“Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз” һәм Стив Джобс бақилық



Инна лиллаһи уә иннә иләйхи раджиун
Алладан келдік және оған қайтамыз! (Бақара сүресі, 156-аят)

Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз (Майлықожа Сұлтанқожаұлы)

… Бүгінгі 2011 жылдың 5-қазаны ауа-райы ерекше болып тұр. Ал жұмысқа келіп естігенім, Стив Джобс қайтыс болыпты. Осының алдында ғана ол кісінің өз позициясын Тим Кукке тапсырып, денсаулығы сыр бергендіктен жұмыстан кететіндігін жазған болатынмын. Енді міне…

Ия, мұсылман ретінде бұл жағдай маған пәлендей қайғы болмауы тиіс. Өйткені, Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаху әлейхи уәссалам) бізге “Иннә лилләһи уә иннә иләйхи ражиун” дегенді, яғни “Алладан келдік және оған қайтамыз” деп үйретіп кетті. Оның үстіне, тумақ бар жерде өлмектің де барлығы дәлел қажет етпейтін шындық. Майлықожа Сұлтанқожаұлы да “Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз” деп кетіпті ғой.

… Дегенмен! Сондай бір тұлғалар болады. Өмірі көрмегенсің, өмірі естімегенсің, ауқаттас болып, сырласпағансың, бірақ ол туралы естігеннен-ақ кәдімгідей қобалжып бастайсың. Бәлкім менің бұл жағдайымды Майкл Джексонның фанаттары түсінер. Ол кісі өлгенде мен анау айтқандай қайғыра қоймағам. “Адам болған соң өлед тағы?” деп. Енді міне, өзім солардың күйін кешіп отырмын. “Стив Джобс өлді” деген сөз ауыр естіледі екен…
Әрі қарай

Қазан 2011, Алматы

Құрметті Алматылықтар мен қала қонақтарының назарына қаламызда болатын келесі қызықты іс-шаралар туралы қысқаша мәліметті ұсынамын.



1. 8-қазан күні Love Radio Астана алаңында өз туған күнін тойлайды. Күздің салқын кешінде ескі алаңға барып көңіл көтерсеңіз, денсаулығыңызға өте пайдалы. Туылған күн иелерін құттықтауға DJ Smash, Arash, Quest Pistols және отандық эстрадамыздың жұлдыздары да келеді. Солармен бірге сүйікті радиомыздың кешінде көңіл көтерейік! Кештен соң ұйымдастырушылар керемет фейерверк уәде етіп отыр. Не деген позитифффф!!!
Әрі қарай

Қазақша КВН-2011

Админнің қолпаштауынан кейін аз да болса көрген білгеннен бөлісейін дедім. )))))))
Қазақша КВН-ге атсалысқандардың қатарынан болғасын, жақында болған (29.09.2011) жартылай финалдық ойындарға шолу жасап көрейін.
Айта кетейін, 2 топқа бөлінген ойынның тек бірінші күнін көрдім, екінші күні баруға мүмкіндік болмай қалды (жалпы ойындарға бармау менің өмірімде сирек кездесетін жайт).
Сонымен, ойынға 4 команда қатысты:
«Назар аудар» Орал
«Барыстар» Ақтау
«Нұр» Астана
«ТарМУ» Тараз
Әрі қарай

Домбыра жайлы

Домбыра — ертеден келе жатқан қазақ халқының ең сүйікті, ел арасына кең тараған, түрлі шежіреге бай, музыкалық аспабы. Ол ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерінде жұбаныш бола білген алып та ұлы аспап. Домбыра — жазу-сызу мен қазақтың қаламы мен сахнасының қызметін тең атқарған аспап. Домбыра-ішекті аспаптардың ең көне түрі. Домбыра қасиетін жырлайтын этнологиялық аңыздар өте көп.
Әрі қарай