
nurjanbay
Бүгінде апамыздың 50 немере, 15 шөбере, 10 шөпшегі бар көрінеді.
50 немересі болса өз балаларының саны кем дегенде 10 шығар. теориялық тұрғыда 10 баладан кейін 50 немере, одан кейін кем дегенде 250 шөбере, сосын 1250 шөпшек болу керек қой. ал бұл жерде кеми берген.
Erbol
 Оны енді апамыздың өзінен сұрау керек
Пікір түзетілген: 24 тамыз 2011, 18:47
Ottegin
Немерелері әлі бала тумайды, шөберелері, шөпшектері өсіп-өнбейді дегенге келісу қиын