Теңгенің құны қандай болады

Ұлттық банк басшысы Марченко таяу уақытта теңге девалвация болмайды деп айтыпты.
Осыны естіп менде мынадай ой туып отыр. Қазір айлықты, степендияны көтеріп жатыр. Ол көтерілді екен деп баға да көтерілуде. Мемлекет жалақы мен жәрдемақыны ненің есебінен көтеріп отыр? Самұрық Қазынадан алып беріп жатыр ма? Менің білуімде инфлияция себептерінің бірі мемлекеттің ақшаны көп шығаруында еді. Одан кейін экспорттан импорт көлемі артып кететін болса да бағаның көтерілуіне алып келеді. Және мемлекет қазынасындағы қаржының көлемі өнімнің көлеміне тең болады. Бізде мысалы ақша көбейгенімен өнімнің көбейгенін төрт көзім көрер емес. Марченко мырза неге сүйеніп айтты екен жоғарыдағыны. Әлде, мұнда мен білмейтін бір нәрсе бар ма?
Әрі қарай

Терминалдағы қыздың аты кім?

Күнде терминалға барып единиса саламын. Біреуге збандайсың, біреуге маяк тастайсың дегендей… Әңгіме мынада. Сол терминалға барып сотобый связь ба бір кнопканы басаң бір қыз айғайлайды «ПАТТВЕРДИТЕ ПРАВИЛЬНО… Бірдеме» деп. Сосын ақша салғалы жатсаң тағы бірдеме деп дауыс көтереді. Соған қандай шара қолданамыз? Ана терминалдың сөзін оқыған қыз күйеуінен таяқ жеп келген бе, әлде аяғын бір жерге қысып алған ба, сондай бір кісі. Әйтпесе сөйтіп айғайлай ма екен?
Әрі қарай

Түйреуіш. Мақсат МҰХАМЕТЖАНОВ

Бұл жас ақын 1990 жылы Семей қаласына қарасты Таңат ауылында туған. Қазір Семей қаласында өмір сүріп жатыр. Өлеңге деген махббаты ерекше. Сол себепті, сіздерге бір өлеңін ұсынуды жөн көрдік.
Сен десе күйге толы шанақ кеудем,
Жүрегімде орның бар абат төрден.
Әлі күнге сақтаулы білесің бе?
Түйреуіш өңіріме қадап берген.

Кетер күннің көзінде мөлтілдедік,
Жоғалтпаймын сөзіме сертім берік.
Кеудеме таққаныңда сезбеппін-ау,
Тағыларын кеудеме дертім болып.

Күреңіткен сәттерде көңіл бағы,
Емдейді жан-дүниемді төзім нәрі.
Қай жақта жүрсем дағы сол түйреуіш,
Ұмыттырмай келеді өзіңді әлі.
Әрі қарай

Тұманбай ма Жұбан ба?


Алматы облысы орталығында шығатын «Seven» Деловой Талдықорған» басылымы ақынның өмірден өткені туралы жазылған қазанамада Тұманбай Молдағалиевтің емес, жиырма жыл бұрын көз жұмған Жұбан Молдағалиевтің суретін орналастырып, оқырмандарын айран асыр етіпті. Қазақша-орысшасы аралас газеттін сауатсыздыгын курметті корермен, мына экранған шығарылған суреттен байқасаңыздар болады. Қазақ поэзиясының марқасқасына айналган танымал тұлғаларымызды білмеу редакция алқасына үлкен сын! Осынау сорақы қателікпен басылып кеткен газеттің 18 мың данасы қазірде Республика бойынша таралып кеткен.


ДерекКөз: www.31.kz/kz/video/document18923.phtml
Әрі қарай

MUZART HITAYDA....

muzart tobi hitay halhining xahirwimen osi ayding 17 — kuninen xynjyangning jer- jerinde konsert hoyip jatir, alayda altayga kelmeytin boldi, sebebi altay akimxiligi kelwge hosilmapti, hayrat pen sirim da keltirmey hoygan, osi jolida hosilmadi,sebebin ar adam ar turli aytip jur. tegi ne boldi eken?????
Әрі қарай

Айбек Бекбосын - Кім кінәлі

Айбек Бекбосынның орындауындағы мұңды әнді ұсынамын.

Мөлдіреген қара көздер қараушы еді жасқана,
Сол көздердің тұнықтығын қимаушы едім басқаға.

Кім кінәлі, айтшы маған, аяулым,
Екеумізді екі айырған, кім, кім, кім.
Кім кінәлі, жалыныш жоқ жүрекке,
Кім кінәлі айтшы маған, кім, кім, кім.
Әрі қарай