Қытайдағы қызықтар ма?ма?ма?...
Қытайға жүргеніме де біршама уақыт болып қалыпты.
Шипахана мен базар аралап жүріп те біраз оқиғалар мен мұндағы кейбір қызық жағдайлардың куәсі болдым. Қытайлардікін қоя тұрып әуелі өзіміздің қандастардан бастайын.
1. Шәй. Қытай қазақтары сүтті шәй көөп ішеді екен. Мүмкін кейбіреулеріңізге жаңалық та емес шығар, бірақ мен таң қалдым. Барған бойда Қытай дәмханасына кіріп, олардың тамақтарың жей алмайтындығымды толық түсініп Құдайдан қазақ дәмханасын сұрай бастадым. Ертесіне Үрімшіні аралап жүріп бір дәмханаға кезіктім. Қазақ кісілер екен. Түні бойы қонақ үйде жеуге нәр таба алмай, ішімді ұстап, мың аунап жатқан мен бірден тапсырыс беруге көштім. Бесбармақ пен шәй сұраттым. «Ақ шәй ма, әлде...?» деп сұраған шашы ағарыңқырап 60 асқан ағаға, Ақ шәй әкелуін өтіндім. Бес минөттан соң келді. Алдыма тәрелкеге салынған бесбармақ пен үлкен кесеге құйылған ақ және бетінде майы қалқып жүрген бірдеңе әкелді.
— Аға, мен сорпаға тапсырыс бермеген едім — деймін
Аға таң… Келіп менің түрімен бір, кесеге бір қарайды.
— Әй, інім, бұл шай ғой! Сірә, бұл жерлік емессің-ау дейм — деді.
Сөйтсем, әлгі шәйдің ішіне тек қана сүт пен май ғана емес, тұз, қойдың майы керек болса бұрыш та салынады екен.
— Уот ета шәәәй — деп ойладым ішімнен.
2. Қаражорға. Үрімші қаласында қазақ жастарының көңіл көтеретін орындары өте көп болмаса да, онда баратын адамдардың саны айтарлықтай екен. Солардың бірі «Сания» деген қазақ ресторанын жігіттер мақтаған соң барып қайтқым келді. Оны алыстан іздеп жүрсем, мен көрініп жатқан аурухананың дәл алдында екен. Кіріп жайғастым. Біраз уақыттан соң концерттік бағдарламалары басталды. Дикотека дейін десең оған келмейді. Жай концерт дейін десең, би кеші де бар. Таң қалғаным мынау болды. Би кеші кезінде бірде-бір шет ел өлеңдері болмады. Өзіміздің Жігіттер тобы, Мейрамбектер мен Қайраттардың өлеңдері мұндағы би кештерінің «моторы» екен. Кештің белортасына келгенде басқарушы жігіт:
— Ал енді, қазақтың ұлттық биі "Қаражорға" билейік, құрметті жастар! — деді. Әуен басталғаны сол-ақ екен, залда отырған бүкіл жастар орнынан атып тұра кетіп, ортаға шығып билей бастады. Мынаны жақсы ұқтым: Қытайдағы Қаражорғаға қарағанда, біз көріп жүрген елдегі Қаражорға «ерунда» боп қалады.
3. Біздегі кейбір түсініктер. Мұнда қызбен қыз, жігітпен жігіт билегенінің еш оғаштығы жоқ екен. Әйтпесе, жаңағы би кешінде, бастан аяқ қыз балалар бір-бірімен вальс билеп жүрді Бұрын ондайды көрмеген көзім-ай, тұрған бойда бұттан кете бардым
4. Елдің бөлшегі. Мұнда келіп бірнеше тарихшы кісілермен жолықтым. Шынында да Тарих атаға мүлдем жаңа көзқараспен қарай бастағаным өтірік емес. Біз мұндағы қазақтарды "Қытайдағы қазақтар" деп атаймыз ғой, бірақ олар өздерін Қазақ елінің біртұтас бөлігі ретінде санайтындықтарына мен риза болдым. Біраз қазақтар жолға шыққанда "Қазақстанға" демей, «Елге барып қайтайық», "Іш жаққа барып қайтайық" деп айтады екен.
5. Диалектлер және аудармалар. Қытайда Қазақ ұлты тіл қоғамы бар екен. Және ол жердегі ең маңызды нәрселерден бірі жаңадан келген техникалық немесе тұрмыстық сөздерді қазақшаға аудару. Аударманы қалай жүзеге асыратындықтары жайлы сұрағанымда, олар ең бірінші Қазақстанда аударылатын аудармаға қарайтынын, егер ол сай келмесе, аталас ұлттар яғни, түркі халықтарының сөздігіне, олай да болмаса, Еуропа ұлттарының, одан соң барып Қытай аулармасына қарап нұсқалар жасайтындарын айтты.
Пульт — Меңгергіш
Поезд — Отарба
Велосипед — Темірат
Интернет — Тор
Интернет клуб — Торхана
Общежитие, Гостиница — Жатақ т.б
6. Қыздар. Қыздар керемет Әкемнің "Қатын алсаң, Қытайдағы Керей қыздардан ал" деген сөзінің бекер айтылмағанын түсінгендей болдым.
p.s. Әріп көбейіп кетсе, кешіріп өтінем.Грамматикалық және морфологиялық қателер ұшін тізерлеп отырып, жалбарынам
p.s.s @Nurgisa biratan uixin arnauie

p.s. Әріп көбейіп кетсе, кешіріп өтінем.
p.s.s @Nurgisa biratan uixin arnauie
Пы.Сы. Сені Алматыда итпен іздегені туралы хабарың бар ма?
Телефоныңдағы CALL деген пернені басудан алдын «МАО ДЗЕДУУУУУУН» деген қасиетті сөзді айтуды ұмытпа
Al beelinexa jahse balaseng
сенің жазбаңды оқып, менің де бір жақтарға кетіп қалғым келіп отыр
Дәм тартып жатқа, кеттің бе, қалқам
Жар болар жасқа, жеттің бе қалқам
Қиналған жерде, сыр берме қалқам
Сыналған жерде, сүрінбе қалқам
Бұрындары мамаларымыз шайға алма, койдың майын салып ішетін, сол есіме түсіп кетті.Енді фотолар күтеміз!!!
Пікірің «необычный» екен да
Біздің madlen сұлу бәрібір артыңнан Қытай асам деп отыр ғой, қабам-ау!?
тонкий намек словил?
Қыз үшін бір-бірін дуэлге шақырған орыс халқымен көрші болған қазақтың ұлдарының беттері неге тез қайтады нақ?
Давай, қайтпа. Мен саған болысамын. Өлсең, жекпе-жекте өл!
Сен, дәріңді ішіп тыныш жат!
… мына диалог Һеремет
Туған жер Моңғолияға да бармағалы қай заманннКей солтүстік (шығысқа қарай), Орталық(Шығысқа қарай), Шығыс Қазақстандағы ағайындар мен Қытайдағы қазақ бауырларымыз түбінде туыс болып шығатыны рас қой. Тек территория Қытайға кіргені болмаса, ондағы Қазақтар өздерінің ата қонысында тұрып жатқандығы бұл пікіріме себеп.
ПыСы: Болашақта бүкіл қазақ халқының өзара ежелгі түп-тамыр туыстығын танытуға септігін тигізетін жоба әзірлеп жатырмын. Ата-бабаларымыздың даналығынан айналайын.
Таң қалатын несі бар, ол мейрамхананың ерекшелігі де сонда, шетелдің музыкаларын даңғырлататын клубтар жетерлік қой барлық жерде.
Мұныңыз енді өтірік, валис билемеген болар, ал қара жорғаны жігіт пен жігіт билеседе жарасып тұр.